Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2014 в 06:00, реферат
Есептеудің, оған пайдаланылатын аспаптар мен құрылғылардың тарихы өте көне заманда жатыр. Есептеу құрылғылары пайда болмай тұрып, адамдар әртүрлі есептеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндіктерін іздеді. Бұл үшін олар қол саусақтарын, тастарды, ағаш таяқшаларды пайдаланды. Сондай-ақ олар есептеу үшін үйілген, қатарлап тізілген тастарды да қолданған. Заттардың саны жерге сызылған сызықшалармен, ағаш таяқшаларда жасалған кертіктермен немесе жіптерге түйілген түйіндермен есептелді. Есептеу көлемінің күн санап артуы есептеулерді қалайда бір құралдың көмегімен жүргізуді талап етті.
№ 123 Т.Жүргенов атындағы орта мектеп
ТАҚЫРЫБЫ:
Есептеуіш техникасының даму тарихы
ПӘНІ: информатика
СЫНЫБЫ: 6 «а»
ПӘН МҰҒАЛІМІ: Қасымбекова Алтынай
2013-2014 оқу жылы
АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сабақтың тақырыбы: Есептеуіш техникасының даму тарихы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Есептеуіш Техникасының даму тарихымен оның құрылуының негізгі принциптерімен таныстыру, ЭЕМ-нің қоғам өміріндегі рөлін түсіндіру;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыкқа, тиянақтылыққа үйрету.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: оқулық, тест, слайд, интерактивті тақта
Сабақтың өту барысы:
Үй тапсырмасын сұрау:
А) Бейнелеу түрінің өзгеруі деп қарастыруға болады.
Ә) Ақпараттың бір түрден басқа түрге ауысуы Б) Бір тілден екінші тілге аударылуы
В) Есептің шығарылуы
А) ТБайт, байт, Кбайт, Мбайт, Гбайт, бит Ә) Гбайт, Тбайт, Мбайт, бит, байт, Кбайт
Б) ТБайт, Гбайт, Мбайт, Кбайт, байт, бит В) Тбайт, Мбайт, Гбайт, Кбайт, байт, бит
А) Рұқсат етілмеген әрекеттерді орындайтын бағдарлама
Ә) Вирустарды іздеу және емдеуге арналған бағдарлама
Б) Вирустарды іздеуге,емдеуге және жоюға арналған бағдарлама
В) Өздігінен көбеюге қабілетті, компьютердің жұмысына кедергі келтіретін бағдарлама
А) Касперский антивирусы, DrWeb антивирусы, ЕsetNod 32 антивирусы
Ә) AVP антивирусы, Norton Commander антивирусы, Касперский антивирусы
Б) MS Access, Delphi, Касперский антивирусы
В) DrWeb антивирусы, ЕsetNod 32 антивирусы, MS Access
А) архиватор Ә) антивирус Б) драйвер В) конвентер
А) модем, сканер, монитор, процессор, жүйелік блок
Ә) тышқан тетігі, сканер, жүйелік блок, пернетақта
Б) пернетақта, монитор, жүйелік блок, колонка
В) пернетақта, жүйелік блок, тышқан тетігі, монитор
Ребус шешу:
«КОМПЬЮТЕР» сөзі шығады.
Жаңа тақырыпты түсіндіру. /Жаңа тақырыпты әр топқа парақшалар арқылы таратып беремін. Оқушылар тақырыпты оқып шығып, топпен талқылап, тақтаға шығып қорғайды/
Жаңа түсініктер:
ЕСЕПТЕУІШ ТЕХНИКАСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Есептеудің, оған пайдаланылатын аспаптар мен құрылғылардың тарихы өте көне заманда жатыр. Есептеу құрылғылары пайда болмай тұрып, адамдар әртүрлі есептеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндіктерін іздеді. Бұл үшін олар қол саусақтарын, тастарды, ағаш таяқшаларды пайдаланды. Сондай-ақ олар есептеу үшін үйілген, қатарлап тізілген тастарды да қолданған. Заттардың саны жерге сызылған сызықшалармен, ағаш таяқшаларда жасалған кертіктермен немесе жіптерге түйілген түйіндермен есептелді.
Есептеу көлемінің күн санап артуы есептеулерді қалайда бір құралдың көмегімен жүргізуді талап етті.
Ең ерте заманғы және бәрімізге белгігі есептеу құралы есепшот болып табылады. Есепшоттың пайда болған уақытын осы кезге дейін ешкім айта алмайды. Деректерге қарағанда , есепшоттың жасы 2000-5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері ертедегі Қытай немесе ертедегі Египет тіпті ежелгі Грекия болуы да мүмкін. Бұл санау құралын гректер мен батысеуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суан-пан», жапондықтар «серобян» деп атаған. Бұл құралмен есептеулер оның шұңғыл тақтада орналасқан тастарын жылжыту арқылы жүргізілген. Тастар піл сүйегінен, түрлі түсті шынылардан, қоладан жасалды. Осындай есепшоттар қайта өркендеу дәуіріне дейін пайдаланылып келді. Оның өзгертілген түрі осы күнге дейін қолданылып келеді.
Есепшот Ресейде XVI –XVII ғасырларда пайда болған. XVII ғасырдың басында шотландиялық математик Джон Непер логарифм түсінігін енгізді және өзінің логарифм кестесін жариялады. Екі ғасыр бойы әр елдің оқымыстылары логарифм функциясының негізінде жасалған есептеу құралын жетілдірумен шұғылданды. Тек 1761 жылы ғана ағылшын Д.Робертсон жүгіртпесі бар навигациялық есептеулер жүргізуге арналған логарифм сызғышын жасады. Мұндай құрал жасау идеясын 1660 жылы Иссак Ньютон ұсынған болатын . Соңғы кезде логарифм сызғыштары инженерлердің бірден-бір есептеуіш құралы болып келді, бірақ кейінгі кезде электронды калькуляторлар оларды қолданудан ығыстырды. 1642 жылы француз математигі Блез Паскаль он тоғыз жасында дүниежүзінде бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден тұратын механкалық есептеу машинасын құрастырды. Паскальдің машинасында көпорынды сандарды қосу мүмкін болды. 1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдің идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасын-арифмометрді құрастырды. Дөңгелектердің орнына мұнда цифрлар жазылған цилдиндр қолданылды. Бұл құрал күрделі қосу мен алу есептеулерін жүргізумен қатар, сандарды бөлу, көбейту тіпті квадрат түбірін табу амалдарын да орындайтын болды. Кейін арифмометр бірнеше рет жетілдірілді. Бұл бағытта орыс өнертапқышы П.Л.Чебышев пен В.Т. Однер көп еңбек етті. Арифмометр қазір әр оқушының қолында жүретін калькулятордың негізін салды.
Арифмометр мен қарапайым калькулятор есептеу жұмыстарын механикаландыру құралдарының қызметін атқарады, бұларда есептеуде адамның өзі әрекеттер тізбегін анықтап басқарады.
Есептеуіш техникаларының
1833 жылы ол программа арқылы басқарылатын «Аналититкалық машина» жобасын жасады. Бұл машинада қазіргі компьютерлерде бар барлық негізгі құраушылар: бастапқы сандар мен аралық нәтижелерді сақтауға арналған жад, жадтан алынған сандар мен амалдар орындайтын арифметикалық құрылғы, берілген программа бойынша есепеу барысын қадағалап отыратын басқару құрылғысы, деректерді енгізу мен оларды басып шығару құрылғылары болды. Бэббидждің идеясы өз уақытынан озық еді. Оның машинасы өте күрделі құрылғы болғандықтан, ол кездегі техникалық мүмкіндік мұны жүзеге асыра алмады. Басқару программасы перфокарта деп аталған қатырма қағаздағы тесіктердің көмегімен кодталды. Дүние жүзі бойынша алғашқы болып, 1846 жылы Бэббидж машинасына программа жазған Ада Лавлейс бірінші программист деп саналады.
ХІХ ғасырдың соңында американдық Герман Холлерит есепші-перфорациялық машина құрастырды. Перфокарталар программаны көрсету үшін емес, сандық ақпараттарды сақтау үшін қолданылды.
Есепші –перфорациялық машиналар перфорациялауды, сұрыптауды, қосуды және сандық кестелерді басылымға шығаруды орындады. Ол 1880 жылы АҚШ-та жүргізілген халық санағының құжаттарын өңдеуге пайдаланылды. Өз машинасының көмегімен Холлерит бірнеше адам жеті жыл бойы есептейтін есептеулерді үш жылда орындап шықты.
Холлерит есепші-перфорациялық машиналарды жасап шығаратын фирманың негізін қалады, кейін ол дүние жүзіне әйгілі компьютер шығаратын ІВМ фирмасына айналды.
ХХ ғасырдың 30- жылдары релелік автоматика кеңінен дамыды. Электромеханикалық реле – қосылған және ажыратылған (өшірілген) екі позициясы бар ауыстырып қосқыш. Оның бұл қасиеті ақпаратты кодтауда екілік кодты пайдалануға мүмкіндік берді.
1944 жылы американ математигі
Говард Айкен Гарвард
ЭЛЕКТРОНДЫ –ЕСЕПТЕУШІ МАШИНАЛАР
ХХ ғасырдың 1-жартысында радиотехника қарқындап дамыды. Радиоқабылдағыштар мен радио арқылы хабар беретін құралдардың негізгі элементі – электронды-ваккумды лампалар болды. Электрондық лампалар алғашқы электрондық-есептеуіш машиналарының техникалық элементі болатын. Бірінші электронды-есептеуіш машина 1946 жылы АҚШ-тың Пенсильван университетінде жасалды, оны ENIAC деп атады.
ENIAC-тың конструкторлары –Дж. Моучли мен Дж. Эккерт. Бұл машина соншалықты үлкен болғандықтан, оны әуелі орнынан қозғау мүмкін емес еді. ENIAC-тың салмағы 30 тонна және оның 18 000 электрондық лампасы бар, ол бір секундта 5000 қосу, азайту амалдарын, 300 көбейту амалын орындай алды. Жұмыс кезінде тез қызатын болғандықтан, ол арнайы суытуды талап етті. Релелік машиналарға қарағанда , оның амал орындау жылдамдығы мың есе жоғары болды.
1946 жылы американ математигі Джон Фон Нейман өз мақаласында ЭЕМ-ның жұмысы мен құрылымының принциптерін баяндады. ЭЕМ басты принципі – жадта сақталатын програма принципі, онда программалар мен мәліметер машинаның жалпы жадына орналастырылады. Мақалада баяндалған идеялар «Джон Фон Нейманның ЭЕМ архитектурасы» деп аталды, бұл идея негізінде 1949 жылы EDSAC машинасы құрастырылды.
Алғашқы ЭЕМ-дер тек бір данадан ғана болды. Дамыған елдерде ЭЕМ-нің сериялық шығарылуы 1950 жылдардан басталды.
Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ 1947-1948 жылдары академик Сергей Алексеевич Лебедевтің басшылығымен жасалды, оны МЭСМ (Малая Электронная Счетная Машина) деп атады. 1951 жылы ол ресми түрде пайдалануға енгізіліп, бұл машинада әртүрлі есептеулер жүргізіле бастады. Ол секундына 50 амал орындайтын болған, ал жедел жады (оперативті жады) электрондық шамдардағы 100 ұяшықтан тұрды.
1952-1953 жылдары оның жетілдірілген түрі БЭСМ (Большая Электронная Счетная Машина) пайдалануға енгізілді, ол секундына 10000 амал орындайтын еді.
Жедел жады алдымен электронды-акустикалық линияларда, содан соң электронды- сәулелік түтікте, ал кейінірек ферриттік өзекшеде жинақталды. Сыртқы жады екі магниттік барабанда және магниттік таспаларда болды.
1960 жылдан бастап бұрынғы
4. Сәйкестендір. /жұптық жұмыс/ Екі оқушыға топтасып жұмысты орындайды.
5. Сергіту сәті.
6. Сабақты қорытындылау. Топтарға тапсырмалар беріледі. 1 топқа есептеуіш техникасының даму тарихына байланысты эссе жазу, 2 топқа есептеуіш техниасының даму тарихына байланысты Венн диаграммасын құрастыру, 3 топқа есептеуіш техниасының даму тарихына байланысты бес жолды өлең құрастыру. Тапсырманы орындап болған соң оқушылар қорғайды.
7. Сабақты бекіту /топтық жұмыс/ Тарихи тұлғалар. /топтарға ғалымдардың сурттері беріледі және олардың еңбектері туралы ақпаратты жазып шығады/
Сергей Алексеевич Лебедев
02.11.1902-03.07.1974
Блез Паскаль
19.06.1623-19.08.1662
Чарльз
Бэббидж
(26.12.1791-18.10.1871)
Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма беру. Электронды есептеуіш техникасының даму кезеңдері. Қазіргі заманғы дербес компьютердің архитектурасының даму тенденциясы.