Деректер базасын басқару жүйесіне теориялық негіздеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 17:44, курсовая работа

Краткое описание

Деректер базасының пайда болуы жалпы алғанда есептеуіш техникалардың жетілдірілуі мен олардың құнының төмендеуіне байланысты. Алғашқы кезде есептеуіш техникалар тек "қолмен” шығаруға болмайтын математикалық күрделі есептеулерді шығару үшін қолданылды. Кейін компьютерлік техпологиялардың дамуына байланысты бұндай есептеулер тек автоматтандырылған жүйелер арқылы есептеле бастады. Сол уақытта компьютерлерді ақпаратты сақтау мен өңдеу үшін қолдану ойластырылды. Адам өмірінің кез келген саласында қажет болатын ақпараттар мен мәліметтерді есептеуіш техника арқылы сақтау, өңдеу және беру/алу өте ыңғайлы болып шықты. Соған сәйкес қазіргі заманда адамдар өз қызметтерінде ақпаратты көп пайдаланатындықтан есептеуіш техникалар ақпаратты сақтау мен өңдеуге ыңғайлы етіліп жетілдірілуде.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Нурико.docx

— 865.71 Кб (Скачать документ)

1Деректер базасын басқару жүйесіне теориялық негіздеу

    1. Деректер базасы туралы жалпы түсінік

 

Деректер базасының пайда  болуы жалпы алғанда есептеуіш  техникалардың жетілдірілуі мен  олардың құнының төмендеуіне  байланысты. Алғашқы кезде есептеуіш  техникалар тек "қолмен” шығаруға болмайтын математикалық күрделі есептеулерді шығару үшін қолданылды. Кейін компьютерлік техпологиялардың дамуына байланысты бұндай есептеулер тек автоматтандырылған жүйелер арқылы есептеле бастады. Сол уақытта компьютерлерді ақпаратты сақтау мен өңдеу үшін қолдану ойластырылды. Адам өмірінің кез келген саласында қажет болатын ақпараттар мен мәліметтерді есептеуіш техника арқылы сақтау, өңдеу және беру/алу өте ыңғайлы болып шықты. Соған сәйкес қазіргі заманда адамдар өз қызметтерінде ақпаратты көп пайдаланатындықтан есептеуіш техникалар ақпаратты сақтау мен өңдеуге ыңғайлы етіліп жетілдірілуде.

Жұмыстың басты мақсаты  болып жоғарыда келтірілген сұрақтар мен жұмыс тақырыбын жан-жақты, тыңғылықты және терең түрде қарастыру болып табылады.

Деректер базасы - бұл ақпараттарды сақтау үшін арналған ұйымдастырылған құрылым. Алғашқы кезде, яғни, мәліметтер базасы түсінігі қалыптаса бастаған жылдары, бұл базаларда тек қана мәліметтер сақталып жүрді. Бірақ бүгінгі күнгі деректер базасын басқару жүйелері (ДББЖ) өз құрылымында тек қана мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар тұтынушылармен немесе басқа да программалық-ақпараттық кешендермен қарым-қатынас жүзеге асырылатын әдістерді (яғни, программалық код) де орналастыруға мүмкіндік береді. Осылайша біз қазіргі заманғы мәліметтер базасында тек қана мәліметтер ғана емес, сонымен бірге ақпарат та сақталатындығын айта аламыз. 

Егер, мысалы, ірі банктің  деректер базасын қарастыратын болсақ, бұл анықтаманы оңай түсіндіруге  болады. Бұнда клиенттер туралы, олардың мекен-жайлары, кредиттік тарихы, есеп шоттарының жағдайы, қаржылық операциялары және т.б. туралы мәліметтер сақталады. Бұл базаға банктің көптеген қызметкерлері кіре алады. Бірақ олардың ішінде бұл базаға толықтай ие болып, оған өзі жеке өзгерістер енгізе алатын адам жоқ. Мәліметттерден басқа базада әр түрлі әдістер мен жабдықтар бар, ол әрбір қызметкерге оның компетенциясына кіретін мәліметтермен ғана жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Базадағы мәліметтердің нақты қызметкерлерге тиісті әдістермен өзара байланысы нәтижесінде қызметкерлер пайдаланатын және өз компетенциясы шеңберінде деректерді енгізу мен редактрлеуді жүргізетін ақпарат қалыптасады. 
          Деректер базасы түсінігімен мәліметтер базасын басқару жүйесі түсінігі тығыз байланысты. Бұл жаңа базасының құрылымын құру, оны мәліметтермен толтыру, мәліметтерді редактрлеу мен ақпараттарды визуалдау үшін арналған программалық жабдықтар кешені. Базаның ақпаратын визуаладау деп берілген критерилерге байланысты көріністегі мәліметтерді іріктеуді, оларды тәртіптеуді, толықтыру және шығару құрылғысына беру немесе байланыс каналдары бойынша жіберуді түсінуге болады.

Әлемде көптеген деректер базасын басқару жүйелері бар. Олардың әр түрлі объектілермен әр түрлі жұмыс істеу мүмкіндігі мен пайдаланушыларға әр түрлі функциялар мен жабдықтар ұсынатындағына қарамастан ДББЖ-нің көбі ортақ негізгі түсініктердің тұрақты кешеніне негізделеді. Бұл бізге бір жүйені қарастырып, оның түсініктерін, әдістерін және тәсілдерін ДББЖ-нің барлық классына жалпылауға мүмкіндік береді.

Деректер базасының кең түрде қолданылуының алғы шарттары. 
ДБ-ның айқын басымдылықтары мен объективті алғы шарттары оның кең түрдегі қолданысына әкелді. Оны қолданудың алғы шарттарына келесілер жатады:

•    нақты өмірдің объектілері өзара күрделі қарым-қатынаста болады. Бұның бәрі олардың ақпараттық көрінісі өзара байланысқан бір бүтінді қалыптастыруды талап етеді;

•    әртүрлі пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктері өзара қиылысады, ал бұл бір деректер базасын қолдануды және әртүрлі пайдаланушылардың оған кіру мүмкіндігін бір мақсатты қылады;

•    ақпараттық қорды құру мен жүргізу функциялары мен қажетті мәліметтерді ұсыну әртүрлі тапсырмаларды шешуде универсалды және жалпы болып табылады. Деректерді басқару үшін мамандандырылған программалық жабдықтарды құру бұл функциялардың орындалу деңгейінің өсуі мен ақпараттық жүйелерді құрудың еңбек сыйымдылығының қысқаруына әкеледі;

•    техникалық және программалық қамтамасыз етудің дамуының қазіргі заманғы деңгейі, ақпараттық жүйелерді құру теориялары мен практикасы тиімді ДБ-н құруға мүмкіндік береді. 
    

    1. ДББЖ- нің функциясы мен архитектурасы

Деректер базасымен оның құру мен функционалдау процесінде әр түрлі категориядағы пайдаланушылар бірге іс-әрекет жасайды.

Пайдаланушылардың негізгі  категориясы болып түпкілікті пайдаланушылар, яғни, олардың қажеттіліктері үшін мәліметтер базасы құрылатын пайдаланушылар табылады. Құрылушы деректер базасының  ерекшеліктеріне байланысты оның түпкілікті пайдаланушылар әр түрлі бола алады. Бұл  деректер базасына мезгіл өткен  сайын көңіл аударатын кездейсоқ  пайдаланушылар болуы мүмкін немесе тұрақты, яғни, әрдайым пайдаланатын пайдаланушылар болуы мүмкін. Түпкілікті пайдаланушылар бір-бірінен есептеуіш  техниканы меңгеру дәрежесімен  де ерекшеленуі мүмкін. Түпкілікті пайдаланушылардан есептеуіш техника  мен тіл жабдықтары саласында  арнайы білім талап етілмеуі керек.

Деректер базасын функционалдау мәліметтер базасын құруды, функционалдауды және дамытуды қамтамасыз етуші мамандардың қатысуынсыз мүмкін емес. Мамандардың бұндай тобы мәліметтер базасының администраторлары (МБА) деп аталады. Мамандардың бұл тобы деректер базасының құраушы бөлігі болып есептелінеді. 

Деректер базасы әкімшілігінің  функциялары. Деректер базасының администраторларының тобының құрамында олардың атқаратын функцияларына байланысты әртүрлі топшаларды бөліп көрсетуге болады. Әкімшілік топтың құрамының саны, олардың атқаратын қызметі мәліметтер базасының масшатабына, онда сақталатын ақпараттың спецификасына, деректер базасының типіне, қолданыстағы бағдарламалық жабдықтар ерекшеліктеріне және кейбір басқа факторларға белгілі-бір дәрежеде тәуелді болады.  
          Деректер базасының әкімшілігінің құрамында жүйелік аналитиктер, мәліметтер базасына қатысы бойынша сыртқы ақпараттық қамсыздандыруды жобалаушылар, мәліметтерді өңдеудің технологиялық процесстерінің жобалаушылары, жүйелік және қолданбалы программистер, операторлар, техникалық қамсыздандыру бойынша мамандар болуы керек. Егер әңгіме коммерциялық мәліметтер базасы жөнінде болса, онда бұл жерде маңызды рольді маркетинг бойынша мамандар ойнайды. Деректер базасының администраторлары жан-жақты функциялардың үлкен шеңберін орындайды. Әрі қарай олардың кейбіреуін қарастырып өтуге болады. Бұл функциялардың негізгілері келесідей:

1. Пәндік облыс анализі: пәндік облысты жазбаша суреттеу, толықтылықты шектеуді табу, ақпарат статусын анықтау, пайдаланушылар қажеттіліктерін анықтау, пайдаланушылар статусын анықтау, "мәліметтер - пайдаланушы" сәйкестігін анықтау, мәліметтерді өңдеудің уақыттық - көлемдік мінездемесін анықтау. 

2. Деректер базасының құрылымын жобалау: мәліметтер базасының файлдарының құрамы мен құрылымын анықтау, олардың арасындағы байланыстарды анықтау, мәліметтерді тәртіптеу әдістері мен ақпаратқа енуі әдістерін таңдау, деректер базасы мен мәліметтерді жазбаша суреттеу  тілдерінің құрылымын жазбаша суреттеу.

3. Деректер базасы мен МБ-н өңдеу шараларының құрылымын жазбаша суреттеу кезінде толықтылықты шектеуді беру: пәндік облысқа жататын толықтылықты шектеуді беру, мәліметтер базасының құрылымымен шақырылған толықтылықты шектеуді анықтау, мәліметтерді енгізу мен корректировкалауда МБ-ң толықтылығын қамтамасыз ететін шараларды құру, көп пайдаланушылар режимінде пайдаланушылардың параллельді жұмысында толықтылықты шектеуді қамтамасыз ету.

4. Деректер базасын алғашқы жүктеу мен жүргізу: деректер базасын алғашқы жүктеу мен жүргізу технологиясын жасау, енгізу формаларын жобалау, мәліметтерді дайындау, енгізу және енгізуді бақылау.

5. Деректерді қорғау.

5.1. Жүйеге пароль арқылы кіруді қамтамасыз ету: пайдаланушыларды тіркеу, парольдарды тағайындау және өзгерту.

5.2. Нақты деректерді қорғауды қамтамасыз ету: пайдаланушылар топтарының және жеке пайдаланушылардың ену құқықтарын анықтау, жеке пайдаланушылар үшін деректерге жасалатын рұқсат етілген операцияларды анықтау, деректерді қорғаудың программалық - технологиялық жабдықтарын таңдау/құру.

5.3. Деректерді қорғау жабдықтарын тестілеу.

5.4. Ақпаратқа енудің қарастырылмаған жолдарын анықтау/тіркеу.

5.5. Деректерді қорғауды  бұзудың пайда болған жағдайларын  зерттеу және оларды жою мен  алдын-алу бойынша іс-шаралар  жүргізу. 

6. ДБ-н қайта қалыптастыруды қамтамасыз ету: ДБ-н қайта қалыптастырудың программалық-технолгиялық жабдықтарын құру, жүйелік журналдарды жүргізуді ұйымдастыру.

7. ДБ-на пайдаланушылардың жолдауның анализі: пайдаланушылардың ДБ-на жолдауының статистикасын жинау, оны сақтау және анализдеу.

8. ДБ-ның жұмыс жасау тиімділігінің анализі мен жүйенің дамуы: жүйенің жұмыс жасу көрсеткіштерінің анализі (өңдеу уақыты, жадының көлемі, құндық көрсеткіштер), деректер базасын қайта ұйымдастыру мен қайта құрылымдау, деректер базасының құрамын өзгерту, программалық және техникалық жабдықтарды дамыту.

9. Пайдаланушылармен жұмыс жасау: пәндік облыстағы өзгерістер туралы ақпарат жинау, пайдаланушылардың ДБ-ң жұмысын бағалау туралы ақпарат жинау, пайдаланушыларды оқыту, пайдаланушыларға кеңес беру.

10. Жүйелік программалық жабдықтарды дайындау және қолдау: ДББЖ және ҚПП туралы ақпарат жинау және анализдеу, программалық жабдықтарды иемдену, оларды орналастыру, жұмысқа жарамдылығын тексеру, жүйелік кітапханаларды қолдау, программалық жабдықтарды дамыту.

11. Ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс: ДБ-н жобалау әдістемесін таңдау немесе құру, жүйенің даму бағыттарын және мақсаттарын анықтау, ДБ-ң даму кезеңдерін жоспарлау, ұйымдастырушылық-әдістемелік материалдарды жасау және шығару.

Деректер базасының тиімді жұмыс жасауы олардың архитектурасына  байланысты. Қазіргі уақытта клиент -сервер архитектурасы пайдаланылады. 
       Архитектура коорпоративті деректер қоры және дербес деректер қорын қосатын компьютерлік желі. Соған қатысты бұл архитектура таратылған деректер қорының мәліметтерін талап коорпоративті деректер қоры копьютер серверінде орналасады, ал дербес деректер қоры коорпоративті деректер қоры клиенті болып табылады. Ақпараттық жүйелердің клиент-сервер архитектурасы бойынша ұйымдастырудың артықшылығы орталықтардан сақтау, қызмет көрсету үйлесімдігі, жалпы коорпоративты ақпарат ұйымы болып табылады.

 

    1.  Деректер базасында жалақыны есептеу (ұйымдастыру мен жоспарлау)

 

Әлеуметтік-экономикалық категория  бойынша еңбекақының маңызын  қызметкерлер мен жұмыс берушілер  үшін қарастыру қажет. 
Жұмыс беруші үшін еңбекақы өндіріс шығындары болып саналады. Жұмыс беруші әсіресе бұйымның бірлігіне кететін шығындарды барынша азайтуға тырысады.

Қызметкер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізгі және басты  бөлігі болып табылады, сонымен қатар  еңбекақы қызметкерлердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың әлауқат  деңгейін жоғарылататын құрал болып  саналады. Осыдан еңбекақының ынталандырушы  ролі алынатын сыйақының көлемін  көбейту үшін еңбек нәтижесін  жақсартудан тұрады. Қазіргі нарықта экономика жағдайында еңбекке ақы төлеу күрделі құбылыс болып отыр. Ең алдымен ол нақты жалақының барлық салада төмендеуі орташа жалақымен күн көру шегінің қатынасы жұмыс күшінің табиғи құны дұрыс бағаланбайды. Екіншіден, түрлі әлеуметтік топтар арасындағы үлкен дифференциациясы пайда болды. Үшіншіден, ынталандырушы, қозғаушы күш болудан қояды. Ол ынталандыру саясатын жеткізуге кедергі келтіреді. Кәсіпорындар мен жұмыскерлер үшін жалақыны жүйелі түрде төлеу үлкен мәселеге айналып отыр. Осы жағдайдың себептерін анықтап, бұл күрделіліктен шығудың мүмкін жолдарын қарастыру қажет, яғни еңбекақы төлеуді жетілдіру қазіргі уақытта өткір мәселе болып отыр. Еңбекақы төлеуді, ұйымдастыру дегеніміз — кәсіпорынның жұмыскерлерінің еңбекақыларының түрлері мен жүйесін анықтау, кәсіпорынның жұмыскерлерімен мамандарының жеке жетістіктері үшін қосымша ақы анықтау және бөлу. 
Қазіргі еңбекақы жұмыскерлер табысының негізгі бөлігін құраушы болғандықтан еңбекке ақы төлеу түрімен олардың еңбектерімен материалдық ынталандыру формасы болып табылады. Сондықтан жалақыны дұрыс ұйымдатыру еңбек өнімділігінің өсу қарқына әсер тигізеді. Табыстар мен жалақы облысында саясаттың үш түрі бар:

1.Салықтар көмегімен құнсыздануға бақылау жасау.

2.Табыстарды мемлекеттік ережелер негізінде реттеу.

3.Жақты қатынас саясаты. 
Еңбекақы төлеудің ақшалай және заттай нышандары бар. Қызметкерлерге ақшаны өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін барынша тиімді пайдалану мүмкіндік беретін акшалай форма еңбекақы төлеудегі ең басты нышандардың бірі болып саналады. Қазіргі кезде еңбекақы төлеудің заттай нышаны сирек пайдаланылады. Еңбек төлеудің мұндай нышанын ақша айналымының бұзылуы кезінде, экономиканың тұрақсыз, гиперинфляция және құлдырау жағдайларында кең қолданамыз. 
Кәсіпорында еңбекақыны ұйымдастырудың механизмі жұмыс күшінің еңбекақыға өзгеруінің процесін тікелей қамтып көрсетеді. Олардың қазіргі нарықтық жағдайларға қаншалықты сәйкес келетіндігі. Еңбекақының негізгі қызметті орындауына байланысты. Еңбекақыны ұйымдастыру арқылы нарықтық экономиканың екі қозғалушы күштері арасында әлеуметтік әріптестік қатынастардың дамуына мүмкіндік, беретін, жұмыс беруші мен қызметкердің мүдделері арасында келісімдер жасалынады. 
Еңбекақының көлеміне қызметкердің иемденетін ақшасының мөлшері ғана емес, сонымен қатар оның ол ақшаға нені сатып ала алатындығы да себепші бола алады. Сонда ақшаның сатып алу қабілеттілігі нақты еңбекақы мен номиналдық еңбекақының ара қатынасы арқылы анықталынады. Кәсіпорын қызметкерлерге еңбекақыны мемлекеттің бекіткен ең төменгі деңгейінен жоғары төлеуге міндетті. Еңбекақы төлеу негізгі және қосымша түрлерге бөлінеді. Негізгі еңбекақыға мынандай төлемдер жатады: 
♦ Мерзімдік, үдемелі және кесімді еңбекақы төлеу кезінде орындалған жұмыстың сапасы және мөлшері үшін, пайдаланылған уақыт үшін төлемдер; 
♦ Еңбектің қалыпты жағдайынан ауытқуымен байланысты төлемдер, яғни мерзімнен тыс жұмыстар үшін, түнгі уақыттарға, мереке күндерге және т.б. күндерде жұмыс жасағаны үшін төленетін төлемдер; 
♦ Қызметкердің кесірінсіз тоқтап қалулар үшін төлемдер; 
♦ Сыйлықтар, сыйлықақылы үстемелер және т.б. Қосымша еңбекақыға ұжымдық келісім-шарттарда және еңбек туралы заңдарда қарастырылған, жұмыс жасалмаған уақыттар үшін төлемдер жатады: 
♦ Демалыс уақыттарына ақы төлеу; 
♦ Мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындаған уақыттары үшін ақы төлеу; 
♦ Кішкентай балалары бар аналарға жұмыстағы, үзілістері үшін ақы төлеу; 
♦ Жасөспірімдерге белгіленген жеңілдік сағаттарға ақы төлеу. 
Өнеркәсіп кәсіпорындарында тарифтік жүйені қолдану. Жұмыстың негізгі түрлерінің толық сипаттамасынан тұратын және өнеркәсіптің әрбір саласын құрастырылған тарифтік біліктілік анықтамасының негізінде жүргізіледі. Анықтаманы және оның қолдану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітіледі. 
          Тарифтік мөлшерлеме (еңбекақы) — бұл жұмыс уақытының бірлігі үшін (сағат, күн, ай) біліктіліктің айқын күрделілігінде еңбек нормасын орындаған қызметкерлердің еңбекақысының белгіленген мөлшері. 
Тарифтік тор — бұл разрядтардың және оған меншіктелінген тарифтік коэффиициенттердің арақатынас мәкілі. Тарифтік тордағы разрядтардың саны және тарифтік коэффициенттер арасындағы алшақтықтар әртүрлі және олар өнеркәсіптің әртүрлі саласында орын иемденген нақты ерекшеліктермен және бөлінісінің дәрежесімен анықталған. 
Өнеркәсіптің көпшілік салаларында жұмысшының біліктілігіне тәуелді саналатын, алты разрядты тарифтік торды қолдану ұсынылған. 
Мамандарға, қызметшілерге және басшыларға еңбекақы төлеу кезінде лауазымды жалақының жүйесі қолданылады. Лауазымды жалақы қызметкерлердің атқаратын қызметтеріне байланысты бекітілген еңбекақының абсолюттік еңбек мөлшері. 
Еңбекақы деңгейі негізінен мына төмендегі факторларға байланысты: 
♦ Кәсіпорынның шаруашылық қызметтерінің нәтижесі, оның тиімділік деңгейі; 
♦ Кәсіпорынның кадр саясаты; 
♦ Аймақта, облыста мамандықтары сәйкес келетін қызметкерлер арасындағы жұмыссыздық; 
♦ Мемлекет, кәсіподақ және бәсекелестердің ықпалы (әсері); 
♦ Қоғаммен байланысты кәсіпорындардың жалпы хал-ахуалы. 
Кәсіпорында еңбекақы жүйесін дұрыс ұйымдастыру, қызметкерлердің еңбектің түпкі нәтижесіне ең қолайлы ынталандыруға, олардың еңбек нарығында бәсекелестік, қабілетін қамтамасыз етуге, тиімділік деңгейін анағұрлым арттыруға жағдай жасайды. 
Еңбекақыны үйлесімді түрде үлестеуді ұйымдастырудың мақсаты — кәсіпорынның шаруашылық қызметтерінің жалпы нәтижесінде қызметкер қабілетінің қосқан еңбек үлесіне сәйкес келуін қамтамасыз ету, яғни еңбек өлшемі мен тұтыну өлшемінің арасында сәйкестік орнату. 
Еңбекақыны ұйымдастырудың негізгі принцптері: 
♦ Төлемнің еңбектің саны мен сапасына сәйкес келуін қамтамасыз ету; 
♦ Еңбекақының кәсіпорынның салалық немесе аймақтық қатыстылығына, еңбек шарттарына, қызметкердің біліктілігіне қарай саралау; 
♦ Нақты еңбекақыны жүйелі түрде көтермелеу, яғни, жалақының номиналды мөлшерін инфляцияға сәйкес арттыру; 
Еңбек өнімділігінің өсу қарқыны еңбекақының орташа өсу қарқынынан жоғары болуы. 
Кәсіпорында еңбекақыны ұйымдастырудың негізгі элементтері: 
♦ Еңбекақы қорын қалыптастыру; 
♦ Еңбекті нормалау; 
♦ Тарифтік жүйені сақтау; 
♦ Еңбекақы жүйесін және оның негізгі нысандарын анықтау. 
Еңбекақы қоры еңбекақының және әлеуметтік сипаттағы төлемдерді қамтамасыз ету үшін белгіленген қаржы көздерінің болуын көздейді. 
Еңбекті нормалау ең алдымен еңбектік сапасын бағалауға, сонымен қатар қызметкерлердің кәсіпорын қызметінің жалпы нәтижесіндегі үлестерін есепке алуға мүмкіндік береді. 
Тарифтік жүйе нақтылы еңбек түрлерінің өлшемі, ол әртүрлі еңбектің күрделілігі мен орындалу шарттарын бақылап отырудың негізі. 
Тарифтік жүйенің негізгі элементтері: 
■ Тарифтік кесте кәсіпорынның салалық қатыстылығына және жұмыс разрядын есепке алғанда еңбекақыда саралауды белгілеу; 
■ Тарифтік ставка — бірінші разрядты еңбекке тиісті көлемнің абсолютті шамасын уақыт өлшемімен анықтау (күн ,сағат); 
■ Тарифті-біліктілік анықтамасы, күрделілігіне қарай әр алуан жұмыс түрлерінің тиісті топтарға жіктелуі; 
■ Еңбекақының аудандық көрсеткіштері — әр алуан табиғи-климаттық ерекшеліктеріне қарай өмір құнының өтем айырмашылықтары; 
■ Қоса атқарылатын кәсіби қызметке үстеме төлем — қызмет көрсету аясын кеңейтуге, кезектен тыс жұмыстарға, мереке және демалыс күнгі жұмыстарға, зиянды, екінші және үшінші ауысым жұмыстарына және басқаларға тарифтік ставкалар бойынша қосымша төленетін төлемдер. 
Еңбекті тарифтеу және тарифтелу разрядының, қызметкерлерге иемденіп кетуі қызметкердің біліктілігіне, ұсынылған талаптарымен көрсетілген.

Информация о работе Деректер базасын басқару жүйесіне теориялық негіздеу