Дербес компьютердің негізгі блоктары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2013 в 18:15, лекция

Краткое описание

1 блок жүйелік блок;
2-блок текстік және графикалық информацияны бейнелейтін монитор немесе дисплей;
символдарды енгізуге арналған пернетақта;

Прикрепленные файлы: 1 файл

derbes_kompyuterdin_negizgi_bloktary.doc

— 425.50 Кб (Скачать документ)

Дербес компьютердің негізгі блоктары

  

IBM PC компьютерлері 3 блоктан тұрады:

  • 1 блок жүйелік блок;
  • 2-блок текстік және графикалық информацияны бейнелейтін монитор немесе дисплей;
  • символдарды енгізуге арналған пернетақта;

 

   Жүйелік блок компьютердегі ең басты құрылғысы болып табылады, оның ішінде Дербес компьютердің басты құрылғылары орналасқан. Жүйелік блок құрамында жедел жад, тұрақты есте сақтау құрылғысы,  микропроцессор, қоректену блогы мен енгізу – шығару порттары және қатқыл диск (винчестер) және  дисковод болады.

Жүйелік блок ішінде компьютердің ең маңызды құрылғылары орналасқан негізгі торапты білдіреді. Осы тораптың ішінде орналасқан маңызды компоненттер:

  • дербес компьютер жұмысын басқаратын электрондық схема (микропроцессор, оперативті есте сақтау, құрылғылардың бақылаушысы және т.б.);
  • компьютердің электрондық схемасына берілетін кернеуі аз тұрақты тоқтағы электрмен қоректендіретін қоректендіру блогы;
  • икемді магниттік дискіге (дискетте) жазылуда және оқуда пайдаланылатын икемді магниттік дискісінің жинақтаушысы (немесе дискжетек – дисковод);
  • алынбайтын (қозғалмайтын) қатқыл магниттік дискіге (винчестер) жазылуға және оқуға арналған қатқыл магниттік дискідегі жинақтауыш.

Жүйелік блок сыртынан  қосылатын құрылғы сыртқы құрылғы  ішіндегі құрылғы ішкі құрылғы деп  аталады. Деректерді енгізетін, шығаратын және ұзақ уақытқа сақтайтын сыртқы қосымша құрылғы, сонымен қатар, шалғай (периферийное) құрылғы деп аталады.

                                  

 

Дисплей (монитор)

 

Дисплей (монитор) – деректерді қолданушыға бейнелейтін құрылғы. Ол ақпаратты бейнелейтін ең танымал және маңызды құрылғысы болып табылады.

Оның негізгі тұтыну параметрлері – экран маскасының (маска) мөлшері  мен қадамы, кескінді қайта өндірудің (регенерация изображения) ең көп  шамадағы жиілігі, қорғаныс класы.

                     

        ЭСТ – монитор                                             Сұйық кристалды монитор

Монитордың диогонал бойынша кинескоп құбырлары сияқты бұрыштардың арасымен өлшенеді. Өлшем бірлігі – дюйм. Қазіргі кезде 23 – тен 107см – ге дейінгі экранды мониторлар шығарылады.

Стандартты мөлшерлері 14”, 15”, 17”, 19”, 20”, 21”. Қазіргі кезде 17 және 19, 21 дюймді мониторлар ең танымал мониторлар болып табылады.

Монитор экранындағы  кескін ваккумдық қолбаға тығындалған, люминофорлық жабу сәулесі өткір бағытталған электрондар шоғырын  түсіру, яғни сәуле арқылы қарап байқау нәтижесінде пайда болады. Түрлі-түсті кескінді алуы үшін люминофорлық жабу қызыл, жасыл, жасыл және көк түсті боп жанатын үш тұрпатты (типті) жолаққа немесе нүктелерге ие болады. Барлық үш сәуле экранда бір нүктеге жиналып, кескін анық көрінуі үшін люминоформның алдына ұдайы саңылау қалдырылатын қалқа – панелін қояды. Монитордың бір бөлігі вертикальдық сыммен жарықтандырылған, бұл кескіннің анық та қанық әрі жарық болуын күшейтеді.

 Саңылаулар арасындағы (шаг маски - қалқа қадамы) қадам неғұрлым қысқа болса, кескін соғұрлым дәл әрі нақты болады. Қалқа қадамы миллиметрмен өлшенеді. Қазіргі уақытта 0,25 – 0,27мм. Қалқа қадамындағы мониторлар кеңінен таралған.  

Кесінді қайта жаңарту жиілігі монитор кескіні бір секунд ішінде қанша рет толық жаңартуын көрсетеді. Оны кадрлар жиілігі дейді.

Кесінді қайта өндіру жиілігі Герцпен (Гц) өлшенеді. Ол неғұрлым жоғары болса, кескін соғұрлым дәл әрі тұрақты болып, көз аз талады. Ең аз шамадағы мән 75 Гц, қалыптысы – 85 Гц, ал ең қолайлысы – 100 Гц және одан көп мәндер.

Монитордың қорғаныс класы қауіпсіздік техника талаптарына  сәйкес келетін стандартымен анықталады. Жалпыға бірдей және ортақ халықаралық стандарттар:

    • MPR – II
    • TCO – 92
    • TCO – 95
    • TCO – 99.

MPR – II стандарты адам денсаулығына зиян келтірмейтін шекке дейін электромагниттік сәуленің деңгейін шектейді.

TCO – 92 стандартында  бұл норма сақталған, ал TCO –  95 және TCO – 99 стандарттарында бұл  норма жоғары.

Экологиялық және эргономикалық нормалар ең алғаш рет TCO – 95 стандартында пайда болды, ал TCO – 99 стандарты кескіннің сапасы жарықтығын, жыпылықтауын, жабудың антиблик өзгеруін анықтайтын параметрлер бойынша нормаларды белгіледі.

Мониторлар қызмет принципіне байланысты:

    • электронды – сәулелік трубкалы
    • сұйық криссталдағы дисплейге

бөлінеді.

Электрлі –  сәулелік трубкалы монитор

Электронды  сәулелі трубалы монитордың схемасы

Электрлі-сәулелі трубка шыны колба ретіндегі басында электронды трубкасы бар электрлі-вакуумды құрылым. Түбінде люминофор қабығы бар экран. Сәуле тарату кезінде электрондар ағымы электронды пушканы сәулелендіреді, ол жоғарғы жылдамдықпен экранға тарайды.

Электрондар қолданушыға көрінетін люминофор жарық береді. Люминофор электрондық ағымнан кейінгі жарықтану уақытымен ерекшеленеді. Электронды сәуле экранды жоғарыдан төменге, солдан оңға қарай қатарларға жоғары жылдамдықпен бөледі. Экранды қозғалтқан уақытында, бейненің пайда болу жерінде сәуле сол қарапайым люминофорды жайылған аймақтарға әсер етеді.

Сәуленің интенсивтілігі әр уақытта  өзгеріп тұрады, сондықтан сәйкес экран аймақтарының да жарықтығы  өзгереді. Жарық тез жойылатындықтан, электронды сәуле әрдайым экран бетін қалпына келтіруі керек.

Жарық жиілігі мен уақыттылығы бір-біріне сәйкес келу керек. Тігінен тарату жиілігі 70 – 85 Гц тең, яғни экран жарығы 70 – 85 рет секундына жаңартылады.

Жиіліктің төмендеуі бейненің жаңартуының төмендеуіне әкеліп соқтырады, ал ол көзді шаршатады. Мониторлар белгіленген тарату жиілігіне, сонымен қатар кейбір диапазонда әр түрлі жиіліктерге ие.

 

 

Таратудың 2 режимы болады:

    • Interlaced (жоларалық)
    • Non Interlaced (жолдық).

Әдетте, Non Interlaced таратуды қолданады. Сәуле экранды жоғарыдан төменге қарай қатар бойымен жүреді, бейнені бір өткен кезінде қалыптастырады. Interlaced режимінде сәуле экранды жоғарыдан төменге қарай 2 рет жүреді: алдымен тақ қатарлар, сосын жұп қатарлар.

Жолдық қалыпында толық кадрдың қалыптасу кезіңіне кеткен уақытқа қарағанда жоларалық тарату кезінде уақыт 2 есе аз кетеді. Сондықтан 2 қалыпқа да жаңару уақыты бірдей.

Электронды сәулелі трубкасы бар  мониторлар үшін экрандар дөңес және тегіс болады. Кейбір үлгілерде Trinitron технологиясы қолданылады. Бұл технологияда экран көлденең бойымен сәл қисықтау, тік бойымен тегіс болады. Мұндай экранда бликтер аз және бейне сапасы жоғары болады.

 

Сұйық кристалдағы  дисплейлер (Liquid Crystal Display – LCD) 

Сұйық кристалды TFT мониторының құрлымы

 Сұйық кристал негізіндегі дисплей бликсіз, тегіс экран және электр энергиясын тұтыну қуаттылығы төмен (5 Вт, электронды – сәулелі трубкасы бар монитор 100 Вт тұтынады). Сұйық кристал негізіндегі дисплейдің 3 түрі болады:

  • монохрамды пассивті матрицамен;
  • түрлі түсті активті матрицамен.
  • түрлі түсті пассивті матрицамен;

 

Сұйық кристал негізінде дисплейлерде 2 түрлі жарық толқындарын құрылатын поляризациялы фильтр болады. Жарық толқыны сұйық кристалды ұяшықтан өтеді. Әр ұяшық өз түсіне ие. Сұйық кристалдар молекулаларға ұқсас сұйық тәрізді ағып қозғала алады. Бұл зат жарықты өткізеді, бірақ электр заряды әсерінен молекулалар өз бағытын өзгертеді.

Пассивті матрицасы бар сұйық  кристал негізіндегі дисплейлерде ұяшықты электр қуатын басқарады, ол экран матрицасындағы транзистірлі үрді қуатының импульсіне сезімтал жолдар мен бағандар ұяшықтарының орналасу негізінде құрылады.

Активті матрицасы бар  сұйық кристал  дисплейлерде әр ұяшықтың жеке транзистірлі кілті болады, бұл  бейненің жарық болуын қамтамасыз етеді.Әр ұяшық тұрақты электр қуатының әсерінде болады. Активті матрица электр энергиясын көп қажет етеді. Жеке транзистірлі кілттің болуы өндірісті күрделендіреді, соған байланысты олардың бағасын жоғары.

Пернетақта (клавиатура). Компьютерге бастапқы информацияны енгізуде, сондай – ақоның (компьютердің) жұмысын басқаруда пернетақта пайдаланылады. Бүгінгі күні пернетақталар көптеген дербес компьютерлерде бірыңғайластырылған, яғни бірегейлендірілген әрі 101/102 стандарттарында немесе 108 – пернелік пернетақтада орындалған. Пернетақта бірнеше регистр режимдердің бірінде жұмыс істейді. Пернетақтаның барлық пернесін төрт топқа бөлуге болады:

  • алфавитті – цифрлық және таңбалық пернелер: латын әріптері және олармен бірге орналасқан орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілері, арифметикалық, логикалық және де басқа символдар, «бос орын» белгісі;
  • функциялық пернелер: F1 – F12;
  • әртүрлі қызмет атқаратын пернелер: Enter, Tab, Ctrl, Alt, Esc, Shift, Num Lock, Caps Lock, Scroll Lock, Pause (Break), PrtSc және “*”, “+”, “-” тәрізді пернелер;
  • түзету үшін қолданылатын басқару пернелері: Insert, Delete, Home, End, PgUp, PgDn, BackSpace және бағыттауыш тілсызық пернелер;

Пернетақта

Алфавиттік әрбір перне латынның, қазақша бір әрпін енгізе алады. Латын әріптері QWERTY стандарты (екінші қатардың сол жақ шетінде орналасқан пернелер тізбегі) бойынша, ал қазақ, орыс әріптері баспа машинкасындағыдай болып орналасқан.

Цифрлық пернелер қазақ әріптері мен қоса жоғарғы қатарда тұр, сандар енгізуді оңайлату мақсатында олар оң жақ шетте тағы қайталанған.

Функционалдық пернелер басқару командалары ретінде  белгілі бір операцияны орындай  алады. Мысалы, тек бір функционалдық  пернені басу арқылы файлды (мәліметті) дискіге жазуға не оқуға, программа текстін экранда көруге, каталог ашуға т.б. амалдар орындауға болады. Олардың атқаратын қызметі фонда жұмыс істеп тұрған бағдарламаға байланысты болады. F1 пернесі көбінесе ЭЕМ – нің өзінен жылдам көмек алуды сұрау үшін қолданылады. Компьютер іске қосылған соң оң жақта орналасқан NumLock пернесін басу керек, сонда қосымша цифрлық пернелік басқару пернелерінің рөлін атқарады.

Бағыттауыш тілсызық пернелер ( , , , ) және Home, End, PgUp, PgDn пернелері курсорды басқару пернелері деп аталады. Олардың қызметі:

  • , , , - курсорды көрсетілген бағытта бір орынға жылжытады;
  • Home – курсордың қатардың, терезенің, файлдың басына жылжыту;

PgUp – курсорды текст  бойынша бір бет жоғары көтеру;

PgDn – курсорды текст  бойынша бір бет төмен түсіру;

BackSpace пен Del пернелері қате енгізілген символдарды өшіреді:

BackSpace – сол жақтағы  символды өшіреді;

Del – курсор үстіндегі  таңбаны өшіреді.

Бір сөз екінші сөзден «бос орын» таңбасымен бөлініп жазылады, Tab пернесі курсорды көрші терезеге немесе кестенің келесі бағанасына жылжытады.

Insert пернесі тексті  түзету режимінде екі мүмкіндіктің  бірінен біріне ауысуын қамтамасыз  етеді, олар: «енгізу» - символдардың  арасына оларды ығыстыра отырып  жаңа таңба енгізу режимі болса,  «алмастыру» - бұрынғы енгізілген  таңбаларды теріліп отырған жаңа символдармен ауыстырылады.

Enter пернесі кез келген  қатардың немесе команданың теріліп  біткенін білдіреді де, сол команда  орындала бастайды.

Көптеген қолданбалы программаларда теңбіл түсті ені  бір немесе бірнеше сөзге тең  болатын тіктөртбұрыш тәрізді белгі (кестелік курсор, маркер) командалық менюдің бір элементін таңдауды қамтамасыз етеді.

Командалық меню –  белгілі бір программаның жұмыс  кезінде экранға шығарылатын, онан кейін орындала алатын оның командаларының немесе іс - әрекеттерінің тізімі. Тізімнің әрбір элементі кестелік курсорды соның атына әкеліп, Enter пернесін басу арқылы орындалады. Егер ол команданы орындағыңыз келмесе, Esc пернесін басу қажет. Командалық менюдің элементтері тағы да сол сияқты төменгі деңгейдегі бағынышты командалар менюін (солардың аттарын) экранға шығаруы мүмкін. Мұндай сатылы командалар иерархиялық (көп сатылы) деп аталады.

Caps Lock, Scroll Lock, Num Lock белгілі  бір тәртіп (режим) орната алатын  пернелер тобын құрайды. Бұлардың  бірін басқанда, мүмкін болатын  екі тәртіптің бірі орнайды, ал алғашқысы – компьютер іске қосылғанда бірден орнатылады. Сол пернені қайта бассақ, алғашқы режим қайта шығады. Қосымша режимге көшкенде, пернеліктегі кішкене шам жанып белгі беріп тұрады.   

Ctrl, Alt, Shift регистр пернелері  болып саналады, олар басқа бір пернемен бірге басылып, әртүрлі іс - әрекеттер комбинациясын іске қосып отырады. Олардың атқаратын қызметтері әрбір программада өзгеріп отырады, сол себепті атқаратын жұмысын программалар сипаттамаларынан білу керек.

Информация о работе Дербес компьютердің негізгі блоктары