Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2013 в 18:20, доклад
Психологиялық зерттену әдіс-тәсілдерінің психологиялық табиғатын, болмыс құбылыстарына деген ғылыми принциптерімен студенттерді қаруландыру, зерттеу жүргізе алуға кәсіби дағдылары мен шеберліктерінің жалпы сипатымен студенттерді оқытып үйретеді.
Психологиячлық эксперименттерді жоспарлау, ұйымдастыру, нәтижелерін өңдеу, зерттеу қорытындысын жасай алуға жоғарғы ғылыми білімдерді қалыптастыру;
Өзін –өзі тану пәні бойынша түсінік хат
Психологиялық зерттену әдіс-тәсілдерінің психологиялық табиғатын, болмыс құбылыстарына деген ғылыми принциптерімен студенттерді қаруландыру, зерттеу жүргізе алуға кәсіби дағдылары мен шеберліктерінің жалпы сипатымен студенттерді оқытып үйретеді.
Психологиячлық
Психолог-зерттеуші, зерттеуші-экспериментатор еңбегіне қатысты жалпы психологиялық принциптерді беру.
Оқу барысында магистранттар төмендегідегі негізгі білімдерді білуі керек:
1) студенттердің Өзін-өзі тану психотехнология бойынша біліктілігін дамыту ;
2) Өзін-өзі тану психотехнология әдістерін жетілдіру;
3) Өзін-өзі тану психотехнологияны оқыту процессінде студенттердің кәсіби субьективті белсенділігін арттыру.
Ежелгі әлемдегі өзін–өзі тану идеиясы. Дүние танымның ең ежелгі типі – мифология. Ежелгі шығыс философиясындағы адамгершілік, тұлға жайлы идеялар. Ежелгі үнді, Ежелгі қытай философиясында адам туралы ойлар. Кун–Цзы құрған «моральдың алтын ережелері» (адамгершілік императив).
Пифагор, Протагор, Сократ, Платон және т.б. ойшылдардың адам туралы ойлары. Пифагордың алмасу ілімі. Протагор «барлық заттар өлшемі» ретіндегі адам туралы танымал тезисті ұсынды. Сократтың «Өзіңді – өзің таны» деген нақыл сөзі әлем тарихы бұрылысының түйінді идеясы болып табылады. Платонның шын бақыт, адам жанның құрылымы туралы идеялары. «Идеалды» мемлекет жобасы. Аристотельдің адам табиғаты туралы түсінігі.
Аврелий Августиннің «Христиандық сократизм» атты ілімі. Орта ғасырларда тұлғаның басты «өлшемдерінің» қалыптасуы. Орта ғасырлық араб әлемінде адам мәселесіне қатысты жетекші үш идеялық бағыт: теологиялық, мистикалық және философиялық. Әл – Фараби тағылымындағы адамның өмірлік мақсаты ретінде қарастырылған бақыт туралы, ақыл–парасат туралы ілімі. Шығыстың ойшылдары Жүсіп Баласағұн, М. Қашұари, Ахмет Йасауи адамгершілік жайлы ойлары.
Қайта өрлеу (Ренессанс) дәуірінің ойшылдары Н. Кузанский, Э. Роттердамский, М.Монтень, Пикко делла Мирандола көзқарастары. Қайта өрлеу дәуірі үшін адамның өзінің ішкі жан–дүниесіне жіті көңіл аудару, өзін–өзі тану, өзіне –өзі талдау жасау, өзін және өзгені дербес бағалау қажеттілігі тән. Ф.Бэкон, Р. Декарт, Спиноза, Лейбниц, Дж.Локк, А.Вольтер, Ж.Ж. Руссо адам бойындағы ақыл–ой, ойлау қабілеті жайлы идеялары.
Философ – материалистер Ламетри, Дидро, Гельвецийлердің тұлға, адамгершілік нормалары, жеке тұлға мүдделері жайлы ойлары.
Карл Маркс философиясындағы тұлға түсінігі. Батыс философиясының персонализм, «өмір философиясы», «экзистенциализм», философиялық антропология сияқты бағыттарының адамды философиялық зерттеуге тұрарлық мәселе ретінде қарастыруы.
Ұлы философ, немістің классикалық
философиясының көшін бастаушы Иммануил
Канттың адами тұлға, адамгершілік
және ізгілік жайлы негізгі
Орыс ағартушылары А.Н. Радищев, И.П. Пнин, А.П. Куницын, А.Ф. Бестужев, В.В. Попугаев идеяларындағы адам туралы пікірлер. Орыс ағартушылары адамның басқа тірі жаннан ерекшеленетін айырмашылығын зерделеп көрді. Орыс ағартушылары үшін басқа маңызды құндылық бостандық және бостандықты сүю идеясы болды. XIX-XX ғасырдың бірінші жартысындағы орыс философиясындағы негізгі тақырып адам, оның жаны, рухани ізденістері жайлы. Ф.М. Достоевский мен Л.Н. Толстойдың руани шыңға «шығуы» туралы ілімі.
Қазақтың мақал-мәтелдеріндегі – адамгершілік – этикалық идеялар. Қазақ халқының мақал-мәтелдеріндегі жақсылық пен жамандық тақырыбы.Қонақжайлылық ең басты этикалық адамгершілік ретінде түсіндіріледі. Қазақтың ділінде адамның өзін-өзі тануы қауымның, ұрпақтың, халықтың өкілі ретінде өзін анықтау ұғымымен біртұтас. Дала ойшылдары Асан Қайғы, Қазтуған жырау, Доспамбет, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар жырау, Шал ақындар жырларындағы тәуелсіздік, бейбітшілік, әділеттілік, адамдардың теңдігі идеялары. Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, Абай Құнанбаевтардың адам табиғаты, адамгершілік, өзін–өзі тану жайлы ойлары. ХХ ғасырдың басында өмір сүрген қазақ зиялылары Ә. Бөкейханов, М.Дулатов, А. Байтұрсынов еңбектеріндегі өзін–өзі тану мәселелері. Өзін–өзі танудың философиялық негізін алғаш рет А.Н. Нысанбаев пен Г.Г. Соловьева қалады.
Ш.Уәлиханов адамға, адамның
өмірге, келуі және өмірден кетуі
мәселерлеріне басты назар
Өзара қарым–қатынастың өзіндік сана–сезімді дамытудағы маңыздылығы және өзіндік сана–сезімнің дамуы, қалыптасуы жайлы басты идеялар. Өзіндік сана түсінігі мен «рефлексия» термині.Жиырмасыншы ғасырдың басында психолог Ч.Х. Кули «бейнелі Мен» теориясын қалыптастырды. Танымның дүниетанымдық аспектісі Б.Г. Ананьевтің, А.Н. Леонтьевтің, С.Л. Рубинштейннің және т.б. көрнекті психологтардың еңбектерінде көрініс тапқан. К.Роджерстің тұлғаның феномологиялық теориясындағы «Мен тұжырымдамасы». Психолог У.Джемстің өзін–өзі сыйлаудың деңгейін анықтайтын қарапайым формуласы.
Тұлға – адамның индивидуалды ерекшеліктері мен мінез-құлық тұрақтылығын шарттайтын индивидуалды сипаты және мінез-құлық тәсілдерінің ұйымдастырылған құрылымы.
Адам индивид болып дүниеге келгеннен кейін, қоғамдық өзара қатынастар және процестер жүйесіне енеді. Нәтижесінде ерекше әлеуметтік сапаға ие болады, яғни ол тұлға болып қалыптасады.
Бұл-адамның қоғамдық байланыстарға түсіп, субъект сапасында көрінуіне байланысты жүзеге асады. Өз кезегінде адамның индивидтік, тұлғалық және субъектік деңгейлерінің даму ерекшеліктерінің қайталанбастығы индивидуалдылықты көрсетеді.
Қазіргі психологияның барлық мектептерінің тұлға жайлы өз көзқарастары бар.
Бихевиоризм бағыты бойынша тұлға сыртқы оң және теріс нығайтуларға байланысты әсерлерге жауап беруші реактивті жүйелер.
Бихевиоризм бағытында тұлғаның мінез-құлқы, оның ішкі толғаныстарына емес, әрекет жасауға стимул беретін сыртқы орта әсерлеріне байланысты. Машинаның түсі оның жылдамдығына әсер етпейтін сияқты, адам әрекетіне психика, сана, мінез де әсер етпейді.
Психоанализ бағытында тұлға адам қуаты құрылымы, адам қуаты бағыттылығы, адам қуатының қарқындылығы ретінде қарастырылады.
Психоанализ бойынша адамға қандай инстинктивті күштер әсер еткенін білу арқылы адамның қазіргі кездегі ғана емес және өзгерген жағдайдағы мінез-құлқын анықтай аламыз.
Бұл пікір авторы психоанализ бағытының өкілі Эрих Фромм. Оның ойынша, шығармашылық психоанализ өкілдері «адам тұлғасы туындауының теориясы және практикасын, оның өзіндік «Менінің» қалыптасу» әдісіне айналдырған. Когнитивті психология. Тұлғаға негізгі сипаттар бойынша анықтама береді. Негізгі сипаттар ретінде: шындыққа қатысты зерттеушілік бағдар, тағдырын дербес белгілеу және әлеуметтік ортадағы белсенді әрекетті көрсетеді.
Индивид ұғымының анықталуы. Жеке адам және индивид ара-қатынасы. Даралылық және индивид. Адамның даралығын көрсететін: темперамент, мінез, қабілет. Оардың жалпы сиаты. Индивид адамның «homo sapiens» текті өкіл екендігінің көрінісі. Индивид ұғымындағы екі белгі: 1) субъектінің біртұтас бөлінбейтіндігі; 2) осы тектілердің басқа өкілдерінен ерекшелейтін айрықша қасиеттердің болуы. «Тұлға» және «индивид» ұғымдарының айырмашылығы. Тұлға – тұтас, оның тұтастығы қоғамдық сипатты. Индивид - генотип, ал тұлға – фенотип қызметін атқарады. «Адам индвид болып туады, тұлға болып қалыптасады» (С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев).
Тұлғалық өсудің ішкі критерийлері:
Тұлғалық өсудің сыртқы критерийлер:
«Өзін–өзі тану» курсының маңызды идеяларының бірі – адамның шексіз мүмкіндіктеріне, оның өзін жетілдіруге қабілетіне, тұлғалық өсуіне сенім. Американдық психологтер А.Маслоу мен К. Роджерс тұлға жайлы гуманистік көзқарастың танымал өкілдері. Олардың теорияларындағы сана–сезім мен ойлау процесінде адамның өзіне көрініс беретін ішкі тәжірибесінің құрылымы мен дамуын сипаттауы. Реоджерс теориясындағы басты орын адамның өзін–өзі тануы мәселесі. Абрахам Маслоу теориясының басты бағыттарының бірі – өзі құрастырған қажеттіліктер пирамидасы.
Тұлғаның қалыптасуында мәдениеттің әсері басты фактор болып табылады. Адам тұлғасын психологиялық ғылымның жас саласы – мәдени – тарихи психология (МТ– психология) зерттейді. Мәдени–тарихи психологиясының пайда болуына Л.С. Выготскийдің, А.Лурияның, А.Н. Леонтьевтің қосқан үлесі. А. Кардинердің базалық тұлғалық тип туралы тұжырымдамасы.
Кеңес психологиясында тұлға саласындағы неғұрлым танымал зерттеулер Н.Я. Грот, Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, Л.И. Божович, К.А. Абульханова– Славская және т.б, көрнекті ғалым–психологтардың теориялық еңбектерімен тығыз байланысты. Тұлға дамуын зерттеуге А.В. Петровский де бңршама үлес қосты. С.Л. Рубинштейн өз еңбектерінде оқыту процесінде адамға білім беру, шеберлікке және дағдыға баулумен қатар тұлғаны қалыптастырудың маңыздылығына баса назар аударды.
Қазақстандық психолог–
Трансперсоналды ағымдардың
негізін салушылар ретінде К.
Тұлғаның Э.Эриксон
бойынша өмірлік жолының
Жастық шақ адамның өзін-өзі танытуына ең қолайлы кезең деп саналады. Адам өмірінің басқа да кезеңдері секілді жастықтың да тек өзіне ғана тән сапалық белгілері болуы заңды. Студенттің жастық шақтағы жетекші құндылықтарының қатарына махаббат, отбасы, достық және таңдаған мамандығы кіреді. Махаббат пен достық. Қамқорлық, жауапкешілік, құрмет пен білім өзара тығыз байланысты. Кәсіби қызмет.