6.3 3D-Orbit режимін қолдану
3D Orbit құралы кеңістіктегі модель айналасында
қозғалып, модельді еркін көруге мүмкіндік
береді. Бұл құралды қолданғанда, объектіні
қозғалтқанмен масштаб өзгермейді. Шығу
үшін <Esc> немесе <Enter> басылуы тиіс.
3D Orbit режимін 3D Orbit панелінен іске қосуға
болады. Сонда объект айналасында “координатты
шар” пайда болады. 3D Orbit режимі қосылғанда,
AutoCAD курсордың координатты шарға қатысты
қимылдарына, түрліше әрекет етеді. Курсор
әрбір жеке аймақта өзгеше жұмыс істейді.
Оны қолданушы курсор формасын өзгерткенде
байқай алады. Курсор формасының саны
төртеу. Демек 3D Orbit режимі төрт формада
қолданылады:
- Шеңберлі “стрелка” режимінде курсордың көмегімен бұрылыс. Тышқанның сол батырмасын басып тұрған күйде курсорды жылжыту кординаталы шарды қозғалысқа әкеледі.
- “Сфера және сызықтар” режиміндегі
бұрылыста, тышқанның сол батырмасын басулы
күйде курсорды ішкі бір бұрышын екішіге жылжытқанда обьект елестетілген өс
айналасында бұрылады.
- Модель көрінісінің вертикаль өс айналасында
бұрылуы. Бұл режимде кординаталық шардың
сол және оң жағында орналасқан кішкене
шарлардың ішіне курсорды әкеліп, тышқанның
сол батырмасын басулы күйде жылжытсақ, обьект вертикаль өс бойынша
жылжиды, курсор басқа бағытта жылжитын
болса, ол жауапсыз қалады. Яғни курсор
тек солға немесе оңға бұрылады.
- Модель көрінісінің горизонталь өс айналасында
бұрылуы. Осы режим де алдынғы режим сияқты
жұмыс істейді. Бірақ объект горизонталь өс бойында жылжиды.
3D Orbit режимінің қосымша бұйрығы бар. Бұл
бұйрық аты Continuous Orbit. Ол модельдің экранда
үзіліссіз айналуын қамтамасыз етеді.
Тек қана айналу бағытын белгілеу керек.
3D Orbit-пен жұмыс істегеннен кейін модельдің бастапқы
көрінісіне оралу үшін тышқанның оң батырмасын
басып, контекстті менюден Reset View параметрін
таңдау керек.
6.4 Үш өлшемдімодельдердің сызбаларын
жинақтау
AutoCAD-та үшөлшемді сызбаны жинақтауды
үш бұйрық орындайды:
- SOLVIEW: көріністі экрандарды және ортогональды проекцияларды перпендикуляр жазықтықтарға салуды автоматты түрде орындайды. Оны қолдану үшін Solids панелін шақырып Setup View батырмасына басыңыз. SOLVIEW бұйрығының параметрлер саны 6:
- UCS параметрі ағындағы ҚКЖ-н таңдауға мүмкіндік туғызады.
ҚКЖ-ні таңдағаннан кейін масштабты белгілейміз.
Содан кейін көрініс орталығы туралы сұрақ
шығады. Талабыңыз орындалмағанша нүктені
белгілей беріңіз. Соңында Enter басыңыз.
- Ortho параметрі ортогональді проекциялар құрайды. Specify side of viewport to project: шақыруына көрініс экранының жағын басыңыз.
- Auxiliary параметрі қиғаш көріністер құрады. Specify first point of inclined plane: және кейінгі Specify second point of inclined plane: шақыруларына екі нүкте белгілеңіз. Бұл екі нүкте қиғаш көріністің
бұрышын анықтайды.
- Section параметрі көлденең кесік құру үшін жұмыс істейді. Specify first point of cutting plane: шақыруына кесуші жазықтықтың нүктесін көріністі экранда көрсетіңіз де, Specify point of cutting plane: шақыруына кесуші жазықтықтың екінші
нүктесін белгілеңіз. Сөйтіп сіз кесуші
жазықтықты құрайсыз.
- Exit параметрі SOLVIEW бұйрығының орындалуын аяқтайды.
- SOLDRAW: біріншіден бұл бұйрық орындалуы үшін SOLVIEW бұйрығы орындалу тиіс. SOLDRAW, SOLVIEW негізінде жасалған көріністерді пішіндері тұтас және пунктир сызықтардан тұратын кесіктер жасайды. Ал кесік іші штрихталады. Бұл параметрді іске қосу үшін Solids құралдар панелінде Setup Drawing батырмасына басыңыз. Шыққан шақыруларға объектілерді белгілеу керек.
Штрихты өзгерту үшін HatchEdit бұйрығын қолдануға
болады.
- SOLPROF: бұл бұйрық SOLDRAW бұйрығы сияқты. Бірақ оны іске қосу үшін SOLVIEW бұйрығының орындалуы міндет емес және оның мүмкіндіктері көбірек.
SOLPROF бұйрығын қолдану
үшін Solids панелінен Setup Profile батырмасына басыңыз. Сонда Display hidden profile lines on separate layer?[Yes/No]:
сұрағы шығады. Егер сіз кескіннің жасырын
сызықтарын бөлек қабатта елестеткіңіз
келсе “y” әрпін енгізіңіз, ал бас тарту
үшін “n” енгізіңіз. Кейін жасырын сызықтарды
қайта көрсетуге болады.
Project profile lines onto a plane? [Yes/No]: шақыруына “y” енгізсеңіз, екіөлшемді
объектілер құрылады, сәйкес “n” енгізілсе,
үшөлшемді объектілер құрылады.
Delete tangential edges?
[Yes/No]: шақыруына жанама шектерді құруға немесе
өшіруге мүмкіншілік береді, сәйкес “y”
немесе “n” енгізіңіз.
6.5 Типтік үшөлшемді объектілер
құрылымы
Параллелепипед. Жасалу жолы:
- Surface панеліндегі Box батырмасына басыңыз.
- Specify corner point of box: шақыруына параллелепипед сол табанының координаталарын енгізіңіз.
- Specify length of box: шақыруына х өсі бойымен параллелепипед ұзындығын анықтаңыз.
- Specify width of box or [Сube]: шақыруына у өсі бойымен параллелепипед енін енгізіңіз, ал егер Cube параметрін енгізсеңіз, онда куб пайда болады.
- Specify height of box: шақыруына z өсі бойынша параллелепипед биіктігін енгізу керек.
- Specify rotation angle of box about z axis or
[Reference]: шақыруына z өсі айналасында бұрылу бұрышын енгізсеңіз, сізде көлденең параллелепипед пайда болады. Егер тік параллелепипед құрғыңыз келсе,
онда 0 енгізіңіз.
“Клин”. Жасалу жолы параллелепипедтың жасалу
жолымен ұқсас, тек қана куб параметрі
қолданылмайды, өйткені “клин” параллелепипедтің
жартысы.
Пирамида. Пирамида түрі көп болғандықтан (төртбұрыш
табанды, үшбұрыш табанды, қиғаш пирамида...),
бұл бұйрықтың параметрі көбірек.
Жасалу жолы:
- Surfaces панелінде Pyramid батырмасына басыңыз.
- Specify first corner point for base of pyramid: шақыруына пирамида табанының кез-келген бұрышын белгілеңіз.
- Specify second corner point for base of pyramid: шақыруына табанның екінші бұрышын белгілеу керек.
- Specify third corner point for base of pyramid: шақыруына үшінші нүктені белгілеңіз.
- Specify fourth corner point for base of pyramid
or [Tetrahedron]: шақыруына төртбұрыш табанды пирамида құрғыңыз
келсе, төртінші бұрышты немесе үшбұрыш
табанды пирамида құрғыңыз келсе Tetrahedron-ді
таңдаңыз.
- Егер Tetrahedron параметрі таңдалған болса, Specify apex point of tetrahedron or [Top]: шақыруы шығады. Жауап ретінде үш қабырғаның түйісетін нүктені белгілеңіз.
Немесе кесік пирамида құрғыңыз келсе
Top параметрін енгізіңіз де пирамиданың
үстіңгі бұрыштарын белгілеңіз. Ал егер
төртбұрыш табанды пирамиданы таңдаған
болсаңыз, Specify apex point of tetrahedron or [Ridge/Top]: шақыруы шығады. Бұл жерде қабырғалардың
түйісетін бір нүкте “хребет” немесе
Top параметрлі үстіңгі төртбұрыш енгізуге
болады.
Конус. Жасалу жолы:
- Surfaces панелінде Cone батырмасына басыңыз.
- Specify center point of cone: шақыруына конус табанының орталық нүктесін белгілеу керек.
- Specify radius for base of cone or [Diameter]: шақыруына конус табанының радиусын немесе Diameter параметрін таңдап диаметрін белгілеңіз.
- Егер сіз кесік конус құрғыңыз келсе, Specify radius for top of cone or [Diameter]: шақыруына конустың үстіңгі шектің радиусын немесе
диаметрін белгілеңіз. Немесе 0 енгізіп,
толық конус құрыңыз.
- Конус биіктігін Specify height of cone: шақыруынан кейін енгізіңіз.
- Enter number of segments for surface of cone<16>: шақыруына болса, конустың сыртқы сегмент санын енгізіңіз. Ең минималды шама
– 16.
Сфера. Жасалу жолы:
- Surfaces құралдар панеліндегі Sphere батырмасына басыңыз
- Specify center point of sphere: шақыруында сфераның орталық нүктесі сұралады.
- Specify radius of sphere or [Diameter]: шақыруы шыққанда, сфера радиусы не диаметрін (параметрді)
енгізіңіз.
- Enter number of longitudinal segments for surface
of sphere<16>: және кейін шығатын Enter number of latitudinal segments for surface
of sphere<16>: шақыруларына сәйкес сфераның вертикальді және горизонтальді сегмент санын енгізіңіз. Ең
кіші сегмент саны – 16.
“Купол”. Сфераның жартысы болғандықтан, оның
жасалу жолымен бірдей. Тек горизонталь
сегменттің максималды саны – 8.
“Чаша”. Сфераның астыңғы бөлігі. Оның да жасалу
жолы бірдей.
“Тор”. Жасалу жолы:
- Surfaces панелінде Torus батырмасына басыңыз.
- Specify center point of torus: шақыруына тордың орталық нүктесін белгілеңіз.
- Specify radius of torus or [Diameter]: шақыруына тор радиусын немесе диаметрін енгізіңіз.
- Specify radius of tube or [Diameter]: шақыруына жауап ретінде, тор трубкасының
радиусын немесе диаметрін енгізіңіз.
- Enter number of segments around tube circumference<16>:
және Enter number of segments around torus circumference<16>:
шақыруларына сәйкес тордың құраушысы
бойындағы сегмент санын және тор трубкасының
айналасындағы сегмент санын енгізіңіз.
Ең аз сегмент саны – 16.
ҚОРЫТЫНДЫ
Әрбір
нәрсенің соңы бар демекші, мен де өз жұмысымды
бітірдім. Әрине бұл программа толығымен
қамтылмаған, үшөлшемді модельдердің
көріністерін түрлендіру, шамаларды
енгізу, AutoCAD-та программалау және слайдтар
құру сияқты көптеген тақырыптар зерттелмеген.
Дегенмен де AutoCAD программасының негіздерін
біз қарастырдық.
Бұл
программа біздің өмірімізде өте қажетті
деп, өз ойымды айтқым кеп тұр. Оны кез-келген
адам үйрене алады. Көп практикаласаңыз
болғаны.
Сонымен
AutoCAD-ң негіздерін бітірдік. Бұл жұмыс,
AutoCAD программасын үйренуді енді ғана
бастағандарға көмектеседі деген үмітпен,
сізбен қоштасамын.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
- AutoCAD 2002 “Библия пользователя”, Эллен Финкельштейн,
СП 2004
- AutoCAD 2002 “Энциклопедия”, Джеймс Лич, СП 2002
- AutoCAD 2000 “Практический курс”, А. Федоренков, К. Басов,
М
2000
4. AutoCAD 2000 “Для начинающих”, А.
Ярвуд, М 2000