Бүгінгі күндерде AutoCAD 2002

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2014 в 13:17, реферат

Краткое описание

Бүгінгі күндерде AutoCAD 2002 – автоматты проекциялау жүйелері арасында ең мықтысы болып табылады. Техникалық проекциялаудың әртүрлі аймағында керек болған, кез-келген сызба жұмыстарын орындай алады. Программаның ішкі компоненттерінің жетілдіруінен басқа, көп жаңа функция пайда болды. Бұл функциялар қолданушының жұмыс уақытын қысқартып, сызба сызуды біршама жеңілдетті.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1 AutoCAD-ң негізгі құралдары 5
1.1 Түзу сызықты кесінділер 5
1.2 Көмекші құрау сызықтары 7
1.3 Көріністерді басқару құралдары 8
1.4 Қолданушы координаттар жүйесі 9
2 AutoCAD-тағы редакциялау мүмкіндіктері 10
2.1 Редакциялау құралдары 10
2.2 Объектіні таңдау 10
2.3 Редакциялау құралдарының кеңейтілген жинағы 11
2.4 Өлшемдерді түзету бұйрықтары 12
2.5 Объектілерді конструкциялау бұйрықтары 14
3 AutoCAD-та мәтінмен жұмыс 16
3.1 AutoCAD-та бір жолды қарапайым мәтін құру 16
3.2 Мәтінді редакциялау мүмкіндіктері 16
3.3 Мәтіндік стильдер 17
3.4 Көпжолды мәтін 17
4 Күрделі объектілерді құру 19
4.1 Поли сызық құру 19
4.2 Сплайндар 19
4.3 Штртихталған аймақтар 20
4.4 Мультисызықтар 20
4.5 Эскизді сызықтар құру 21
5 Формалармен жұмыс 22
5.1 Форма файлдарын құру 22
6 Үшөлшемді көрініс салудағы AutoCAD мүмкіндіктері 23
6.1 Проекциялаудың типтік бағыттары 23
6.2 Сызбаны бояу 23
6.3 3D-Orbit режимін қолдану 24
6.4 Үш өлшемдімодельдердің сызбаларын жинақтау 24
6.5 Типтік үшөлшемді объектілер құрылымы 25
ҚОРЫТЫНДЫ 28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 29

Прикрепленные файлы: 1 файл

AutoCAD.doc

— 523.50 Кб (Скачать документ)

Specify rotation angle of text <0>: – мәтіннің бұрылу бұрышын енгізіңіз немесе берілген бұрышты қалдыра салыңыз (Enter басып)

Enter text: – мәтінді енгізіңіз. Енгізгеннен кейін Enter басыңыз. 

Enter text: – егер бітірген болсаңыз қайта Enter басыңыз.

DText бұйрығының негатив  жері – 1) сөз аралық қашықтықты енгізе алмайсыз. Бірақ ара қашықтықты басқа бұйрықтар көмегімен белгілеуге болады (It(Text парметрі үшін), Idt(Dtext парметрі үшін)). Сонымен қатар ”123” бұйрығы нөмірленген тәсіл құрады 2) DText бұйрығы кейбір форматтау мүмкіндіктерін қамтымайды. Сондықтан арнаулы символдар мен форматтау атрибуттарын құру үшін арнаулы кодтар қолданылады:

% % 0 – мәтін үстін сызу режимін не іске қосады, не өшіреді  

% % u – мәтін астын сызу режимін  не іске қосады, не өшіреді   

% % d – градус дәрежесін (º) құру

% % p – плюс-минус (±) символдарын  құру 

% % c – шеңбер диаметрі (ø) символын құру

Мыс:

35.3 not 35.8 → % % u 35.3% u not 35.8

ø 1.5 → % % с 1.5

 

  3.2 Мәтінді редакциялау мүмкіндіктері

 

Мәтінді редакциялау, екі тәсілмен асырылуы мүмкін:

  1. Modify панелінен Text бұйрығын таңдап, Select an annotation object or [Undo]: шақыруына керек мәтінді көрсету керек. Жауап ретінде жүйе Edit Text терезесін ашады. Бұл терезеде таңдалған мәтін болады. Сол мәтінді өзгерту керек.  
  2. Объектіні таңдап, тышқан оң батырмасын басып, Properties батырмасына басу керек. Сол кезде Properties терезесі ашылады. Бұл терезеде мәтінді редакциялаудың көп түрі бар.

 

 

 3.3 Мәтіндік стильдер

      Әрқашанда бір шрифтті қолдану қызықтырмайтыны сөзсіз. Сол үшін AutoCAD-та мәтіндік стильдерді, талабыңызға сәйкес құруға болады. 

      Жаңа мәтіндік стиль құру үшін Format=>Text Style менюын қолданыңыз. Сөйтіп STYLE бұйрығын жүктейсіз. Сонда Text Style сұхбат терезесі ашылады (1.5 сурет). Бұл терезе 3 аймақтан тұрады:

  1. Style Name – стиль аттарымен жұмыс істеу үшін арналған аймақ. Жаңа ат, ат өзгерту немесе өшіру функциялары қамтылған.
  2. Font – бұл аймақта сізге керек шрифт және оның параметрлері (биіктігі, курсив) енгізілуі керек.
  3. Effects – аймағында мәтінге байланысты түрлі әрекеттер жасалуы мүмкін. Мысалы мәтінді үстін астыға қаратып жазу, артын алдына қаратып жазу, мәтіннің “қысылуын” енгізу, вертикальді мәтін құру немесе иілу бұрышын енгізуге болады. Түзу тұрған мәтін әрпінің бұрышы 0-ге тең. Оған сәйкес минусты сандар мәтінді солға иеді, плюсты сандар оңға иеді.

Параметрлер енгізіліп біткеннен кейін Array батырмасы басылуы тиіс.

 

      3.4 Көпжолды мәтін

      Егер сызбаға аса ұзын жазу енгізу керек болса, онда бір жолды мәтінді қолдану ыңғайсыз болады. Multiline Text pедакторы бұл проблеманы шешеді.    

        Жаңа жол мәтінін құру үшін Draw панелінен Multiline Text батырмасын таңдау керек. Сөйтіп Multiline Text бұйрығы тез қосылады (1.6-сурет).

Жауап ретінде AutoCAD ағындағы мәтін стилін және биіктігін шығарады. Specify first corner: және Specify 2nd corner or [Height/Justify/Line Spacing/Rotation/Style/Width]: шақыруларына мәтін жазылуы тиіс бірінші және екінші бұрышты белгілеу қажет. Multiline Text Editor терезесіндегі салымдар ерекшеліктері мынадай:      

  • Character: мәтін символдарының форматтау атрибуттарын өзгерту үшін қосылады. 
  • Properties: шрифт кескінін түзету атрибуттарын, азат жол енін және бұрылыс бұрышын белгілеу үшін қолданылады.   
  • Line spacing: бұл салымды мәтіннің жол-аралық интервал баптауын қолдайды.
  • Find/Replace: мәтінді табу немесе белгіленген мәтінді ауыстыру үшін қолданылады.

Сызбада мәтінді іздеу. Сызбада мәтінді іздеу қызметі өте керекті. Ол бұйрық Edit менюінде орналасқан. Edit менюінен Find бұйрығын таңдағанда Find and replace терезесі ашылады (1.7-сурет).

 

1.7 – сурет – Find and Replace сұхбат  терезесі

 

Орфографияны тексеру. Орфографияны тексеру Spell бұйрығымен орындалады, ол болса Tools менюінде орналасқан. Spelling батырмасын таңдағаннан кейін Check spelling сұхбатты терезесі ашылады (1.8-сурет).


 

1.8 – сурет – Check spelling сұхбатты  терезесі

 

 

 

 

 

 

 

4 Күрделі объектілерді құру

 

4.1 Поли сызық құру

       Поли сызық – сызықтық сегмент пен доғаның қатарласуын қамтитын объект. Поли сызықтың оң жағы, ол әртүрлі қалыңдықты доға мен сызықты сызуға мүмкіндік беретін сызық ені.  Поли сызық сызу үшін Draw панеліндегі Polyline батырмасына басыңыз. Сонда Specify start point: шақыруы шығады. Оған поли сызықтың бастапқы нүктесін белгілеу қажет. Келесі Specify next point or [ Arc/Close/Halfwidth/Length/Undo/Width]: шақыруының параметрлер мағынасы мынадай:

Arc – қосымша параметрлер жиыны  көмегімен доға жүргізу мүмкіндігін  туғызады.

Close – соңғы сегменттің соңғы  нүктесімен поли сызықтың бастапқы  нүктесі арасында сызық жүргізеді.

Halfwidth – поли сызықтың бастапқы  және соңғы нүктесінде сызықтың  жартылай енін белгілеуге мүмкіндік  береді.

Length – алдыңғы доғаға жанама  немесе алдыңғы сызыққа бағыттас  келесе сызықтың сегмент ұзындығын  белгілейді.

Undo – соңғы сегментті өшіреді.

Width – поли сызықтың бастапқы  және соңғы нүктесінде сызықтың  енін белгілейді.

Поли сызықтарды редакциялау болса, Pedit бұйрығы және Properties сұхбатты терезе көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін.

 

4.2 Сплайндар

Сплайн дегеніміз – белгілі мөлшердегі нүктелер арқылы өтетін қисық.

       Сплайнды сызу үшін Draw құралдар панелінен Spline батырмасына басыңыз. Specify first point or [object]: Pedit бұйрығының Spline параметрі арқылы құрылған сплайнды таңдау керек немесе жаңа қисық құрғыңыз келсе, сплайнның бастапқы нүктесін белгілейміз. Бастапқы нүктені белгілегеннен кейін Specify next point: шақыруы шығады. Оған жауап ретінде сплайнның екіні нүктесін белгілеу қажет. Екі нүкте белгіленгеннен кейін жүйе мына шақырудыф шығарады: Specify next point or [ Close/Fit tolerance] <Start tangent>:

  • Close: берілген жанама бағыты бойынша үзіліссіз қисықтың соңғы нүктесін біріншісімен қосады.
  • Fit tolerance: белгіленген нүктелерге қашықтықта сплайн өтуін енгізу керек.
  • Start tangent: ең соңында AutoCAD қисықтың бастапқы және соңғы нүктесінде жанама бағытын көрсетуге шақырады.

 

 

 

4.3 Штртихталған аймақтар

       Hatch(Штрихтау): Draw панелінде орналасқан бұл батырманы басқанда сіз Bhatch бұйрығын активтендіресіз және Boundary Hatch терезесі ашылады (1.9-сурет). 

 

1.9 – сурет – Quick салымы активтендірілген Boundary Hatch терезесі.

 

Штрих түрін Type немесе Pattern(немесе”…”) батырмаларына басып таңдай аласыздар. Штрих түрінің иілу бұрышын Angle аймағында енгізе аласыз. Штрих масштабын белгілеу үшін сәйкес шаманы Scale аймағында енгізуіңізге болады.

Ең қиыны штрих параметрлерін енгізу емес, штрихталуы тиіс аймақты белгілеу. Егер сызбаңыз өте күрделі болса, онда AutoCAD көптеген есептеулер орындайды.

Boundary Hatch терезесінде штрихтаудың  екі амалы берілген: штрихқа арналған  сызба бөлімінде нүкте көрсету  және объектілерді таңдау. Егер  сіз объектілерді таңдағыңыз  келсе, онда Select objects батырмасына басыңыз  да, керек объектілерді белгілеңіз. Ал егер нүкте енгізгіңіз келсе, онда Pick points батырмасына басып, Select internal point шақыруына ішкі нүкте көрсетіңіз.

Штрих түрін өзгерту үшін ModifyÞObject менюінен Hatch бұйрығын таңдаңыз. Сонда Hatch Edit терезесі ашылады. Ол Boundary Hatch терезесіне ұқсас. Тек кейбір аймақтар жабық болады.

 

4.4 Мультисызықтар

       Мультисызық деп – бір бұйрық арқылы параллель сызықтар жиынын айтады. Мультисызық сызу үшін оны белгілеп, сақтап одан кейін ғана стилін жүктеу керек. Ол үшін  Format менюіне кіріп Multiline Styles терезесін ашу керек. Жаңа ат енгізу үшін Name аймағын қолданасыз. Кейін Element Properties батырмасын бассаңыз терезе шығады. Бұл Element Properties терезесінде Offset аймағына белгіленген нүктеден сызықтардың қай арақашықтықта орналасуын енгізу керек. Color аймағына сызықтардың түсін таңдау керек. Сызық түрін белгілеу үшін оны Linetype аймағына жазу керек. Жаңа элемент қосу үшін Add батырмасына басу қажетті. Барлық шамаларды енгізгеннен соң ОК батырмасына басып, Multiline Properties батырмасына басыңыз. Онда Multiline Properties терезесі ашылады. Оның ішіне мультисызық қасиеттерін енгізу керек. Енгізіп біткеннен кейін OK батырмасына басыңыз. Ал енді жаңа мультисызықты қолдану үшін Save батырмасына басып, оны сақтау керек.

Сақталған мультисызығыңызды қолдану үшін Draw панелінен Multiline  батырмасына басыңыз. Экранда Specify start point or [Justification/Scale/Style]: шақыруы шығады. Біз параметрлерді қолданбай дерек бастапқы нүктені белгілейміз. Сонда Specify next point: шақыруы шығады, оған бірінші сегменттің соңғы нүктесін енгіземіз. Екінші сегмент нүктелерін де біріншісінен кейін енгізуге болады.

 

4.5 Эскизді сызықтар құру

      Sketch бұйрығының көмегімен эскизді сызықтарды еркінше салуға болады. Бұйрықты жүктеу үшін бұйрықтық жолға “sketch”-ті енгізіңіз. Онда:                                        Record increment<0.1000>: Sketch. Pen exit Quit Record Erase Connect шақыруы шығады. Бұл жерде қадам шамасы енгізілуі тиіс. Эскиз салу үшін “р” әрпін енгізіп, эскиз траекториясының бастапқы нүктесін белгілеп(<Pen down> шақыруы шығады), керекті траекториямен тышқанды қозғалтумен сыза аласыз. Бітіргеннен кейін тышқанның сол батырмасына басыңыз. Бірақ эскиз түсі жасыл болады, өйткені ол әлі тұрақтанған жоқ. Тұрақтандыру үшін “r” әрпі енгізіліп, <Enter> басылуы керек. Sketch бұйрығымен жұмыс режимін аяқтау үшін “х” әрпі, кейін <Enter> басыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 Формалармен жұмыс

 

Егер сізге қарапайым бір объектіні бірнеше рет керек болса, онда ең жақсысы – форманы қолдану. 

 

 5.1 Форма файлдарын құру

      Форма файлдарына формалармен қатар шрифттер де сақталуы мүмкін. Оны мәтіндік редакторде құрады да .shp кеңейтілумен сақтау керек. Кейін  Compile бұйрығы көмегімен Select Shape or Font File терезесі ашылады. Оның ішінен .shp кеңейтулі файл таңдап, Open батырмасына басу керек. Форма файлын компиляциялап сіз оны біріншіден Load бұйрығы арқылы жүктеп, одан барып оны сызбаға орналастыруыңыз керек. AutoCAD Select shape file терезесін ашады. .shx кеңейтілулі файл таңдап Open батырмасын басыңыз. Ал форманы сызбаға енгізу үшін Shape бұйрығын келесі түрде қолданыңыз:

  1. Enter s or [?]: жауап ретінде форма атын жиып, “?” енгізіңіз.
  2. Specify intersection point: бұл шақыруға енгізу нүктесін белгілеу керек.
  3. Specify height<1.0000>: бұл параметр масштабтау коэфициентін енгізуіне ұқсас. Форма биіктігін енгізу керек.
  4. Specify rotation angle<0>: бұрылыс бұрышын енгізіңіз.

Форманы белгілеу үшін келесі синтаксис қолданылады:

*форма нөмірі, # спец_саны, форма_аты,

спец1, спец2,..., 0.

Бұл жердегі

форма нөмірі – 1-ден 255 аралығында кез-келген сан жазуға болады. Бірақ ол сан уникалды болу керек.

# спец_саны – міндетті түрде  соңындағы 0-ді қоса екінші белгілеу  жолындағы спецификация саны.

форма_аты – форма аты тек қана бас әріптерден құралуы тиіс.

спец1,... – форманың өзін белгілейтін кодтар.

0 – форма белгіленуі 0 санымен  бітуі тиіс.

Форманың белгіленуі үшін екі код жиынтығы қолданылады. Біріншісінің көмегімен(ұзындық және бағыт кодтары) тек түзу сызықты кесінділер салуға болады. Бұл спецификациялау жүйесінде үш символды 16-қ сандар қолданылады.

  • Бірінші символ 0 саны болу керек. Сөйтіп AutoCAD келесі екі сан 16-қ жүйедегі сан екенін біледі.
  • Екінші символ ұзындықты анықтайды. Бұл сандар 1-ден F-ке шейін болуы тиіс.
  • Үшінші символ, бағыт коды болып табылады. Бірақ тек қана 16 бағыт бар.

Форма үзілмемелі болуы тиіс!

 

 

 

6 Үшөлшемді көрініс салудағы AutoCAD мүмкіндіктері

 

Үш өлшемді модельдермен жұмыс кезіндегі басты мақсат – проекциялаудың түрлі бағытта, объектінің көрінісін құру.

 

6.1 Проекциялаудың типтік бағыттары

     AutoCAD он типтік бағыт ұсынады. Олар View менюінде орналасқан:

 Үстіден қарағандағы көрініс  

 Астыдан қарағандағы көрініс

 Сол жағынан қарағандағы көрініс

 Оң жағынан қарағандағы көрініс

 Алдынан қарағандағы көрініс

 Артынан қарағандағы көрініс

 Оңт-бат. изометрия көрінісі 

 Оңт-шығ. изометрия көрінісі

 Солт-шығ.  изометрия көрінісі

 Солт-бат. изометрия көрінісі

 

6.2 Сызбаны бояу

     Егер модельдің көркем көрінісін тез алуымыз керек болса, онда бояуды қолданамыз. Бұл жерде жарық көзі біреу ғана болады да, модель ол жарық көзі тарапынан айдындатады.

Бояуды қолдану үшін View менюінен Shade бұйрығын таңдаңыз немесе бұйрықтық жолда “shademode” енгізіңіз. Параметрлер мағыналары астыда берілген:

  • 2D Wireflame: қарапайым каркасты объектқұрылады
  • 3D Wireflame: модель көрінісі каркасты бірақ ҚКЖ үш өлшемді пиктограммалы
  • Hidden: таңдалған кесінділерді көрінбейтіндей жасайды, яғни нақты көріністе көрінбейтін сызықтарды жасырады
  • Flat shaded: шек пішінімен шектелген облыстың жартытонды толтырусыз болатын “тегістің құрылуы”
  • Gouraud shaded: түрліше ориентацияланған шек арасында жартытонды тегістелген “көшудің” құрылуы. Сөйтіп объектінің қисық сызықты кеңістікті формасы көрсетіліп, шыншылды объект көрінісі пайда болады.
  • Flat shaded, Edges on: қабырғасы каркасты болатын Flat shaded параметрі
  • Gouraud shaded, Edges on: бұл параметрде де қабырғалар каркасты болады және Gouraud shaded параметрі орындалады.

Информация о работе Бүгінгі күндерде AutoCAD 2002