Қашықтық білім туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2015 в 15:33, курсовая работа

Краткое описание

Қаулы шыққан күннен бастап Қашықтықтан оқыту жүйесіне көшуге Университетіміздің ректоры т.ғ.д., профессор Сабри Хизметли мырза келісім-шарт жасасты. Қазіргі әлемде қашықтықтан оқытуды таңдайтын адамдар саны көбеюде. Қашықтықтан оқыту технологиясына өту қоғамның ақпараттық дамуына байланысты креативті тенденция болып табылады. Қашықтықтан оқу арқылы білімгерлер уақыттарын шектей алады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой.docx

— 523.84 Кб (Скачать документ)

Moodle – қашықтықтан оқыту  жүйесі қашықтықтан оқыту курстарын  жасаудың бағдарламалық қамтамасыз  ету бумасы болып табылады. Жүйе Open Source секілді тегін таратылады.

Moodle дәстүрлі клиент-серверлік  қосымша болып табылады, онда  сервер қызметін веб-сервер атқарады (әдетте Apache), ал клиент қызметін  веб-браузер атқарады (мысалы Internet Explorer, Mozilla Firefox және т.б.). Пайдаланушылардың  барлық мәліметтері, курстардың  өздері сияқты серверде сақталады. Пайдаланушылар-оқушылар-оқытушылар  веб-серверге кіріп, тіркелгілерін  анықтап, оқу үрдісіне кірісе  алады. Қазіргі кезде Moodle –нің 1.9 нұсқасы  шықты.

Moodle 1.7 нұсқасынан бастап  “рөл” деген ұғым енгізілді. Рөл қолданушының мәртебесін  анықтайды. Олар – басқарушылар, курсты жасаушылар, оқытушылар, студенттер  мен қонақтар, тьютор. Бұлардың әрқайсысының  контекстке байланысты қол жеткізу  мүмкіндігіне құқықты. Құқық пен  рөлдердің саны қажеттілікке  байланысты өзгеріп отырады.

Сайттың әкімшілігі әрбір рөлдің нақты бір жүйе элемент функциясына белгілі бір құқықтарын тағайындайды.

Moodle жүйесіндегі рөлдер:

  • басқарушы – жүйені толығымен басқаратын қолданушы;
  • курс жасаушысы жаңа курстар жасайды, бірақ жүйенің ғаламдық орнатылымдарын басқара алмайды;
  • оқытушы нақты бір курсты оқытып, оқушыға іс-әрекет түрлерін тапсырып, баға қояды;
  • тьютор – өңдеу құқығы жоқ курс нұсқаушысы. Ол нұсқаулар бере алады, бірақ іс-әрекеттің жаңа түрлерін тапсырып, қолданушыларға баға қоя алмайды;
  • студенттің, әдеттегідей, нақты бір курста оқу құқығы бар;
  • қонақ – авторланбаған қолданушы.

 

2.2 Moodle жүйесіне тіркелу

Moodle жүйесіне тіркелуді  қарастырайық. Бұл жүйе, көптеген  ақпараттық жүйелер тәрізді (мәтіндер, чаттар, форумдар, ойындар және т.б.), мүмкіндіктерді ең тиімді режимде  қолдану үшін тіркелуді талап  етеді. Берілген жүйенің мүмкіндіктерін  қарастыру алдында, тіркелу қажет.

 

Тіркелу былай жасалады:

1. Браузердің адрестік  жолына жүйе орналасқан сервердің  адресін жазамыз (бұл жағдайда http://moodle.nci.kz). Сіздің алдыңызда Ұлттық ақпараттандыру  орталығы порталының беті ашылады.

2. Тіркелу бөліміне көшу  үшін порталдың жоғарғы оң  жақ бұрышындағы «Кіру» сілтемесіне  шерту керек.

3. Содан кейін «Оқушының  жаңа тіркелу жазбасын жасау»  сілтемесін басыңыз.

4. Сіздің алдыңызда төменде  көрсетілген өрістері бар пішім  пайда болады: Логин, Кілтсөз, e-mail, Аты, Тегі, Қаласы және Мемлекеті . Осы  өрістерді толтырғаннан кейін, «Сақтау»  түймесін басыңыз.

Сурет 1 – http://moodle.nci.kz порталының бірінші беті

 

Сурет 2 – Тіркелу пішімінің түрі

5. Жүйе сізге келесі  хабарламаны ұсынады: «Сіз көрсеткен  электронды пошта адресіне (мысалы, qwerty@mail.kz) тіркелуді аяқтаудың оңай  нұсқаулықтары бар хат жібереді. Тіркелумен қиындықтар туындаса, сайт басқарушысымен хабарласыңыз.»

6. Тіркелуді растау үшін  керекті соңғы қадам – тіркелуді  растау.

Жүйеге кіруді қарастырайық. Жүйеге кіру қолданушының аты мен кілтсөзін сәйкесінше өрістерге енгізу арқылы жүзеге асады Одан кейін «Кіру» түймесін шертіңіз.

Сурет 3 – Жүйеге кіру

Жүйеге тіркелмей, демек, қонақ ретінде де кіруге болады. Ол «Қонақ болып кіру» түймесін шерту арқылы жүзеге асады. Қонақтың құқықтары тіркелген пайдаланушының құқықтарына қарағанда шектеулі.

 

2.3 Жүйенің жалпы функционалдылығы

Фрейм – оқушылар, қолданушылар модуль аясында оқитын кезектегі тақырыптық бөлім. Фрейм мазмұнына кіретіндер: тақырып туралы жалпы мәліметтер (тақырып атауы, тақырыпты оқудың мақсаттары мен міндеттері, тақырыптың мазмұнын игерудің деңгейіне қойылатын талаптар). Осы материалдарға Moodle қолжеткізу «ресурстар» элементінің көмегімен іске асырылған.

Ресурстар қолданушыға (бұдан әрі оқушы деп атаймыз) ақпаратты әртүрлі түрде (мәтін, аудио, бейне) және әртүрлі нысанда (фрагменттер, жеке файлдар, Интернет-беттер) танытады.

Курс элементтері – барлығы оқушылардың оқытушымен және бір-бірімен интерактивті өзара әрекеттестігін шамалайды. Курс элементінің интерактивті мүмкіндіктерін қандай дәрежеде пайдаланады, ол – оны құрастырушыға байланысты болады.

Осы бағдарламалық өнім ақпараттық оқытушы стандарттарына сәйкес құрастырылған. Сонымен, Moodle бағдарламалық қамтамасыз етуге жатады:

  • бірнеше мәрте пайдаланатынына: жүйе компоненттерін бірнеше мәрте пайдалану мүмкіндігін қолдайды, ол оның тиімділігін арттырады;
  • бейімделген, яғни дамушы ақпараттық технологияларды жүйені қайта жобалаусыз қосады және бір ғана тұлғамен оқытуды қамтамасыз ету үшін құрылған әдістемелері бар;
  • ұзақ мерзімді, яғни әзірленген стандарттарға сәйкес келеді және жаппай қайта бағдарламалаусыз өзгерістер енгізу мүмкіндігін ұсынады;

 

  • қолжетімді: әртүрлі жерлердегі жүйелермен жұмыс істеу мүмкіндігін береді (локалды және қашықтықтан, оқу сыныбынан, жұмыс орнынан немесе үйден); бағдарламалық интерфейстер әртүрлі оқу деңгейіндегі, әртүрлі физикалық мүмкіндігі бар (мүгедектер де кіреді), әртүрлі адамдардың жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді;

 

  • экономикалық қолжетімді, өйткені Moodle тегін таратылады.

Қолданушылардың басқару жүйесінің ішінде әкімшіні минималды тарту мақсатында әзірленген. Аутентификацияның бірнеше модульдері пайдаланылады, олар арқылы Moodle бұрыннан бар жүйелермен оңай біріктіруге болады. Аутентификация – пайдаланушының сәйкестендіру үдерісі. Сәйкестендіруге әртүрлі құралдармен қол жеткізуге болады – қарапайым «аты/пароль» сөздерін енгізумен. Жүйе деңгейінде пайдаланушыға әкімшінің, курстарды құрастырушының немесе қарапайым пайдаланушының рөлі тағайындалады. Курстар деңгейінде – оқытушы рөлі (курсты редакциялау мүмкіндігімен немесе онсыз) және оқушы рөлі, қонақ ретінде кіруге де мүмкіндік бар. Курстарға тіркеу әртүрлі модульдер мен тіркеу құралдары арқылы автоматтандырылуы мүмкін, оны тікелей оқытушы басқарады.

Moodle жүйесінде курстардың 3 түрлі форматы бар: форум, құрылым (күнтізбеге сүйенбеген оқыту  модульдері), күнтізбе (күнтізбеге сүйенген  оқыту модульдері). Курстың құрамында  еркін ресурстар саны болуы  мүмкін (веб-беттер, кітаптар, файлдарға  сілтемелер, каталогтар) және курстың  интерактивті элементтерінің еркін  саны. Осы элементтерге жататындар:

  • Wiki, тура браузер терезесіндегі қарапайым белгі тілінің көмегімен бірнеше адамның бірігіп құжатты құруына мүмкіндік береді, яғни оның көмегімен оқытушылар (мұғалімдер), студенттер (оқушылар) оның мазмұнын толықтыра, кеңейте және өзгерте отырып бірге жұмыс істеуіне болады. Материалдардың алдыңғы нұсқалары өшірілмейді және кез келген уақытта қайта қалпына келтірілуі мүмкін.
  • Глоссарий. Оның көмегімен бағдарламада қолданылатын түсініктің негізгі сөздігі, сонымен қатар әр дәрістің негізгі терминдер сөздігі құралады.
  • Сауалнамалар. Бұл элемент зерттеудің бірнеше тәсілін ұсынады, олар қашықтықтан жүргізілетін курстарда оқытуды бағалауда ынталандыруда пайдалы болуы мүмкін.
  • Тапсырмалар оқытушыға тапсырмалар және орындалу мерзімін қоюға мүмкіндік береді, ол оқушылардан жауапты электронды түрде дайындауды (кез келген қосымшада) және оны серверге жүктеуді талап етеді.
  • Пікіртерім. Оның қолданылатын жерлерінің бірі – оқушылар арасында дауыс беруді жүргізу. Ол жылдам пікіртерім жүргізу үшін пайдалы болуы мүмкін.
  • Түсініктеме. Бұл элемент мәтін мен графиканы курстың бастапқы бетіне орналастыруға мүмкіндік береді. Осындай жазбаның көмегімен қандайда бір тақырыптың немесе қолданылатын аспаптың мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
  • Сабақ (дәріс) оқу материалын қызықты әрі икемді нысанда ұсынады. Ол беттер жиынтығынан тұрады. әр бет сұрақпен аяқталады, оған оқушы жауап беруі керек. Жауаптың дұрыстығына байланысты оқушы келесі бетке көшеді немесе алдындағысына қайта оралады.
  • Форум, жалпы, сонымен қатар жеке күйінде кез келген тақырыпта болады.
  • Чат, онда оқушылар оқытушы алдыға қойған кез келген проблеманы талқылай алады.
  • Семинар.

Функционалды белгі. Компьютерлік тестілеу жүйесінде іске асырылған қызметтер жиынтығын сипаттайды. Жүйенің функционалдығы бойынша компьютерлік тестілеуді төмендегідей жіктеуге болады:

  • базалық функция жиынтығымен тестілеу жүйесі;
  • толық емес функция жиынтығымен тестілеу жүйесі (базалық функциялардың бір бөлігі болмайды);
  • кеңейтілген мүмкіндіктермен тестілеу жүйесі (міндетті базалық мүмкіндіктермен қатар, қосымша міндетті еместері де іске асырылған).

Базалық функцияларға жатқызуға болады: тестілік пакеттерді құру, редакциялау және күйге келтіру, тестілеу сеанстарын ұйымдастыру және өткізу, тестілеу үдерісін басқару, нәтижелерге талдау жасау. Қосымша функцияларға мысал ретінде тестілік пакетті әртүрлі форматта қайта қалыптастыруға, тапсырма мәтініндегі және т.б. орфографияны тексеруге болады. Moodle қашықтан оқу жүйесін тестілеу жүйе үшін мүмкіндіктері кеңейтілген жүйе ретінде қарастыруға болады (базалық функциялармен қатар, тапсырманы тестілік нысанда тестілік материалдарының халықаралық стандарттарымен қатар экспорттау/импорттау мүмкіндігі іске асырылған).

Сеанстық тестілеулерді өткізу әдістері. Тестілеу сеанстарын өткізудің қолданыстағы тәртіптерінің жиынтығымен сипатталады. Осы белгісіне сәйкес компьютерлік тестілеу жүйелері төмендегідей бөлінеді:

  • Локалды – бағытталған жүйе (жеке компьютерлік тестілеу, нәтижелері осы жұмыс станциясында локалды түрде немесе тестілеу сеансы уақытында жүйемен құрастырылатын хаттамалар көмегімен талданады);
  • Топтық тестілеуге (желілік) бағытталған (кестеде жүйенің – тестілеу серверінің және жұмыс станциясына орнатылған тестілеу компоненттерінің болуымен сипатталады);
  • web-тестілеуге бағытталған (тестілеуді ғаламдық Іnternet желісі арқылы ұйымдастыруға мүмкіндік береді, сынақ өткізуші тестілеу жүйесіне қолжеткізу үшін браузерді немесе арнайы клиенттік бағдарламаны пайдаланады);
  • Бланктік тестілеуге бағытталған (тестілеу сеанстарын компьютердің көмегінсіз өткізуді қарастырады және ол бланктік тестілеуді және оның нәтижелерін ұйымдастыру үшін материалдарды дайындауға арналған);
  • Плезиоәмбебеп (тестілеудің бірнеше тәртібін қарастырады);
  • Әмбебап (тестілеудің бірнеше барлық мүмкіндіктегі тәртібін қолданады).

Ерекшеліктеріне қарай Moodle қашықтықтан оқыту жүйесінде тестілеу жүйесін web-тестілеуге бағытталғандай етіп белгілеуге болады.

Сыртқы тест нысаны. Жіктеуге арналған бұл негіздеме алдындағысымен қиылысады, бірақ оның айырмашылығы акценттер тестілеу сеансының өткізу тәсіліне байланысты мәтіндік пакет нысанына емес, тестілеу сеансын ұйымдастырудың технологиялық негіздемелеріне жасалады. Сыртқы тестілеу нысаны бойынша компьютерлік тестілеу жүйесін мыналарға жіктеуге болады:

  • Электронды жүйеге тәуелді сыртқы тесттер жүйесі (осындай тесттерді компьютерлік тестілеу жүйесі аясында ғана клиенттік машинада орнатылған арнайы тестілеу компоненттері көмегімен пайдалануға болады);
  • Электронды жүйеге тәуелсіз сыртқы тесттер жүйесі (осындай тест түрлерін компьютерлік тестілеу жүйесі аясынан тыс жерде пайдалануға болады, өйткені тест орындалатын файлда жинақталады немесе браузер сияқты жалпыға бірдей қолданбалы бағдарламаны пайдалана отырып, жұмыс істеуге болатын құжатқа қайтадан жасалады);
  • Қағазбен сыртқы тестілеу жүйесі (осындай жүйелер бланктік тестілеу үдерісін қолдауға бағытталған);
  • Әмбебап (сыртқы тестердің бірнеше түрін қолданады).

 

Moodle қашықтықтан оқыту  жүйесінің тестілеу жүйесіне  кіретін сыртқы тесттер жүйеге  тәуелді болып табылады, бірақ  оларды жүйеден тыс (басқа форматтарға  экспорттау арқылы) пайдалану мүмкіндігі  де бар.

Базалық құрылымдық бірлік. Компьютерлік тестілеудің жүйесін құру негіздемесіне кіретін концепциямен сипатталады. Базалық құрылымдық бірлік бойынша компьютерлік тестілеу жүйесі бөлінеді. Тестілік нысандағы тапсырмалар базасына бағытталған жүйелерді қарастырайық.

Жүйелердің бірінші типі тестілік нысанда тапсырмалар базасын құру үшін арналған, мұндай қорлар жіктеудің, сұрыптаудың, іздеудің, сүзгіден өткізудің бай палитрасымен жабдықталған. Осындай жүйелер кейбір тақырыптық және интеграциялық бірліктер аясындағыдай базада сақталатын тапсырмалардан тестерді құрастыруға мүмкіндік береді. Тестке бағытталған жүйелерде тапсырмалар базасы жоқ. Тестілік тапсырмалардың өзі тест контекстінен тыс қарастырылмайды. Moodle қашықтықтан оқыту жүйесінде тестілік тапсырмалар тест аясында құрастырылады, бірақ сонымен қатар тапсырмаларды категориялар бойынша жинақтау және олардан банктер қалыптастыру мүмкіндігі бар.

Тестілік нысанда қолданылатын тапсырмалар типтерімен сипатталады. Осы белгілерге байланысты компьютерлік тестілеу бөлінеді:

  • толық (барлық базалық тапсырмалар типін тестілік формада қолданады);
  • шектелген (бір немесе бірнеше типтерді қолданады);
  • кеңейтілген (базалықтан басқа қосымша міндетті емес типтерді де қолданады).

Информация о работе Қашықтық білім туралы түсінік