Қашықтық білім туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2015 в 15:33, курсовая работа

Краткое описание

Қаулы шыққан күннен бастап Қашықтықтан оқыту жүйесіне көшуге Университетіміздің ректоры т.ғ.д., профессор Сабри Хизметли мырза келісім-шарт жасасты. Қазіргі әлемде қашықтықтан оқытуды таңдайтын адамдар саны көбеюде. Қашықтықтан оқыту технологиясына өту қоғамның ақпараттық дамуына байланысты креативті тенденция болып табылады. Қашықтықтан оқу арқылы білімгерлер уақыттарын шектей алады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой.docx

— 523.84 Кб (Скачать документ)

КІРІСПЕ

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы Жолдауына сәйкес инновациялық технологияны жетілдіруге үлес қосу үшін «Шет тілдер және іскерлік карьера»  университеті барлық мүмкіндіктерді қолданып жұмыс істеуде.  Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың  2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген жоғары оқу орындарында электронды оқыту жүйесін қолдануды, информациялық технологияларды  енгізу туралы тапсырмасын орындау мақсатында  оқу жүйесіне электронды және қашықтықтан білім беру технологиясын енгізуді университеттің 2011-2020 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының 1.1.2. пунктінде жоспарланған мерзімге сай, яғни 2012-2013 оқу жылына  енгізу қыркүйек айынан басталды. Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру  туралы Масимов бекіткен № 112 қаулысы 19.01.2012 қабылдануына  байланысты жеке университеттерге бұл жүйеге көшу жеңілденді, бұрынғы жылдары лицензия алу қажет болатын және соның өзінде эксперимент түрінде ғана жүргізілген болатын.

Қаулы шыққан күннен бастап Қашықтықтан оқыту жүйесіне көшуге Университетіміздің ректоры т.ғ.д., профессор Сабри Хизметли мырза келісім-шарт жасасты. Қазіргі әлемде қашықтықтан оқытуды таңдайтын адамдар саны көбеюде. Қашықтықтан оқыту технологиясына өту қоғамның ақпараттық дамуына байланысты креативті тенденция болып табылады. Қашықтықтан оқу арқылы білімгерлер уақыттарын шектей алады. Қашықтықтан оқыту - бұл, ең алдымен, қандай да бір оқу орнына белгіленген уақытта бармай-ақ, курстың бағдарламасын қажетті тәртіпте орындау. ҚО қазіргі заман әлемінде Интернет, e-mail (электрондық почта), телефон және факс байланысы, бейнеконференция және қарапайым почта арқылы дәстүрлі оқу материалдарына алмастыру көмегімен дамиды. Бұл технология білімгерлермен оқытушылардың арасындағы байланысты, мың километр қашықтықта бөлетін және күнделікті қарым-қатынас жасауды қамтамасыз етеді.

Төменде көрсетілген адамдар Қашықтықтан білім беру технологиясын қолдана алады:

• техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім  және жоғары білім  базасындағы  қысқартылған білім бағдарламасы бойынша;

• барлық білім беру деңгейлерінде мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар, оның ішінде мүгедек балалар, І және ІІ топтығы мүгедектер болып табылатын тұлғалар үшін;

• «Болашақ» стипендиаттарын қоспағанда, жоғары білім деңгейінде білім алушылардың алмасу бағдарламасы бойынша мемлекет аумағынан тысқары шыққан білім алушылар;

• жоғары білім деңгейінде сырттай оқу түрі бойынша жедел әскери қызметке шақырылғандар;

• жоғары білім деңгейінде ұзақ мерзімді (4 айдан астам) шетелдік іссапардағы тұлғалар.

 

Қашықтықтан оқытудың мынадай артықшылықтары бар:

• Оқу үрдісінің дәстүрлі сырттай оқыту барысында 40 күннен екі сынақ-емтихандық сессиясын болжайды, жылына сіз жұмыста 80 күн болмауға тиістісіз, ал қашықтықтан оқыту технологиясында университет қабырғасында Сіз 15 күнде 1 рет қатыссаңыз жеткілікті;

• Сіз үшін ыңғайлы уақытта үйде немесе офисте курс материалдарын игеру үшін, уақытты ұтымды пайдалану үшін оқытудың еркін графигі бар;

• Оқуға деген ынта, жас ерекшелктері сияқты қандай да бір жеке шектеулер жоқ.

• Оқу орнына бару үшін уақытыңыз және жолға ақшаңыз кетпейді, сондай-ақ тұрғылықты жеріңізге байланысты емес;

• Қабілеттілігіңізге және жеке ерекшелігіңізге байланысты өзіңіз оқу қарқынын белгілейсіз. Курсты игеруге өзіңізге ыңғайлы аптаның күнін және уақытын белгілейсіз;

• Интерактивті тестер көмегімен курсты игеру қабілеттілігіңізді бақылауға мүмкіндігіңіз бар;

• Игеруге арналған барлық материалдар ыңғайлы электронды түрде берілген;

• Сізге тек қана Интернет желісіне қосылған дербес компьютер қажет. Бұлар болмаған жағдайда, ШТ және ІК университетінде ҚО бөлімінің компьютерлерін пайдалана аласыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ

1.1. Қашықтық білім туралы түсінік

Қашықтықтан оқыту – оқытушының студентпен оқыту құралдары арқылы интерактивті қарым-қатынас әрекет үрдісін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық-педагогикалық технология.

Қашықтықтан оқыту артықшылықтары төмендегідей болып табылады:

  • кез келген жерде, кез келген мерзімде оқуға мүмкіндігі бар;
  • кәсіби қызметпен қатар білім алуға болады;
  • оқу үрдісінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың жаңа жетістіктерін пайдалана отырып, студенттер мен оқытушылар арасындағы белсенді диалог, оқу ақпаратына мүмкіндік беру;
  • білім алушының мекен жайына, денсаулық жағдайына, элитарлық және материалдық жағдайына қарамастан тепе-тең дәрежеде білім алуға мүмкіндігі бар.

Қашықтықтан оқыту технологиясын пайдалана білім беру үрдісінің негізіне арнайы жасалған оқу-әдістемелік материалдармен білім алушының мақсатты және бақыланатын өзіндік жұмыс жасауы алынған.

Қашықтықтан оқытудың компонеттері мен әдістемелік тәсілдері оқытуды мүмкіндігінше ыңғайлы және тиімді етуге бағдарланған.

Желілік технология – білім алушылардың оқытушылармен және бір-бірімен интерактивті қарым-қатынас түрінде, сондай-ақ интернет жүйесін колдану негізінде оқу үрдісін басқаруда оқу-әдістемелік материалдармен қамтасыз ету технологиясы.

Кейс технологиясы – қағазды, электронды, өзге де жеткізу түрінде және оларды өздік оқитын білім алушылар үшін жіберілетін мультимедиялық оқу-әдістемелік материалдар жиынтығы негізінде жинақталады

Бүгінде еліміздің білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі күннен-күнге артып келеді. Осы орайда әлемдік тәжірибеде қашықтықтан білім берудің орны ерекшеленіп тұр.

АҚШ-та 1 миллионнан астам адам қашықтықтан оқыту арқылы білім алса, Францияның ұлттық қашықтықтан оқыту орталығы жыл сайын әлемнің 120 мемлекетінен 35 мыңнан астам қолданушыларды қамтамасыз етеді. Ал Түркияда алыс аймақтағы тұрғындарға мамандық алуға көмектесу мақсатында 1974 жылдан ашық университет жұмыс істейді екен. Қосымша сабақ ретіне теле-радио арқылы курстар өткізеді. Осылай 12 000-нан астам қолданушыларды игереді.

 Қазір дәстүрлі қашықтықтан  оқыту, электронды қашықтықтан оқыту, аудиториялық сабаққа түрлі электронды  құралдарды пайдалану сияқты  қашықтықтан оқыту үлгісінің 2000-ға  жуық түрі бар екен. Соның ішінде  еліміздің жоғары оқу орындарында  кейс, желілі және телевидение  сынды ақпараттық-коммуникациялық  технология құралдарының көмегімен  қашықтықтан оқыту түрі таңдалған-ды.

Бүгінгі таңда шетелдік компаниялар өздерінің электронды оқыту платформаларын ұсынып және оларды отандық оқу орындарына сатып та үлгергендері бар. Мәселен, қазіргі таңда Алматы техникалық университеті Tamos University Suite деген қазақстандық өнімді пайдаланса, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті – Сlіх, Германиялық ІМС фирмасының жасап шығарған өнімін ендіруде. Сондай-ақ Platonus Прометей сынды Ресейдің қашықтықтан оқытуға арналған оқу бағдарламасын қолданып жатқан жоғары оқу орындары да кездесуде. Қолдарынан келген университеттердің басшылықтары өз өнімдерін жасап, қашықтан оқыту, электронды оқыту жүйесін оңтайлы жүргізуге тырысуда. Шетелдің өнімдерін сатып алған университет сол елдің жоғары оқу орындарымен байланыс жасап, әлемдік білім беру, ақпарат кеңістігіне жол ашуды көздейді. Бұл орынды да. Десек те, қыруар қаржыға сатып алған шетелдің өнімін ертеңгі күні тілін тауып дұрыс қолдана аламыз ба? Ол шын мәнінде, бізге қажет пе, жоғарыдағы талаптарға сай ма? Оны игеру үшін алдымен оның тілін білетін мамандар қажет. Оған университеттің электронды материалдық оқыту базасы қаншалықты дайын? Жоғары оқу орындарының өздері өндірген өнімдерінің соңғы үлгідегі әлемдік стандартты білім жүйесіне сәйкестіктері қанша? Профессор-оқытушыларды дайындау қалай жүргізілуде? Осы сынды шешімін таппай жататын сан алуан сұрақтар қашықтықтан оқытуды оңтайлы жүргізілуін тежеуде. Сонымен, еліміздің жоғары оқу орындары арасында бірізді қашықтықтан оқыту жүйесінің қалыптаспағанын аңғарамыз.

Шетелдік тәжірибеге сүйенсек, қашықтықтан оқытудың тиімділігі – студенттің университетке бармай-ақ, өзіне ыңғайлы жерде отырып, берілген тапсырманы орындай беретіндігі, яғни уақыттың ұтымдылығы, екіншіден, оқу ақысының арзан болатындығы, шалғайдағы шетел жоғары оқу орнын елде жүріп-ақ оқып, диплом алу мүмкіндігінің болуы.

Біз үшін қашықтықтан оқытудың маңыздылығы – білім берудің біртұтас ақпараттық жүйесін құру арқылы студенттердің білім деңгейін көтеру. Сонымен қатар әлемдік ақпарат кеңістігіне жол ашып, оқушылардың ғылыми және шығармашылық ізденістерін арттырып, білікті маман дайындап, оны өз игілігімізге жарата білсек, ұтар тұсымыз да сол болмақ. Бүгінде, информация өңдеу мен халықаралық деңгейде еңбек түрлерін бөлу әлемдік әкономиканың ең негізгі ерекшеліктері болып отырған кезде, білім алу кез келген маманның жеке және кәсіби табысының негізгі көзі болып қала береді. Білімнің адамнын жұмысқа түру мен өмір сүру деңгейіне тигізетін әсері бұрынғыға қарағанда анағұрлым күшейе бастады. Әрине, білімге қойылатын талаптар да өзгеріске ұшырады: әрбір жанның негізгі білімі мен оның тұрақты жаңарып отыруымен қатар қазіргі маман информациялық қорларды табысты пайдаланып, заң және әкономика негіздерін де игеруі тиіс. Қазіргі мамандардан шығармашылық тұрғыдан ойлай білуі, соның негізінде шешім қабылдауы және өмір бойы оқып үйренуі талап етіледі.

Функциональдық дайындау тұжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына ауысу. Бұл ауысудың негізі тек приоритеттер ауысуы ғана емес, мұнда мамандарды мемлекетгік тапсырыс бойынша дайындаудан жеке тұлғаның талаптарын қанағаттандыруға көшу жүзеге асырылады. Жаңа түжырымдама әрбір нақты адамның өз мүмкіндіктерін есепке ала отырып, соны іс жүзінде көрсету мен жетілдіру арқылы білім беруді жекелеп жүргізудің сипат алғанын көрсетеді. Бұл оқушылардың және мүғалімдердің өздерінің әртүрлі жеке мүмкіндіктеріне сәйкес алуан түрлі білім беру бағдарламаларын жасау арқылы іске асырылады. Білім беруді жетілдірудің осы бағытындағы маңызды фактор болып оқушылардың қазіргі және болашакта қолданылатын информациялық коммуникациялық технологияларды (ИКТ) пайдалану арқылы оқуға деген өз ынтасын (мүмкіндігін), өздерінің жеке басының когнитивті іс-әрекет жасауға икемділігін қалыптастыру ісі саналады.

 Қазіргі кезде адамзат  дамуының ерекше артықшылығы-ақпараттық  өркениетке көшу, адамдардың интеллектуалдық  мүмкіндіктерін арттыратын есептеуіш  техника мен ақпараттық технологиялардың  жедел дамуы болып табылады.

 Қоғамды ақпараттандыру  Қазақстан дамуының маңызды бағыттарының  бірі болып саналады. Біздің еліміздегі  үздіксіз білім беруді қарастыратын  болсақ (орта мектеп-жоғарғы оку  орны-білім жетілдіру институты-мамандарды  қайта даярлау), осы сатылардың  барлығында ақпараттандырудың әсерін  көруге болады. Оның мақсаты -әффективтілікті  радикалды және мамандарды даярлау  сапасын дамыған елдердің деңгейіне  көтеру. Осы үрдісте келесі әлементтер  ерекше маңызды болып саналады:

  • Техникалық құралдармен оқытудың педагогикалық әдістерінің приоритеттілігі.
  • Алгоритмдік білім мен ойлау стилінің өсуі;
  • Студенттердің информатика мен есептеуіш техника құралдарын меңгеру және қажеттеріне қарай жаңа ақпараттық технологияларды қолдану қабілеттіліктерін қалыптастыру.

Осының барлығы жеке тұлғаның ақпараттық мәдениет деңгейінің жоғарылауы мен дамуына әсер етуі керек. Осы тұрғыда үш деңгейді ерекшелеп көрсетуге болады: жалпы, кәсіби және жоғарғы логикалық. Адамдардың ақпараттық мәдениеті олардың еңбек қызметін анықтаушы факторы болып табылады. Акпараттык коғамға, қозғалысқа қарай оның рөлі арта түседі. Ақпарат бағалылығы да арта түседі. Адамның ақпараттық мәдениетінің қалыптасуы - оның күнделікті тіршілігіндегі білім, біліктерімен өз білімІн жетілдіру кезінде жүзеге асады. Бұл - басқарылмайтын үрдіс. Әйтсе де, оның құрылымын анықтап, оқыту және тәрбие жүйесімен жеке түлғаның ақпараттық мәдениетін бағытталған түрде дамыту кезінде күшейтуге, ұйымдастыруға болады. Тәжірибе көрсеткендей, оқытудың компьютерлік технологиясын келесі әдістерді қолдану аркылы жүзеге асыруға әсер етеді:

  • Ақпараттық әдіс, үйренушінің танымдық қызметін;
  • Компьютерлік модельдеу әдісі, мәліметтер базасы мен білімді, гипермәтіндерді қолдану арқылы білім алушының танымдық қызметін жүзеге асыру;
  • Автоматты оқыту және білімді бақылау әдісі, математикалық және логика-лингвистикалық модельдерді қолдануға негізделген, танымдық кызметті дамытады;
  • Автоматтандырылған оқыту және білімді бағалау әдісі, автоматтандырылған оқыту жүйелерін. тестілеу жүйелері мен мультимедианы қолдануға негізделген, танымдық қызметті дамытады;
  • Ойындық әдіс, компьютерлік, іскерлік ойындарды, әксперттік жүйелерді қолдануға негізделген танымдык қызметті дамытады.
  • Білім беруде ақпараттық технолоғияларды сәтті тарату, сауатты қолдану және интенсивті дамыту бірнеше факторларға байланысты екендігі аныкталды:
  • Техникалық (компьютерлік) база жағдайы;
  • Ақпараттык жоне компьютерлік аймағындағы маман-оқытушылардың кәсіби дайындық деңгейі;
  • Басқа пән окытушыларының компьютерлік сауаттылығы және ақпараттық мәдениет дәрежесі;
  • Нақты аймақтағы ақпараттық технологияны дамыту тенденцияларьгна оқу жоспары мен бағдарламалар мазмүндарының сәйкес келуі.

Информация о работе Қашықтық білім туралы түсінік