Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 17:25, курсовая работа
Компьютердің құрылымдық элементі аналық тақшаны зерттеу арқылы, оның адам қызметіндегі рөлін анықтау. Қазіргі ақпараттың ауқымды кезеңінде адамдар аналық тақшаны қалай таңдау керектігін, олардың артықшылығы мен кемшіліктерін таныту мақсатында жүргізілген ғылыми- зерттеу жұмысы.
Аңдатпа............................................................................................................3
Аннотация................................................................................................4-6
І. Кіріспе..................................................................................................7-10
ІІ. Негізгі бөлім
Аналық тақшалардың түрлері және оның адам қызметіндегі рөлі.
Аналық тақшаны қалай таңдау керек?........................................11-13
Аналық тақшалар мен чипсеттердің түрлері.............................14-17
Зерттеу жұмыстары......................................................................18-21
ІІІ. Қорытынды.......................................................................................22-24
ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................25
Аналық тақшаның тұрақты жүйелігінде 14 конденсатор бар.Олардың жоғары сапалы екеніне мән бергеніңіз жөн. (3-сурет)
Аналық тақшаның сыртқы
1. ATX (Advanced Technology eXtended) – аналық тақшалардың көп таралғандарының бірі. Қарапайым үй компьютерлерінде көп қолданылады. ATX аналық тақшаларының көлемі 30.5 x 24.4. см және ұлғаюға арналған жеті слоты бар. ATX аналық тақшасының ең маңызды жүйелік блок қосатын тетігі 20 немесе 24 контактты. Жаңа шыққан аналық тақшалардың барлығы 24-контактты болып келеді.
2. mATX (micro ATX) – АТХ- тың көлемі бойынша кішірейтілген түрі. Жүйені көп ұлғайтуға арналмаған көбінесе офистық компьютерлерде қолданылады. mATX аналық тақшаларының көлемі 24.4 x 24.4 см және ұлғаюға арналған төрт слоты бар. mATX аналық тақшасының ең маңызды жүйелік блок қосатын тетігі 20немесе 24 контактты. EATX (Extended ATX) аналық тақшаларының ATX – тан айырмашылығы олардың көлемі (30.5 x 33.0 см), көбінесе серверде қолданылады.
3. BTX (Balanced Technology Extended) – ATX орнына келген жаңа стандарт. Осы аналық тақша жасалғанда көбінесе аналық тақшадағы желдеткіш элементтерге көп көңіл аударылды. BTX миниатюрлі компьютерлерге арналған. BTX аналық тақшаларының көлемі 26.7 х 32.5 см және ұлғаюға арналған жеті слоты бар.
4. mBTX (micro BTX) – BTX-тың кішірейтілген үлгісі. Мұндай аналық тақшалардың көлемі 26.7 х 26.4 см. mBTX- тың ұлғаюға арналған төрт слоты бар.
5. mini-ITX - VIA Technologies компаниясы жасап шығарған аналық тақшаға арналған форм-фактор. Электрлі және механикалы жағынан ATX форм-факторына ұқсайды. mini-ITX аналық тақшаларының габариттары
(17 х 17 см).
6. SSI EEB (Server Standards Infrastructure Entry Electronics Bay). Бұл стандарттағы аналық тақшалар көбіне серверлерге арналған. Жүйелік блок қосатын тетігінің көлемі 24+8 контактты. Мұндай тақшалардың габариттары 30.5 x 33.0 см.
7. SSI CEB (SSI Compact Electronics Bay). Бұл стандарттағы аналық тақшалар көбіне серверлерге арналған. Жүйелік блок қосатын тетігінің көлемі 24+8 контактты. Мұндай тақшалардың габариттары 30.5 x 25.9 см.
Қазіргі күнде аналық тақшалардың екі түрі бар. Бұлар АТ және АТХ. Аналық тақшалардың көлемі мен компаненттерін анықтай отырып, екеуінің айырмашылығы жоқ екенін байқаймыз. Әрбір аналық тақшаны өндіретін өндірістер оның әрбір екі модификациясын шығарады.
Корпустың аласа биіктігін LPX және brand-name компьютерінде орналасқан Slimline түрлері де кездеседі. Тағы да бір NLX форм- факторы тек қана стандарт түрінде кездеседі.
АТ форм-факторында екі модификация- классикалық және Bady АТ түрі болады. АТ аналық тақшалары көлемі жағынан әр түрлі болғанымен сызықтары бірдей. Олардың бәрі паралельді порт көлемі жағынан ұқсас. Сонымен қатар олардың клавиатурасында шеге болады, ол тақшаның бір жағында немесе процессордың алдында орналасады. SIMM ЖӘНЕ DIMM слоттары үнемі тақшаның жоғарғы жағында орналасады, бірақ кейде әр жерінде орналаса береді. Әрине, тақша жақсы орналасу үшін бөлшектер қатаң орналасады.
АТ аналық тақшасын тек ескі компьютер жинағыштарынан кездестіруге болады, көлемі 12 дюймді мұндай аналық тақшалар тек Desktop, Tower корпустарына арналған,көптеген жағдайда қазіргі корпустарға келмеуі әбден мүмкін.Бұл тақшалардың құрылуына дискіжетектерге жалғаушылар және қатты диск, сонымен қатар жүйелік блок кедергі келтіреді. Сонымен қатар аналық тақшалардың компаненттерінің орналасуы кезінде үлкен жиілік әсерінен біршама ақаулар кездеседі. Сондықтан 80386 процессорының алдында шыққан процессорлерде АТ аналық тақшалары кездеспейді.
1982 жылы шыққан Baby AT қазіргі кезде тек AT аналық тақшаларының ғана емес, жалпы аналық тақшалардың арасында атақты. Baby AT көбінесе қарапайым Mini Tower корпусына сәйкес келеді. Олардың енінің көлемі 8,5 дюйм, ал ұзындығы 13 дюйм бірақ кейбір өндірушілер тақшаға арналған материалды үнемдеу үшін тақшаның ұзындығының көлемін қысқартады.
ATX . Intel 1995 жылы
шығарған осы өлшем типі
NLX. 1997 жылы Intel корпорациясы
компьютерге арнап жаңа
Компьютердің құрылымы қарапайым қалыпқа енді. NLX стандарты компьютерді тек екі элементтен- аналық тақшадан және корпустың сыртқы құрылғылармен байланысуы үшін арналған стандартты көлемдерден тұрады. Бірақ бұл әлі жоспар,әзірге жасалып шыққан жоқ.
Қазіргі кезде көптеген аналық тақша өндірушілері Intel фирмасының микросхемаларын қолданады. Pentium процессорына бұл 430-шы сериялы, Pentium II-440-шы сериялы схемалар қолданылады .
Сіздерге аналық тақшаны
таңдауда бес компанияны ұсынамын:
1. Soyo
2. Gigabyte
3. Epox
4. Intel
5. Chaintech
Зерттеу жұмыстарым:
Тақшаның түрлері |
бағасы |
2008 жыл (сатылғаны) |
2009 жыл (сатылғаны) |
2010 жыл (сатылғаны) |
1. Soyo |
9800 |
25 |
15 |
5 |
2. Gigabyte |
13500 |
98 |
91 |
10 |
3. Epox |
12500 |
33 |
26 |
6 |
4. Intel |
10500 |
80 |
88 |
9 |
5. Chaintech |
8700 |
51 |
34 |
3 |
4-сурет. Аналық тақшаларды сатып алуы туралы ақпарат.
5-сурет. Сатып алу диаграммасы.
1993 жылы шыққан Pentium тақшасын Mercury деп атаған. Оның чипсеті жиілілігі 5В болатын Pentium процессорына арналған, көлемі Socket 4 және жиілілігі 60 және 66 MHz. Бұл тақша жүйелік шинаның жиілілігімен процессор жиілілігіне сәйкес келетін ең алғашқы тақша.
Содан кейін дереу Р54С процессорына арналған жиілілігі 3,3 В Neptune 82430NX аналық тақшасы шығарылды.
Pentium процессорының дамуы 1995 жылы жаңа өнімді талап етті, ақыры Intel 82430FX (Triton I) маркалы чипсетті сәтті ойлап тапты. Бұл Intel- дің чипсет өндіруде сәтті қадамы еді, көп уақыт бойы Triton I компьютердің Pentium процессорына арналған сапалы өнімі болды. Сол уақытта басқа да өндірушілер қалыспас үшін VLB және PCL шинасын біріктірмек болды, бұған көп уақыт кететінін білген Intel VLB қолдауынан бас тартты. Сол кезде Triton I өзіне барлық жаңа жетістіктерді қосқан: EDO жад қолдауы, Pipelined Burst- тың екінші сортты кэш- жад типі және синхронды SRAM, PCI қолдаулары болды. Чипсет оперативті жүйеге жалпы көлемі 128Mb болатын төрт SIMM банкісін қолдады, бірақ кэштің көлемі 64 Mb құрады. Бұл уақытта осы көлем де жеткілікті еді, өйткені ең керемет сұраныстың өзі 8- 16 Mb болған. Алғашында чипсеттің құрылысында көптеген қателіктер болған, бірақ модификация кезінде ол қателер жөнделді.82430FX наборындағы жүйелік тақшалар 1995-1996 жылдары жақсы танымал болған, бірақ қазір де оларды сатуда.
1996 жылдың бас кезеңінде Neptune чипсеті ескірді , Intel- де оның ескі көшірмесін шығара бастады,бір мезгілде SOHO сауда орталығы FX орнына екі наборды бір атпен Triton II–82430HX және 82430VX шығарды. Бірінші чипсет өндірушіден көп процессорлы жүйенің қолдауын алды, процессордың Pipelined Bust екінші сортты көлемі 512 Кб кэшпен бірге қосылып, EISA шинасының контраллеры, PCI 2.1 төрт слотына дейін орналасқан EISA және USB контраллерымен (универсалды магистраль, жаңа сыртқы құрылымдарды қосатын зат, 255- ке дейін сыртқы құрылымдарды бір портқа ортақ шинамен қосылуды қарастырады) NX SDRAM жүйесінің қолдауы болмаса да, UDMA/33 режимі және и кэш- жүйесінің көлемі біршама кішкене болса да, NX жүйелік тақша өндірушілер арасында ең атақтысына айналды. Көппроцессорлы чипсеттің қолдауы екі процессорлы шеге емес екенін байқаймыз: осындай тақшалар қымбат тұрады және оларда “dual processor” маркировкасы болады. Intеl ақырғы мінездемесі Triton II- ге ұқсайтын чипсет шығара алмады. Тіпті,жаңа 430TX- тың өзі оның барлық мүмкіндігіндей бола алмады.
Екінші 430VX наборында Triton II- дегі мүмкіндіктер мүлдем болған жоқ, бірақ бағасы арзан low-end компьютер класының сауда орталығында сатылды,бұл чипсет шыққаннан кейін қозғалысы тез жаңа функцияны қолдайтын 430FX шығарылды. Оның басты айырмашылығы PCI 2.1 және SDRAM қолдаулары бар, USB порттары өзгеше. Жаңа чипсеттің кэш жүйесі Triton I – ге қарағанда 10% жоғары болды.Бірақ SDRAM чипсетінің қолдауы жоғары бағаланбады, себебі тақшаның көлемі кішкене еді,VX өндірушілері барлығын да үнемдеген болатын.
Тағы да бір жыл өткен соң Intel –430TX PCIset ойлап тапты.Өндірушілер 82430TX құрылымына компьютер архитекрурасының барлық жаңа қолдауларын енгізбек болды, олар: SDRAM қолдауы, USB, Ultra DMA қолдаулары, PCI 2.1- дың бес слоты, көлемі 256Мб болатын оперативты жүйе, кэш жүйесі 512Кб. Бұл чипсет шыққаннан кейін Intel енді бұл процессор класына чипсет шығармайтынын жариялады. Жаңа чипсеттің шығуы VX- тың құрып кетуіне себеп болды.
Кэш туралы бірнеше ауыз сөз . Кэште процессор мен негізгі жүйенің арасында тезқозғалғыш буфер жүйесі бар, және процессордың жылдамдығының айырмашылығын компенсациялау үшін қолданылады. Егер кэш үлкен болса, соғұрлым аналық тақша жақсы (Socket 7 болған жағдайда). Мысалы, Intel чипсеттерінде L2 көлемі 521Кб дейін үлкен) VIA, Ali, SiS реализациясындағы чипсеттердің көлемдері бір тіпті екі мегабайтқа дейін болады.Осы кезде аналық тақшаның наборын үнемдеуге болады, яғни чипсеттің толық потенциалын қолданбау, және тек жартымегабайтты кэшы бар модификацияны қолдануға болады.
Аналық тақшалардың ерекше бір түрі Bios. Ол программаларды тексеру құрылғысына жатады және компьютердің аппаратурасынын операциялық жүйемен байланыстырады.
Аналық тақшаға арналған Bios фирмалары –Award Software, AMI, Phoenix Texnology. Кейбір аналық тақша өндірушілер (IBM, Intel, Acer) Bios- ты өздері шығарады. Bios- тың әрбір түрі аналық тақшаның нақты әрбір моделіне қосылатынын білгеніңіз жөн.
Қазіргі кезде ең атақтысы Award Bios, оны аналық тақшаға көп қолданады. Мысалы, Intel өз аналық тақшаларына Bios Phoenix- ты қолданады. AMI шығарған Bios- та аналық тақшаға чипсетпен бірге SiS 5591 және ALI Aladdin V орнатылады.Ноутбукке арналған аналық тақша.(6-сурет)
6-сурет. Ноутбукке арналған аналық тақша
Ноутбукке келгенде «аналық тақша» термині өз мәнін жоғалтады. Ноутбуктің жұмысқа қабілеттілігіне, яғни бұрынғы қалпына келуінің екі жолы бар, аналық тақшаны жөндеу немесе оны ауыстыру. Сондықтанда өз аналық тақшаңыздың қатесін табуға тырысыңыз. Ол үшін қымбат бағалы жабдықтау, арнайы аспап және облысында кәсіпшілігі, тәжиребесі мол шебер маман керек. Егер сіздің аналық тақшаңыз сауатсыз маманмен, түзелген болса, ол сізге 2 есе қымбатқа түсетінін есте сақтаңыздар!
Қорытынды:
Қандай компьютер сатып алу керек
Кімде кімге компьютерлерді зерттеп білуге немесе оларды дүкенде таңдауға тура келген болса, ең алдымен, процессор, жедел жад (ЖСҚ немесе RAM) және порттар сияқты таныс терминдер алдыдан шығады. Өндірушілердің көпшілігі өз компьютерлерін сипаттамалармен жабдықтайды. Әдетте компьютердің сипаттамасы нақты мәліметтер мен жарнамалық материал ретіндегі техникалық ақпараттың жинағы болып табылады, оның мақсаты – осы компьютерді сатып алуға сендердің көздеріңді жеткізу. Сондықтан компьютердің әрбір бөлігінің ерекшеліктерін қарастыра отырып сендер өздеріңе белгілі бір сипаттамалары мен бағасы бойынша компьютерді таңдай аласыңдар.
Аналық тақшаны сатып алмастан бұрын қаражатыңызды, содан кейін ақшаңызға сәйкес тақша таңдаңыз, әрине сіз таңдаған аналық тақшаңыз компьютерге сәйкес болуы керек. Аналық тақшаның сырты көрікті болуы тиіс. Содан кейін конденсатордың көлеміне назар аударыңыз, оның көлемі конденсатордың қырында жазылады. Радиаторына қараңыз. Интернеттен таңдаған chipset-ңіздің жақсы немесе жаман екенін сұраңыз. Ең соңында аналық тақшаңыздың көлемі- 5 PCI-слот болатынына назар аударыңыз. Таңдау өте қиын, таңдау кезінде таныстарыңызбен ақылдасыңыз (ешқашан сатушыдан көмек сұрамаңыз, өйткені сатушының ең басты ақуалы- сату).Таңдауда сәттілік тілеймін!
Аналық тақшаны орналастыру
Информация о работе Аналық тақшалардың түрлері және олардың адам қызметіндегі рөлі