Аналық тақшалардың түрлері және олардың адам қызметіндегі рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 17:25, курсовая работа

Краткое описание

Компьютердің құрылымдық элементі аналық тақшаны зерттеу арқылы, оның адам қызметіндегі рөлін анықтау. Қазіргі ақпараттың ауқымды кезеңінде адамдар аналық тақшаны қалай таңдау керектігін, олардың артықшылығы мен кемшіліктерін таныту мақсатында жүргізілген ғылыми- зерттеу жұмысы.

Содержание

Аңдатпа............................................................................................................3
Аннотация................................................................................................4-6
І. Кіріспе..................................................................................................7-10
ІІ. Негізгі бөлім
Аналық тақшалардың түрлері және оның адам қызметіндегі рөлі.
Аналық тақшаны қалай таңдау керек?........................................11-13
Аналық тақшалар мен чипсеттердің түрлері.............................14-17
Зерттеу жұмыстары......................................................................18-21
ІІІ. Қорытынды.......................................................................................22-24
ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................25

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая.doc

— 355.50 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының  білім және ғылым министрлігі 

Е.А. Букетов  атындағы Қарағанды мемлекеттік  университеті

Қарағанды облысының  білім департаменті

Орта оқу  орындары оқушыларының аймақтық ғылыми – практикалық конференциясы

« Жоғары математика және мектеп »

Қарағанды, 24 сәуір 2010 жыл

 

 

 

«Аналық тақшалардың  түрлері және олардың адам                                                                                                                           қызметіндегі рөлі»

Күмісбек Арайлым

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                           

 

 

Қарағанды – 2010

 

Мазмұны

Аңдатпа............................................................................................................3

Аннотация................................................................................................4-6

І. Кіріспе..................................................................................................7-10

ІІ. Негізгі бөлім

Аналық тақшалардың  түрлері және оның адам қызметіндегі рөлі.

  1. Аналық тақшаны қалай таңдау керек?........................................11-13
  2. Аналық тақшалар мен чипсеттердің түрлері.............................14-17
  3. Зерттеу жұмыстары......................................................................18-21

ІІІ. Қорытынды.......................................................................................22-24

ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аңдатпа

Компьютердің құрылымдық элементі аналық тақшаны зерттеу арқылы, оның адам қызметіндегі рөлін анықтау. Қазіргі ақпараттың ауқымды кезеңінде адамдар аналық тақшаны қалай таңдау керектігін, олардың артықшылығы мен кемшіліктерін таныту мақсатында жүргізілген ғылыми- зерттеу жұмысы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аннотация

Тақырыбы:  «Аналық тақшалардың түрлері және олардың адам                                                                                                                           қызметіндегі рөлі»

Зерттеу мақсаты: Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті ел ретінде даму стратегиясы ҚР президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауларында атап өтілгендей, қоғамымыздың басты міндеттерінің бірінің жүзеге асырылуы- халықтың компьютерлік сауаттылығын қалыптастыруын көздеп отырмыз. Оқушыларға мектеп жасынан бастап ақпараттық теңсіздікті жоюға, ақпараттық- коммуникациялық және инновациялық технологияларды кеңінен қолдануға ғылыми- зерттеу негіздерін жасау.

Өзектілігі: Оқушылар өздерінің танымдық зерттеулері арқылы компьютердің құрылымдық элементтерін зерттей отырып, оның элементінің ішіне кіретін аналық тақшалардың түрлері туралы және олардың адам қызметіндегі рөлін, қазіргі заманда адамзат баласы қандай түрдегі аналық тақшаны таңдау керектігін танып, біліп экономикалық білім алу траекторияларын кеңейтеді.

Гипотеза: Компьютерге деген оқушылардың зерттеу қызығушылығы мен құмарлықтары артуда. Осы жоба оқушылардың ғылым саласындағы Академиялық сапаны қолдаудағы инновациялық бастамасы болуы мүмкін.Әр оқушыға ғылыми жұмыс жүргізуіне, білімін кеңейтуге, ізденістерін жалғастыруға жол ашады.

Зерттеу кезеңі:

1-кезең. Аналық тақшаның  түрлерін анықтау.

2-кезең. Аналық тақшаларға  зерттеулер жүргізу.

3-кезең. Жобаның макетін  дайындау.

4-кезең. Сараптама  және тәжірибе жасау.

Қорытынды: ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Осы ақпараттық қоғамда толыққанды өмір сүріп, жемісті кәсіби қызмет атқару үшін ең маңызды шарт- азаматтардың компьютерлік сауаттылығы екенін дәлелдеп отыр. Бұл- кез келген адам дербес компьютер,Windows амалдық жүйесі деген не екенін біліп, Microsoft Office дестесіндегі қосымшалармен (Word, Excel, PowerPoint) жұмыс істей алуы, Internet ғаламдық желісінің қызметтерін пайдалана білуі қажет деген сөз.Осының бір негізі ретінде жобамды еліміздің көркеюіне қосқан үлесім деп білемін.

 

Аннотация

Тема: " Роль материнской платы и ее функция в работе"

Цель исследования: В посланий президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева к народу большое внимание уделяется компьютерной грамотности населения. В школьной скамье необходимо учащихся заинтересовать исследовательской деятельностью,  используя коммуникативно- инновационные технологии.

Актуальность: Учащихся используя познавательно исследовательские работы изучают элементы входящий состав компьютера. Материнская плата, которая входит в элемент компьютера и роли этого элемента в рабочей деятельности человека, а также о выборе нужной материнской платы в жизни современного человека.

Гипотеза: Сегодня информатика присматривается как важнейший компонент общего образования, играющий значимую роль в решении приоритетных задач образования в формировании целостного мировоззреннии, системно- информационной картинки мира. Исследование в этой области показали что информатика является система образующим предметом.

Этапы исследование:

1- этап. Определить виды материнских плат.

2-этап. Вести исследование материнских плат.

3-этап. Подготовка макета для проекта.

4-этап. Вести практику.

Итог: ХХІ век – век новый технологий и информатизаций. Владение информационными и телекоммуникационным технологиями становиться современном мире в один ряд с такими качествами, как умение читать и писать и необходимых условием для каждого индивида.

Полученные знания и навыки в моем исследовательском работе в дальнейшем могут во многом определить развития общества.  

    

Abstract

Subject: “The role of the main board and her (its) function in work”

The purpose of the study: in messages of the president of the Republic of Kazakhstan N.A. Nazarbeav gave a big attention computer literacy of the population in school, to interest exploratory activity using communication technologies.

Urgency: learners use exploratory work, studying element coming composition of the computer. The main board which falls into computer element and dug this element in worker of the activity of the person, as well as about choice of the necessary main board in lifes of the modern person.

The Hypothesis: today informatics use as the most important general formation, playing significant role in decision of the priority problems of the formation in shaping holistic system – information picture of the world, researching have shown in this area that informatics is the system forming subject.

Stages of researching:      

The 1st stage is to define types main board.

The 2nd  stage is to lead researching of the main board.

The 3rd stage is to prepare model of the project.

The 4th stage is to lead the practical work.

 

Result: the 21st of the century is technological and informatization. Using in formation and telecommunication technology to become the modern world in one row with such quality, as skill to read and write and necessary condition for each individual. Getting knowledge and skills in my exploratory work in future can be define developments of society.         

 

 

 

 

 

Кіріспе

«Компьютер» сөзі «есептеуіш»  дегенді білдіреді, яғни есептеулерге арналған құрылғы. Мәліметтер өңдеуді, оның ішінде есептеулерді, автоматтандыруға қажеттілік өте ертеде пайда болған. Мыңдаған жылдар бұрын есеп-қисап  үшін таяқшалар мен ұсақ тастар және т.б. пайдаланылған. 1500 жылдан бұрынырақ санауды жеңілдету үшін есеп шот пайдалана бастады.   

XIX-ғасырдың бірінші  жартысында ағылшын математигі  Чарльз Бэббидж әмбебап есептеуіш  құрылғы – адамның қатысуынсыз  есептеулерді орындауға тиісті  Аналитикалық машинаны құрастыруға талпыныс жасады. Ол үшін ол енгізілген перфокартаның (тесіктердің көмегімен жазылған ақпараты бар тығыз қағаздан жасалған карталар, ол кезде олар тоқыма станоктарында кеңінен пайдаланылған) көмегімен бағдарламаны орындай білуі және мәліметтер мен аралық нәтижелерді сақтауға арналған «қоймасы» ( қазіргі терминологияда – жад) бар болуы тиіс еді.

Бэббидж аналитикалық машинаны жасау бойынша жұмысты ақырына  дейін жеткізе алмады – ол сол  кездің техникасы үшін өте күрделі  болды. Алайда ол барлық негізгі идеяларды әзірледі, 1943-жылы Бэббидж жұмысының көмегімен америкалық Говард Эйкен XX-ғасырдың техникасы негізінде —  электромеханикалық реле  — IBM фирмасы кәсіпорнының бірінде «Mapĸ-l» деп аталатын осындай машинаны құрастыра алды. Одан бұрынырақ Бэббидж идеясын неміс инженері Конрадом Цузе қайта ашып, 1941-жылы осынған ұқсас машинаны құрастырды.

Осы уақытта есептеулерді (соның ішінде әскери мұқтаждық –  баллистика, криптография және т.б.) автоматтандыру қажеттілігі соншалықты ғаламат  болды, Эйкен мен Цузе құрастырған типті машиналарды жасауға бір мезгілде бірнеше зерттеушілер тобы жұмыс істеді. 1943-жылдан бастап АҚШ-та Джон Мочли мен Преспер Экерттің жетекшілігімен мамандар тобы, реле емес, электрондық шамдардың негізінде ұқсас машинаны құрастыруды бастады. ENIAC деп аталған олардың машинасы Марк-1-ге қарағанда мың есе жылдам жұмыс істеді, алайда оның бағдарламасын беруге бірнеше сағат немесе өткізгіштерін жалғастыруға тіпті бірнеше күн қажет болды. 1945-жылы жұмысқа осы машина туралы баяндама дайындаған атақты математик Джон фон Нейман тартылды. Баяндама көптеген ғалымдарға жіберілді де кеңінен мәлім болды, өйткені онда фон Нейман әмбебап есептеуіш құрылғылардың, яғни компьютерлердің жұмыс істеуінің жалпы қағидаларын айқын және қарапайым тұжырымдады.

Фон Нейман қағидалары іске асқан бірінші компьютерді 1949-жылы ағылшын зерттеушісі Морис Уилкс құрастырды. Сол уақыттан бері компьютерлер тым қуатты болды, бірақ олардың көпшілігі 1945-жылы Джон фон Нейман өз баяндамасында мәлімдеген қағидаларға сәйкес жасалынды.

Джон фон Нейман өз баяндамасында ақпаратты өңдейтін компьютер әмбебап және тиімді құрылғы  болу үшін ол қалай жасалуы тиістігін  сипаттады.

  Қазіргі  замандағы IBM PC дербес компьютерлері әдетте үш бөліктен (блоктан) тұрады:

    • Жүйелік блоктан;
    • Компьютерге символдарды енгізуге мүмкіндік беретін пернетақта мен маустан;
    • Мәтіндік және графикалық ақпараттарды кескіндеуге арналған монитордан (немесе дисплейден).

Компьютерлер портативтік  нұсқада — әдетте «блокноттық» (ноутбук), кейде  — «иінтіректік» (лэптоп) нұсқада шығарылады.

Компьютердің  осы бөліктерінің ішіндегі ең «бастысы»  жүйелік блок болып саналады. Онда компьютердің барлық негізгі тораптары  орналасады:

  1. Аналық тақша
  2. BIOS
  3. Процессор мен жад
  4. Жүйелік өрім
  5. Дискжетектер
  6. Мультимедиялық және коммуникациялық құрылғылар

 

 

 

 

 

 

1-сурет. Аналық  тақша.

Компьютерде жұмыс  істеу кезінде барлық мәліметтер аналық немесе жүйелік тақшамен өңделеді. Аналық тақша – бұл компьютердің барлық құрауыштары қосылатын күрделі көп қабатты баспалық тақша. (1-сурет) Жүйелі (аналық) тақша- компьютердің «жүрегі» болып саналады. Өндірушілер оны жүйелі тақша (system board), базалық тақша (baseboard) немесе маңызды тақта (main board) деп атайды. Аналық тақшаны қалай атаса да ол компьютердің ең маңызды элементі болып қала береді. Ол компьютердің барлық компаненттерін ( процессорды, жүйені, дисктарды, видеокарталарды, дыбыстық карталарды, клавиатураны, тышқанды және басқа да құрылғыларды) байланыстыратын элемент.  Компьютер жинақтағанда ең қиыны, әрі маңыздысы аналық тақшаны таңдау. Аналық тақшалар бір- бірінен көлемі, форм- факторы,  түрлері және порттарының орналасуы арқылы ерекшеленеді. Ол корпусқа жалғанады. Одан кейін аналық тақшаға процессор, жүйе және басқалары жалғанады. Аналық тақша адамның миы секілді база, оған барлық ақпараттар енеді. Әдетте, аналық тақшаға процессор мен жүйенің басқа да құрылғылардың жұмысын атқаратын микросхемалар орналасады. Сондықтан да аналық тақшаны таңдау өте маңызды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аналық тақшалардың  түрлері және оның адам қызметіндегі рөлі.

Компьютердің керекті құралдарына көп көңіл аударыла бермейді, әсіресе аналық тақшаға. Көбісі аналық тақшаның оңай емес бөлшек екенін біле бермейді.

Адам компьютер  сатып алған кезде неге көңіл  аударады? Бірінші кезекте процессорге. Екінші кезекте компьютерлік желінің көлеміне және винчестерге. Бірақ аналық тақшалардың мінездемесін бәрі біле бермейді. Егер процессор- компьютердің миы болса, аналық тақша компьютердің маңызды компаненті болып табылады. Сондықтан да қиын да, арпалыс туындылар туындайды.

Аналық тақшаны  қалай таңдау керек?

Аналық тақшаны таңдау бұл компьютерді сатып алған  кездегі ең маңызды құрылғы. Сондықтан  да ол "main board"(басты тақша) деп  бекер аталмаған. Мына сұрақ сіздерге үнемі айтылатын сияқты, сонымен...«Аналық  тақшаны қалай таңдауға болады?»

Біріншіден, компьютермен не істегіңіз келетінін және оған жұмсалатын ақшаны ойланыңыз.  
Егер сіз тек интернетке кіріп кино көргіңіз келсе, онда сізге аса қымбат аналық тақшаларды ұсынбаймын. Ақшаңызды үнемдейтін аналық тақша алыңыз, мысалы, AsRock, оның сапасы да, бағасы да жаман емес. Оған аса қуатты емес процессор алыңыз. PcChips немесе BioStar аналық тақшаларын алмаңыз, олардың бағасы қымбат, әрі сапасы да тұрақсыз. 
Егер сіз орташа қолданыста және компьютердің жоғарғы қуаттылығын қаласаңыз, онда оның жылдамдығына назар аударыңыз.   
Егер сіз " Gamer-де болсаңыз", онда мынаған назар аударыңыз:

1. Аналық тақшаның  қуаттылығы chipset- тің үлгісіне байланысты.Қазіргі  кездегі ең жақсы чипсеттер: KT333, KT880, Nforce2, KT600.  Бұларды PERL –мен аяқталған AMD мен Intel-ге қолдануға болады. 
2. Тағы да аса маңызды құрылғы- чипсеттің желдеткіші.Салқындату сіздің құрылғыңыздың, яғни оның жұмыс істеудің қуаттылығының ең басты факторы.

3. Тақшаның жұмыс істеу  қабілетін конденсатордың көлемінен  білуге болады.Мысалы,  motherboard конденсаторы: 
Бұл Soyo КТ333 Ultra Dragon Platinum Edition.(2- сурет)

2-сурет. Soyo КТ333 Ultra Dragon Platinum Edition.

Оны ары қарай қарастырайық: конденсаторлардың көлемі 4800 микрофарад. Бұл өте жақсы. Қазіргі кезде Asus, MSI тәрізді компаниялар төмен класта, әрі 2000-2200 микрофарадты конденсатор шығаруда, бұл ең тамаша аналық тақшалардан кем. Сондықтан да олардың жұмыс істеу қабілеті екі есеге кемиді деп толық айта аламыз.

Чипсетте орналасқан желдеткішті қадағалап тұру керек.

Желдеткішке қосылудың бес түрі бар және оның әрбіреуінде желдеткіштің қосылу кезінде осы бес жиілікке тіреліп қалғанда көрсететін монитор орналасқан.

ATX-жүйесі ыңғайсыз  орналасқан, олар желдеткішке ауа  жібермейді бірақ бұл аса қауіпті  емес. Оны желілі лента арқылы  шешуге болады.

Информация о работе Аналық тақшалардың түрлері және олардың адам қызметіндегі рөлі