Мемлекет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2013 в 22:46, реферат

Краткое описание

.Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты.

Содержание

1 Мемлекет
2 Мемлекеттің белгілері
3 Қызметтері
4 Тарихта
5 Даму сатылары
6 Ассоциацияланған мемлекет
7 Буферлік мемлекет
8 Көпұлттық мемлекет
9 Ұлттық мемлекет
10 Құқықтық мемлекет
11 Әлеуметтік мемлекет
12 Унитарлы мемлекет
13 Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

мемл.docx

— 41.65 Кб (Скачать документ)

Демократияның негізгі ұстанымдары:

1. Демократия  ұжымдық шешімді қолданады.

2. Мемлекеттік  билік органдарына азаматтардың, әлеуметтік топтардың арасынан  ең таңдаулылары, ең қалаулылары  сайланады.

3. Билікке  сайланғандар сайлаушылардың алдында  есеп береді.

4. Әрбір азаматтың  билікке сайлануына (өзін-өзі ұсынуына) мүмкіндік беріледі.

Демократиялық ұстанымдардың әрбір адам үшін тиімділігі осында. Енді “демократия” деген ұғымның  ежелгі және теориялық мағынасына көшелік. Демократия деген сөз гректің  “demos” –халық және “kratos” – билік  деген сөздерінен құралған. Яғни, халық  билігі деген мағынаны білдіреді. Бірақ  бұл ұғымды ертедегі гректер өздерінің  қоғам, мемлекет құрылыстарымен байланыстырған. Себебі ежелгі гректердің, римдіктердің мемлекеті негізінде бір қала көлемінде ғана болды. Осыған байланысты мемлекеттің толық құқықты азаматтары шешім қабылдау үшін бір алаңға жиналып шешім қабылдауына мүмкіншілігі болды. Ол уақытта қазіргідей мемлекет пен қоғамның арасында басқа саяси субъектлер болған жоқ. Қазіргі жағдай басқа. Қазір мемлекет пен қоғам арасында көптеген демократиялық институттар бар, мысалы, әртүрлі қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар, сайлау комиссиялары және т.б. Қазіргі кезеңдегі демократияның ұстанатын басты мақсаты – билікті қалыптастырудың көзі халық болуында. АҚШ-тың он алтыншы президенті Авраам Линкольндің айтуы бойынша: “Демократия: халық үшін сайланған халық билігі”. Қазір ежелгі антикалық уақытпен салыстырғанда демократия түсінігінің ауқымы да, мазмұны да біраз кеңейді. Демократия қазір тек қана сайлау мәселесімен шектелмейді. Қоғамдағы көптеген саяси процестер, саяси құбылыстар, саяси қарым-қатынастар демократиялық ұстаным негізінде сипатталады. Мысалы, мемлекеттің сипаты (типі, режимі) демократиялық бағамен белгіленеді. Қоғамдық құрылымның мақсаты, идеалы, яғни қоғамның даму бағыты – ол да демократия түсінігімен бағаланады. Қоғамда азаматтардыңтеңдігі, құқығы, еркіндігі бар ма, жоқ па? Бұл да демократиямен сипатталып,бағаланады. Ал енді осы белгілердің барлығын: азаматтардың теңдігін, құқығын, әділеттілікті, еркіндікті, әр адамның өзі қабілетін іске асыру мүмкіншілігін, яғни, демократиялық ұстанымдарды қоғамда қалай орнықтыруы қажет, ол үшін қандай жолдарды пайдалану керек? Бұның негізгі жолы – мемлекет билігін демократиялық жолмен қалыптастыру. Бұл жоғарыда аталған құндылықтарды ұйымдастыруға қабілеті бар билік жүйесін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Яғни, халыққа қажетті тәртіптілікті билік арқылы орнықтыру. Егер халықта сондай мүмкіншілік болса, бұл — демократияның бірінші белгісі. «Қазіргі кезеңдегі демократия дегеніміз не?» – деген сұраққа жоғарыда келтірілген пікірлердің барлығын қорытып айтатын болсақ, «қоғамдық билікті халық сайлайтын, теңдік, құқықтық, әділеттік, еркіндік ұстанымдарына негізделген мемлекеттік құрылыс», – деп жауап беруге болады.

Демократияға  байланысты тағы да бір түсінікті  анықтап алғанымыз жөн. Ол демократия мен бостандықтың ара қатынасы туралы мәселе. Мысалы, көпшілік “демократия” деген не? — деген сұраққа көп жағдайда “демократия – ол еркіндік” деп жауап береді. Осы дұрыс па? Демократия – тек қана еркіндік пе? Егер олай болатын болса, демократия әркімді күнделікті міндетінен, тәртіптен, жауапкершіліктен босатып жібере ме? Демократия ондай еркіндікке қарсы. Сонда, демократия қандай еркіндікті жақтайды? Бұл мәселені анықтап алу үшін, біріншіден, демократияның шешім қабылдау тәсілі есте болуы керек. Демократиялық шешім қабылдау дегеніміз ол көпшіліктің пікірі арқылы шешім қабылдау. Бұл ұстаным бойынша демократияның қолдайтын бостандығы, әр азаматқа беретін құқығы санаулы ғана. Олар:

1) Ұжымдық  шешім қабылдауға қатысу.

2) Шешім қабылдау  үшін өз пікірін, ұсыныстарын  білдіру.

Яғни, еркіндік тек ғана шешім қабылдағанша ғана құқылы. Ал шешім қабылдағаннан кейін  көпшіліктің шешімі барлығы үшін заң. Азшылық дауыс берген уақытта  қарсы болса да, көпшіліктің шешімін  орындау оларға да заң. Бұл демократияның тәртібі, заңы, мәдениеті, сонда ғана демократия көпшілікке қажет тәртіпті орнатуға мүмкіндік береді. Ал кейбір азаматтардан өз міндеттерін, жауапкершіліктерін талап ету немесе талап етпеу демократияның қызметі емес. Бейберекетсіздік, анархиялық бостандық – ол демократияның ұстанымына жатпайды. Сонымен, демократияның мақсаты – қоғамда өлшемсіз, ретсіз бостандық орнатып, билікті әлсірету, бәсеңдету емес, көпшілік үшін қажетті тәртіп орнату. Демократия – ол бостандықтың өзі емес, демократия – бостандықты орнатудың жолы. Демократия мәселесіндегі маңызды сұрақтың бірі – демократиялық мемлекет қандай болуы керек? Демократиялық мемлекеттер бір түрде, бір ғана жолмен орнықпайды. Бірақ демократиялық мемлекеттердің көп түрлілігіне қарамастан, олардың бәріне ортақ белгілері бар.

Демократиялық мемлекеттің негізгі  белгілері:

1. Саяси биліктің  негізгі органдарының сайлануы.

2. Шешім қабылдаудағы  азшылықтың көпшілікке бағыну  тәртібін ресми мойындау.

3. Азаматтардың  жалпыға бірдей сайлау құқығының  болуы.

4. Сайлауда  бір орынға бірнеше үміткердің  болуы (балама сайлау).

5. Саяси, экономикалық, рухани әртүрлілік.

6. Саяси биліктің  үш тармағының болуы.

7. Қарсылықты (оппозицияны) заңдылық ретінде  мойындау.

8. Саяси биліктің  заңға бағынышты болуы.

9. Қоғамдық-саяси  шешімдер қабылдаудағы жариялылық.

10.Азаматтардың  заң алдындағы теңдігі.

Монархия (гр. μοναρχία — біртұтас билік) — абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия — мұраланған тақ иесінің (монархтың) ешқандай заңдармен шектелусіз, өз қалауыншы дара билік жүргізуі. Шыңғыс хан және оның ұрпақтары билеген Қыпшақ мемлекеттері, XVIII ғасырдың соңындағы буржуазиялық революцияға дейінгі Людовиктер басқарып келген Франсия осы абсолюттік монархияға мысал. Атадан балаға мұра боп қалған билік иесінің мемлекеттің сайланып қойылатын басқару органдарымен біте қайнасып, демократиялық ұстанымдармен үйлесім тауып, басқаруын конституциялық монархия дейді. Мысал ретінде қазіргі Англия, Жапон мемлекеттерін айтуға болады.

Республикалық басқару — парламенттік және президенттік болып екіге бөлінеді. Парламенттік жүйесі бар елдерде парламенттегі орындардың көпшілігін сайлауда жеңіп алған партия немесе партиялар коалициясы — премьер-министр басқарады. Үкімет өзі жасап парламент бекіткен бағдарлама бойынша жұмыс істейді, парламентке есеп береді. Парламент жетекші рөл атқарады, қажет десе, басқарушы үкіметті қызметтен кетіре алады. Парламент заңдарды ұсынады және олырды қабылдайды. Премьер-министр де парламенттің қарауына заңдар ұсынады. Сот билігі тек заңдарға сүйенір жүзеге асырылады. Парламенттік республикалық басқаруға Италия, Алманияны жатқызуға болады. Президенттік жүйеде президентті және парламентті халық сайлайды, заңды билік пен атқарушы билік арақатынасы өзгереді, ел президенті мемлекеттің де, үкіметтің де басшылығын өз қолына алады. Президенттік басқару үлгісі ретінде АҚШты келтіруге болады

Диктатура (лат. dictare — нұсқау беру) — бір қолға шексіз биліктің жинақталуы, заңды аяққа баса отырып, күш көрсету арқылы мемлекет басқаруды жүзеге асыру. Диктару мемлекеттік билік формасының ерекше көрінісі ретінде монархиялық және республикадық режімдер жағдайынды ұшыраса береді.

3.Қызметтері

Мемлекет  мынадай қызметтерді атқарады: шаруашылық жүргізу (меншік) мәселелерін реттеу (бөлу), жер бөлу, алым-салық жүйесін  белгілеу, адамдардың құқықтық жағдайын белгілеу, қорғанысты қамтамасыз ету, тағы басқа мемлекет саяси ұйымдардың ішіндегі ерекше күрделісі және қуаттысы бола отырып, бүкіл қоғамды қамтып, сол қоғам атынан оның ішінде де, сыртында да өкілдік етіп, сол қоғам  үшін қызмет ететін саяси ұйым. Осыған орай мемлекеттің қоғам өміріне  тікелей және жанама әсер ететін ерекше органдары және оны басқа саяси  ұйымдардан ажырататын белгілері бар:

1) өз аумағында  бүкіл қоғамның жалғыз ресми  өкілі ретінде халықты азаматтық  тұрғыда біріктіреді;

2) жоғарғы  билік, тәуелсіздік мемлекетте  ғана болады. Ол басқа мемлекеттерден  тәуелсіз, яғни сол қоғамның ең  жоғарғы билігін өз қолында  ұстап, ішкі және сыртқы саясатын  өз қалауымен жүзеге асырады;

3) заң күші  мен құқық нормаларын шығару, құқық шығарма мемлекетке ғана  тән;

4) билеуші  органдарының болуы. Оның органдарында  тек қана басқару ісімен шұғылданатын  арнайы қызметкерлері болады. Қоғам  тәртібін сақтау үшін мемлекет  әскері мен жасағы құрылады. Сыртқы  күштердің ықпалынан қорғану  үшін оларға қарсы барлау ұйымдастырылады;

5) мемлекет  органдары мен онда қызмет  ететін адамдарды қаржыландыратын  арнаулы материалдық қор болады, ондай қор жасау үшін алым-салық  белгілейді және жинайды;

6) өз тұрағы, аумағы бар. Сол аумақта билігі  жүреді, өмір сүреді және оны  қорғау мақсатында тынымсыз әрекет  жасайды. Басқаруды тиімді жүзеге  асыру үшін аумақты әкімшіліктерге  бөледі.

7) құқықтық  жүйенің қалыптасуы. Басқарылатын  қоғамдық қатынастарды реттеп, оларды  қажетті қалыпқа салып, тәртіп  орнату үшін құқықтық нормалар  жасалынады.

Оларды жасап, қабылдайтын мемлекеттің тиісті өкілетті органы болады. Мемлекетті шаруашылық жүргізу тәсіліне қарай құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, социалдық  деп бөлу олқылықтарына қарамастан бүгінгі күнге дейін сақталып отыр. Сонымен бірге батыс зерттеушілері  мемлекетті мәдени белгілеріне қарай  ислам, қытай, батыс, православтық деп  өркениеттік жіктеу негізінде де бөледі. Осы пайымдауларға қоса мемлекеттерді  пайда болған табиғи ортасына қарай  ірі өзендер аймағында, теңіз  жағалауларында, далалы-орманды жерлерде пайда болған мемлекеттер деп  бөлуге болады. Мемлекеттің пайда  болуына әр түрлі табиғи орта мен  әлеуметтік жағдай әсер етеді, сондықтан  да белгілі бір аумақтағы мемлекеттің  қалыптасу барысы әр түрлі болады. Ол мемлекет туралы әр түрлі ілімдердің пайда болуынан көрінеді.

4.Тарихта

Жалпы ежелгі дүниедегі мемлекеттердің қалыптасуы кезінде экономдау, басқару, қорғану  мәселелерін шешу барысында адамдар  бірлестігі жаңа сапалық қасиеттерді  бойына сіңіріп, реттеу мен мәжбүрлеуді  күшейтіп отырғаны байқалады. Ал адамдар  қауымдастығының не үшін реттеу мен  мәжбүрлеуді күшейтіп отырғанының  себебі әр түрлі елдердегі мемлекет туралы ұғымның сол кезеңдегі  түсініктерінде жатыр. Ежелгі грек ойшылы Платон “ Мемлекет дегеніміз адамдардың қажеттілікті өтеу үшін бірігуі” деп  анықтама беріп, оның пайда болуына  еңбек бөлінісі әсер етті десе, ал оның шәкірті Аристотель “ Мемлекет дегеніміз  адамдардың пайда табуы үшін бірігуі” деп түсіндірді. Көне Рим ойшылы Цицерон “Мемлекет дегеніміз ортақ іс, халық игілігі, ал халық дегеніміз адамдардың көрінген бір қосындысы емес, ол көптеген адамдардың құқық мәселесі бойынша келісімі мен мүдделер бірлігінің нәтижесінде байланысқан бірігуі” дейді. “Мемлекет” сөзінің араб тілінен аудармасы “иелік ету, иелену” деген ұғымды, яғни белгілі бір аумаққа, сол аумақтағы халыққа иелік етуді білдіреді. Ал түркі тілдес халықтардың кейбірі “мемлекет” сөзінің орнына “дәулет” сөзін пайдаланады. Енді дәулет дегеніміз байлық, яғни көшпелі тайпалардағы мемлекеттің қалыптасуына әсер еткен пайда табу идеясынан туындаған. Сонымен мемлекеттің әр түрлі себептердің нәтижесінде пайда болғанын оның атауы да аңғартады. Бірақ ондай себептер көп емес, шектеулі. мемлекеттің қалыптасуына географиялық орта немесе табиғи орта, адам саны, шаруашылық жүргізу тәсілі (экономика), өндіріс тәсілі мен еңбек бөлінісі, дін немесе дүниетаным іспеттес және басқа да сыртқы фактор әсер етеді. Ең алғашқы мемлекеттер адам санының белгілі бір табиғи ортаға қарама-қайшы келе бастауынан ұйымдасуда, шаруашылық жүргізуде өзгерістер жасауға мәжбүр болғандықтан пайда болса, кейіннен осы мемлекеттердің өздері басы бірікпей жатқан көршілеріне қысым жасауынан көрші аумақтарда да қорғану мақсатында адамдар бірлестігі — мемлекет пайда болды. Кейіннен сыртқы күштерден сақтанып, қауіп нәтижесінде біріккен топтар қауіп нәтижесінде жойылған кезде қайта ыдырағысы келеді. Бірақ шаруашылықты бірлесіп жүргізудің аз уақыт болса да пайдалы екенін көрген сол аумақтағы мүдделі адамдар олардың қайта ыдырауына қарсы болады. Осы кезде жаңа ұйымдасқан топты басқару қиындай бастағандықтан діни көзқарастарды қалыптастыру арқылы басқаруды жеңілдетуге көп күш салынды. Сыртқы күштердің қысымы кей жағдайда басы бірікпей жатқан елдің бірігуіне әсер етсе, кей жағдайда ыдырап кетуіне әсер етеді.

5.Даму сатылары.

Биліктің  бір мазмұннан бір мазмұнға өтуі мен күрделіленуіне және өз аумағының  кеңеюіне қарай мемлекет мынадай  даму сатыларын бастан кешіреді: ном, полис — халқы да, аумағы да аз, басқару жүйесі қарапайым протомемлекет);

бірнеше полис  немесе тайпалық одақтардың бірігуінен пайда болған, басқару жүйесі әлсіз, ортақ заң жүйесі жоқ немесе нашар  дамыған, ыдырап кету қаупі күшті, қазіргі  кездегі конфедерацияға ұқсас құрылым);

орталықтанған мемлекет — ішкі әкімшілік аймақтарда экономикалық қарым-қатынастар күшейіп, ортақ ақша, ортақ заң жүйесі енгізілген, ыдырап кету қаупі болмашы ғана. Мұндай елдердің халқы әдетте ұлт  деп аталады);

империя; Орталықтанған  мемлекеттер күшейе келе көрші елдер  аумақтарын басып алады, әр түрлі  шаруашылық жүйелерін біріктіріп, әр түрлі қоғамдық құрылысы бар елдерді  күшпен бір орталыққа бағындырады, нәтижесінде империя пайда болады.

6.Ассоциацияланған мемлекет.

Ассоциацияланған  мемлекет — мемлекет ішілік жиі  мемлекет аралық қатынастардың ерекше түрін білдіруге қолданылатын ұғым. Негізінен ассоциацияланған мемлекет ретінде ерікті жолмен басқа мемлекетке өзінің егемендігінің бір бөлігін (жиі қауіпсіздікті қамтамасыз ету  және сыртқы саяси байланыстарды  жүзеге асыру, ақша айналымын ұйымдастыру  бойынша өкілеттіліктерді) берген мемлекет түсініледі.

7.Буферлік мемлекет.

Буферлік  мемлекет — екі немесе бірнеше  үлкен мемлекет территориясы арасында орналасқан мемлекет. Буферлік мемлекет әскери басып кіру шегінде орналасқан, оның территориясы арқылы маңызды транспорттық байланыс өтеді. Мұндай мемлекет геосаяси тұрғыда тиімді аймақты бақылауға  мүмкіндік береді.

8.Көпұлттық мемлекет.

Көпұлттық мемлекет — территориясында әртүрлі этностар — ұлттар, халықтар мен басқа  этникалық топтар тұратын мемлекет.

9.Ұлттық мемлекет.

Ұлттық мемлекет — белгілі бір ұлттың тарихи-этникалық  территориясында пайда болған, оның егемендігін көрсететін мемлекет.

10.Құқықтық мемлекет.

Құқықтық  мемлекет деген ұғымдағы “құқықтық” деген сөздің болуында үлкен мән бар. Ол қоғамның саяси-әлеуметтік өмірінде, оның барлық саласында құқық жоғары орында тұруы керек дегенді меңзейді. Бұл әрбір құқықтық мемлекеттің басты ұстанымы болуы керек, яғни құқық әрбір елдің Конституциялық негізгі заңында бекітіліп, басқа да заңдары мен жарлықтарына нұсқау болуы тиіс. Заң үстемдігі болмаған жерде құқықтық мемлекет теболмайды. Тіпті ежелгі дүние адамдары да еркіндікті аңсағанда заңның 66 үстемдігі арқылы ғана бостандыққа жетуге болады деп санаған. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан егеменді мемлекет болғаннан кейін өзініңКонституциясында қоғамдағы құқықтық заңның үстем болуын басты принцип етіп жариялап, бірінші бабында — ақ: “Қазақстан Республикасы өзіндемократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады”- деп атап көрсеткен. Құқықтық мемлекеттің құқықтық еместен мемлекеттен ерекшелігі – заңдарының сапасында. Құқықты мемлекеттің заңдары әділ, ізгілікті болуыкерек. Онда адамдардың өмір сүру, өзіне лайықты күн көру, т.б. сол сияқты ажырамас құқықтары бекітілуі қажет. Құқық – мемлекеттің адамға берген сыйлығы емес, бұлай түсіну аңғалдық және түбірімен зиянды. Құқық адамның табиғатымен бірге жаралған. Мемлекет құқықты тек іске асыруға жағдай жасаушы ғана. Жоғарыда аталған “Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясында”: “Барлық адам жаратылысынан еркін, бойындағы қасиеттері мен құқықтары тең болып туады. Оларда ақыл, ар-ұждан болғандықтан бір-біріне туысқандық рухта ықылас білдіруге тиіс” — деп көрсетілген. Осы тұжырымды айқындай келіп, Декларацияның 3 бабы: “Әрбір адам өмір сүруге,еркін болуға және жеке басының өміріне ешкімнің қол сұқпауына құқылы” -деп бүкіл әлемге паш етті. Бүкіл адамзат мойындап отырған осы аса маңызды халықаралық құжаттың аталып өткен қағидалары Қазақстан Конституциясында толығымен енгізіліп: “… дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз”- депатап көрсетілген. Еркіндік, бостандық деген ұғымды шексіз (абсолюттік) деп түсінбеу керек. Әрбір адам қоғамда өмір сүргендіктен белгілі жағдайда сол қоғамдық ортаға тәуелді болады. Бірақ оның да белгілі шегі, өлшемі бар. Қоғам өміріндегі бостандық өлшемі құқылық формада анықталады. Ал ол өлшем жұрттың бәрінебірдей болу керек. Мәселен, Конституцияның 15-бабында көрсетілгендей, «Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюғахақысы жоқ» деп жарияланған. Өзі өмір сүруге құқығы бола тұрып, бір адам екінші бір адамның өміріне қауіп төндіруге, қастандық жасауға ерікті емес. Осылай болмаған күнде бір кісінің құқықтығы екіншісінің құқықтылығын жоққа шығарып, біреулердің ғана игілігіне айналған болар еді. Адам құқығы қоғамдық өмірдің әр саласында: экономикалық, саяси, мәдени, әлеуметтік және жеке басының әрекет жасауынан көрінеді. Құқық неғұрлым міндетті, неғұрлым кепілденген болса, соғұрлым кісі еркін болады. Құқықтық мемлекет адам бостандығы мен теңдігін тұлғаның туа біткен қасиеті деп жариялады. Адам еркін барынша қастерлеп, оның автономиялы екендігін танып, мемлекет меншігі деп қарамайды, қайта өзінің ажырамас бөлігі деп есептейді. Сөйтіп, мемлекет барлық құқықтық жүйенің өзегі болып есептелетін адам құқығын қорғап отырады. Сондықтан да оның заңдары мен жарлықтары адам құқығына сай келетін, оның ешбір бұзылмайтын принциптеріне бағынатын болуы керек. Сонымен, адам құқығының мәні — оның ар -ұжданының, адамгершілігінің, абыройының, мүддесінің мызғымастығы және оларды қорғау кепілдігін қамтамасыз ету. Құқықты мемлекеттің тағы бір ерекшелігі – мемлекет пен жеке адам арасындағы өзара жауапкершілік принципінің қалыптасуы. Бұны біз жеке кісінің еркін белгілі бір мөлшерде шектеуге барып, мемлекеттің нұсқауларына бағынуға міндеттеуінен және мемлекет тарапынан жеке тұлғаның құқығын қорғауға жауапты болып, оның өмірлік қызметіне кепіл болуынан көреміз. Осыған байланысты құқықтық мемлекет өз азаматтарының мүддесіне сай келетін әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға міндетті. Сондықтан да қазіргі кезде құқықты, әлеуметтік мемлекет туралы жиі айтылатын болды. Құқықты мемлекеттің тағы бір ерекшелігі билік жүргізуді бұйрық немесе жеке шешімдер арқылы емес, заң арқылы іске асыратындығы. Бұл заңдар әділ болып, әділетті шаралар арқылы іске асырылуы керек. Міне, осы мақсатта өкімет билігін бөліп жүргізу принципі әрекет етеді. Бұл ұстаным бойынша бірде-бір мемлекеттік органға толық өкімет билігі берілмейді, әрқайсысы өз міндеттерін өз билігі көлемінде заңға сәйкес атқарады және ешқайсысы бірінің қызметін бірі қайталамайды. Бұл шенеуніктердің өз қызмет бабын пайдаланып, басқа адамға қиянат жасаушылыққа жол бермеу үшін қажет. Ал енді саяси биліктің үш тармағында үстемдік үшін таласқа түсуді болдырмау үшін құқықтық мемлекетте олардың біріне жоғары мәртебе берілуі қажет. Ондай мәртебе заң шығарушы билікке берілген. Өйткені, сол ғана ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына заңдық негіздегі күш беріп, қоғамдағы заңның үстем болуын қамтамасыз етіп отырады. Барлық құқықтық мемлекеттерде заңдық өкіметке парламенттер (формалары әртүрлі болғанымен)ие болады. Өйткені, парламент қоғамдағы саяси, әлеуметтік қарым-қатынастарды заң арқылы реттеп отырады, ал оған заң шығаруға өкілеттілік беретін халық. Барлық құқықты мемлекеттерде заңдардың конституциялығын бақылап отыратын мемлекеттік биліктің тармағы – сот билігі. Сонымен, сайып келгенде, демократиялық республиканың саяси сапасы жағынан жетілген түрі – құқықтық мемлекет, яғни демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, заңның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқығын жан-жақты қамтамасыз ететін мемлекеттік басқару.

Информация о работе Мемлекет