Мемлекет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2013 в 22:46, реферат

Краткое описание

.Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты.

Содержание

1 Мемлекет
2 Мемлекеттің белгілері
3 Қызметтері
4 Тарихта
5 Даму сатылары
6 Ассоциацияланған мемлекет
7 Буферлік мемлекет
8 Көпұлттық мемлекет
9 Ұлттық мемлекет
10 Құқықтық мемлекет
11 Әлеуметтік мемлекет
12 Унитарлы мемлекет
13 Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

мемл.docx

— 41.65 Кб (Скачать документ)

Жоспар:

1 Мемлекет

2 Мемлекеттің белгілері

3 Қызметтері

4 Тарихта

5 Даму сатылары

6 Ассоциацияланған мемлекет

7 Буферлік мемлекет

8 Көпұлттық мемлекет

9 Ұлттық мемлекет

10 Құқықтық мемлекет

11 Әлеуметтік мемлекет

12 Унитарлы мемлекет

13 Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты.

«Мемлекет»  ұғымы жалпы көпшілікке жақсы  белгілі. Мемлекет\ алғашқы, қауымдық қоғамда  құрылған жоқ. Саяси ғылым мемлекеттің  пайда болуын адамзат қоғамы дамуының белгілі бір тарихи кезеңімен, яғни әлеуметтік топтар мен таптардың  пайда болып, қоғамда саяси-әлеуметтік теңсіздіктердің орнығуымен байланыстырады. Экономика саласындағы үстемдік етуші таптың саяси үстемдігін қамтамасыз ету және басқа таптардың қарсылығын болдырмау қажеттілігінен мемлекет пайда болды деген пікір саяси  ғылымдардағы негізгі көзқарас. Мемлекет құл иеленуші дәуірде де қазіргідей дәрежеге жетті. Бірақ тарихи ұзақ мерзім бойы “мемлекет” деген түсінік  “қоғам”, “ел” деген түсініктен ажыратылған  жоқ. «Мемлекет» деген атауды рулық, тайпалық қауымнан ажырату, яғни, алғашқы  «қауымдық емес» деген ұғымды белгілеу үшін пайдаланды. Мысалы, патшалық, қаған, хандық, князьдік, халифат, Алтын  орда, Ақ орда, Ноғай ордасы, Сібір  ордасы деген сөздер екі түсініктің орнына (біріншісі мемлекет, екіншісі қоғам) пайдалана берілді. Алайда, мемлекеттің  пайда болуы әртүрлі әлеуметтік пікірлердің қалыптасуына негіз  болды. Саяси өмірдің дамуына  байланысты қоғамда мемлекеттің  ролі күшейе түсті. Ойшылдар, ғалымдар мемлекетке — “ел”, “қоғам” түсінігі тұрғысынан емес, “өкімет”, билік тұрғысынан қарайтын болды.Сөйтіп, нәтижесінде  мемлекет пен өкімет туралы ойлар, қағидалар  бірте-біртебіздің заманымыздан бұрынғы VI-V ғасырларда теориялық деңгейге жетті.Мемлекет пен қоғам мәселелері адамзат  өмірінде әрбір тарихи кезеңге сай өзгерістерге ұшырап отыратыны және оларды адамзаттың шама-шарқынша сәтті түрде шешуге ұдайы ықыластық танытатыны белгілі. Егер өткеніміздіойша шолар болсақ, адамзат тарихы мемлекет жөнінде сан түрлі саяси ойтізбегі мен даналыққа толы екендігін байқаймыз. Солардың ішіндегі ең мәндісі де, өзіндік ерекшеліктерімен айқындалатыны да ғұлама ойшыл Конфуцийдің идеялары. Бұл ойшылды негізінен мемлекетті басқару мәселелері көп толғандырғанын атап өткен жөн. Конфуцийдің осынау күрделі мемлекет мәселелерін қатаң тәртіп пен бір тәрбиелік ұстанымдардың көмегімен жүзеге асырмақ ниеті және оған қоса шектен шыққан қызулыққа берілмей, көбіне-көп “тепе-теңдік” пен “орталық” принциптерді ұстанғаны белгілі.Түрлі ұсақ иеліктерге бөлініп, бір-бірімен қырқысып жатқан Қытайдағы патшалықтарды бір орталыққа бағынған мемлекетке біріктіруді басты мақсатқа айналдырған ол, сонымен бірге, халықтың тәлім-тәрбиелік күш-қуатын жоғары деңгейге көтеру мен оны “бақытты” ету үшін бар күш-жігерін сарп етті.Конфуцийдің ойынша, б.з.д. VI ғасырда Қытайдағы әлеуметтік тәртіптің негізі — қоғамдық тәртіп пен тұрақтылыққа сүйенуге тиіс болатын. Және мұндай 58 қоғамда әркім өз құқығы мен мемлекет алдындағы міндеттерін терең сезінуі тиіс. Яғни, әр адам өзінің орнында болуы керек: патша-патша, бағынышты- бағынышты, әке-әке, ұл-ұл болуға тиіс. Мемлекетті басқарушы құдай дәрежесіндегі «Аспан ұлы»– адамдар әлемінің өкілі. Ол әулие, император бола отырып Аспан алдында ғана жауапты. Өйткені ол тақ пен билікті тек осы аспаннан алады. Билеуші әділ болып, барша халыққа мейірім төгуі міндетті, ал олай болмай ел аштық пен қайыршылыққа ұшырап жатса, халықтың бүлік шығарып, билеушіні тәубесіне келтіруі құдайшылыққа жатады.Конфуцийлік әлеуметтік саяси ілім – халықтың ой-арманымен, бақытты болашақты көксеген қиялдарымен терең ұштасып жатыр деуге толық сенім бар. Мемлекет – халықтың талап тілегін іске асыратын құрал. Халықтың шынайы сенімінсіз мемлекет те болмақ емес. Демек, оның сеніміне тек адамдарға жасалынған қамқорлық арқылы ғана қол жетпек. Ел басқарушысы алдымен халықты ішер аспен қамтамасыз етіп, содан соң жоғары мақсаттарға шақыруға міндетті. Ежелгі Грекиядағы мемлекет туралы саяси ойдың ерте кезде дамуы (б.з.д. IX – VI ғғ) көне мемлекеттердің қалыптасуымен байланысты болды. Бұл ойлар Гомер, Гесиод поэмаларында кездеседі. Пифагор (б.з.д. 580-500 жж.) менГераклиттің (б.з.д. 544-483 жж.) мемлекет пен құқық мәселелеріне әлеуметтік- саяси тұрғыдан талдау жасауы да осы тұста қалыптасты. Гераклит: «өз отбасың үшін қалай күрессең, мемлекет белгілеген тәртіпті іске асыру үшін де солай күресу керек» — деген пікір айтып мемлекеттік билікке үлкен құрметпен қарады.

Ежелгі Грекия мемлекетінің нығайып – дамуы  мемлекет туралы ілімнің қарқынды дамуына  жағдай жасады. Бұған үлкен үлес қосқан даңқты ойшылдар Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель, Полибий болды. Мемлекет туралы саяси ойдың қалыптасуындағы айрықша кезең саналатыны –жалпыға бірдей бостандық идеясының өзекті орын алу тұсы. Нәтижесінде Ежелгі Рим мемлекетінде бұл ілім жедел қарқынмен дамыды. Оның тарихы: патшалық (б.з.д. 754-510 жж.), республикалық (б.з.д. 509-28 жж.) және императорлық (б.з.д. 27 – б.з. 476 жж.) болып үш дәуірге бөлінеді. Осы кезеңде саясат, өкімет және мемлекет туралы ілімге елеулі үлес қосқан Тит Лукреций Кардың (б.з.д. 99-55 жж.) шығармалары, әсіресе оның “Табиғат заттары туралы” поэмасы. Сол сияқты мемлекет пен құқық туралы Цицеронның ілімі жарық көрді. Ол ежелгі грек дәстүріне сүйене отырып “Мемлекет туралы” және “Заңдар туралы” деген еңбектер жазды. Ол мемлекеттік құрылыстың әр түрін талдай отырып, мемлекет қызметіндегі монархиялық, аристократиялық және демократиялық бастауларды біріктіру керек деген тұжырымға келді. Ол өз ойына, талаптарына сол кездегі Рим конституциясы сәйкес келеді деп есептеді. Цицеронның мемлекет туралы негізгі тұжырымдамасы – заңның үстемдігі. Оның “Біз заңның құлы болғанда ғана еркін бола аламыз”, — деген қанатты сөзі қазір де өзекті пікір болып саналады.

Мемлекет  туралы мәселедегі Әл-Фарабидің ой-пікірлерінің маңызы өте жоғары. Ол “Рахымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы”  деген еңбегінде осы мәселені теориялық тұрғыдан тереңінен зерделейді. “Мемлекет, — 59деп көрсетеді ойшыл, — адамдардың өз қажетін бірлесіп қоғамдық жолмен толық қанаттандыруға арналған ұйым”. Сол сияқты Әл-Фарабидің мемлекет туралы айтқан мына сөздері ерекше көңіл аударады: “Адамдарды бір-біріне көмектестіріп, халықтың жақсы тұрмыс құруына жағдай туғызып, қамқорлық жасаған мемлекет — өз міндетін атқара алады”. Ойшылдың осы пікірі «қоғамдағы мемлекеттің орны мен қызметі қазіргі нарықтық жағдайда қандай болуы керек» деген сұраққа берген нақтылы жауапқа ұқсайды. Кейін саяси өмірдің күрделенуіне, дамуына байланысты мемлекетті қоғамдық, әлеуметтік тұрғыдан емес, өкілеттік, билік ретінде зерттеу қалыптасты, көзқарас жетіле түсті. Мемлекет халықты басқарушы ұйым деген түсінік кең орын алды. «Мемлекет» және «қоғам» деген түсініктерді ажырата білуде әсіресе Н.Макиавеллидің орны ерекше. Ол мемлекет деген түсінікті бөлек ұғымға айналдыру үшін “stato” деген термин енгізді. Стато – қазіргітүсінік бойынша, автономия, дербес, өз алдына деген мағынаны білдіреді. Макиавелли мемлекетті тек ғана қоғамды басқаратын ұйым ретінде түсінумен шектелмей, оның дамыуы, халықтың мұқтаж-мүдделеріне сәйкес қызмет атқаруы туралы тұжырымдамалар жасады. Кейінгі ғасырларда қоғам мен мемлекетті дербес, өзара ажыратып, мемлекетті қоғамның басқарушы ұйымы ретінде дамыту мәселесі саяси ғылымда айрықша орын алды. Саясаттануда осы мәселе жөнінде әртүрлі, құндытұжырымдамалар жасаған Гоббс, Локк, Руссо, Гегель, Кант, Мэдисон және т.б.болды. Мемлекет қоғам өмірінің дербес саласы ретінде танылғаннан кейін ғалымдар мемлекет пен адамның өзара қатынасын зерттей бастады. Оныңнегізгі себебі – мемлекет шеңберіндегі адамның орны, ролі жөніндегі мәселелердің туындауы. Қоғамда, мемлекетте адам жалпы дамуға ешбір әсер ете алмайтын тіршілік иесі ғана ма, әлде ол (адам) қоғам, мемлекет өміріндегі шешуші күш пе? Осы мәселе бойынша бірнеше ғасырға созылған ғылыми пікірталастың нәтижесінде саясаттануда этатизм деген бағыт пайда болды. Этатизм дегеніміз — мемлекетке табыну, кейбір жағдайдағы қоғам мен жеке адам бостандығына әкелетін қиянатына, зорлық-зомбылығына төзіп шексіз билікті мойындау. Әсіресе XVI ғасырдан бастап ғалымдар арасында этатизмге қарсы пікірлер күшейді. Мақсат – қоғам мен мемлекеттегі адам ролін көтеру, мемлекет жағынан адамның еркіне қарсы тұратын кедергілерді жою. Саясаттануда бұл мәселені зерттеудегі ағылшын ғалымы Томас Гоббстың үлесіерекше. Ол “Левиафан” деген еңбегінде мемлекетке дейінгі қоғам өмірін суреттейді. Оның ойынша, әрбір адамның жаратылысынан өмір сүруге “табиғи құқығы” бар. Олардың құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан берілген. Бірақ табиғи заңдылықтар ешкімді де қауіпсіздіктен құтқармайды, ешкімнің өміріне кепілдік бермейді. Мемлекетсіз дәуір – ол барлық адамдардың «барлық адамдарға қарсы соғысы». Сол себептен табиғи, қатал өзара қарым-қатынас жағдайында адамдардың өмірін қорғауға кепілдік беретін ұйым іздеу 60 керек деген қорытындыға келді. Мемлекеттің пайда болуы – ол адамдардың келісім-шарты. Адам сыртқы қатерден сақтануы үшін өз құқықтарын мемлекетке тәуелді етті. Т.Гоббс қоғамдық тәртіпті табанды, қатал ұстайтын мемлекетті жақтайды. Сондықтан ғалым өз теориясын Англиядағы монархияны қайта құруға, жаңғыртуға бағыттағаны белгілі. Сонымен қатар, Гоббстың ойынша: «Мемлекеттік билік – жоғарғы заң шығарушы және оған бағыну. Басшы өзіне бағыныңқы адамдардың арасында теңдік болуы қажет екенін қадағалап отыруы тиіс және оларды сотта қорғай білуі қажет». “Левиафан” — библия мифологиясы бойынша ғажайып, барып тұрған жауыз, рақымсыз, жан түршігерлік аң. Оған қарсы тұратын ешбір нәрсе де жоқ. Ал ғалым “Левиафанмен” – мемлекетті теңестіріп сипаттайды, себебі мемлекет адамдарға зорлық жасайды, күш көрсетеді, ал адамдар соған төзеді. Дегенмен, Гоббстың ойынша, мемлекет қандай мықты болса да – ол “ажалды құдай”, себебі ол жасанды. Мемлекет адамдардың ақылы мен қолынан туындайды, ал адам – табиғаттан жаратылған. Сол себепті қоғамда адам бірінші орында, ал мемлекет – екінші орында тұруы тиіс. Адам мен мемлекеттің арақатынасын сараптай келе, Т.Гоббс: “Адамға құқықты үлестіріп беретін мемлекет емес, мемлекеттің өзі жеке адамдардың құқықтарынан жинақталады» — деген қорытынды жасайды. Яғни, адамның қоғамдағы орны ең жоғарғы сатыда, әрбір адамның “табиғи құқығы” бар, “мемлекет оны заң арқылы қорғауға тиісті”. Сөйтіп, ұлы ойшылдың тұжырымдамалары қазіргі замандағы адамның “табиғи құқығы” идеясына негіз болып халықаралық деңгейде қолдау тапты. 1948 жылы БҰҰ қабылдаған “Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясында” «адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан берілген, бұл ұстамды әрбір мемлекет өз заңдарына енгізуге тиісті» — деп жариялады. Қазақстан Конституциясында осы принципті іске асыру көзделген. Оның 12-бабында: “Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп табылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады” — деп жазылған. Сөйтіп, ғасырлар бойы ойшылдар мен ғалымдардың адам мәртебелілігін мемлекеттен де жоғары көтеру талабы дүниежүзілік қоғамдастыққа кірген Қазақстанда да қабылданды. Оның басты, негізі себебі — Қазақстан Республикасының құқықтық және әлеуметтік мемлекет орнықтыру мақсатыболып табылады.

2.Мемлекеттің белгілері.

Мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;

мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т.с.с.) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады);

мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;

мемлекеттің әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік  мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді  ұстау үшін салық жинайды;

мемлекет  заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен  қоғамды тәртіп орнатады.

Мемлекеттің негізгі белгісі –  егемендік. Мемлекеттің егемендігін, тәуелсіздігін басқа мемлекеттер де ресми түрде мойындауға тиісті.

Мемлекеттің негізгі ұстанымдары:

1. Заңдар мен нұсқаулар қабылдау құқығының болуы.

2. Мемлекеттің  өз азаматтарын қорғауы үшін  ашық және бірден-бір күш қолдану құқығының болуы. Себебі қоғамда күш қолдануға мемлекеттің ғана құқығы бар. Мысалы, қылмыс жасаушыларды өз еркінен айыру құқығы. Оны орындауға қажетті мемлекеттің арнаулы қарулы күштері болады. Бірақ күш қолдану тек заң арқылы жүргізілуі тиіс.

3. Жалпылық. Мемлекет өз аумағындағы (территориясындағы) адамдардың барлығын қамтиды. Осы мемлекеттің азаматы болмаса да (мысалы, әртүрлі себептермен басқа мемлекеттерден келгендер) мемлекеттің шекаралық шеңберінде болғаннан кейін оларға қамқорлық жасалуы тиіс. Бұл жөнінде 1930жылы Гаагада (Нидерланды) мемлекетсіздікке (апатридизмге) қарсы халықаралық заң қабылданды. Бұл заңға сәйкес мемлекет территориясындағы жеке адам мемлекет қамқорлығынан тыс қалмауы тиіс.

4. Салық — қоғамды басқару жұмысына жұмсалатын қор (бюджет) қалыптастыру үшін қажет қаржы. Территориясы мен этникалық (ұлттық) құрамына байланысты мемлекет әртүрлі құрылымға бөлінеді. «Мемлекет құрылымы» дегеніміз мемлекеттің ұлттық-территориялық ұйымдастырылуын көрсететін ұғым. Көп жағдайда,орталық билік пен жергілікті әкімдіктің өзара қатынасын белгілейді.Мысалы,мемлекет территорясының ұлттық-автономиялық бөліктерін белгілеу (округ, республика, штат), әкімдік-басқару аймақтарын бекіту (аудан, облыс, департамент, өлке).Мемлекттік құрылымның негізгі торт түрі кездеседі: унитарлық (біртұтас), федерация жане конфедерация.

Унитарлық (лат. unitas — біртұтас, біріккен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады.Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, Италия, Франция, Қазақстан т.б. осы түрге жатады.

Федерация (лат. foederatio — одақ, бірлестік) — белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы.Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттері арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әр субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары болады). (федеративтік мемлекет) деп автономиялары бар мемлекетті атайды.

Федерацияның негізгі белгілері:

-мемлект территориясында  ұлттық немесе территориялық  автономияның болуы;

-мемлекеттегі  саяси билік және басқа да  өкімет органдары екі деңгейде қалыптасады;

- мемлекеттің  конституциясы екі деңгейлі болады.

Мысалы, Ресей, Қытай, Үндістан және т.б. Ресейде жиырмаға жуық республика бар (Татарстан, Башқұртстан, Дағыстан, Солтүстік Осетия, Тува т.с.с.) Саяси билік екі деңгейлі, яғни жалпы мемлекеттік президент, парламент  және әрбір республиканың өз алдына президенттері мен парламенттері  бар. Конституциясы екі жүйелі: бүкілресейлік  және әрбір республиканың өз конституциясы  бар. Федерация тек ғана ұлттық ерекшеліктер негізінде қалыптаспайды. Дүние жүзіндегі федарацияның көп бөлігі жер (территория) арқылы орныққан. Мысалы, АҚШ, ГФР, Австрия және т.б. АҚШ-да штаттар, Германияда «жерлер». Ал федерациялық құрылым негізі—ұлт немесе жер аймағы ғана емес; федерацияның негізгі белгісі – егемендік дәрежесі. Егер автономияның, федерация субъектісінің белгілі мөлшерде (Конституция арқылы белгіленген) егемендігі болмаса, онда мемлекттің федерация аталуы да жалған болып шығады.

Конфедерацияның негізгі белгілері:

Конфедерация дегеніміз — тәуеліз мемлекеттер одағы.

- конфедерацияда  бәріне ортақ мемлекеттік билік  болмайды;

- одаққа қосылған  мемлекттер ортақ мақсаттарын  бірігіп жүзеге асырады;

-конфедерация  құрамындағы барлық мемлекеттеге  ортақ мекемелері болады;

-конфедерация  құрамындағы мемлекеттердің өз  әскері, ұлттық валютасы болады. Конфедерация құрамындағы тәуелсіз  мемлекеттер өздеріне ортақ мүдделерін  бірігіп шешуі үшін арнаулы  мекемелер құрады. Мысалы, қорғаныс, сауда, транспорт салаларындағы  және т.с.с.ортақ мекемелері. Қазіргі кезде конфедерация таза күйінде кездеспейді. Өткен уақыттарда конфедерация мемлекеттер арасында көбірек орын алды. Мысалы, 1847 жылға дейін Швейцария конфедерациясы, ал 1815-1867 жылдары конфедерация Германияда болды. Казіргі кезеңде Тәуелсіз мемлекеттер достастығының (ТМД) конфедерацияға айналу мүмкіндігі болған еді, бірақ бұл мемлекеттер арасында осы күнге дейін бәріне ортақ мекеме құрылған жоқ. Еуропалық Одақты конфедерация қатарына жатқызуға болар еді, бірақ бұл одақтағы мемлекеттердің өзара қатынасы федерацияға ұқсап келеді еуропалық ортақ саяси билігі парламенті бар, мемлекеттер бірлестігінде ортақ валюта (евро) пайда болды). Әйтсе де Еуропалық Одақты толығымен федерацияға жатқызуға болмайды. Бұл Одақтың құрамындағы мемлекеттердің мәртебесі (статусы) автономиялық дәрежеде емес, олар тәуелсіз мемлекеттер болып табылады.

Қорыта келгенде, Жалпыевропалық Одақты адамзат тарихының  жаңа заманғымемлекеттік құрылыстың бастауы  деп есептеуге болады. Мемлекеттердіңдамуына  саяси өмірдің жалпы бағыты тұрғысынан қарағанда, мемлекеттік басқаруда  мәңгі өзгеріссіз ешнәрсе жоқ  екенін дүниежүзілік саяси практика дәлелдеп отыр.

Мемлекеттік басқару түрі дегеніміз –саяси билік кімнің, қандай ұйымның, қандай субъектінің құзырында екендігін көрсететін ұғым. Қазіргі кезеңде мемлекеттік басқарудың үш түрі бар: монархия, конституциялық монархия және республика. Мемлекеттік басқарудың осы түрлеріне жоғарыда талдау жасалынып, мысалдар арқылы көрсетілді. Қазіргі кезеңдегі дүниежүзіндегі мемлекеттік басқарудың негізгі бағыты— республикалық мемлекет түріне өту.Сол себептен мемлекеттік басарудың осы түріне кеңінен тоқталамыз. Республиканың өзінің бірнеше түрлері бар. Қазіргі кезеңде дүниежүзінде көп қолдау тапқан және ең көп орын алатыны демократиялық республикалар. Олардың өзі үлкен үш топқа бөлінеді: президенттік республика, президенттік-парламенттік республика және парламенттік республика.

Президенттік республиканың белгілері:

1. Екі жүйелі  сайлау. Президенттік және парламенттік  сайлаулар әрқайсысы өз алдына  бөлек өткізіледі.

2. Үкімет президентке  тәуелді.

3. Атқарушы  биліктің және мемлекеттің басшысы  президент. Үкімет те президенттің  қарамағында болады.

Президенттік  республикаға жататын мемлекеттер, мысалы, АҚШ, Ресей, Қазақстан, Португалия, Мексика және т.б.

Президенттік-парламенттік республиканың  белгілері:

1. Екі жүйелі  сайлау: президенттік және парламенттік  сайлаулар әрқайсысы өз алдына  бөлек өткізіледі.

2. Парламент  парламенттік сайлауда жеңіп  шыққан саяси партиялардың уәкілдерінен  қалыптасады.

3. Президент  – мемлекеттің басшысы. Үкімет  Президенттің алдында жауапты.

Үкімет мүшелері Парламент палаталарына есепті. Президенттік-парламенттік республикаға жататын мемлекеттер, мысалы, Франция, Австрия, Ирландия, Польша, Финляндия және т.б.

Парламенттік республиканың белгілері:

1. Сайлау бір  жүйелі. Тек парламент сайланады.

2. Парламентте  ең көп орын алған саяси  партияның жетекшісіне премьер-министрлік (атқарушы билік) және мемлекет  басшысы міндеті жүктеледі.

3. Үкімет парламентке  тәуелді.

Парламенттік  республикаға, мыселы, Германия, Италия, Индия, Түркия, Израиль және т.б. жатады. ХХ ғасырдың соңғы ширегінде мемлекеттік  басқару түрлерінің, жалпы демократияның  дамуына байланысты шын мәніндегі  демократиялық республиканың жаңа деңгейлері қалыптаса бастады. Олар — азаматтық қоғам

4.Мемлекет  басқаруы бойынша.

Демократия  мәселесі — саясаттанудағы негізгі  тақырыптардың бірі. Оның себебі, біз  жоғарыда айтқанымыздай, саяси ғылымның, яғни саясаттанудың кілті саяси  билік болатын болса, ал қоғамдағы  саяси биліктің сапасы, әсіресе қазіргі  кезеңде, демократияның деңгейімен тікелей байланысты. Осы жағдай қазір  дүние жүзіндегі көптеген елдердің саяси өмірінен байқалып отыр. Мысалы, қазіргі кезеңде көптеген мемлекеттердің саяси өміріндегі ең жиі айтылатын сөздің бірі — “демократия”. Мұның себебі неде? Демократия туралы мәселенің өте маңызды болуына бірнеше себептер бар. Біріншіден, қазіргі кезеңде демократия дүниежүзілік жалпы адамзаттың рухани құндылығы болып табылады. Ол халықтар арасындағы бірлестіктің, қауымдастықтыңдамуына зор әсер етеді. Екіншіден, әрбір мемлекеттегі саяси биліктің сапасы қоғамдағы демократияның деңгейіне байланысты. Үшіншіден, демократия біздің Қазақстан мемлекетінің мақсаты мен болашағы. Оған дәлел Қазақстан Республикасының Конституциясының ең бірінші бабы осы мақсаттан басталады. “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық … мемлекет ретінде орнықтырады” – деп жазылған. Әсіресе осы соңғы себепке байланысты әрбір қазақстандық, әсіресе болашақтағы мамандар елдің демократияландыру жолдарын жақсы танып білуі тиіс, бұл процеске өзінің үлесін қосуға да міндетті. Демократияның ерекше маңызды болуының тағы да бір себебі, оның әрбір адамға тиімді, пайдалы болуында. Бұны демократияның негізгі ұстанымдарынан (шарттарынан) байқауға болады.

Информация о работе Мемлекет