Халықаралық тасымалдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 13:26, реферат

Краткое описание

Тасымалдауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру және оны басқа тұрғыдан да қамтамасыз етумен байланысты шарттық мiндеттемелер Қазақстан Республикасының, сондай-ақ басқа да мемлекеттердiң шарттық құқығының жеке бiр саласын құрайды.
Көлiк – бұл жоғары дәрежелi техногендiкпен, техникалық жабдықталумен, қоғам мен мемлекеттiң тiршiлiк әрекетiн қамтамасыз ету үшiн стратегиялық маңызбен сипатталатын салалардың бiрi. Сол себептi тасымалдау қатынастары дәстүрлi түрде көлiк құқығы аясында қарастырылады және ол техникалық сипаттағы нормалардың көптiгiмен сипатталады.

Содержание

Кiрiспе
1. Халықаралық тасымалдау.
2. Халықаралық тасымалдаудың түрлері.
3. Жукті тасымалдау шарты бойынша жауапкершілік.
4. Жолаушыны және тендеме жүкті тасымалдау.
5. Жүк тасымалдау.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Халықаралық тасымалдау шарты.docx

— 30.11 Кб (Скачать документ)

 

Жукті тасымалдау шарты бойынша  жауапкершілік

  Тасымалду  шарты бойынша тасымалдау жөніндегі  міндеттемелер орындалмаған  немесе  тиісті дәрежеде орындалмаған  жағдайда жүкті тасымалдаушы, жүк  жөнелтуші, жүкті алушы мүліктік  жауапкершілікте болады. ТМД елдерінде  шектеулі жауапкершілік қағидасы  қолданылады.

   АҚШ-тың заңдылығы: белгілі бір  жағдайларға байланысты тасымалдаушының  шарттың жауапкершілігіне шекеуге  жол береді. Германияның жүкті  автокөлікпен тасымалдау туралы  заңы алыс жолға тасымалдау  кезінде кәсіпкер заңдылық бойынша  белгіленген немесе тариф бойынша  белгіленген тасымалдау шартында көрсетілгендіктен жауапкершілікті шектей не алып тастай алмайды.

   Француз заңдылығы:  тасымалдау  шартында тек қана жүкті жеткізудегі  мерзімнің өтіп кетуіне байланысты  жауапкершілік қана әрекет етеді.

    Жүкті халықаралық тасымалдау  кезінде тараптардың жауапкершілігін   шектеу немесе жоғарылатуға жол  берілмейді.

    Кейбір елдердің ұлттық заңдылығында  және халықаралық келісімдерде  белгіленген шектеу немесе жауапкершіліктен  босату, егер тасымалдаушы алдын  ала ойластырып немесе немқұрайлығына  байланысты зауал келтірген жағдайда  қолданылмайды деп қарастырылған.

    Жүкті халықаралық тасымалдау  кезінде тасымалдаушы жүкті жөнелтуге қабылдап алған сәттен бастап , оны жеткізгенге дейін жүктің сақталуына жауапты болады (жоғалушы, жетіспеушілігі, бүлінуі немесе зақымдануы). Бұл жауапкершілік кінә қпғидасы бойынша құрылады.

    Тасымалдау кезінде арақашықтықты  анықтау және көліктің жүру  маршруты әрқалай анықталады. Кейбір  елдерде оны тасымадаушының өзі  анықтайды, ал кейбір кезде  келісімшартта көрсетіледі.

 

      Жолаушыны және тендеме жүкті тасымалдау

    Жолаушыны және тендеме жүкті  тасымалдаудағыдай сияқты шарт  негізінде жүзеге асырылады. Жолаушыны  тасымалдау шарты- ол бір тарап  тасымалдаушы жолаушыны мекенге  жеткізуге міндетті, ал екінші  тарап жолаушының белгіленген  жалақысын төлеуге міндетті.

Жолаушыны тасымадау шарттың тараптары  болып жеке тұлға (жолаушы) және тасымалдаушы табылады. Жолаушыны тасымалдау шарты  жазбаша және ауызша түрде жүзеге асырылыды.

    Жолаушыны автобустарда  тасымалдау  жол жүру билетімен рәсімделеді.

   Ағылшын құқығы бойынша осы  рейске берілген билет, егер  онда шарттар көрсетілген болса , шарт құжат болып табылады. Бірақ та, қала ішіндегі билет бұл жолаушының билет ақысын төлеп, шарт талаптарын орындады дегенді білдіреді.

     Жолаушыны халықаралқ тасымалдауда  да тасымалдау шартын жасау  билетпен бекітіледі. Халықаралық   келісімдер билеттің мазмұнына   кейбір ерекше талаптарды қояды.

Жолаушы құқықтары:

1) Өзімен бірге балаларды тегін немесе өзге де жеңілдікті жағдайларда алып жүруге құқылы;

2) белгіленген  нормаларды ң шегінде өзімен  бірге қол жүген ақысыз алып  жүруге құқылы;

3) тендеме  жүкті тариф бойынша ақы төлеп  , тасымалдауға тапсырға құқығы  бар;

    Құқықтарымен қатар , жолаушы міндеттерге де ие. Оның негізгі міндеті болып , жол ақысын төлеу міндеті табылады.

   Жалпы ереже бойынша тендеме  жүкті тасымалдау шарты бойынша   тасымалдаушы белгіленген мекенге  жеткізуге міндеттенуі, ал екінші  тарап жолаушы тендеме жүкті  тасымалдауына ақы төлеуіне міндетті.

 

Жук тасымалдау

            Жүк тасымалдау осы мақсатқа  арналған көлік қүралдарымен  және көлік қүралдарының қүрамдарымен жүзеге ысырылуы тиіс.

Тасымалданатын  жүк пен жолаушылардың массасы, жүктемені осьтер бойынша бөліп  орналастыру осы көлік құралы үшін дайындаушы кәсіпорын белгілеген көлемнен аспауы тиіс.

Жүргізуші қозғалысты бастар алдында және қозғалыс кезінде олардың құлауынан, қозғалысқа кедергі тудыруды болдырмаудан сақтану  үшін олардың орналасуын, бекітілуін, жабылуын және жай-күйін бақылап отыруы тиіс.

Жүктасымалдауға мынадай жағдайларда, егер ол: көлік  құралының санатына және түріне сәйкес келсе; жүргізушіге шолуды шектемесе;

басқаруды қиындатпаса және көлік кұралының орнықтылығын бұзбаса;

сыртқы  жарық приборларын және жарық  шағылыстырғыштарды, тіркеу және айырым белгілерін келегейлемесе, сондай-аққолмен берілетін сигналдарға кедергі  жасамаса;шу туғызбайтын болса, жолды  және қоршаған ортаны шаңдатпаса, ластамайтын бол-сажол беріледі.

Егер  жүктің жай-күйі мен орналасуы аталған  талаптарды қанағаттандырмаса, жүргізуші  аталған тасымалдау ережелердің  бұзылуын жоюға, егер жою мүмкін болмаса  — әрі қарай қозғалысты тоқтатуға міндетті.

Арттан  және алдынан1 мартық немесе бүйірден келемдік оттардың сыртқы шетінен0,4 мартық шығып тұратын жүктер немесе келік  құралының келемінен шығып тұратын  бөліктер «Ірі көлемді жүк» айыру  белгілерімен, ал тәуліктің қараңғы  уақытында және жеткіліксіз көріну жағдайларында, бұдан басқа, алдынан  — фонарьмен немесе ақ түсті жарық  шағылыстырғышпен, артта — фонарьмен  немесе қызыл түсті жарық шағы-лыстарғышпен белгіленуі тиіс.

Ауыр  салмақты, ірі келемді және қауіпті  жүктерді тасымалдау, жүкпен немесе жүксіз көлемдік елшемі ені бойынша — 2,55 м-ден (2,6 м- изотермиялық қораптар үшін), жүріс бөлігінің бетінен биіктігі бойынша — 4 м-ден, автопоездың (бір  тіркемені қоса алғанда) ұзындығы бойынша  — 20 м-ден асатын не көлік құралының  көлемінен 2 м-ден астам артқа  шығып тұратын жүгі бар келік  құралының қозғалысы, сондай-ақ екі  және одан көп тіркемелері бар  автопоездардың қозғалысы Қазақстан  Республикасының Үкіметі бекітетін  арнайы ережелерге сәйкес орындалуы  тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Қорытынды.

     Көлік саласы қоғамдық ұдайы даму өндірісін дамытуға маңызды ықпалын тигізетін сала болғандықтын көлік саласы әлеуетінің деңгейі жоғары болуы тиіс. Кез келген мемлекеттің нарықты экономикада экономикалық тұрақты дамуының мақсаты — ішкі қажеттілікті қанағаттандыру және әлемдік шаруашылық қатынастарда тиімді байланыс жасау.

     Автомобиль көлігінің үлес салмағы жыл сайын арта түсуде. Оған дәлел — тасжолдардың ұзындығының күрт өсуі; қазіргі кезде дүниежүзі бойынша олардың жалпы ұзындығы 25 млн км-ге жуықтады.

    Дүниежүзіндегі теміржолдың жалпы ұзындығы 1 млн 250 мың км-ге жуық. Теміржолдың ұзындығы жөнінен де АҚШ алда келеді. Бірақ жолдардың жиілігі Батыс Еуропада өте жоғары, онда 100 км² жерге 10 км теміржол тиесілі болады. Жүк айналымындағы теміржол үлесі 15% шамасында.

    Әуе көлігі — көліктің ең жаңа және қарқынды дамып келе жатқан түрі. Әуе көлігі көбінесе жолаушы тасымалы мен тез бұзылатын (жемістер мен көкеністер) жүктерді тасымалдауда үлкен маңыз алуда. Соңғы жылдары турбовинтті және реактивті ұшақтардың енгізілуі әуе көлігінің тиімділігін арттыруда.

    Су көлігі – көлік жүйесінің ажырамас бөлігі. Ол мұнай мен мұнай өнімдерін, ағаш және құрылыс материалдарын жаппай тасымалдауға тиімді. Су көлігінің көліктің басқа түрлерімен, ең алдымен, темір жол көлігімен “тоғысатын” өзіндік ерек-шелігі бар, яғни кемелерден вагондарға және керісінше вагондардан кемелерге тиеу мүмкіндігі зор.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған  әдебиеттер.

1.Нысанбекова  Л.  Халықаралық тасымалдау/// Халықаралық жеке құқық.- Алматы 2011

2. Лунц А.А.  Курс междудародного  права. Особенная  часть.М.,1975

3. Садиков  О.Н. Правовое регулирование международных  перевозок. М.1981.

4. Гуреев  С.А. Коллизионные проблемы морского  права. М., 1972

 


Информация о работе Халықаралық тасымалдау