Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Мая 2013 в 16:56, реферат
Жоғары жүйке қызметі адам ағзасындағы күрделі психикалық іс-әрекеттер жүзеге асырады. Ағза күнделікті өзгеріп тұратын орта жағдайларына жоғары жүйке қызметі арқылы бейімделеді. Жоғары жүйке қызметі тікелей ми қыртысындағы рефлекс орталықтарымен тығыз байланысты. Жоғары жүйке қызметінің қалыпты жүруі үшін гигиеналық шараларды естен шығармау қажет. Ми кыртысының қажуынан ағзадағы көптеген мүшелер жүйесінің қызметтері бұзылады. Есте сақтау қабілеті нашарлайды. Ағзаның жұмыс істеу белсенділігі төмендейді.