Жоғары жуйке қызметінің зақымдануы және оның алдын алу шаралары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Мая 2013 в 16:56, реферат

Краткое описание

Жоғары жүйке қызметі адам ағзасындағы күрделі психикалық іс-әрекеттер жүзеге асырады. Ағза күнделікті өзгеріп тұратын орта жағдайларына жоғары жүйке қызметі арқылы бейімделеді. Жоғары жүйке қызметі тікелей ми қыртысындағы рефлекс орталықтарымен тығыз байланысты. Жоғары жүйке қызметінің қалыпты жүруі үшін гигиеналық шараларды естен шығармау қажет. Ми кыртысының қажуынан ағзадағы көптеген мүшелер жүйесінің қызметтері бұзылады. Есте сақтау қабілеті нашарлайды. Ағзаның жұмыс істеу белсенділігі төмендейді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Презентация Microsoft PowerPoint.pptx

— 390.75 Кб (Скачать документ)

 

Жоғары жуйке  қызметінің зақымдануы және оның алдын алу шаралары

 

Жоғары жүйке қызметі адам ағзасындағы күрделі психикалық іс-әрекеттер жүзеге асырады. Ағза күнделікті өзгеріп тұратын орта жағдайларына жоғары жүйке қызметі арқылы бейімделеді. Жоғары жүйке қызметі тікелей ми қыртысындағы рефлекс орталықтарымен тығыз байланысты. Жоғары жүйке қызметінің қалыпты жүруі үшін гигиеналық шараларды естен шығармау қажет. Ми кыртысының қажуынан ағзадағы көптеген мүшелер жүйесінің қызметтері бұзылады. Есте сақтау қабілеті нашарлайды. Ағзаның жұмыс істеу белсенділігі төмендейді. 
 
Сырткы ортаның әсерлеріне төзімділігі нашарлайды. Біркелкі дене еңбегі бұлшықеттердің ми қыртысындағы жүйке орталықтарының қажуына әсер етеді. Сондықтан ой еңбегі мен дене еңбегін алмастырып отыру қажет. Бұл кезде өндірістік және дене шынықтыру жаттығуларын жасаудың маңызы зор. Таза ауада серуендеуге, табиғат аясында тынығуға уақыт бөлуді ұмытпаған жөн. Жоғары жүйке кызметінің бұзылуына дұрыс тамақтанбау, аз қозғалу жөне т. б. жағдайлар да әсер етеді. 
 
Адамдар арасындағы түсініспеушілік психиканың зақымдануына әсер етеді. Сондықтан адамдар шыдамдылық, қайырымдылық көрсетуге ұмтылу қажет. Қоршаған ортаның колайсыз жағдайлары ми қыртысының қозу және тежелу үдерістерінің бұзылуына әкеп соғады. Бүдан ұйқысыздық, есте сақтаудың нашарлауы, ішкі мүшелердің жұмысының бұзылуы және т. б. байқалады.

 

    • Ішімдіктің жүйке жүйесіне және мінез-құлыққа әсері

 

    • Ішімдік ми қыртысының жұмысын тежейді. Бұл кезде ми қыртысы мидың қыртысасты бөлігіндегі жүйке орталықтарына бақылау жасай алмайды.

 

    • Ішімдік ауыз қуысында және қарында бірден қанға өтеді. Ішімдікті ішкеннен кейін 2 минут ішінде қанға өтіп, бүкіл ағзаға таралады.

 

    • Ішімдіктің әсерінен жүйке жасушаларындағы майлар тез еріп, улы заттар пайда болады. Жүйке жүйесіндегі қозу мен тежелудің үйлесімдігі бұзылып, қозғалыс әрекеттері адам еркіне бағынбайды.

 

    • Ішімдікті үнемі пайдаланатын адамдар маскүнемдік ауруына шалдығыды. Маскүнемдікке шалдыққандардың ішімдікке ынтасы ауып тұрады. Маскүнемдік ауруының 3 кезеңін ажыратады: бірінші бастапқы кезеңінде - ағзада ерекше өзгерістер байқалмайды; екінші кезеніңде ішкі мүшелердің қызметі бұзылады, психикалық өзгерістер байқалыды; үшінші кезеңінде адамның әрдайым ішімдік ішкісі келеді, жүйке жүйесі бұзылады. Ішімдіктің әсері ағзада 1-2 тәулік бойы сакталады. Маскүнемдік ауруы адамның жеке басына, отбасына және ұжымдағы еңбегіне кері әсерін тигізедію

 

    • Күнделікті кездесетін қылмыстардың 50%-ы ішімдікпен байланысты екені дәлелденген. ішімдікті көп пайдаланған отбасылардың балалары жүйке жүйесінің ауруымен жиі ауырады. Маскүнемдер отбасы, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінбейді. Ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөлмейді, еңбек ету ережелерін орындамайды. Маскүнемдіктің адам өмірін 15 жылға қысқартатыны анықталған.


Информация о работе Жоғары жуйке қызметінің зақымдануы және оның алдын алу шаралары