Вакцина түрлері және оның сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2014 в 09:17, реферат

Краткое описание

очень хороший рефератӘрбір адам баласын көптеген микробтар мен бактериялар қоршап, миллиондаған өмір формалары біздің сыртымызда да, ішімізде де, өмір сүріп жатыр соның ішінде вирустарда бар. Вирустар өте қарапайым болады. Ол генетикалык компьютерлік бағдарлама сияқты. Біздің ағзамызға түсе салысымен көбею және шабуыл жасаумен айналысады. Әуелі клетка ядросының ішіне кіріп, оны өзі өліп, вирус көбейтетіндей қылып бағдарламалайды. Бұл – кез-келген адам баласы ауырған кезде болатын құбылыс. Жаратқанның бізге нәсіп еткен табиғи иммундық қорғанысы болмаса, біз мынадай шабуылдардан аман қалмас едік. Адам ағзасының ең маңызды да және ең қуатты вирустарға қарсы қаруы ол – лимфоциттер.

Содержание

1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
I Вакцина және оның сипаттамасы.
II Белсенді иммунитетті жаратуға арналған препараттар-вакциналар.
III Жұқпалы аурулар.
IV Емдеу және алдын алу шаралары.
V Жұқпалы аурулардың алдын алудағы вакцина ролі.
3.Қорытынды
4.Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

КІРІСПЕ.doc

— 204.50 Кб (Скачать документ)

    Ішек жүқпасына қоздырғыштардың ішекте орнығуы мен соған сөйкес олардың сыртқы ортаға, негізінен, нәжіспен бөлінуі тән. Бұл аурулардың қоздырғыштары сау адамдарға ауыз арқылы азық-түлікпен, ауыз сумен немесе лас қолдармен ағзаға түсуі нәтижесінде жұғады. Оларға — дифтерия, іш сүзек, тырысқақ, ішек уыты жұқпалары жатады. 
      Тыныс алу жолдарының жұқпасына тыныс алу жолдарының шырышты кабықшаларда өсіп-енетін және сыртқы ортаға жөтелу, түшкіру, қатты сөйлеу, шулы тыныс алу кезіндегі шырышты ұсақ бөліктерімен, кақырықпен бөлінетін қоздырғыштары бар аурулар жатады. Сау адамға, сондай-ақ шырыштың жұкпаға ұшыраған белігінің жоғары тыныс алу жолдарына түсуі нәтижесінде жұғады. (Тұмау, табиғи шешек, дифтерия) 
       Қан жұқпа тобына қоздырғыштары кан ағысына қансорғыш буынаяқтылардың (бүрге, маса) шағуы кезінде түсетін, сөйтіп, негізінен, қанда орнығатын қоздырғыштары бар аурулар жатады. (бөртпе сүзек, безгек) 
     Сырткы қабат (жамылғыш) жұкпалары—сау адамның шырышты қабыкшасы немесе керісінше ауру тудыратын қоздырғыштардың түсуі нәтижесінде жұғады.Қоздырғыштардың берілу факторлары төсек жайма заттары, киім, ыдыс-аяқ, су, шырышпен, ірумен немесе кабыкпен ластану. Жара жұқпа жарақат нәтижесінде сыртқы жамылғыш қабат тұтастығының бұзылуы төн. Сыртқы жамылғыш қабат жұкпасына — түйнеме, туляремия, саңырауқұлақтық аурулар жатады. 
    Өте ауыр өтетін, өлім жағдайы көп кездесетін жөне жүғудың жоғары деңгейімен, яғни адамдар арасында тез тарау кабілеттілігімен (жоғары контагиозды) сипатталатын ауру аса қауіпті жұқпа деп аталады. Бұған: оба, тырысқақ, шешек жатады.Осы бетте тұмау, А, В, С, Е, Д, G вирусты гепатиттері, кене энцефалитеті жұқпалы аурулары туралы мәліметтер ұсынылған.  

     Тұмау (грипп) — өте жұқпалы ауру. Кейде ол асқынып кетіп тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады. Тұмауды қоздыратын вирустар (микробтар) тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Сондай-ақ тұмау вирусы науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы және т.б. арқылы жұғады. Тұмау вирусы өте тез тарайды. Бір мезгілде бір болыс, өлке, тіпті бүкіл жер жүзі адамдарының жаппай ауруы мүмкін. Бір ауырған адам бір-екі жылға дейін қайтып тұмаумен ауырмайды. Тұмау салқын кезде жиі, ыссыда сирек кездеседі. Кейде адамға суық тиіп, тыныс жолының жоғарғы бөліктері қабынып, оның тұмауға ұқсауы да мүмкін. Бірақ бұл тұмау емес. Ол салқын тигенде мұрын, көмей, жұтқыншақтарды жайлайтын басқа микробтардың әрекеті. Тұмау вирусы күн сәулесіне және зарарсыздандырғыштар (хлор, қышқылдар, спирт және т.б.) әсерінен тез қырылады. 
     Тұмау басталғанда адамның денесі дел-сал болып, көңіл-күйі нашарлайды және тағамға тәбеті шаппайды. Бір-екі күннен кейін дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, бұлшық еттері сыздап, буын-буыны сырқырайды, мұрны бітеді, дауысы қарлығып, жөтеледі, тамағы қызарып, жұтынғанда ауырады, көзі қызарып жасаурайды. Адам дереу дәрігерге көрініп, емделсе, үш-бес күннен кейін дене қызу төмендеп, сауыға бастайды. 
       Емі — дәрігердің бақылауында болып, оңаша, ауасы таза бөлмеде жатып емделу. Дене қызуын, дене сырқырауын, аспирин, пирамидон және т.б. дәрілер тез басады. Тұмау вирусына антибиотиктер пайда етпейді. Ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде аузы-мұрнын қолымен немесе орамалмен (шүберекпен) жабуға тиіс. Науқастың тек өзіне арналған ыдысы, орамалы т.б. болуға, олар жиі қайнатылып, жуылуға тиіс 

 

    Вирустық гепатиттер. Вирусты гепатиттер (бауырдың қабыну) – бұл кең тараған және адам денсаулығына өте қауіпті инфекциялық топ, олардың өзара бір – бірінен сәл айырмашылығы бар, байқалмайды, түрлі вирустардан тарауы мүмкін, бірақ бәрінің де белгі бір – ол ең алдымен бауырдың зақымдалуы және қабынуына әкеп соғуы. Сондықтан да бауыр қабынуының түрлерін басқаша «сары ауру» деп атайды – бұл бауыр қабынуының кең тараған түрі болып топталады. «Сары ауру» эпидемиясы туралы біздің заманымызға дейін Гиппократ V ғасырда сипаттап жазып қалдырған, бірақ оның қоздырушысы туралы тек өткен ғасырдың ортасында ашылған болатын. Бауырдың қабыну вирусы жұқпалы аурулардың ішінде аса өзекті мәселе болып табылады. ДДҰ-ның мәліметі бойынша В гепатитімен науқастанғандардың саны 1 миллиардтан асатын болса, С гепатитімен дүние жүзінде млн. шамасы белгілі. Жыл сайын бауыр берішінен (циррозынан) млн. аса адам көз жұмады. Жағдайдың көкейтесті мәселелерінің бірі, ол науқас адамның еңбекке жарамды шағында, аурудың жас кезінде пайда болуы болып отыр, мемлекеттің экономикалық жағынан да зиян келуіне, қаражат және адам шығынына әкеліп соғатыны белгілі. С жіті гепатитімен ауырған науқастың ауруы созылмалы түрге ауысады. Науқас адамның бауыр беріші 3 жылдың ішінде өрбіп, соңында рак ауруына шалдығуына қатер төндіреді. Этиологиялық құрылымы, патогенезі, эпидемиологиясы, клиникасы бойынша және бұл аурулардың соңы өте ұқсас емес. қоздырғышы белгілі бауыр қабынуы ауруының дербес 6 түрін ажыратады.Бауырдың қабынуы вирусы халықаралық классификация бойынша 2 топқа бөлінген: 
  1. Энтеральды топ –фекальдық жолмен жүретін әдеттегі ішек жұқпасы, оған А вирустық гепатиті және Е вирустық гепатиті жатады. 
  2. Ас қорыту жолынан тыс тобы – әдеттегі қанталау инфекциясы – жұғу жолдары – қан және де организімнің сұйық ортасы (сілекей,сперма, емшек сүті). Бұл топтың өкілдеріне – В вирустық гепатиті, С вирустық гепатиті, D вирустық гепатиті жатады. 
    Қазақстан Республикасы вирустық гепатиттің А түрінің көп тараған өңірлердің біріне жатады, сырқаттану вирустық гепатитпен ауырудың барлық жағдайының 60 %-нан 90 %- на дейін жетеді. 
Бауырдың қабынуының Е вирусымен ауырған жағдай біздің республикада тіркелмеген. Аурудың бұл түрі, халықты сумен қамтамасыз ету жұмыстары нашар ұйымдастырылған, көбінесе Азия және Африка елдеріне тән. 
      Бауырдың қабыну вирусының В түрі әр түрлі жолдармен таралатын аурулардың қатарына жатады. Аса көп тараған түрі – жыныс жолдарымен және гепатитпен ауырған адамның қанымен араласқан түрі. Бауырдың қабыну вирусының В түрімен тіс емханасында, шаштаразда, пирсинг, татуировка жасау кезінде жұқтырып алуға болады – осыған ұқсас салондарда, операция барысында қан құю кезінде, жұқтырылған егу шприцін пайдаланғанда, сонымен қатар науқас ананың жүкті кезінде балаға жұғуы немесе туу кезінде жұқтырылуы болып табылады. 
       Балалар үшін В гепатиті өте қауіпті, себебі сәби кезінде өткен аурудың түрі созылмалы ауруға, кейін рак ауруына ауысатын бауырдың қабынуына әкеліп соғады. Жас кезінде науқастанған болса, солғұрлым созылмалы вирусты тасушы болуы мүмкін. Жаңа туған сәбилердің 90-95% — да аурудың белгісі білінбейді, сары ауру белгісінсіз және 70-90 % созылмалы вирус тасушы, ал 35-50 % созылмалы түрде болады. 
       D вирустық гепатит, тек вирустық гепатиттің В түрі болғанда, суперинфекцияны күшейтіп, өрбиді. 
       Бауырдың қабыну вирусының ауыр түрі болып С түрі немесе қан құюдан кейінгі бауырдың қабынуы болып саналады. 
       Посттрансфузиялық бауырдың қабынуы — бұл аурудың көбінесе қан арқылы – қан құю кезінде немесе зарасыздандырылмаған егу инесі арқылы өтеді. Жыныс жолдары арқылы бауырдың қабыну вирусының С түрі сирек кездеседі немесе тікелей анадан ұрыққа өтеді. Бауырдың қабыну вирусының С түрі вирустың басқа түрлерімен қосылуында науқастың жағдайы күрт нашарлайды, ауру барысы асқынып, өлім халіне әкеліп соғуы мүмкін. Ғалымдардың осы бағытта бар күшін салып отырғанына қарамай, қазіргі күні бауырдың қабыну вирусының С түрінің тағы бір қауіптілігі, сау адамды науқас адамнан қорғау үшін әсер ететін вакцинаның болмауында. 
       Соңында, вирустық гепатиттің G түрі – бауырдың қабыну вирусының соңғы өкілі болып саналады – өзінің белгілерімен ол бауырдың қабыну вирусының С түріне ұқсас болады. 
Бірақ, ол біршама қауіпсіз, себебі бауыр қабынуының С түріне тән бауыр циррозының өрбуі және бауыр ісігіне әкеліп соғатын инфекциялық үдерісі G түріне жатпайтынында. 
       Алайда, бауырдың қабыну вирусының С және G түрінің бірге қосылып өрбуі циррозға әкеліп соғуы мүмкін. 
Қазіргі күні бауырдың қабыну вирусының барлық түрлеріне жетік диагностика жүргізіліп, анықталады және аурудың енді ғана басталу кезінде емделгенде, көп жағдайда жазылатын ауру деуге болады. Алайда, бауырдың қабыну вирусының өрбуіне жол бермей, өндіріс орындары мен медициналық мекемелерде жүргізілетін алдын алу шаралардың аса күрделі емес талаптарын орындау қажет, тұрғындар мен жеке тұлғаларды дер кезінде вакцинациялау жұмыстарын ұйымдастыру қажет. 
А вирустық гепатиті .1. АВГ-нің берілу жолдары:  1) тұрмыстық – қарым-қатынас (отбасыларында және топтастырылған ұжымдарда); 
  2) жұқтырылған су, тамақ арқылы (алиментарлық); 
  3) парентералдық – сирек. 
2. Сарғаюдың түрлері – жас бойынша топтар арасында мыналарды құрайды: 1) 6 жасқа толмаған балаларда – 10%-дан кем; 
2) 6-дан 14-ке дейінгі жастағы балалар – 40-50%; 
3) 14 жастан асқан адамдар – 70-80%. 
3. АВГ-нің клиникалық нәтижелері: 1) жіті А гепатитінің 99%-ы аурудан айығады;

 2) ауыр, көбінесе өлім-жітімді түрлері, ересектерге тән, кейбір кезде созылмалы В және С вирусты гепатиттерімен сырқат адамдар А гепатитін жұқтырған жағдайда, микст-жұқпасы бар сырқаттарда тіркеледі; 
3) сирек кездесетін асқынулар: фульминанттық, холестатистикалық, рецидивтік гепатит; 
4) АВГ кезінде созылмалылық болмайды. 
4. Зертханалық диагностика. АВГ-нің серологиялық маркерлері: 
  1) АВГ-ге IgM класы антиденелері (IgM anti-HAV) жіті АВГ жұқпасын көрсетеді және ауырғаннан кейін 6 ай бойы сақталуы мүмкін; сырқаттардың көбі 3 айдың ішінде жазылып кетеді. 
  2) АВГ-ге жалпы антиденелер (anti-HAV total) бұрын ауырған жұқпаны немесе АВГ-ге иммунитеттің болуын (бұрын ауырғаннан немесе вакцинациялаудан кейін) көрсетеді; сырқаттардың көбісінде өмір бойы сақталады. 
А вирустық гепатиттің алдын алу мен бақылау стратегиясы: 
  1) елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету; 
  2) тұрмыстық-жанасу жолымен берілудің алдын алу үшін мектепке дейінгі ұйымдарда, мектептерде және басқа оқу орындарында тиесілі санитарлық-гигиеналық жағдайды, ауызсу тәртібі мен жеке бас тазалығын сақтау үшін қарапайым шарттардың жасалуына (сабын, дәретхана қағазы) ерекше назар аудара отырып, қамтамасыз ету; 
  3) санитарлық-гигиеналық талаптарды және техникалық қызметкерлерге жүргізу жүктелген буфеттерді, асханаларды, сантораптарды, сыныптық бөлмелерді және рекреацияларды күнделікті жуып-жинау дұрыстығын сақтауды қамтамасыз ету; 
  4) оқушыларды мектептің үй-жайларын жуып-жинау үшін тартуға қатаң тыйым салу; 
2. А вирусты гепатитінің (бұдан әрі – АВГ) өзіндік алдын алу — вакцинациялау. 
3. Вакцинациялауға жататын контингенттер: 1) 2 жастағы балалар; 
  2) қарым-қатынаста болған күннен кейінгі алғашқы 2 аптада АВГ ошақтарында 14 жасқа дейінгі және оларды қоса алғанда қарым-қатынаста болған балалар; 
   3) ремиссия кезеңінде В және С созылмалы вирустық гепатиттерімен ауыратын 14 жасқа дейінгі балалар. 
Вакцинациялау 6 ай аралықпен 2 рет жүргізіледі. Вакцинаны енгізуге жанама реакциялар туғызу тән емес. АВГ-ге қарсы вакциналарды бөлек енгізу шартымен, басқа вакциналармен қатар енгізуге болады. 
4. Ошақтардағы іс-шаралар: 1) Сырқатпен қарым-қатынаста болған адамдар онымен қарым-қатынасты үзгеннен кейін 35 күн бойы апта сайын дәрігердің қарауымен (сауалнама, тері мен шырыштыларды тексеру, термометрия, бауырды қолмен зерттеу) медициналық бақылауға жатады. 
   2) Бақылау кезеңінде жаңадан балаларды қабылдау және қарым-қатынаста болған балаларды басқа топтарға, палаталарға немесе мекемелерге ауыстыруға тыйым салынады, ауру жағдайы тіркелген сынып үшін кабинетте оқыту жүйесі доғарылады. Бұрқ еткен сырқаттанушылық кезінде соңғы жағдай тіркелген күнінен бастап инкубациялық мезгілде мектеп бойынша кабинетте оқыту жүйесі тоқтатылады. 
   3) Сырқатпен қарым-қатынаста болған адамдарды клиникалық айғақтар болған жағдайда қанды биохимиялық анализдерге зертханалық тексеру дәрігердің тағайындауы бойынша жүргізіледі. 
   4) Сырқатты ұжымнан оқшаулағаннан кейін балалар бірге тамақтанған,   болған және ұйықтаған қарым-қатынаста болған ұйықтаған жағдайда балабақшалар мен жабық типтегі балалар ұйымдарында қорытынды дезинфекциялау жүргізіледі. 
  В вирусты гепатиті.В вирусты гепатиті (бұдан әрі — ВВГ) инкубациялық кезеңі орташа есеппен 60-90 күнді құрайды (диапазоны 45-тен 180 күнге дейін). Сарғаю түрлері болған 5 жасқа дейінгі балалардың 10%-дан кемінде клиникалық белгілерімен білінеді. Алайда, бұл ретте аурудың созылмалы түрі жағдайдың 30-90%-нда дамиды. 5 жастан асқан балалар мен ересектерде жіті манифестік жұқпа гепатит В вирусын жұқтырғандардың 30-50%-да, бірақ жұқтырғандардың тек 5-10%-да ғана созылмалы ауру дамиды. В гепатитінің вирусы жіті де, созылмалы да ауруды туғызады. 
   Жұқтыру жолы — парентералдық (қан құю, шырышты қабықтар мен тері жамылғыларының зақымдалуымен ілесетін манипуляциялар, микрожарақаттар арқылы тұрмыстық жанасу), жыныстық, сондай-ақ жұқтырған анасынан балаға босану жолдарын өту кезінде беріледі. 
   В және Д вирусты гепатиттерінің алдын алу. В вирусты гепатиті (бұдан әрі — ВВГ) мен Д вирусты гепатитінің (бұдан әрі – ДВГ) өзіндік профилактикасы — вакцинациялау. ВВГ-ге қарсы вакцинациялаудың басты мақсаты созылмалыларды қосқанда, В және Д гепатиттерінің барлық түрлеріне жол бермеу. 
  ВВГ-ге қарсы вакцина: 1) ВВГ-ге қарсы моноваленттік вакцина сауыттарда сұйық түрінде, тек В гепатитінен ғана қорғайтын бір немесе бірнеше мөлшерлі қаптамада шығарылады; 
   2) ВВГ-ге қарсы поливаленттік вакцина бірнеше ауруларға қарсы қорғанышты дереу қамтамасыз ететін басқа да вакциналармен үйлесімді (АКДС-пен немесе гемофильдік жұқпаға қарсы вакцинамен бірге) шығарылады. 
    Туған кезде алғашқы доза ретінде міндетті түрде ВВГ-ге қарсы моноваленттік вакцина қолданылуы керек, өйткені поливаленттік вакциналарды балаларға туылған кезінде енгізуге болмайды. 
    Мыналар вакциналарды енгізуге қарсы айғақтар болып саналады: 
1) шала туғандық, туған кездегі салмағы 2000 грамнан кем; 
2) препараттың құрамдас бөліктеріне сезгіштіктің артуымен байланысты алдындағы дозаның күшті аллергиялық реакциясы (генерализдендірілген бөртпе – есекжем, тыныс алу ауырлығы, өңеш пен ауыз қуысының ісуі, гипертензия, шок). Бұл ретте осы вакцинаның одан әрі қолданылуы доғарылады; 
3) 380С-тан жоғары температурасымен немесе жалпы жай-күйдің айтарлықтай бұзылуларымен білінетін ауырлығы орташа және ауыр сырқаттар. Вакцинаны денсаулықтың қалыпқа келгенінен кейін 2-4 аптадан соң вакцинациялауға рұқсат етіледі; 
4) жүктілік; 
5) ауыр емес жіті респираторлық вирустық жұқпалар, ішек және басқа жіті жұқпалы аурулар. Вакцинаны аурудан айыққаннан кейін бірден вакцинациялауға болады. 
  ВВГ-ге қарсы вакцинациялауға жататын контингенттер: 
  1) жаңа туған нәрестелер өмірдің алғашқы 12 сағатында перинаталдық берілудің алдын алу мақсатында; 
Егер бұрын егілмеген болса: 
  2) жасөспірімдер сырқаттанушылық деңгейі жоғарылауға байланысты; 
  3) жыныстық қатынас және тұрмыстық жолмен берілудің алдын алу үшін В гепатиті ошағындағы сырқатпен тығыз қарым-қатынастағы адамдар; 
  4) меншік нысанына қарамастан денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері (дәрігерлер, орта және кіші медицина қызметкерлер құрамы); 
  5) меншік нысанына қарамастан медицина бейініндегі барлық жоғары және орта оқу орындарының студентері; 
  6) қан, оның компоненттері мен препараттарының реципиенттері – құю жиілігіне қарамастан; 
  7) алғаш анықталған АИТВ жұқтырғандар; 
  8) гемодиализге және трансплантацияға жататын алғаш анықталған сырқаттар; 
  9) онкогематологиялық сырқаттар, сондай-ақ иммундық супрессиялық препараттарды алатын сырқаттар, оларға иммундық жауаптың әлсіздігіне байланысты вакцинаның екі есе дозасы енгізіліп, аяқталған вакцинациялаудан кейін 6 айдан соң қосымша ревакцинациялау жүргізіледі. 
   Қан және оның компоненттері мен препараттары реципиенттеріне құюды жүргізген денсаулық сақтау ұйымының берілген тізіміне сәйкес аумақтық емханаларда жүргізілуге тиіс. 
  С вирусты гепатиті.С вирусты гепатиті (бұдан әрі — СВГ), жұқпа көздері: аурудың жіті және созылмалы түрлерімен сырқаттар.инкубациялық кезеңі орташа есеппен 180-210 күнді құрайды. Берілу жолдары ВГВ ұқсас. 
  Е вирусты гепатиті. Е вирусты гепатиті (бұдан әрі — ЕВГ) — берілу жолы – су арқылы: 
  1) судан пайда болған эпидемиялық бұрқ етулер 7-8 жыл аралықтармен; 
  2) аурудың жарылыстық сипатымен; 
  3) 15-29 жастағы жас адамдардың басым зақымдалуымен; 
  4) пәтердегі ошақтанудың төмендігімен; 
  5) жүктіліктің үшінші триместрінде 20 % дейін өлім-жітіммен. 
   Аурудың көтеріле бастауы жазғы айларға тән, бұл суды барынша көп тұтынуға және шаруашылық-ауызсумен жабдықтау көзі болып табылатын жер асты суының барынша ластануына байланысты. 
   Алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шаралар АВГ кезінде жүргізілетіндерге ұқсас. 
  АВГ мен ЕВГ-нің алдын алу негізінде эпидемиологиялық қадағалау жүйесін ұйымдастыру болуы тиіс: әрбір жағдайды тіркеу, есепке алу, эпидемиологиялық тексеру және сырқаттанушылықты талдау. 
  Д вирусты гепатиті. Осы нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар: 
  1) Жіті вирусты гепатит (А, Е, В, С, Д) жағдайын стандарттық анықтау: вирусты гепатит – бұл ерекше маркерлері болған кезде ұзақтығы кем дегенде 6 айға созылатын бауырдың жіті қабынуы. 
  2) Энтералдық тетік – асқазан-ішек жолдары арқылы жұқпалы аурулардың берілуі. Вирус ластанған сумен, тамақ өнімдерімен, кір қол арқылы организмге енеді. 
  3) Парентералдық тетік – қан құйған, инъекция және басқа да манипуляциялар жасаған кезде тері қабаттары мен шырыштылардың тұтастығы бұзылуымен ілесетін, сондай-ақ босану жолдары арқылы өту кезінде анадан балаға берілуі. 
    Жұғу жолдары:

  • Ауру жануарларды бағу кезінде.
  • Ауру жануарларды сою, ұшасын бөлшектеу, терісін сыдыру, өлкесін көму кезінді.
  • Ауру жануарлардан алынған өнімдерді пайдалану кезінде.
  • Ауру жұққан заттарды пайдаланғанда, топырақтан жұғу сирек кездеседі.

    Аурушаңдықтың клиникалық белгілері. Қоздырғыш енген тері жамылғысында 2-3 күн өткен соң қызылтым немесе көкшіл түсті дақ пайда болады. Сол жер қышып, теріні сәл күйдіргендей болып басталып, үдей түседі. Бөртпе 12-24 сағат өткеннен кейін диаметрі 2-3 мм, ішінде ашық түсті сұйықтығы бар күлдіреген бөртпеге айналады, уақыт өте келе оның ішіндегі сұйықтық қою түске боялып, қан араласады. Бөртпе қышып шыдатпаған соң, ауруға шалдыққан адам оны қасып, бетін жаралап тастайды. Іріңді бөртпенің орнына беті ашылған өлі етті қабыршақ пайда болады. Дәл осы қабыршақ сібір жарасының негізгі белгісі, дерттің атауы да осы қара даққа («anthrax»-«углевик») байланысты шыққан. Қабыршақ қатты, тығыз, күйдірілген сияқты болады. Оның айналасын қызыл түсті жиек қоршайды. Алғашында қабыршақ көлемі үлкен емес, диаметрі 2-3 мм. құраса, бірте-бірте оның мөлшері ұлғайып, оның шығыңқы бөлігі тері деңгейінен төмен түсіп, түсі қап-қара болып, тығызданады (тығыздылығын иленген терімен салыстыруға болады). 
     Сібір жарасын сипаттауға болатын белгілерге орталық қабыршақтың маңайына аурудың алғашқы күндері екінші қайтара сулы бөртпелердің шығуын жатқызады. Тері  жамылғысы өзгеруінің алғашқы сағаттарында дертке шалдыққан адам әлсіреп, селқос болып, басы ауырады; алғашқы тәулік өткен соң немесе 2-ші күні дене қызуы 39-40 градусқа көтеріліп, халі нашарлайды. Мұндай температура 5-6 күн бойы сақталып, күрт төмендейді.

    Емдеу. Қазіргі таңда сібір жарасын емдеуге арналған күшті әсерлі дәрі-дәрмектер (сібір жарасына қарсы гамма-глобулин және антибиотиктер) бар, алайда, тек қана дер кезінде жасалған медициналық көмек сауығып кетуге кепілдік береді. Сондықтан аурушаңдықтың алғашқы белгілері пайда болысымен-ақ, жақын орналасқан емдеу-алдын алу мекемелеріне барып, медициналық көмекке жүгіну қажет. Дәрігерге дер кезінде қаралғанда және арнайы емдеу шараларын жүргізгенде дерттен толығымен жазылып кетуге болады. 
   Алдын алу шаралары. Адамдар мен жануарлар арасында сібір жарасының ең тиімді алдын алу шарасы - жыл сайын ауруға қарсы егу жүргізу. Дертке қарсы вакцина қолайсыз пунктердегі ауруды тез қабылдағыш әлсіз жануарлар мен ет комбинаттарында, мал шаруашылығында тұрақты жұмыс істейтіндерге, тері, жүн өңдеуге, тасымалдауға, сақтауға, сұрыптауға, илеуге қатысатын адамдарға егіледі. 
Егілген жануарларды бақылауға алған уақыт ішінде басқа шаруашылықтарға ауыстыруға немесе егілгеннен кейін 14 күн ішінде союға болмайды. 
     Адам ағзасының сібір жарасына төтеп бере алу қасиеті егуден кейінгі 12-14 күнде пайда болады да, 12 айға жуық сақталады.  Егілген тұлғалар жұмысқа 2 аптадан соң ғана жіберіледі және жыл сайын екпе алып отырулары қажет. 
     Екпе жүргізу ең тиімді әдіс болғандықтан, жануарлардың  барлығын қамтуға тырысқан жөн. Бүгінгі күнде егу жұмыстары жануарларды жоспарлы тексеруден өткізу кезінде ветеринарлық мекемелерде тегін жүргізіледі. Үй жануарларының иелері малдарды екпеге қатыстырмау - дерттің кең етек жайюына себепші болып, мұның салдарынан адамдар сібір жарасына шалдығатынын естерінен шығармаса игі болар еді. Сібір жарасына қарсы вакцина егілгеннен кейін 10 күн ішінде жануар өліп қалса, оның терісін сыдыруға болмайды. 
      Ауру қоздырғыштары ағзадан тыс жерде тек ауаның әсерінен пайда болатынын ескере отырып, өлген жануардың терісін кесуге болмайды және өлексені аң-құстардың тасуына жол берілмеу керек. Себебі, мұның салдарынан жаңа ошақтар пайда болуы мүмкін. Өлген малды терісімен бірге өртеу немесе қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып арнайы орындар – мал көметін жерлерге өртеу үшін апару қажет. Ауру мал жатқан немесе сойылған орынға басқа жануарларды жіберуге және адамдардың сол жерде жұмыс істеуіне тыйым салынады. Қора, жайылымдардағы ауру малдар орналасқан орындар залалсыздандырылады.

Жасы

 

Келесі ауруларға қарсы жүргізілетін Вакцинация

БЦЖ

ВГВ

ОПВ

АКДС

Hib

АДС

АД-М

АДС-М

К

1-4 ай күндерінде

+

+

             

2 ай

 

+

+

+

+

       

3ай

   

+

+

+

       

4 ай

 

+

+

+

+

       

12-15 ай

   

+

       

+

 

18 ай

     

+

+

       

6 жас (1 сынып)

+

     

+

   

+

 

12 жас

         

+

     

15 жас

               

+

16 жас

           

+

   

Әрбір 10 жылда

           

+

   

Информация о работе Вакцина түрлері және оның сипаттамасы