Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2014 в 09:17, реферат
очень хороший рефератӘрбір адам баласын көптеген микробтар мен бактериялар қоршап, миллиондаған өмір формалары біздің сыртымызда да, ішімізде де, өмір сүріп жатыр соның ішінде вирустарда бар. Вирустар өте қарапайым болады. Ол генетикалык компьютерлік бағдарлама сияқты. Біздің ағзамызға түсе салысымен көбею және шабуыл жасаумен айналысады. Әуелі клетка ядросының ішіне кіріп, оны өзі өліп, вирус көбейтетіндей қылып бағдарламалайды. Бұл – кез-келген адам баласы ауырған кезде болатын құбылыс. Жаратқанның бізге нәсіп еткен табиғи иммундық қорғанысы болмаса, біз мынадай шабуылдардан аман қалмас едік. Адам ағзасының ең маңызды да және ең қуатты вирустарға қарсы қаруы ол – лимфоциттер.
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
I Вакцина және оның сипаттамасы.
II Белсенді иммунитетті жаратуға арналған препараттар-вакциналар.
III Жұқпалы аурулар.
IV Емдеу және алдын алу шаралары.
V Жұқпалы аурулардың алдын алудағы вакцина ролі.
3.Қорытынды
4.Пайдаланған әдебиеттер тізімі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ
Мәнжазба
Тақырыбы: Вакцина түрлері және оның сипаттамасы
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
I Вакцина және оның сипаттамасы.
II Белсенді иммунитетті жаратуға
арналған препараттар-
III Жұқпалы аурулар.
IV Емдеу және алдын алу шаралары.
V Жұқпалы аурулардың алдын алудағы вакцина ролі.
3.Қорытынды
4.Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Әрбір адам баласын көптеген микробтар мен бактериялар қоршап, миллиондаған өмір формалары біздің сыртымызда да, ішімізде де, өмір сүріп жатыр соның ішінде вирустарда бар. Вирустар өте қарапайым болады. Ол генетикалык компьютерлік бағдарлама сияқты. Біздің ағзамызға түсе салысымен көбею және шабуыл жасаумен айналысады. Әуелі клетка ядросының ішіне кіріп, оны өзі өліп, вирус көбейтетіндей қылып бағдарламалайды. Бұл – кез-келген адам баласы ауырған кезде болатын құбылыс. Жаратқанның бізге нәсіп еткен табиғи иммундық қорғанысы болмаса, біз мынадай шабуылдардан аман қалмас едік. Адам ағзасының ең маңызды да және ең қуатты вирустарға қарсы қаруы ол – лимфоциттер.
Бүгінгі медицина вирустармен күресте біздің иммундық жүйемен салыстырарлық оң нәтижелі және пайдалы бір де бір препарат ойлап тапқан жоқ. Адамзат тарихында көптеген вирустық эпидемиялар болып тұрған, соның бірі – біздің эрамыздың ІІІ ғасырында болған Қытайдағы табиғи оспа эпидемиясы. Және сол жерде осы дерттің алдын алу шарасы ізделіне бастаған, олар табиғи оспа іріңін адам ағзасына прафилактикалық жұқтыру жасаған. Себебі, бұл өз кезегінде аурудың жеңіл өтуіне себеп болған деседі. Европаға табиғи оспа Таяу Шығысқа жасалған “Крес жорығынан” келген әскерлермен жеткен екен. Сол кезде халыққа күшпен табиғи оспа егу басталған болатын, артынша егілген жердің бәрінде оспа эпидемиясы басталып отырған. Бұл бұқара халықтың наразылығын туғызып, оспаға қарсы көтерілістер болып тұрған. XVIII ғасырдың соңына таман табиғи оспаны егу түбімен жоғалды десе де болады, өйткені бұл егілген адамдарға және солармен қарым- қатынаста болған адамдарға өте қауіпті екені айдай анық болды. Кейбір жерлерде оспаға қарсы егулер сәтті өтті деген күннің өзінде, уақыт өте олар оспаның ең ауыр түрлерімен ауырып қайғыға душар болған. Бұл табиғи вакциналар болған еді. Ал 1796 жылдан бастап вакцина егу басталды. Бұл бұрынғыдай аурудың өзін егу емес, тек оның препаратын егу еді. Вакцина егудің негізін қалаушы болып ағылшын дәрігері Эдвард Дженнер есептеледі, ол ең бірінші болып табиғи оспаға қарсы вацинаны екті. Негізі вакцина сөзі «Вакка» – сиыр, сиыр оспасы деген сөзден бастау алады, яғни бұл препараттың құрамында адам оспасы емес, сиыр оспасы еді, ол сиырдың ағзасынан өтіп, әлсіреген хәлде адам ағзасына егілген болатын. Осылай адам баласын оспадан қорғауға болады деген теріс түсінік қалыптасып,вакцина егу мемлекет тарапынан қолдау тапқан еді. Алайда, 1885 жылы наурыз айында Аңглияның Листер қалашығының тұрғындары міндетті түрдегі вакцина егуге қарсылық көрсетіп, қала алаңына жүз мыңдай адам шығып, қолдарында «Ұрпағымызды қорғайық», «Өзіміздің егемендігімізді сақтайық» деген ұрандармен наразылық білдірген. Сөйтіп, одан бас тартумен тарихқа кіріп, бұл қала оспадан мәңгі тазарды. Вакцина егу жалғасып жатқан жерлерде оспа эпидемиясы әлсірегеннің орнына одан арман күшейіп мыңдаған адамдардың өліміне әкеп соқты. Осыдан кейін Аңглияда 1906 жылы «Ар бостандығы туралы акт» қабылданды және бұл сол елдің азаматтарына вакцина егуден бас тартуға құқық беретін еді. Бұл сияқты жайларға қарамастан жүздеген ақылы асқан ғалымдар әртүрлі «қауіпсіз» вакциналар мен вацина егу технологияларын табу үшін күн-түн демей еңбек етіп жатты және вакцина егу өте маңызды деп есептеліп, қауіпті ауруларға қарсы басты шипа ретінде қарастырылды.
Доктор Александр Коток өзінің «Безпощадная Иммунизация» деген кітабында: «Кейбір қауіпті аурулармен күресте дәл осы вакцина егу көмектесті дейтін нақты дәлелдер жоқ», – дейді. Өйткені нақты фактілерге сүйенсек, түбіркүлез, дифтерия, корь және коклюш деген аурулар онсыз да вакцина екпестен бұрын азайып жатқан болатын. Бұған ең әуелі тазалық сақтау, оспадан өлген малды өртеу, өмір сүру деңгейін жақсарту, суды хлорлау яғни жалпы, тазалық жағдайының жақсаруы себеп болған.
Жалпы ғалымдардың айтуы бойынша баланың иммундық жүйесі 3-5 жас аралығында толық қалыптасып бітеді екен. Бұл құбылыс анасының сүтімен балаға көптеген аурулардың антителалары берілу арқылы жүзеге асады. Дана аналарымыз балаларын атам заманнан 2 жылсыз омырауынан ажыратпауының себебі осы сырды білген болса керек. Неге біз осы анасының ақ сүтімен, яғни табиғи жолмен иммундық жүйені нығайтуды насихаттағанның орнына елді вакцина егуге мәжбүрлейміз? Бұлай айтуымның себебі, егер балаға вакцина егілмесе, ол баланы заң бойынша не балабақшаға, не мектепке алынбайды. Біз үшін келешек ұрпақтың денсаулығы «Ұлттық Қауіпсіздік» мәселесі! Онысыз да аз қазақты арақ, темекі, наша беріп қырып жатса, енді тікелей вакцина егу арқылы оның геніне шабуыл жасалып жатыр. Бұл қалай дейсіз ғой? Әуелі осы вакцина егілетін аурулардың негізгілеріне жеке-жеке тоқталып көрелік. Қазір қоғамда ең көп талқыланып, тіпті егіліп аяқталып та қалған вакцина – полиомиелит турасында айта кетемін.
Полиомиелит – жүйке жүйесіне зақым келтіретін вирустық ауру. Негізгі кір қол мен ойыншықтар арқылы жұғады. Ананың ақ сүтімен полиомиелитке қарсы иммуниет беріледі. Адамзат баласының 10% пайызы ғана бұл ауруға бейім, осының тек 10% пайызы қатты ауруы мүмкін. Ал қалған 90% пайыз адам баласы ауыра қалса тек іші өтеді де одан кейін ол адамда полиомиелитке қарсы өмірлік иммунитет қалыптасады. Айта кететін бір жай 1950 жылы Америка Құрама Штаттарында полиомиелитке қарсы вакцинаны балаға аузына тамызу арқылы егетін, содан бұл препараттың құрамынан денсаулыққа өте зиян СВ-40 иммундық жүйені бұзатын химиялық зат тапқан. Ол өз кезегінде қатерлі ісіктердің пайда болуына себепкер екендігі дәлелделіп бұл препараттан бас тартқан. Осы препараттың өзі осы аурумен ауруға себеп болғаны анықталған (2010 жыл 23 қыркүйек. Астана қаласы.)
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы Қазақстан Республикасын 2002 жылдан бастап полиомиелиттен еркін ел ретінде сертификаттаған. Полиомиелиттің соңғы жағдайы республикада 1995 жылы тіркелген.Қазақстанға полиомиелитпен сырқаттанушылық жағдайы тіркелген елдерден осы дерттің әкелінуін және таралуын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2010 жылғы қыркүйектің 6-10 аралығында 6 жасқа дейінгі балаларға полиомиелитке қарсы қосымша бір реттік иммундау шарасын жүргізді. 6 жасқа дейінгі балаларды полиомиелитке қарсы вакцинациялау үшін Қазақстандағы ЮНИСЕФ Балалар қорының қолдауымен Қазақстан Республикасының Үкіметі 57 876 240 теңгеге вакцинаның 2 миллионнан астам дозасын сатып алды.
Полиомиелитке қарсы иммундау кампаниясы барысында 6 жасқа дейінгі 1 675 285 баланы егу жоспарланған. 6-10 қыркүйек аралығында 1 656 253 бала егілді, 6 жасқа дейінгі вакцинациялауға жататын балалар санының 98,9 %-ын құрады (Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы кемінде 95% қамтуды ұсынған).6 жасқа дейінгі балаларды полиомиелитке қарсы қосымша бір реттік вакцинациялау барысында вакцинадан кейінгі асқынулар тіркелген жоқ.
Полиомиелит (Poliomyelitis) – нерв жүйесін зақымдайтын, енжар атрофиялық параличтер, бұлшық еттердің, көбінесе аяқтың және дененің парезін тудыратын жіті инфекциялық ауру.
Инфекция тамақ, су арқылы, қарым-қатынас-тұрмыстық, сондай-ақ ауа-тамшы (сирек) жолымен беріледі. Полиомиелиттің қоздырғышы суда, сүтте, ағынды суларда ұзақ уақыт бойы сақталады және қайнатқанда жойылады. Полиомиелитпен барлық жастағы адамдар, бірақ көбінесе 15 жасқа дейінгі балалар ауыруы мүмкін.
Полиомиелиттің өзіндік емі жоқ. Уақтылы вакцинациялау бұл аурудан қорғанудың жалғыз құралы болып табылады.
Профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесіне сәйкес вакцинациялау сәби өмірінің 2, 3, 4 және 12-15 айларында жүргізіледі. Иммундау үшін кепілді сапасы бар ДДҰ сертификаттаған полиомиелитке қарсы вакцина қолданылады.
Вакцина ( лат. vacca — сиыр, vaccіnus—сиырдікі) — микроорга
Жұқпалы ауруларға қарсы егудің бірнеше түрі бар:
Қазіргі кезде алдын ала егудің нәтижесінде көптеген жұқпалы аурулар (мысалы, шешек) жойылды.[Бірақ Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, жылына 500 млн. Адам жұқпалы ауруға шалдықса, оның 400 млн-дайы егілмегендер екені анықталып отыр (2007). Сондықтан әр түрлі жұқпалы ауруларға қарсы күресте егудің маңызы зор екеніне ешбір күмән келтірілмейді.
Белсенді иммунитетті жаратуға арналған препараттар-вакциналар
Вакциналардың келесі түрлері болады:
- тірі күші азайған микроағзалардан жасалған (аттенуирленген);
- микроағзаларды өлтіріп жасаған (инактивирленген);
- бүтін микробтық жасұшалардан жасалған (корпускулярлы);
- антигендердің бөлшектерінен жасалған (химиялық);
- анатоксиндер.
Тірі вакциналар. Құрамында микроағзалар немесе вирустер бар суйықтықты консерванттарсыз әдейленген қоректік орталарда, тауық эмбриондарында немесе ұлпалардың дақылдарында өсіреді. Биофабрикалардан шығарар алдында оларды вируленттікке, белсенділікке, тазалыққа тексереді.
Өлтірілген вакциналар. Штаммдар әдейленген сауыттарда (танкерлерде) қоректік орталарда бір белгіленген құрамға дейін өсіріледі. Осыдан кейін оларды физикалық (жылумен, ультракүлгін сәүлемен) немесе химиялық (формалинмен, фенолмен, спиртпен, мертиолатпен және т.б.) әдістермен инактивирлейді.
Химиялық вакциналар. Бұл вакциналар паратиф, іш сүзегі, т.б. ауруларға қарсы
пайдаланылады. Анатоксиндер — улы токсиндерді формалинмен өңдеу арқылы алынған усыз вакциналар..
Анатоксиндер дифтерия (күл), б
Анатоксиндер. Экзотоксиндерді шығаратын микроағзаларды суйық қоректік орталарда токсин жиналу мақсатымен көп уақыт культивирлейді. Кейіннен қоректік ортаны микробық жасұшаларды бөліп алу үшін бактериалдық сүзгіштен өткізеді. Экзотоксині бар фильтратқе 0,4 пайыздық формалинді қосады, ұлы заттардың күшін төмендету үшін бір неше күн термостатта ұстайды (детоксикаттау). Кейіннен адсорбент және консервант қосады. Өлтірілген вакциналарды және анатоксиндерді белсенділікке, қауыпсыздыққа, зарарсыздығына тексереді.
Ассоциацияланған Вакцина — 2 — 3 ауруға бірден қолданылатын вакциналар.
Мысалы, сиырларды қараталақ пен қарасан
(эмкар) ауруына қарсы бір вакцинамен егіп тастау
өте тиімді. Вакциналарды организмге әр
түрлі әдіспен енгізеді. Мысалы, шешек,
туберкулез вакцинасын тері үстіне (тырнап), полиомиелитке қарсы ауыздан, гриптікін танау қуысынан
құяды. Сүзек,тырысқақ, топалаң
Қоректік орталарға бактериялық тірі вакциналарды сепкенде тек қана вакциндік штамм өсу керек, ал қоректік орталарға тірі вирустік вакцина сепкенде еш қандай өсу болмау керек. Қауыпсыздықты зертханалық жануарларға вакцина еңгізіп тексереді, жануарлар өлмеу керек. Вакциналардың күшін тағы да зертханалық жануарларда тексереді. Вакциналарды ағзаға еңгізгенде жалпы немесе жергілікті реакциялар болады – дененің температурасы 1 градуске көтерілу, тамақтан бас тарту, вакцина еңгізген жерде ісік және аурған пайда болу.
Жұқпалы аурулар. Жұқпалы аурулар-жұқпалы (инфекциялық) аурулар ерте заманда-ақ олардың жаппай таралуы мен ауыр түрде өтуін сипаттайтын әр түрлі атаулармен белгілі болды(індет, жаппай аурулар). Бұл аурулар ерекше “миазма”- ауаның улы булануымен байланыстырылады. Жұқпалы аурулар туралы ғылымның дамуында өр түрлі қоздырғыш микробтардың ашыуы улкен рөл атқарады. “Infecio” деген латын сөзі “ластану” дегенді білдіреді. Жұқпалы аурулар адам ағзасына қоздырғыштың енуінен кейін пайда болады. Қоздырғыш-микробтар ауру адамнан сау адамға беріле алады. Белгілі бір жағдайларда ауру жаппай таралады (індет).
Ауру туғызатын микробтар бактериялар, вирустар, спирохетар, саңырауқұлақтар болуы мүмкін.
Ауру туғызатын микробтар, өдетте, сыртқы ортада тез өледі. Олардың өмір сүріп, көбейетін жері — адам немесе мал ағзасы, сондыктан адам жұқпалы көзі болып табылады. Зооноздардың көпшілігі табиғи-ошактық аурулар туғызады, яғни белгілі бір климаттык географиялык жағдайларда кездеседі, бұл жерде қоздырғыштарды табиғи сақтаушылары жабайы аңдар мен қоздырғыштардың ерекше тасымалдаушылары — жәндіктер мен кенелер өмір сүреді.
Жұқпалы аурулардың қоздырғыштары паразиттік емір кешеді, белгілі бір уақытка дейін қажетті нәрсемен камтамасыз етіледі, осы уақыт біткеннен кейін қожайынды ауыстыру қажеттілігі туады. Бұл берілудің тиісті механизмі көмегімен жүзеге асырылады. Эпидемиялық ошақ дегеніміз—инфекция көзінің өзін қоршаған аумақ шегінде нақты жағдайда жұкпалы бастауды беруге қабілетті орны.
Эпидемиялык процестін пайда болуы үшін фактордың өзара қимылы кажет: жұқпа қоздырғышының көзі, жұкпаның берілу механизмі жөне қабылдағыш ағза. Жоғарыда айтқандай, ауру адам немесе жұқпалы (залалданған) жануар жүқпа көзі болса, тағы бір жұкпа көзі — тасушы (бацилло — «таратушы»). Қоздырғыштың залалданған ағзадан сау ағзаға өтуі эволюциялық қалыптасқан әдіспен өтеді. Бұл — жұқпа қоздырғыштарыньщ берілу механизмі деп аталады. Ағзада коздырғыштың орналасуы мен жұкпаның берілу механизміне байланысты бар жұқпалы аурулар 4 топқа бөлінеді: ішек жұкпасы, тыныс алу жолдарының жұкпасы, қан жұкпасы жөне сыртқы кабат жұқпасы.