Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 14:30, диссертация
Түйін сөздер: СОРБЕНТТЕР, МЕНШІКТІ БЕТТІК АУДАН, КАРБОНИЗДЕУ ТЕМПЕРАТУРАСЫ, КҮРІШ ҚАУЫЗЫ, КӨМІРТЕК МӨЛШЕРІ, СОРБЦИЯ.
Зерттеу нысандары ретінде: Модельді ерітінділерден ауыр металл иондарын наноөлшемді көміртекті сорбенттермен тазалау.
Жұмыстың мақсаты: Ағынды суды ауыр металл иондарынан нанокөлемді көміртекті сорбенттердің көмегімен тазалау.
КІРІСПЕ
6
I
ӘДЕБИ ШОЛУ
7
1.1
Табиғи шикізаттардан сорбенттерді карбонизациялау
арқылы алу
7
1.2
Суды ауыр металдар иондарынан тазалау үшін қолданылатын
Сорбенттер
17
1.3
Судың химиялық компоненттерінің санитарлы-токсилогиялық сипаттамасы
19
II
ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ
20
2.1
Карбониздеу әдістемесі
20
2.2
Алынған үлгідегі көміртек мөлшерін анықтау әдісі
20
2.3
Карбониздеу процесіндегі үлгі массасының өзгерісін анықтау
21
2.4
Элементтік анализдеу әдісі
21
2.5
Көміртектенген үлгінің меншікті беттік ауданын
газохроматографиялық әдіспен анықтау
21
2.6
ИҚ-спектроскопия әдісі
22
2.7
Электрондық микроскопия әдісі
22
III
НӘТИЖЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАУ
23
3.1
Карбонизделген үлгінің меншікті беттік ауданын зерттеу
25
3.2
Үлгілерді ИҚ-спектроскопиялық әдіспен зерттеу
26
3.3
Карбонизделген сорбенттерді электронды-микроскопия әдісімен зерттеу
27
3.4
Үлгілерді ЭПР-спектроскопия әдісімен зерттеу
30
3.5
Карбонизделген күріш қауызы негізіндегі көміртекті материалдар
31
ҚОРЫТЫНДЫ
36
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
4-сурет. 500˚С карбонизделген үлгілердің ИҚ-спектрі
3.3 Карбонизделген сорбенттерді электронды-микроскопия әдісімен зерттеу
Карбонизделген сорбенттердің беттік құрылымы мен морфологиялары электронды-микроскопия әдісімен зерттелді. Зерттеу нәтижелерінен бастапқы шикізат КҚ микроскопиялық суретінен беттің тығыз көміртекті құрылысты екендігін көруге болады (5-сурет).
Ал карбониздеуден кейін үлгілердің құрылымы мен морфологиясы айтарлықтай өзгеріске ұшырайды. Электронды микроскопия суреттерінен үлгілер әртүрлі морфологияға ие екендігін көруге болады. Карбониздеуден кейін олардың меншікті беттік ауданының өсуі олардың кеуек размерлерінің артуымен түсіндіріледі.
5-сурет. Бастапқы КҚ үлгісінің электронды-микроскопиялық суреті
а б
6-сурет. 400˚С (а) және 450˚С (б) температурада карбонизделген КҚ үлгісінің электронды-микроскопиялық суреті
6-суретте 400˚С температурада карбонизделген КҚ үлгісінің электронды-микроскопиялық суреті көрсетілген. Мұнда бастапқы КҚ микроскопиялық суретіне қарағанда борпылдақ, кеуекті екендігін көруге болады. Карбониздеу температурасын 450˚С температураға көтере отырып алынған үлгіде талшықты құрылым пайда болады.
Карбониздеу температурасы 500˚С және 550˚С болатын үлгілерде қабыршақты түзілулер және әртүлі борпылдақ бөлшектерден түзілген талшықты құрылымнан тұратынын көруге болады.
а б
7-сурет. 500˚С (а) және 550˚С (б) температурада карбонизделген КҚ үлгісінің электронды-микроскопиялық суреті
8(а)-суреттен 600˚С температурада карбонизделіп алынған үлгілердің микроскопиялық суретінен күйетәріздес құрылысты байқауға болады.
а б
8-сурет. 600˚С (а) және 650˚С (б) температурада карбонизделген КҚ үлгісінің электронды-микроскопиялық суреті
Ал 650˚С температурада карбонизделген үлгілерде әртүрлі майда бөлшектердің түрлері және перделі түзілулердің үлкен мөлшері бақыланды. Ұсақ дәнекті және әртүрлі қалыңдықтағы сынықты және қабыршақты бөлшектер де кездеседі [39].
Карбониздеу температурсын ары қарай жоғарылату ұсақ күйетәріздес бөлшектерден тұратын талшықтардың өсуіне әкеледі (9-сурет, а). 750˚С температурада алынған үлгіде көміртекті бөлшектер мен тығыз көміртекті құрылымдар байқалады.
а б
9-сурет. 700˚С (а) және 750˚С (б) температурада карбонизделген КҚ үлгісінің электронды-микроскопиялық суреті
Карбониздеу температурасы 750˚С жоғары жағдайда алынған үлгілердің микроскопиялық суретінен беттік қабатындағы құрылымның тығыздалғанын көруге болады.
10-сурет. 800˚С температурада карбонизделген КҚ үлгісінің электронды-микроскопиялық суреті
Құрылымның тығыздалуы олардың кеуек өлшемдерінің кішіреюіне, яғни меншікті беттік ауданының азаюына алып келеді. Бұл жылулық десорбция әдісімен анықталған мәліметтермен сәйкес келеді [36].
Қорытындылай келгенде, микроскопиялық суреттерді сараптай отырып, карбониздеу температурасы өскен сайын жоғары кеуекті, беттік ауданы жоғары, әртүрлі морфологиялы сорбент алуға болатындығы анықталды.
3.4 Үлгілерді ЭПР-спектроскопия әдісімен зерттеу
Карбонизделген сорбенттердің парамагнитті қасиеттерін зерттеу кезінде кейбір жағдайларда мыс иондарының Сu+2 адсорбциялау нәтижесінде сорбенттердің бос радикалдар күйінің бастапқы концентрациясы өзгеретіні байқалды. Осыған байланысты зерттеліп отырған карбонизделген КҚ негізіндегі сорбенттердің парамагниттік салыстырмалы зерттеу қызығушылық тудырды. Зерттеу үшін 3см диапазонда жұмыс істейтін модернизделген ИРЭС-1001 ЭПР-спектрометрінде жүргізілді. Тіркеу шарттары қанығу эффектілері мен ЭПР сызығы формаларының өзгеруін болдырмау үшін таңдалынып алынды. КҚ ЭПР-спектрлерінің параметрлерін өлшеу нәтижелері 3-кестеде келтірілген.
Кестеден бос радикалдар күйлерінің концентрациясы үлкен шамаға (1018 сп/г) жететінін көруге болады. Карбониздеу температураларына байланысты радикалдарды күйінің концентрациясы карбониздеу температурасы 650˚С кезінде максимум арқылы өтеді, ал одан әрі температураны көтеру кезінде концентрация күрт төмендейді. Карбониздеу температурасы 800˚С кезінде концентрация максималдымен салыстырғанда 200 ретке азаяды. Сонымен бірге айта кететін мәлімет, сызық ені температураның көтерілуімен азайып, 550˚С температурада карбонизделген үлгілерде 5,7 э береді. Ал 800˚С температурада карбонизделген үлгілерде 2,8 э болады. Карбониздеу температурасына байланысты g-фактор мәні де өзгереді. Бастапқы карбониздеу температураларында алынған үлгілердің g-фактор мәні көбінесе бос радикалды жүйеге сәйкес келеді.
Бос-радикалды күйдің максималды концентрациясына сәйкес келетін 650˚С карбонизделген сорбентте ең эффективті адсорбциялау процестері байқалды. Осыған байланысты алынған адсорбентте сорбция процесі парамагниттік орталықтар болуына тура немесе жанама тәуелді деген болжам жасауға болады [37].
Парамагниттік орталықтардың адсорбция өту уақытына тәуелділігін зерттеу мақсатында жасалынған зерттеулер белгілі бір дәрежеде болжамды дәлелдейді. Адсорбция уақытының карбонизделген КҚ парамагниттік сипаттамаларының әсері келтірілген. 4-кестеде, парамагнитті орталықтардың концентрациясы сорбция уақыты неғұрлым көп болса, соғұрлым бос-радикалды күй концентрациясы аз болады.
3-кесте. КҚ-ның карбониздеу
Үлгі |
ЭПР түзуінің ені, ΔН (эрстед) |
Бос-радикалды күй концентрациясы, сп/г 1018 |
g-фактор |
КҚ-400˚С |
5,9 |
3,2 |
2,0022 |
КҚ-450˚С |
5,8 |
4,1 |
2,0025 |
КҚ-500˚С |
5,8 |
5,7 |
2,0027 |
КҚ-550˚С |
5,7 |
5,9 |
2,0030 |
КҚ-600˚С |
5,3 |
7,0 |
2,0030 |
КҚ-650˚С |
4,6 |
8,3 |
2,0020 |
КҚ-700˚С |
4,4 |
2,7 |
2,0017 |
КҚ-750˚С |
2,9 |
0,1 |
2,0018 |
КҚ-800˚С |
2,8 |
0,04 |
2,0019 |
4-кесте. 650˚С температурада карбонизделген КҚ ЭПР сперктрлері параметрлерінің мыс тұздарын адсорбциялау уақытына байланысты өзгеруі
Сорбциялау уақыты, мин |
Бос-радикалды күй концентрациясы, сп/г 1018 |
ЭПР түзуінің ені, ΔН (эрстед) |
g-фактор |
Спиндер концентрациясының бастапқы конц-ға қатынасы |
0 |
8,3 |
4,6 |
2,002 |
1 |
5 |
5,4 |
4,6 |
2,002 |
0,65 |
15 |
5,4 |
4,2 |
2,002 |
0,65 |
30 |
4,9 |
4,2 |
2,002 |
0,59 |
60 |
4,2 |
4,8 |
2,002 |
0,50 |
90 |
3,6 |
4,4 |
2,002 |
0,47 |
Процестің ұзақ жүруі (30-60 мин) парамагнитті орталықтар концентрациясы екі есе кемітеді. Адсорбциялау уақытын одан әрі ұзарту парамагнитті орталықтар концентрациясының өзгеруіне әсер ететіндігі байқалды. Осы берілген мәліметтер негізінде сорбция өткізудің оптималды уақыты 60 минут деген болжам жасауға болады.
3.5 Суды ауыр металл иондарынан тазартуда алынған көміртекті сорбенттерді қолдану
Суды ауыр металл иондарынан тазартуда әртүрлі температурада карбонизделген сорбенттер қолданылды. Мыс пен кадмий иондарын сорбциялау дәрежесінің сорбциялау уақыты мен карбонизация температурасына тәуелділігі зерттелді. Зерттеу статикалық жағдайда жүргізілді. Алынған карбонизделген үлгілердің 1 г мөлшерінің 100 см3 металл тұздары ерітіндісіндегі сорбциялық қасиеті қарастырылды. Тұз концентрациясын мыс үшін шамамен 5 мкг/см3, ал кадмий үшін 0,1 мкг/см3 құрады. 5, 15, 30, 60, 90 минут аралықтарындағы сорбциялау кезіндегі ерітіндідегі металл иондарының концентрациялары атомдық-адсорбция спектроскопия әдісінің көмегімен анықталды. Содан кейін бастапқы және соңғы концентрация айырымынан сорбция дәрежесін табылды. Мыс пен кадмий иондарын сорбциялау нәтижелері 5, 6 кестелерде көрсетілген.
11-сурет. Карбонизделген КҚ-ның үлгілерімен ерітіндегі мыс
иондарының сорбциялық дәрежесінің уақытқа тәуелділігі
11-суреттен мыс иондарының сорбциясы 6000C-та және одан жоғары температурада карбонизделген үлгі үшін бастапқы 5 минуттың өзінде 96-99% құрайды. Яғни, 6000C-тан төмен температурада синтезделген үлгілердің сорбциялық қасиетінің біршама төмен екендігін көруге болады.
12-сурет. Карбонизделген КҚ-ның үлгілерімен ерітіндегі кадмий
иондарының сорбциялық дәрежесінің уақытқа тәуелділігі
5-кесте. 1г сорбенттің әртүрлі уақыт аралығындағы мыс ионын сорбциялау нәтижелері
Сорбциялау уақыты, мин |
КҚ-400˚С (ерітіндідегі бастапқы мыс концентрациясы 4,51 мкг/см3) |
КҚ-450˚С (ерітіндідегі бастапқы мыс концентрациясы 4,8 мкг/см3) | ||
Концентрация, мкг/см3 |
Сорбциясы, % |
Концентрация, мкг/см3 |
Сорбциясы, % | |
5 |
1,69 |
64,2 |
1,49 |
62,5 |
15 |
1,61 |
69,6 |
1,13 |
64,3 |
30 |
1,47 |
75,7 |
0,844 |
67,4 |
60 |
1,1 |
79,1 |
0,8 |
75,6 |
90 |
0,8 |
80,3 |
0,8 |
82,3 |
КҚ-500˚С (ерітіндідегі бастапқы мыс концентрациясы 4,8 мкг/см3) |
КҚ-550˚С (ерітіндідегі бастапқы мыс концентрациясы 5,1мкг/см3) | |||
5 |
1,1 |
69 |
1,828 |
77,1 |
15 |
0,662 |
76,5 |
1,552 |
86,2 |
30 |
0,602 |
82,4 |
1,241 |
87,5 |
60 |
0,556 |
83,3 |
1,069 |
88,4 |
90 |
0,553 |
83,3 |
1,003 |
88,5 |
КҚ-600˚С (ерітіндідегі бастапқы мыс концентрациясы 5,1 мкг/см3) |
КҚ-650˚С (ерітіндідегі бастапқы мыс концентрациясы 5,1мкг/см3) | |||
5 |
0,223 |
95,6 |
0,077 |
97,5 |
15 |
0,145 |
97,2 |
0,067 |
98,8 |
30 |
0,115 |
97,7 |
0,029 |
99,5 |
60 |
0,068 |
98,6 |
0,029 |
99,6 |
90 |
0,065 |
98,7 |
0,027 |
99,8 |
КҚ-700˚С (ерітіндідегі бастапқы мыс концентрациясы 4,81 мкг/см3) |
КҚ-750˚С (ерітіндідегі бастапқы мыс концентрациясы 4,81мкг/см3) | |||
5 |
0,046 |
99 |
0,118 |
98,5 |
15 |
0,043 |
99,1 |
0,06 |
98,7 |
30 |
0,024 |
99,5 |
0,022 |
99,4 |
60 |
0,022 |
99,5 |
0,019 |
99,4 |
90 |
0,019 |
99,6 |
0,01 |
99,5 |
КҚ-800˚С (ерітіндідегі бастапқы мыс концентрациясы 4,81мкг/см3) | ||||
Концентрация, мкг/см3 |
Сорбциясы, % | |||
5 |
0,59 |
87,7 | ||
15 |
0,13 |
97,3 | ||
30 |
0,096 |
98 | ||
60 |
0,068 |
98,6 | ||
90 |
0,051 |
98,9 |
6-кесте. 1г сорбенттің әртүрлі
уақыт аралығындағы кадмий
Сорбциялау уақыты, мин |
КҚ-400˚С (ерітіндідегі бастапқы кадмий концентрациясы 0,1 мкг/см3) |
КҚ-450˚С (ерітіндідегі бастапқы кадмий концентрациясы 0,1 мкг/см3) | ||
Концентрация, мкг/см3 |
Сорбциясы, % |
Концентрация, мкг/см3 |
Сорбциясы, % | |
5 |
0,0355 |
64,5 |
0,025 |
75,0 |
15 |
0,0291 |
70,9 |
0,0233 |
76,7 |
30 |
0,0228 |
77,2 |
0,0169 |
83,1 |
60 |
0,0179 |
82,1 |
0,0151 |
84,9 |
90 |
0,0176 |
82,4 |
0,0146 |
85,4 |
КҚ-500˚С (ерітіндідегі бастапқы кадмий концентрациясы 0,1 мкг/см3) |
КҚ-550˚С (ерітіндідегі бастапқы кадмий концентрациясы 0,1 мкг/см3) | |||
5 |
0,0326 |
67.4 |
0,0411 |
58,9 |
15 |
0,0224 |
77,6 |
0,0273 |
72,7 |
30 |
0,015 |
85,0 |
0,0117 |
88,3 |
60 |
0,0152 |
84,8 |
0,0073 |
92,7 |
90 |
0,0117 |
88,3 |
0,0039 |
96,1 |
КҚ-600˚С (ерітіндідегі бастапқы кадмий концентрациясы 0,1 мкг/см3) |
КҚ-650˚С (ерітіндідегі бастапқы кадмий концентрациясы 0,1 мкг/см3) | |||
5 |
0,0275 |
72,5 |
0,077 |
97,5 |
15 |
0,0256 |
74,4 |
0,067 |
98,8 |
30 |
0,0158 |
84,2 |
0,029 |
99,5 |
60 |
0,0121 |
87,9 |
0,029 |
99,6 |
90 |
0,0076 |
92,4 |
0,027 |
99,8 |
КҚ-700˚С (ерітіндідегі бастапқы кадмий концентрациясы 0,1 мкг/см3) |
КҚ-750˚С (ерітіндідегі бастапқы кадмий концентрациясы 0,1 мкг/см3) | |||
5 |
0,0071 |
92,9 |
0,0018 |
98,2 |
15 |
0,0064 |
93,6 |
0,0017 |
98,3 |
30 |
0,0039 |
96,1 |
0,0015 |
98,5 |
60 |
0,0028 |
97,2 |
0,0016 |
98,4 |
90 |
0,0014 |
98,6 |
0,0015 |
98,5 |
КҚ-800˚С (ерітіндідегі бастапқы кадмий концентрациясы 0,1 мкг/см3) | ||||
Концентрация, мкг/см3 |
Сорбциясы, % | |||
5 |
0,0155 |
84,5 | ||
15 |
0,0059 |
94,1 | ||
30 |
0,0069 |
95,1 | ||
60 |
0,0035 |
96,5 | ||
90 |
0,0029 |
97,1 |