Семей силикат зауыты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 10:03, реферат

Краткое описание

Адамзат әрқашан «Өз үйім – өлең төсегім» деген принципті ұстанады. Сонымен қатар кез-келген адам жайлылықты жақсы көреді. Өзін қауіпсіздікте сезінгенді ұнатады. Сондықтан өз баспанасының жайлы, әдемі ең бастысы болғанын қалайды. Ал осы баспананың негізгі құрылыс материалы кірпіш болып табылады. Ежелгі адамдар да өз қауіпсіздігі, табиғаттың келеңсіз жағдайларынан қорғану үшін үңгірлерді паналаған. Бірақ бертін келе баспана тұрғыза бастаған. Олар құрылыс материалдарының орнына сабанға араластырған саз балшықты қолданған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

мк.docx

— 52.19 Кб (Скачать документ)

 

 Зауыттың партия, кәсіподақ  ұйымдарының қажырлы жұмысы негізінде  бір бесжылдықта үнемделген көрсеткіштер:

 - қазандық отыны – 1889 т.;

- электроэнергия - 993 мың  квт сағатына;

- жылу энергиясы-8433 гкал.;

- құм - 24000 м3;

- әктас - 460 тон.;

- ұсақтағыш зат - 192 тн.

 

Бугаев В.А. басқарған  бу цехі ұжымы пайдаланылған бумен силикат поселкісіндегі тұрғын үйлерді, маңайдағы оқу орындарын, зауыт ғимараттарын жылытуға және оларды ыстық сумен қамтамасыз етуге ұсыныс жасап, 50 мың рубль қаражат үнемдеді. Олардың бұл тәжірибелерін Қазақ ССР промстройматериал Министрлігі басқа кәсіпорындардың пайдалануына ұсыныс жасады.

 

Адианов Б.Т., Сервидович В.П., Черненко В.Т., Романов А.Я., Бугаев В.А., Дмитриенко А.А., Штрайхерт А.Г., Никитин В.Е., Толмачев А., Куликов Б.К., Сорвачев М.Н., Немцов В.М., Гендриксон А.С., Гребнев И.И. сияқты техникалық шығармашылықпен жұмыс істейтін зауыт белсенділері кәсіпорынның дамуына өз үлестерін қосты. Жыл соңында ҒТҚ Кеңесі шығармашылығымен ерекше көзге түскен жұмыскерлерді марапаттады. Зауыт жұмысшылары жыл сайын аттестациядан өтіп отырды. Бұл тәжірибені зауыт басшылары  Ворошилов К.Е. атындағы Днепропетровск комбайн зауыты және Калинин құрылыс материалдар  комбинатынан үйренді. Аттестациялық комиссия әр жұмыс орнын аттестациялап,оларға паспорт берді. Аттестациядан өте алмаған жұмыс орындармен зауыт басшылығы,партия,кәсіподақ ұйымы жұмыс жүргізді. Ланг В.Б.,Козинцев В.Н., Ботова Г.И. шеберлер бригадалық жұмысты ұйымдастырды. Жұмысшылардың 80% осы бригадалық әдісті қолдады. Осының нәтижесінде еңбек тәртібін бұзушылар жойылды. Бұл жаңалығы үшін Министрік  В.Б. Лангқа  арнап плакат шығарды.

 

 

11 бесжылдықта 2.7 млн. дана  кірпіш жоспардан тыс шығарылды. Бригадалық әдіспен жұмыс істеген ұжымдарда өндіріс озаттары қатарлары көбейіп, олардың іс-тәжірибесі таратылды. №2 кірпіш цехінің престеуші-операторы, 3 дәрежелі Еңбек Даңқы Орденінің иегері, Дуванов атындағы Кеңес кәсіподақтары сыйлығының лауреаты, О.И. Беруктың іс - тәжірибесі «Строительная газетада» таратылды. 11 бесжылдықта Берук он жылдық норманы орындап тастады. Беруктың ізбасарлары да болды. Олар - Казанова Р., Толмачева Н.П., Дровалева П.Д., Аксенова Г.В. Беруктың тәжірибесін Қазақстанның басқа өндірістеріне тарату ұсынылды.

 

Өндіріс тиімділігіне арналған курс

 

Тоғызыншы бесжылдықтан бастап өндіріс тұрақты дами бастады. Партияның XXIVсъезі қарсаңында зауыт ұжымы  «Аз шығынмен сапалы өнімді артығымен  береміз»- ұранын қабылдады. Зауыт күннен - күнге өнім көлемін арттырып, еңбек  өнімділігін көтерді. Зауытта шаруашылық есеп комиссиясы құрылды. Бұл комиссия зауыттағы өндірістік-шаруашылық қызмет мәселерін қарастырды. Бұл мәселелерді  шешу зауыт экономикасын дамытуға жол  ашты. Дәл сол кезде өте қажет зауыттың өндірістік кеңесі құрылды. Бұл кеңестің мақсаты-жұмысшыларды, инженер-техникалық жұмыскерлерді, зауыт қызметкерлерін өндіріс басқармасына тарту. Кеңес отырыстарында еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндіріс мәдениеті, өнім сапасы, социалистік жарыс, өндіріс механизациясы және автоматизациясы, т.б. сияқты өзекті мәселелер қарастырылды. Осындай шаралардың ұйымдастырылуымен зауыт тоғызыншы бесжылдықтың бірінші жылы өнім шығару жоспарын 106.2%, ал силикат кірпіш шығаруды 104.4% орындады. Бесжылдықтың соңғы жылында өнім сату көлемі 4815 мың рубль болды, ал 1971 жылы екі жарым есе артты. Кірпіш шығару бес жылда 2.5 есе артып, 1449 мың данаға жетті. Қазақстан бойынша 547.6 млн. дана кірпіш таратылды. Бұл жоспардан 16.1 млн. артық еді. Еңбек өнімділігі жоспары 4.4% артты. Жұмыс сапасы көрсеткіші артқанына өнімнің өзіндік құнының өсуі дәлел. Зауыт кірісі жылдан-жылға жүйелі артып отырды. 1971 жылы жоспардан тыс 51 мың рубль, 1975 жылы 143 мың рубль кіріс алынды. Бесжылдықта барлық кіріс 2741 мың рубль болды. XXV съезде сөйлеген сөзінде Л.И.Брежнев: «Тиімділік-біздің экономикамыздың маңызды бөлігі» - деді. Бұл сөзді зауыт жұмыскерлері қабылдап, бесжылдықты тиімді аяқтауға шешім қабылдады. 1976 жылы өнім сату көлемі жоғары деңгейге көтерілді. Екі жыл аралығында 303.7 млн. кірпіш шығарылды. Бұл тапсырмадан 5.4 млн. артық. Еңбек белсенділігін арттырудың ең бірінші шешімі-социалистік жарыс. Жұмысшыларды тәрбиелеуде еңбек бәсекелестігі көп ықпалын тигізді. 1967 жылдан бастап зауыт ұжымы Республикалық және Бүкілодақтық социалистік жарыстарға қатысады. Тоғызыншы бесжылдықта зауыт 20 рет жүлделік орынға ие болды. 1974-1975 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК, Министрлер Кеңесі, кәсіподақ ұйымы Қызыл Туымен марапатталды. ВДНХ құрмет тақтасына және Қазақ КСР «Құрмет кітабына» енгізілді. Ұлы Отан соғысы жеңісінің 30 жылдығына қарсы және компартия XXV съезіне қарсы Семей «Большевичка» тігін комбинаты және Семей құрылыс материалдар зауыты ұжымы «Екпінді еңбек апталығын» бастады. Бұл бастаманы қаланың басқа кәсіпорындары да қолдады. Жоғары көрсеткіштері үшін зауыттың 117 жұмысшысы «Социалистік жарыстың жеңіскері» деген белгімен, 49 жұмыскері «Тоғызыншы бесжылдықтың Екпіні» деген белгімен марапатталды. Зауыт директоры Борис Георгиевич Еремин 1976 жылы «За трудовую доблесть» медалімен, 1977 жылы «Знак почета» орденімен, 1986 жылы «Трудовое Красное Знамя» орденімен марапатталды.1975 жылы зауытқа «Коммунистік Еңбек ұжымы » атағы, ал 1982 жылы зауытқа «60-летие образования СССР» атауы берілді. Зауыттың 300 жұмысшысы 2 жылдың тапсырмасын мерзімінен бұрын орындады. Олар: Любовь Алексеевна Щеглова, Вера Клементьевна Феденева, Людмила Ивановна Семенова, Надежда Павловна Солдатова, Ольга Андреевна Сурчакова, Мария Егоровна Путинцева, Владимр Богданович Ланг, Р.С. Зяблова, М. Хилькевич, Г.Г. Кретинина, В.К. Мельников, Н.И. Хазов және т.б. Бұл жұмысшылар 3 жылдық  жоспарларын Ұлы Октябрь революциясының 60 жылдығына қарсы мерзімінен бұрын орындады.  Социалистік жарыстардың формалары да әр түрлі және нақты бола бастады. Мысалы, жарыстар қорытындысы ай сайын цех арасында немесе кезек арасында декада, мамандықтар бойынша белгілі болып отырды. Зауыттың партия ұйымы және кәсіподақ комитеті жарыс қорытындысын жариялап отырды. Ол үшін зауыт ішінде көрсеткіштер тақтасы және қабырға газеті, ақпарат беттері, «Сигнал» радиогазеті ұйымдастырылды. Жарыстар қорытындысы бойынша марапаттау формалары және әдістері жетілді. Бірінші орын алған коллективке зауыттың Қызыл туы, вымпелдер, құрмет грамоталары, ақшалай сыйақы , бағалы заттар берілетін болды. Марапаттау салтанатты түрде өткізілді. Ең озат жұмыскерлердің суреттері цех және зауыттың құрмет тақталарына ілінді. 600 адамнан артық жұмысшы Коммунистік Еңбек Ерені аталды. Әр квартал сайын «Ең жақсы маман» атағы беріліп отырды. Ең бірінші болып бұл атаққа Р.С.Зяблов, Т.В.Погодин, З.В.Трусов, В.Е.Никитин, В.М. Немцов ие болды.

 

Жұмысшы денсаулығы - еңбек өнімділігінің маңызды  кепілі.

Бірінші он жылдықта зауытта 230-240 адам қол жұмыс істеді. Оның ішінде 90 әйел бір кезекте 30 тонна  кірпіш көтерген күндері болды. 330-340 адам немесе 90% ылғал, шаң, газданған  бөлмелерде арнайы киімсіз аяқ киімсіз  жағдайда еңбек етті. Кейбір цехтерде желдеткіштер де болмады, тек 1965 жылы пресс  және автоклав бөлімдеріне вентиляция жүйесі орнатылды. Осындай жағдайлар  кадр тапшылығын туындады. Жұмысшылар жиі ауысып отырды. Ұжымның жиі  жаңаруы жұмыс барысына ықпалын  тигізді. Ауру-сырқау, жарақат алу  сияқты оқиғалар жұмысшылар арасында жиі кездесті. Зауыттың техникалық жағдайының жақсаруы еңбек тиімділігін  арттырды. 1969 жылдан бастап өндіріс мәдениеті бойынша цех аралық жарыстар ұйымдастырылды. Нәтижесінде әр кезек өз жұмыс орнын, жабдықтарын таза, ұқыпты ұстауға шешім қабылдады. Жұмыс орнында санитарлық сағаттар өткізілді. Осының бәрі еңбек жағдайының жақсаруына, ауру-сырқаудың азаюына, еңбек мәдениетінің артуына ықпал етті. Еңбек мәдениетін арттыру үшін өткізілген шаралар қала бойынша таратылып, басқа кәсіпорындар ұжымынан қолдау көрілді. Семей қалалық Коммунистік комитеті зауыт негізінде «Жұмысшы денсаулығы - әр басшының маңызды міндеті, еңбек өнімділігінің маңызды кепілі» атты қалалық семинар өткізді. Құрылыс материалдар Министрлігі және Республикалық кәсіподақ комитеті ұйымдастырған «Еңбекті қорғау бойынша ең озат кәсіпорын» атты жарыста зауыт ұжымы белсенділік көрсетті. Оныншы бесжылдықтың үшінші жылы зауытта «Тәртіп, тазалық, сұлулық» атты жарыс ұйымдастырылды. Бұл жарыс жастарды өз ісі үшін, зауыт мүддесі үшін жанашыр болуға тәрбиеледі. Жарысқа барлық цехтер, бөлімдер, зауыт басқармасы, кезектер, бригадалар қатысты. Жарыс барысында шаралар жұмысшылардың өз күшімен, яғни, сырттан көмексіз атқарылды. Вентиляция, аспирация жүйелері жаңартылды, қол жұмыс механизацияланды, жұмыс орындары көркейтілді, өндіріс және тұрмыс ғимараттары жөнделді, ғимараттар сырты әктеліп, боялды, зауыт территориясы жөнделді. Осы жұмыстардың барлығы зауыт жұмыскерлерінің күшімен іске асты. Еңбек мәдениетін көтеру үшін жасалған шаралар нәтижесінде 70 әйел адам ауыр қол жұмысынан босатылды. Барлық автоклавтар дабылды - блок қақпақтармен, температураны және қысымды бақылау, реттеу приборларымен жабдықталды. Техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Госгортехнадзор мекемесі бекітілген кестеге сай дефектоскопиялық бақылау және автоклавтарды, автокрандарды диагностикалау жұмысын жүргізді.  Қауіпсіздік шараларына бас инженердің орынбасары Ю.И. Щетинин және аға инженер В.В. Мариенко жауапты болды. Қазір бұл қызметті В.В. Мариенко мырза басқарады. Өткен жылдары қол жұмыстарын қысқартуға арналған 300 шара өткізілді. Еңбек жағдайын жақсартуға арналған жұмыстар арқасында шаң, газданған цехтер мүлде жоқ. Вентиляция жүйесіне және жабдықтардың герметизациялануына байланысты жұмысшылар ауасы таза цехтерде жұмыс істейді. Ауру-сырқаумен жұмыс босату жайлары едәуір қысқарды. Зауыт территориясы әр цехке, бөлімге бөліп берілді. Олар өз жерінің тазалығы, әдемілігі үшін жауап берді. Зауыт териториясы да, жұмыс орындары да шамдармен жабдықталды.Барлық жұмысшылар және қызметкерлер сәнді жұмыс киімімен қамтамасыз етілді. Зауыт ұжымы Облыстық партия комитеті және Облыстық атқару комитеті, Құрылыс Материалдар Министрлігі дипломдарымен, Қызыл тумен марапатталды. Бүгінгі күні зауыт алаңы 2.5 га көгалдандырылған. 1.5 км зауыт маңы жолы асфальтталған. 2007 жылы Шығыс Қазақстан бойынша еңбек, қаіпсіздік, еңбекті қорғау заңын орындау жарысы нәтижесінде «Силикат» ЖШС I орынға ие болды.

 

 Әлеуметтік-тұрмыстық және мәдени даму

 

Жаңа техника енгізілуімен бірге әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер  де шешілді. 1976 жылы зауыт тұрмыстық корпус салды. Бұл корпус бес қабатты, жан-жағына ағаштар, гүлдер отырғызылған. Жаз бойы зауыт территориясы гүлзарлардағы гүлдермен құлпырып тұрады. Тұрмыстық корпус ұжымын Н.А. Лемякина басқарады. Бірінші қабатта денсаулық цехі орналасқан. Барлық бөлмелер кең, жарық, таза. Физиотерапевтік кабинет УВЧ, ультрафиолет шамымен, ингаляторлармен жабдықталған. Процедура кабинеті, терапевт - дәрігердің кабинеті бар. Ем алғаннан кейін демалыс бөлмесінде демалып, теледидар көруге болады.  Сондықтан зауыт жұмысшылары арасында кәсіби аурулар жоқ. Зауыт қызметкерлерін келісім - шарт бойынша теміржол ауруханасы емдейді. С.З. Макарова жыл сайын дәрігер мамандарды зауытқа шақырып, жұмысшыларды медициналық қараудан өткізеді. Спорт залында аурудың алдын алу мақсатымен лекциялар, семинарлар, практикалық сабақтар өткізіледі. 100 орындық асхана және дүкен зауыт территоричсындағы орналасқан. Мереке күндері аспаздық көрмелер ұйымдастырылады. 9 мамыр мерекесінде кәсіпорын озаттары, соғыс және еңбек ардагерлері салтанатты жиынға шақырылып, сыйлықтармен марапатталады. Зиянды еңбекпен айналысатын жұмысшыларға тегін сүт беріледі. Тәулік бойы жұмыс істейтін цехтерде дәмхана бар. Зауытта 250 орындық, мәжіліс залы бар. Зауыттың көркем өнерпаздар ұжымы, ән-би тобы бар. Соңғы бесжылдықтарда 30 мың квадрат метр тұрғын үй салынды. «Тұрғын үй-91» мемлекеттік бағдарламасына сай әр жұмысшы, әр отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Зауыт жұмысшыларының балалары толықтай балабақшамен қамтамасыз етілді. 260 орындық балалар комбинаты ашылды. Зауыт жұмысшылары және олардың отбасы демалысы үшін қала сыртынан қарағайлы орман ішінде, Ертіс өзенінің жағалауында 220 орындық демалыс орны ашылды. Бұл екі қабатты ғимаратта асхана,бассейн,ойын алаңы бар. Қыс мезгілінде жұмысшылар мұнда шаңғы тебуге келеді. Жазғы уақытта зауыттың кәсіподақ комитеті жұмысшыларға Алакөл, Голубой залив, Бурабай сияқты демалыс орындарына жолдама береді. 1980 жылы өз қосалқы шаруашылығын ашты. Бұл шаруашылықта зауыт асханасы үшін шошқа өсірді. Сөйтіп, әр жұмысшы жыл сайын осы шаруашылықтан 30 кг ет алып отырды. Зауыт жұмысшылары сауықтыру шараларына да қатысты. Мысалы, футбол, волейбол, баскетбол, теннис, ауыр атлетика, шаңғы, коньки, т.б. спорт түрлеріне спартакиадалар өткізіледі. Бұл жұмыстарға мұрындық болып отырған адамдар Б.Н. Шушеньков, А. Майснер, Д. Жакашев. 1976 жылы зауыт директоры бастаған экономикалық кеңес ашылды. Бұл кеңес құрамына партбюро хатшысы, бас механик, жоспарлау бөлімінің бастығы, т.б кірді. Бұл кеңестің мақсаты – оқу - әдістемелік және ақпараттық материалдар дайындау, цех, кезектердің экономикалық көрсеткіштерін көтеру үшін көмек көрсету. Цех, бөлім бастықтары жылына бір рет Кеңес алдында есеп беріп отырды. Мысалы, бу цехінде «Жұмыс орнынан бастап өнім шығарғанға дейін - жақсы сапа» атты сабақ өткізілді. Үгітші Л.Ф. Адианова өз сөзінде зауыт жұмысының өндіріс көрсеткіштерімен тығыз байланыстылығын айтты. Тыңдаушылар сабақта белсенділік көрсетті. Су, бу, отын шығынын есептеп, оларды қалай үнемдеу керек екені туралы ойларын айтты. №1 цех операторы Л.И. Семенов, №2 цех жұмысшысы А.Б. Флоров, әктас күйдіруші Н.И Симаков, ұста В. Конобевский сияқты озат жұмысшылардың тәжірибелері туралы плакаттар шығарылды. Ал Я.А. Капков, А.А. Дмитриенко сияқты белсенді рационализаторлардың іс-тәжірибелері туралы «Ертіс» гәзетіне мақала шықты. Зауытта болып жатқан ғылыми-техникалық прогресс еңбек қарқынына түбегейлі әсерін тигізді. Қазіргі таңда білікті жұмысшы күрделі техникалық жабдықтың тілін біледі. 1967 жылы зауытта 500 адам жұмыс істеді. Олардың 36-сы инженер-техникалық қызметкер болды. 36 маманның 24-інде арнайы орта білім, тек 5-еуінде ғана жоғарғы білім болды. Он жылдан кейін инженер және техниктердың саны 60 адамға жетті. В.П. Сервидович, В.Т. Черненко, А.Б. Бугаев, А.М. Грязнов, Е.Г. Семенов, Д.Б. Шушеньков сияқты жұмысшылар өндірістен қол үзбей жоғарғы оқу орнын бітірді. Инженер-техникалық қызметкерлер Ресей және Қазақстанның алдыңғы қатарлы қалаларына барып біліктіліктерін арнайы курстарда көтеріп отырды. Ал О.И. Горбунова, Г.И. Ботова, Н.А. Наумова сияқты қызметкерлерге зауыт қаражат бөліп, олардың жоғарғы оқу орнын бітіруіне көмектесті. Қазір Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде М. Власенко, инженер Р.М. Махмутов, Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде механик С.Гуц, Павлодар Еуразия техникалық университетінде слесарь И.Ф. Мальцев білім алады. Зауыттан көптеген басшы кадрлар шықты. Бірнеше талапты басшыларды тәрбиеледі. Мысалы, Семей облысы Курчатов қаласы қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы Н.М. Сафронов, Семей қаласы аудандық атқару комитетінің төрағасы В.В. Малинин, облыстық партия комитетінің бөлім бастығы А.И. Березин, Лениногорск, Семей кірпіш зауыттарының директоры А.И. Польской және т.б. 23 жылдан артық заыутты басқарған Қазақ КСР құрметті құрылысшысы Б.Г. Еремин көптеген өндіріс басшыларын тәрбиеледі. Мысалы, «Силикат ЖШС» қазіргі бас директоры Б.Т. Адианов, комерциялық директоры Г.И. Стариков, техникалық директоры Б.Н. Шушеньков. Зауыттың белсенді жұмысшылары: Б.Ф. Плотников, В.П. Сервидович, И.И. Захарченко, А.И. Польской, В.А. Гасс, А.А. Дмитрюк, Л.А. Подопригора, И.Д. Синицына, В.Н. Пахотина, Ж. Макашев, З.П. Силкина, Г.Н. Жукова, Р.С. Зяблова, ЛюИ. Харитоненко, А.А. Гасс, И.И. Гребнев, К.К. Смагулов, В.Т Черненко, П.А. Юдин, И.И Селютин. А.В. Маслов, М.А. Махмутов, С. Кандабаров, Г.Г Кретинина, Боровиков, С.Д. Суховеркова, А.Б. Акаева, А. Нетишинский, В. Демидов, В. Гуссер, О.И. Горбунова, Г.В. Горбунов, В.А. Феденев, Е. Исатаев, Г.И. Семенов, В.В Южаков, Г.И. Ботова, Д. Смаилов, Е.П. Наку, М.Н. Зяблова, В.П. Бучин, И.Н. Сагайдачный, В.П. Степанов, Г.В Матвеев, Н.П. Гасперт, В.П. Митрофанов, Д. Емельянов, В. Конобевский, В. Лидберг, Н.Н. Копыльченко, В. Кузнецов және т.б. Зауыт ұжымы еңбек дәстүрлерімен және еңбек династиясымен бай. 1989 жылы Сербин Г.И. қабырға материалдары өндіріс бірлестігінің бас директоры болып сайланады. Сол жылы Г.И. Сербин кірпіш зауытын «Созидатель» құрылыс коперативі құрамына беру туралы ұсыныс жасайды. Бұл ұсынысты облыстық комитет және облыстық атқару комитеті басшылары қолдайды. Кеңес одағының құруына байланысты мемлекеттік тапсырыстар жойылып, экономикалық реформа өндірістің барлық деңгейлерін қамтиды. Барлық жерде құрылыс тоқтайды. Әрине, осы кезде зауыт өнімді аз шығаруға мәжбүр болды. Ал 1994 жылы зауыт жабылды, яғни, жылына 100 млн. кірпіш шығаратын өндіріс тоқтап қалды. 1993 жылы 22 ақпанда жекешелендіруге байланысты «Силикат» акционерлік қоғамы тіркелді. Президенті болып Борис Тимофеевич Адианов сайланды. Енді кәсіпорын тәуелсіз болды, бірақ көп қиыншықтарға барып тірелді. Айналымдағы қаражаттың тапшылығы, инфляция, тұтынушылардың төлеу қабілетсіздігі, жоғары % несие, фискалды салық жүйесі - осы жағдайлардың бәрі өндіріс барысына ықпалын тигізді. Бүкіл Қазақстан бойынша өндіріс қарқыны түсіп қалды. Біздің өнімге деген сұраныс түсіп қалды. 1993 жылы 188.3 млн кірпіш өндірілсе, 1995 жылы бұл сан 35.9 млн болды. Жалпы экономикалық дағдарысқа, қаладағы ірі кәсіпорындардың тоқтағанына қарамастан «Силикат» АҚ өз жұмысын тоқтатпады. Қалай да болмасын тіршілік жасау екенін зауыт басқармасы, жұмысшылары да түсінді. Сондықтан өз күштеріне ғана сеніп, тіршілік көздерін іздей бастады. Өнімнің бағасы, оны сату, бартер, есептесу әдістерінің тиімді жағын іздестірді. Кезінде әктас күйдіретін пештерге Ресейден алып тұрған Кузбасс көмірі қоры таусылып, жергілікті Майқұба, Қаражыра, Екібастұз көмірлерін қолдана бастады. Отандық көмір сапасы, әрине, төмен болды. Олардың атмосфераға шығаратын зиянды заттары аймағымыздың экологиясына жаман әсерін тигізді. 1991-1993 жылдарғы жоспарға сәйкес Суық бұлақта әктас зауыты құрылысы басталуы керек еді. Жоспарланған бұл зауыт экологиялық таза болуы керек. Атмосфераға шығарылған нормадан артық зиянды заттар үшін миллиондаған айыппұл төленді. Сондықтан №4,5,6 пештерге шаң-газ тазартушы құрал орнатылды, ал № 1,2,3 пештердің тазартушы құралы жаңартылды. Енді цех ұжымы, бас мамандар әктасты күйдірудің тиімді технологиялық әдісін іздей бастады. 2005 жылы келісім-шартқа сай Кемерово қаласы «Кокс» АОҚ металлургия коксын жіберіп отырды. Әктас күйдіргіш пештер толығымен коксқа көшті. Сөйтіп, атмосфераға шығарылатын зиянды заттар мөлшері азайды, әктас сапасы жоғарлады. Акционерлік Қоғам басқармасы қарамағындағы тұрғын үйлерді қала балансына бермек шешімін қабылдады. 1993 жылдың 1 наурызында «Силикат» АҚ балансында 36098 м2 тұрғын үй, балабақша, пионер лагері, жанұялық жатақхана болды.

 

Сол кезеңдегі өндірістен тыс шығындар:

- тұрғын үйге-43 млн рубль

- балабақшаға-8 млн рубль

- «Экология» бағдарламасына - 23 млн рубль

 

1996 жылы «Силикат» АҚ  «Силикат» ААҚ болып қайта  құрылды. Сол жылы «Силикат»  ААҚ Астана қаласы құрлысы  үшін құрылыс материалдарын жеткізуге  тентер ұтып алды. Қазақстанның  басқа қалаларына да кірпіш  жеткізіле басталды.Қазақстанның  басқа өндірістерімен салыстырғанда  «Силикат» ААҚ кірпіш пен әктасқа  ең төмен баға қойды. Зауыт  басқармасы өнімнің өзіндік құнын  және өнім сапасын бақылауға  алып отырды. 1999 жылы «Силикат» ААҚ өнім сапасы үшін Халықаралық Платина жұлдызы берілді. Зауыт ұжымы үнемі Республикалық, облыстық көрмелерге қатысып, әртүрлі Дипломдармен марапатталды. «Қазақстанның ең үздік тауарлары» атты көрмеге қатысып, Семей қаласы әкімінің Дипломымен марапатталды. 2002-2004 жылдары Астана қаласында Промстройиндустрия ұйымдастырған III және V Қазақстан Халықаралық көрмесіне қатысып, «Силикат» АҚ өнім сапасы үшін Дипломмен марапатталды. 2003 жылы «Силикат» АҚ «Силикат» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі болып қайта құрылды. 2006 жылы «Силикат» ЖШС Астана қаласында Промстройиндустрия ұйымдастырған VII Қазақстан Халықаралық көрмесіне қатысып,өнімінің жоғары сапасы және прогрессті технология енгізгені үшін Дипломмен марапатталды. Бұл жетістіктер Қазақстан аумағында «Силикат» ЖШС бәсекелестікке төтеп бере алатынына дәлел. 2005 жылы «LASKO» Германия фирмасының КSE-400 гидравликалық пресі орнатылды. Енді кірпіштер сапасы одан да жоғарлады. 2006 жылы «LASKO» фирмасының KSP-801 гидравликалық пресі орнатылды.Бұл жабдықты ең алғашқы игергендердің бірі инженерлер А.В. Ботов, А.Ю. Попов, операторлар И.В. Колпакова, С.Г. Ковязина, слесарь А.Н. Сабанцев болды. 1999 жылдан бастап түсті кірпіш өндіру қолға алынды. 2004-2007 жылдары автоклав бөлімінде қосымша гидравликалық ашылатын қақпағы бар төрт автоклав орнатылды. Жүк машиналар паркі де кеңейіп, өсе бастады. Жабық вагондардан жүк түсіруші вильчатый погрузчик, 10.0 тонна жүк көтере алатын мостовой грейферный кран, 32 тонна жүк көтере алатын автокран сатып алынды. Автопаркке автосамосвал алынды. Жылу пункіне қазіргі заманғы жылу алмастырғыштар орнатылды. Жыл сайын жасалып отырылған әртүрлі техникалық шаралар арқасында қол жұмысы қысқарып,еңбек жағдайы және еңбек мәдениеті көтерілді. Кірпішті автоклавта ылғалмен өңдеу процесін автоматты бақылау жүйесі, мобилді телефон байланысы, крандарға бейне камера орнатылды. Бұл жұмыстар еңбек жағдайын жақсартып, техникалық қауіпсіздікті арттырды. Вентиляция жүйесі қайта құрылды. Соңғы үш жылда жаңа инженер желісі, яғни жылу трассасы, канализация, водопровод салынды. Мұнда В.Т Черненко, механик Н.Н. Лазурин, бас энергетик С.В. Докунин, цех басшылары Г.В. Горбунов, В.А. Польской, Т.Т Хисамитов, М.А. Боровиков, КИПиА бастығы С.Н. Тамбовцев, В.П. Болкунов белсенділік көрсете білді. Зауыттың территориясына жас ағаштар егіліп, гүлзарларға гүл өсірілді. Зауыт территориясының экологиялық ахуалы жақсарды. Жылдан-жылға өнім көлемі, өнім сату көлемі, еңбекақы қоры да өсті. 2006 жылы 1.7 млд теңгеге тауар сатылды. Бұл көрсеткіш 2005 жылға қарағанда 700 млн теңгеге артық. 2006 жылы негізгі өндіріс капиталы инвестициясы шамамен 280 млн болса, еңбекақы орта есеппен 36.500 теңгеге дейін көтерілді. Бұл көрсеткіш 2005 жылға қарағанда 7.500 теңгеге артық. 2006 жылы зауыт қайырымдылық қорына 4.0 млн теңге құйды. INSAM Женева Бизнес және Басқару институты қолдауымен «Силикат» ЖШС «Эффективно развивающееся предприятие» номинациясы бойынша марапатталды.Бұл награда Қазақстан бойынша зауыт өз саласында көшбасшы екендігінің дәлелі. 2007 жылғы маусым айында Сертификаттау органы «Силикат» ЖШС-не ENISO 9001-2000 cәйкес силикат кірпіш және әктас өндіру саласында менеджмент жүйесі Сертификаты тапсырылды. Қазіргі заманда тұтынушылар сапалы, әдемі буылған өнім алғысы келеді. Тапсырысын мерзіміне сай сапалы дайындайтын Серіктеспен бірігіп жұмыс істеген қандай тамаша. Осындай кәсіпорынның бірі болып «Силикат» кірпіш зауыты есептеледі.

 

Зауыттың даму перспективалары

 

50 жылдан бері 5 миллиард  дана кірпіш өндірілді, яғни, осынша  кірпіштен миллион тұрғыны бар  қала салуға болады. «Силикат»  ЖШС шығармашылықпен белсенді  өмір кешіп жатыр. Өнімі халықаралық  сапа стандартына сай. 2007 жылы жөндеу-механика цехінің өндіріс алаңы қайта құрылды. Автоклав вагоншалар дайындау технологиясы жетілдірді. Алдыңғы он жылға жеткілікті кварц песокпен қамтамасыз ету үшін зауыттан үш шақырым жерде 76.6 га жер теліміне геологиялық барлау жұмысы жасалып жатыр. Директорлар Кеңесі алдымыздағы уақытта №2 кірпіш өндіру цехін өндіріс қуаты 60-70 млн дана кірпіш шығаратындай етіп қайта құру жоспарлап отыр.

Бұл қайта құру төмендегідей жұмыстарды қамту керек:

- «седвич» плиталарына  және оцинкованный профлистқа  ғимарат қабырғаларын ауыстыру, шатырды жөндеу;

 - силикат масса дайындайтын бөлімді жөндеу;

- кесек әктасты ұнтақтайтын жабдықты, шар диірменді,элеваторды жөндеу;

- «LASRO» фирмасының автоматты технологиялық кірпіш шығару жүйесін орнату;

- 2х19м маркалы төрт жаңа автоклавты орнату және бес ескі автоклавты жөндеу;

- автоклавтан кірпіш шығаратын механизмді және өндіріс жолдарын жөндеу;

- кірпіш қалайтын жүйе және поддон алу, силикат масса дайындайтын №1 кірпіш цехінде дистанционды басқару жабдығын орнату.

 

Қазіргі уақытта ISO 14001 экологиялық  менеджмент жүйесін, OHSAS-18008 қауіпсіздік  және денсаулық сақтау менеджмент жүйесін  енгізу барысында жұмыс жүріп жатыр. Бес жыл арасында ПНР шығарылған 9 автоклавты және дайын өнім қоймасындағы 1961 жылы шығарылған 2 мост кранды ауыстыру керек. Бүгінгі күні цех басшыларының, механиктердің,шеберлердің 50% жас мамандар.

 Адымызға қойған барлық жоспарымызды орындаймыз деген сеніміміз бар.

 

 

 

 

 

 

                                     Жоспар:

 

Кіріспе

 

I. Зауыттың тарихы

 

II. Техникалық үдеріс – кәсіпорынның сара жолы

 

III. Өндіріс тиімділігіне арналған курс

 

IV. Жұмысшы денсаулығы - еңбек өнімділігінің маңызды кепілі.

V. Әлеуметтік-тұрмыстық және  мәдени даму

Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Семей силикат зауыты