Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 10:03, реферат
Адамзат әрқашан «Өз үйім – өлең төсегім» деген принципті ұстанады. Сонымен қатар кез-келген адам жайлылықты жақсы көреді. Өзін қауіпсіздікте сезінгенді ұнатады. Сондықтан өз баспанасының жайлы, әдемі ең бастысы болғанын қалайды. Ал осы баспананың негізгі құрылыс материалы кірпіш болып табылады. Ежелгі адамдар да өз қауіпсіздігі, табиғаттың келеңсіз жағдайларынан қорғану үшін үңгірлерді паналаған. Бірақ бертін келе баспана тұрғыза бастаған. Олар құрылыс материалдарының орнына сабанға араластырған саз балшықты қолданған.
Адамзат әрқашан «Өз үйім – өлең төсегім» деген принципті ұстанады. Сонымен қатар кез-келген адам жайлылықты жақсы көреді. Өзін қауіпсіздікте сезінгенді ұнатады. Сондықтан өз баспанасының жайлы, әдемі ең бастысы болғанын қалайды. Ал осы баспананың негізгі құрылыс материалы кірпіш болып табылады. Ежелгі адамдар да өз қауіпсіздігі, табиғаттың келеңсіз жағдайларынан қорғану үшін үңгірлерді паналаған. Бірақ бертін келе баспана тұрғыза бастаған. Олар құрылыс материалдарының орнына сабанға араластырған саз балшықты қолданған. Заманға сай кірпіштің алғашқы түп нұсқасы осылай пайда болды. Кірпіш – жасанды құрылыс материалы. Оны саз және кремнезем жынысынан, өнеркәсіп қалдықтарынан күйдіру не автоклавта булау арқылы алынады. Жасанды құрылыс материалдары жасалу технологиясына қарай байланыстырғыш заттар көмегімен жасалатын бетон, темір-бетон, асбест-бетон, асбест цемент, силикаттық бетондар мен кірпіш, құрылыс қоспалары; саз топырақтан күйдіру арқылы алынатын керамикалық құрылыс материалдары; құмды түрлі қоспалар қосып бақыту арқылы алынатын кеуек материалдар, ситалдар, минералдық мақталар болып бөлінеді. Сонымен қатар, әр түрлі табиғи тау жыныстарынан іргетастар, қабырғалық әшекейлік , т.б. құрылыс материалдар жасалынады. Органикалық байланыстырғыш заттардан жол құрылысына қажетті жабын, ылғал өткізбейтін заттар дайындалады. Оны жаппай Көне Мысырда жасай бастаған. Яғни, б.з.б. 3-1 мыңжылдықта түрлі түсті өрнектелген архитектуралық кірпіштер шыққан. Яғни, кірпіштің ежелгі заманда дамыған жерлері Оңтүстік Шығыс Азия, орта Азия елдері, Ежелгі Мысыр болып табылады. Осы елдерден кейін грек саяхатшылары Шығыстың ұлы өркениетті мәдениетімен танысып, оның озық үлгілерімен өз елдерінде жасауға, орнықтыруға асықты. Б.з.б. 1 мыңжылдықтан бері грек шеберлері шығыс үлгісіндегі күрпіш жасауды қалға алып, өзіндік әдіспен дамыта білді. Соның нәтижесінде Ежелгі Грекияда, Римде кірпіш жасаудың мектептері қалыптасты, жүздеген шеберханалар жұмыс істеді. Олардың өнерінің өзге халықтарға да ықпалы мол болды. Қазіргі таңда дүние жүзінде кірпішті өндіру процесі жақсы дамыған. Әлемдік практикада ең алғаш Қазақстанда жаңа керамикалық «золокерам» материалдары жасалып, өндіріске енгізілді. Бұл кірпіштің өндірісінің Қазақстанда да дамығанының белгісі болып табылады.
Жетіжылдықтың тұңғышы Семей силикат зауыты Қазақстандағы ең ірі кәсіпорындардың бірі болып саналады. Осы шақта – «Силикат» ЖШС. Қазір Шығыс Қазақстан облысындағы өндіріс, азаматтық, мәдени-әлеуметтік объектілердің көбі силикат кірпіштен салынған. Сонымен қатар зауыт өнімдерінің мосқал бөлігі Қазақстанның және Ресейдің түкпір –түкпіріне жеткізіледі. Ал түсті металлургия кәсіпорындары және алтын өндірушілер әктасты өз технологияларында пайдаланады. Зауыттың тату-тәтті ұжымы шығармашылықпен жұмыс істей отырып, бір-біріне қайырымдылық жасауға дайын.
Директорлар кеңесі, инженер-техникалық қызметкерлері жаңа технологиялар енгізумен бірге еңбек жағдайын жақсарту мәселелерін шешу барысында үнемі шығармашылық ізденісте. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын негізге ала отырып зауыт ұжымы алдына құрылыс материалдарын шығаруда үлкен бағдарламақойып отыр. «Силикат» ЖШС Қазақстан құрылыстарына 140 миллион дана кірпіш және 70 мың тонна әктас жіберіп отыр.
Қазіргі жетістіктерге
жету үшін зауыт
Зауыттың тарихы
1953 жылы қала маңынан
кварц құм кенорындары табылды,
1958 жылы уақытша технология
сұлбасы бойынша зауыттың
Қазіргі елеуіш бөлімнің орнында СМ-14 диірмені және ұсақтағыш тұрды. Төрт адам - нан тұратын бригада әктасты ұсақтағышқа күрекпен әперіп тұрды. Содан кейін әктас элеватормен бункерге, ары қарай диірменге түсті. Бірінші айларда әр кезекте тек 15-20 м3 силикат масса шығарып үлгерді. Тек 1959 жылдың қаңтар айында бір кезекте 66 м3 силикат масса дайындала басталды. Бұл өте жоғары көрсеткіш болып есептелді. Осыған орай зауыттың ұжымына арналған «Молния» шығарылды.1959 жылы тәулігіне 15 тонна әктас шығаратын 5 күйдіргіш пештер орнатылды. Бұл пештердің де жұмыстары қолмен жасалды. Кесек-кесек әктастарды қол балғамен ұсақтау керек еді.Күйдірілген әктас пештен қолмен алынды. Бір кезекте 8 адам, 1 жүргізуші жұмыс істеді. Осы ауыр жұмыста көп жылдар Абишев А., Минасипов М., Мұхамеджанов К., Колтышев А., Асаинов А., Рудометов А., Фатихов Ю., т.б. сияқты еңбекқор адамдар болды. Дайын өнім қоймасындағы автокранға кірпіш тиелген вагоншаларды таятып, одан автокөлікке немесе теміржол вагондарына тиеген. Қазіргідей кірпіштер буылып тиелген жоқ. Кірпіштердің сапасы төмен, көбінесе 75-100 маркалы кірпіштер болды. 1961 жылы №1 кірпіш цехіне қосымша 3 автоклав, пресс бөліміне СМ-481 пресі орнатылады. Сол жылы зауыттың өндіру қуаты да артып, 60,3 млн. дана кірпіш шығарылады. Зауыттың ең бірінші директоры болып Губский Петр Тимофеевич тағайындалды. Ол кісінің ұйымдастырушылық қабілеттілігі өте жоғары болды. Сондықтан зауытта партия,комсомол,кәсіподақ ұйымдарының жүргізуімен жастар арасында тәрбие жұмыстары жүріп жатты. Партия ұйымының хатшысы - Одинцев Иван Иванович. Кәсіподақ ұйымының хатшысы - Свистунов Григорий Филиппович. Басты кезеңде зауыт алдына қойылған жоспарды әрқашан толығымен орындай алмады,өйткені еңбек өнімділігі төмен,өнім сапасы нашар болды. Силикат кірпіш құрамында әктас негізгі компонент болып табылады. Әктас жақсы ұнтақталған болса,кірпіш сапасы да жоғары болдады. Бірақ жұмыс барысынды диірмен дұрыс істемесе,әктас кесектеліп кетеді. Сондықтан сапаса төмен өнім шығарылады. Сонымен қатар кірпіш күйдірушілердің біліктілігі де төмен болды. 1962 жылы Губский П.Т. Целиноград қаласына силикат кірпіш зауытына директор болып тағайындалады. Семей зауытына директор болып Семей цемент зауытында цех бастығы болған Кислуха Федор Федорович тағайындалды. Зауытқа үшінші СМ-436 диірмені, 2 механикалық әктас күйдіргіш пеш орнатылып, отын және әктас сақтайтын қойма салынады. 1964 жылы зауыт директоры болып Назаров Алексей Андреевич тағайындалады. Қазақстанның халық шаруашылығына өзерістер енгізіле басталды. Совнархоз жойылып, Главк деген жоғарғы басқармалар құрылды. Енді зауыт Өскемен қаласындағы «Восток-Стройдеталь» тресі қарамағына, ал 1967 жылы - Семей қаласында қайта құрылған «Семстройдеталь» тресі қарамағына берілді. Зауыттың еңбек, санитарлық жағдайларына байланысты санэпидемстанция, котлонадзор сияқты бақылау орындары бірнеше рет зауытты жабу туралы ұсыныс жасады. 1964 жылы қиындықтарға қарамастан дайын өнім қоймасына 2 кран іске қосылады. Бұл жұмысшылар үшін көп жеңілдік болды. Краншы мамандығын ең бірінші болып Дмитрюк А.А., Титова В., Фокина Т.М. деген жұмысшылар игерді. 1965 жылы өнімділігі тәулігіне 50 т әктас 2 механикалық күйдіргіш пеш орнатылды. 1964-1965 жылдары зауытқа техникум, институт бітірген жас мамандар – Трибушная Г.А., Наумова З.И., Назарова М.А., Кубрик П.Е., Костенко А.Н. келді. Олар тез арада білікті мамандар қатарын толтырып, өз істерінің шеберлері болды. Мысалы, Кубрик П.Е. бас технолог болып тағайындалды. Зауыт басқармасы жас мамандарды тәжірибелерін көтеру, біліктіктерін арттыру үшін Барнаул силикат зауытына, Өскемен титан-магний комбинатына оқуға жіберді. 1965 жылы Назаров А.А. денсаулығына байланысты зейнеткерлікке шығады. Зауытқа төртінші директор болып Өскемен кірпіш зауытының цех бастығы Еремин Б. Г. тағайындалады. Тәжірибесі мол Еремин Б.Г. қызметіне тез-ақ кірісті. Зауытқа білімді жастар тартылып,цех басшыларының біліктіліктеріне,еңбек жағдайын жақсартуға, жұмысшылардың мәдени өміріне көңіл бөліне басталды. Жас бастықтар, инженер-техникалық қызметкерлер және зауыттың барлық жұмыскерлері үшін төмендегі заңдылықтар міндетті болды:
- адал, ұйымшыл еңбек ету, материалдық құндылықтарға сақтықпен қарау;
- жаңа техниканы игеру, алдыңғы тәжірибелерді әрқашан қабылдау;
- біліктіліктерін үнемі
арттырып отыру, өз
- өндіріс және санитарлық мәдениетті көтеру;
- бір күндік тіршілікпен
ғана өмір сүрмей,келешекке
- жоспар орындау - басты міндет, ал оны асыра орындау - әр жұмыскердің абыройы.
10 жылдан артық уақыт
кірпіш күйдіру уақытша шахта
пештерде жасалды. Механикалық
пештер іске қосылғаннан кейін
еңбек өнімділігі артты, өнім
сапасы жақсарды. Бұл пештердің
жұмыс тәртібінің
Оған төмендегі шаралар енгізілді:
- әктас күйдіретін пеш салу;
- екі диірмені бар елеуіш бөлім;
- силостың астынан масса алынатын жүйені қайта құру;
- компрессор бөлімін кеңейту;
- жөндеу-механика цехін салу;
- тұрмыс корпусын салу;
- басқа шаралар.
Осы шараларды іске асыру үшін Промстройматериал Министрлігі қаражат бөледі.1976 жылы бесінші әктас күйдіргіш пеш, үшінші шар диірмені, жөндеу-механика цехі, тұрмыс корпусы іске қосылады.Қалған ескертулер мен кемшіліктерді түзетуге зауыт өз қаражатын бөлді. №2 кірпіш цехін, жаңа қазандықты іске қосарда зауыт басшылары көп қиындықты басынан өткізді. Жобалауда жасалған қателіктер, білікті мамандардың жетіспеушілігі,жабдықтардың жиі сынуы, кадрлардың жиі ауысуы-осының бәрі зауыттың жұмысына кедергі жасады. Ең ауыр учаскелерде басшылық жасаған адамдар:цех бастығы Бугаев В.А., №2 механика цехі бастықтары Балабанов В.П., Худолей И.А. Наку Е.П., Ланг В.Б., Супрун Г.И., Калистратов В.М., Горбушин В.Н. сияқты шеберлер зауыт ұжымының басын қосып, бірлікпен, ынтымақпен жұмыс істеу үшін аянбады. Кірпіш өндіру қарқыны жыл сайын артып отырды. 1970 жылы 64,6 млн. дана кірпіш шығарылса, 1975 жылы 145 млн. кірпіш өндірілді. Сөйтіп, Семей силикат кірпіш зауыты Қазақстан құрылыс индустриясында алдыңғы орындардың біріне ие болды. 1974-1975 жылдары түсті силикат кірпіш шығару қолға алынды. Бұл кірпішпен «Центральная» қонақ үйі, әуежай, Технология университеті, стомотология емханасы және басқа ғимараттардың сыртын қаптады. Осы жылдары зауытта теледидар жүйесі, радио жүйесі іске қосылады, диспетчерлік қызмет кеңейіп, кезек басшылары болып, тәжірибелі мамандар тағайындалады. Кезек басшылары кез-келген мәселе бойынша жедел шешім қабылдауға міндетті. Теледидар жүйесі бойынша кезек басшысы цехта болып жатқан барлық жағдайды бақылап отырады.
Зауыт басқармасының цехтік құрылымы анықталды:
- негізгі цех - №1 және 2 әктас цехі, көлік-шикізат цехі, бу цехі;
- қосалқы цех – жүк арту және жүк түсіру цехі, жөндеу-механика цехі, жөндеу-құрылыс цехі, КИПиА және электроцех, тұрмыс корпусы.
Техникалық үдеріс – кәсіпорынның сара жолы
Осыдан бастап зауыт Алматы Стройпроект ҒЗИ, Москва ВНИИСТРОМ, ВНИЭСМ, Гипростром, Таллин, Силикатбетон ҒЗИ, Краснодар НИПИОТСРОМ, Минск ҚМҒЗИ, Өскемен Түсті металдар ҒЗИ және т.б. сияқты мекемелермен тығыз жұмыс істей бастады. 1960-1980 жылдар аралығында зауыт 400 рационализаторлық жаңалық тапты. Әсіресе 9 және 11 бесжылдықта зауытта рационализаторлар қатары артты. Тек қана 11 бесжылдықта 178 рационализаторлық ұсыныс жасалды. Бұл ұсыныстар нәтижесінде 241000 рубль үнемделді. Мысик Г.Г, Дмитриенко А.А, Немцова В.М, Гендриксон А.С, Капкова Я.А, Афанасьва А.А сияқты рационализаторларды ерекше атап кету керек. 1981-1982 жылдарда 10 қол автоклавын толық Польша мемлекетінде өндірілген гидравликалық автоклавтарға ауыстырылды.осылай автоклавшылардың жұмысы механикаландырылды. №1 кірпіш бөлімі 1985 жылы қайта құрудан өтті. Енді силикат кірпіштің сапасы артып, мөлшері артты. Краснодар политехникалық институтының ғылыми-зерттеу жұмыстарын пайдалана отырып, зауыттың конструкторлар тобы жылына 10 мың м2 қаптауға арналған декоративтік плитка шығаруды жоспарға енгізді. №4-6 пештердегі пластина конвеерлер ауыстырылды, СМ-126 және СМС-246 сместительдері СМС-95 смесительдеріне ауыстырылды.Қазандық бөліміндегі көмір ұсататын жабдық жаңартылды. «Дорстнер» пресінің жұмысы жандандырылды. №2 цех алаңында вагоншалар жөндейтін ғимарат салынды. №1 цех алаңындағы СМ-436 диірмені СМ-1456 диірменіне ауыстырылды. Дайын өнімдер алаңында рационализатор Мысик Г. жаңалық енгізіп, жұмысшылардың еңбегі жеңілденді. Сапа категориясы бойынша өнім аттестациясы өткізілді.11 бесжылдықта 10.71 млн. дана қызғылт кірпіш шығарылды. 2003 жылдан бастап Ж-1 Ярославль теміртотығы негізінде сары кірпіш өндіріле басталды. 1985 жылы зауыт 11 бесжылдықты 17 желтоқсанда аяқтады. Тек 1985 жылы 172 млн. дана силикат кірпіш, 2.33 млн. түрлі-түсті кірпіш, 93 мың тонна әктас, 8.0 тонна құрылыс әктасы өндірілді.Кірпіштің маркасы 144.8 кг.\см2 жетті.