Пластмассалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2015 в 14:28, курсовая работа

Краткое описание

Пластмассалар, пластикалық материалдар — құрамында бұйымдарды дайындау кезінде созылғыштық немесе жоғары иілгіштік, пайдалану барысында шыны тәріздес немесе кристалдық қалпын сақтайтын полимерлі материалдар, диэлектерлік қасиеті жоғары, атмосфера әсеріне тұрақты, мех. жағынан берік болады. Пластмассалардың кез келгенінің түп негізін полимерлер құрайды. ПЛАСТМАССАЛАР, пластикалық м а с с а л а р) — сыртқы жағдай әсерінен белгілі бір пішінге келтіруге қабілетті және сол ПІШІНІН сақтайтын, шыны тәрізді не криссталды күйде болатын материалдар.Полимерлерден басқа пластмассалардың құрамына пластификаторлар, толықтырғыштар, стабилизаторлар, бояғыш заттар енеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курстық жұмыс.docx

— 1.32 Мб (Скачать документ)

 Жоғалыммен  күрестің ең тиімді жолы мұнай және мұнай өнімдерімен айналушы суды канализация ағымдарын ластануын қысқарту, мұнай жинағыштарды жабу, өте тиімді радиалды тұндырғыштарды пайдалану болып саналады. Құбыраралық су тоңазытқыштар орнына ауамен суыту аппараттарын салу, сораптарда сальникті тығыздағышты тік кесіндімен алмастыру, саңылаусыз майлаусыз істейтұғын сораптар мен компрессорларды ендіру, мұнай өнімдерінің сумен жоғалуын көп азайтты, сондықтан да, айналушы сумен қамтамасыз ету мен тазалау шоғырларында зиянды заттардың ауаға бөлінуі кемиді.

Қалдық пен қалдық өнімдерін темір жол эстакадаларында құюда және құйып алуда цистернадан атмосфераға ығысушы немесе буланушы көмірсутектердің бөлінуі орын алады. Қалдық жоғалымдармен күресудің ең

тиімді әдісі - құю-құйып алу операцияларын төкпей, эстакада саңылаусыз құралдармен жабдықтау. УСН және АСН типтес саңылаусыз құю жабдықтарымен жабдықталған эстакадалар қазір жұмыс істеуде. Бірақ темір жол цистерналарының конструкциясы әртүрлі болуына байланысты саңылаусыз құюды пайдалану көп қиындықтар кездестіреді.

Қайта пайдалануға болмайтын булар мен газдарды ашық жағуға арналған жабдықтар - факел шырағы қоршаған ортаны күкірт, көміртегі және азот оксидтерімен ластау көзі болып саналады.

    Факел  шырағының осындай теріс әсерін  азайту үшін мынадай шаралар  қолданады:

-     факел    жүйесінде    мүмкін    болғанша    булар    мен    газдар қалдықтарын азайтады;

-     факел жүйесіндегі өнімдерді  ұстап қайта өңдеуге жібереді;

-     факел шырағындағы жану жағдайын  жақсартады.

Сақтау қақпақтарының тез-тез іске қосылуын болдырмау үшін, нормативті құжаттарда аппараттардағы технологиялық қысымнан сақтау қақпақтарының есептелінген қысымы 15-20 % көп болуы қажет.

    1. Қоршаған ортаны қорғау

 

Химиялық процестердегі шекті құбылыстар. Қоршаған ортаның органикалық  қоспалардан ластануы. Органикалық қоспаның түзілу механизмдері.

1. Қазіргі кездегі қоршаған  ортаның ластаушы көздері.

2. Биосфера ластану процесінің  кезеңдері.

3. Қоршаған ортаның химиялық  ластануы.

4. Фотохимиялық тұман.

5. Қоршаған ортаның химиялық  заттармен ластануын жіктеу кестесі.

Адамдардың шаруашылық қызметі қазіргі кезде биосфераны ластаушылардың негізгі көзі болып отыр. Табиғи ортаға күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптің газ тәріздес, сұйық қатты қалдықтары түсіп отырады.

Қазіргі кезде ауаны ластайтын улы заттардың 150-ден астамы белгілі. Бұл заттар ауада күн сәулесінің әсерімен бір-бірімен реакцияға түсіп, жаңа қосындылар түзеді.

Өнеркәсіп дамыған елдерде ауаны ластаушы улы заттың бірі күкірттің қос тотығы(SO2) коксхимия  зауыттарымен, тау-кен өндіру және целлюлоза – қағаз өнеркәсіптерінің жұмысы нәтижесінде ауаға шығарылады. Олар ауада ылғалдың әсерінен күкірт қышқылына айналады. Құрамында күкірт қышқылы бар тұман немесе ылғалды ауа адамның, жануарлардың тыныс жолдарының кілегей қабаттарына, терісіне әсер етеді және өсімдік те көп зардап шегеді.

Ауадағы фторлы сутек, қоңыр көмірді жағудың нәтижесінде ауаға күл бөлінеді, цемент зауыттарынан шыққан цемент шаңдары топыраққа калий, кальций, магний элементтерінің көбеюіне себеп болады. Ал фосфор зауытына жақын жерлерде фосфордың мөлшері көбейеді. Құрамында мырыш пен қорғасын бар металлургия зауытының қалдықтары да өте улы әсер етеді.

Органикалық осы улы заттарға төзімділігі әр адамның өзінің жеке басының гигиенасына байланысты, ең алдымен денсаулығы, жасы мен жынысына байланысты болып келеді.

Ендігі жерде біз қоршаған ортаның қазіргі заманғы нақты проблемаларына тоқталамыз.

Қазіргі кезде бізді қоршаған ортаның ластаушы көздерін төмендегідей топқа бөлеміз:

1) Физикалық ластану – радиоактивті заттар, электромагнитті толқындар, жылу, шулар, тербелістер.

2) Химиялық ластану –көміртегі өнімдері, күкірт, көмірсулар, шайынды сулар, пестицидтер, гербицидтер, фторлы қосылыстар, ауыр металдар, аэрозолдар.

3) Биологиялық ластану – ауру қоздырғыш бактериялар мен вирустар, құрттар,жәндіктер.

4) Эстетикалық зиян – табиғаттың қайталанбас ландшафтарының бүлінуі, орман-тоғайлардың жойылуы.

Биосферадағы ластану процесін 3 кезеңге бөлеміз:

- ластаушы заттардың  таралуы;

- ластағыштардың биомассаға  енуі;

- ластағыш заттардың  биологиялық топтануы немесе  қорлануы;

Азот оксидтері. Азоттың қосылыстары атмосфераға көбінесе ормандардағы өрттерден, ірі өнеркәсіп орындарынан бөлінетін заттар төңірегінде жинақталады. Жалпы атмосфераға азот қышқылының 95% көмірді пайдаланғанда бөлінеді. Оның 40% автокөлік, 30% электростанциялар, 20% өндіріс орындарында қазба отындардың үлесіне тиеді. Нәтижесінде, жер шары бойынша жыл сайын атмосфераға 60 млн. тонна азот оксиді шығарылып отырады. Ол одан әрі су буымен реакцияға түсіп, азот қышқылын түзеді. Азот қышқылы табиғатта ниттарға айналып, одан жауын құрамында жер бетіне түседі. Нәтижесінде, бүкіл тіршілікке зиянын тигізеді. Адам баласы азот оксидтеріне душар болған жағдайда тыныс жолдарының қабыну, бронхит, ентікпе және өкпе – тыныс жолдарының ауруынан зардап шегеді.

 

Фотохимиялық тұман. Атмосфера қабатында азот оксидтері, көмірсулар, озон, күннің радиациясының фотохимиялық реакцияға ұшырауы нәтижесінде пайда болатын улы түтін. Оның Лондондық тұманнан айырмашылығы автокөлік моторларынан шығатын газдарды құрап, күндізгі жағдайда улы түтін түзуге бейім келеді.

 

Химиялық ластану түрлері

Табиғи ортаға тигізетін әсері

Адамға тигізетін зардабы

1

Ауыр металдар

Автокөліктерден бөл-інетін зиянды газдар

Улы газдар адам өмірін бірнеше жылға қысқартады

2

Қышқыл жауындар

Көмір қышқылының көбеюі,оттегінің азаюы

Адам баласына зияны тиеді,сонымен қатар өсімдіктер мен жануарлар зардап шегеді

3

Радиация

Химиялық улы заттар-дың ауаға жиналуы

Адам баласы сәуле ауруына ұшырайды

4

Биологиялық,бактериялық жолмен ластану

Биологиялық қару сыналған жер(Қазақстанда Арал теңізінде)

Адам биологиялық ластанудан оба,шума,алапес т.б. ауруларға шалдығады

5

Космосты игеруге байланысты қоршаған ортаға келетін зияндар

Ракеталардың ұшырылуы, атом қаруларын сынау

Озон қабатының жұқаруына байланысты УК сәулелер тіршілікті жояды


 

 

Азот оксидтерінің түзілу механизмдері. Термиялық механизм келесі элементар реакцияларға негізделген:

О + N2 → NO + N            k1 = 168 ∙ 1014 exp (-318 кДж ⁄ моль ∙ RT) cм3  ⁄ моль ∙ с;

              N + O2 → NO + O           k2 = 9,0 ∙ 109 exp (-27 кДж ⁄ моль ∙ RT) cм3  ⁄ моль ∙ с;

              N + OН → NO + Н           k3 = 2,8 ∙ 1013 cм3  ⁄ моль ∙ с;

Механизмнің  «термиялық» деп аталу себебі: (1) реакцияның активтену энергиясы өте жоғары, бұл азот молекуласындағы берік үш байланыспен түсіндіріледі. Сондықтан реакция тек жоғары температурада ғана жылдам өтеді.. Жылдамдығы аз болғандықтан (1) реакция термиялық NO түзілу үшін лимиттеуші саты болып табылады.

Жылдам түзілу механизмін 1979 жылы Фенимор ұсынған. Ол көмірсутектердің жазық жалынының үстінен NO концентрациясын өлшеп, NO концентрациясы зонд жалынға төменгі жағына жеткенде де Зельдович механизмі болжағандай нөльге жетпейтінін анықтайды. Термиялық механизммен салыстырғанда жалын шебінің үстінде NO жылдам түзілетін бұл механизм күрделірек, себебі NO СН радикалдарынан жылдам түзіледі. Жалын шебінің үстінде аралық өнім ретінде түзілетін СН ауадағы азотпен әрекеттесіп, көгерткіш қышқылы (HCN) береді, ол ары қарай NO - ға дейін әрекеттеседі:

СН + N2 → HCN + N → (→ ....→ NO , немесе → ... → N2)

СН радикалының ізашары ретінде ацетилен отынға бай жалындарда ғана жиналады, демек бұл механизм отынға бай жалындарда ғана басым болады.

Отынның құрамындағы азоттың азот (II) оксидіне айналу механизмі негізінен көмір жанғанда байқалады, себебі «таза» көмірдің құрамында көптеген химиялық байланысқан азот болады. Азотты қосылыстар газдану процесінде буланып, газды фазада NO түзілуіне алып  келеді.

 

        Дипломдық жобада кәсіптік қауіпсіздік  пен денсаулықты басқару жүйесінің  OHSAS 18001 стандартына сай қондырғыда  қауіпсіз жұмыс істеу шаралары  қарастырылған. Жұмысшылардың денсаулығын  қорғау, еңбектің тіршілікке қауіпсіз  шарттарымен қаматамасыз ету, кәсіби  аурулар мен өндірістік жарақаттанудың  алдын-алу мен жою егемен еліміздің  басты міндеттемелерінің бірі  болып табылады.

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Пластмассалар