Пластмассалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2015 в 14:28, курсовая работа

Краткое описание

Пластмассалар, пластикалық материалдар — құрамында бұйымдарды дайындау кезінде созылғыштық немесе жоғары иілгіштік, пайдалану барысында шыны тәріздес немесе кристалдық қалпын сақтайтын полимерлі материалдар, диэлектерлік қасиеті жоғары, атмосфера әсеріне тұрақты, мех. жағынан берік болады. Пластмассалардың кез келгенінің түп негізін полимерлер құрайды. ПЛАСТМАССАЛАР, пластикалық м а с с а л а р) — сыртқы жағдай әсерінен белгілі бір пішінге келтіруге қабілетті және сол ПІШІНІН сақтайтын, шыны тәрізді не криссталды күйде болатын материалдар.Полимерлерден басқа пластмассалардың құрамына пластификаторлар, толықтырғыштар, стабилизаторлар, бояғыш заттар енеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курстық жұмыс.docx

— 1.32 Мб (Скачать документ)

 

 

1-матрица, 2-құю жолды төлке, 3-қозғалмайтын  тақта, 4-бағыттаушы бағана, 5,9-бағыттаушы  төлкелер, 6-орталық төлке, 7-тірек  тақтасы, 8-тірек білеуі, 10-қозғалмалы  тақта, 11-құйыршық, 12,13-итеруші жүйенің  қосарланған тегістеуіштері, 14-тіреуіш  бағанасы,      15 контритергіш, 16-итергіштер, 17-сотан, 18-белгі, 19-сотандар  құрсамасы, 20-матрица құрсамасы.

     Пішімдерді салқындату – белгілі  деңгейде, құю машиналарының өндірісіне  әсер етеді. Салқындатуды тепе-теңдікте  жүргізуге, пішімнің пішімдеушілігіне, нішімнің беттік құйылуына, шөгудің  тереңдігіне және қозғалмалылығына, бұйымның дәл пішімделуіне әсер  етеді.

Жоғары емес бұйымдарды суыту матрица мен сотандарда іске асады. Өте жоғары бұйымдарды құю кезінде арналарда салқындатуды матрица мен сотанның қуысын суыту жүйесі қолданылады. Жоғары сотандармен суытуды құбыр көмегімен іске асырады. Бұл құбыр арқылы суық су ыстық сотанға келеді: қалдық суды сақиналы саңылау арқылы, құбырдың сыртымен шығады. Көпұяшықты пішімдерде жоғары сотандарды суытуды кезекпен жүргізу қажет.

Күрделі бөлшектерді өндіру үшін, құйылу пішіміндегі сотан мен матрицаны салқындату лабиринтті салқындату бойынша іске асады. Мұнда суық су орталық арна бойымен қуыстардың жоғарғы бөлігіне барады, онда балқыма температурасы өте жоғары. Одан кейін қуыс қабырғалары бойымен шиыршық жолмен су сотанның қабырғасының жылуын сіңіріп алып шығады. Мұндай салқындату сотанның барлық жағының температурасы бірдей болғанда қолданылады.

Бұйымдарды құйылу пішімінде пішімдеу

    Бұйымдарды пішімдеу процесі  материалдың пішімге келуінен  басталады. Термопластикалық материалдар  суытылған пішімде пішімделеді. Ол материалды салқындату және  шөгу деп аталады. Материалды  салқындату нәтижесінде және  жаңа материалдың ауа сорғышты  цилиндрден ағуы кезінде пішімдегі  қысым өзгеріске ұшырайды. Нәтижесінде құюжол арнасында материал қатаяды, ал пішім ауас сорғышты цилиндрде оқшауланады. Келесіде бұйымды пішімдеп салқындату цилиндрдегі жаңа материалдың ағуынсыз жалғасады, сонда пішімдегі қысымның пішімдеуі тез жүреді. Егер шүмекті пішімнен құюжолдың қатаюына дейін апарса,онда пішімдегі қысымның төмендеуі материалдың кері ағуынан жылдымдайды. Салқындату және қатаюдан кейін пішімді ашып, бұйымды шығарады [7].

Құю пішімінің температурасы судың немесе басқа да жылу тасмалдағыштың көмегімен ұстап тұрылады. Пішімді толтыру кезінде (2сурет) материалдың маңдайалды пленканың 1 кезекті созылу жолымен ауысады. Қозғалыссыз қабаттағы 3 суық пішімнің қабырғасына 2 жағалай орналасқан суыған материал үстімен жаңа үлестер қозғалады (2а сурет).

 

 

Сурет 1.6  Пішімді толтыру кезіндегі материалдың қозғалуы

 

Кейіннен маңдайалдының қозғалуы пішімдегі ағыспен (2б және 2в сурет) қысымнаң кейбір нүктелерде R өсуін іске асырады. Бұл қысымның өсуі түзілген толқындарды тегістеп отыруға көмектеседі. (2г, 2д сурет). Беттік қабат жай ағыс нәтижесінде салқындайды, бұйымда кейбір тегістелмеген толқындардың іздері қалып қояды. Егер құюжол тесігі материалдың ағуы жолында орналасса, онда жоғарыдағыға қарағанда пішімге толу өте жақсы жүреді. Бұл жағдайда материалдың қозғалуы кезінде жоғары жылдамдықпен пішімді толтыру тұтас шеппен емес, бөлек үзіліссіз ағынмен жүреді. Мұнда процесс алға ұмтылып пішімді толтырады. Пішімдегі қысым көтеріліп, материалдың ішкі қуысында пішім үйлесімі жүреді.

Пішімді толтыру процесінен әсер ететін негізгі факторларға – материалдың қасиеті мен температурасы, қысым, пішіннің құрылымы мен геометриясы жатады. Құю пішіміндегі температура толтыру процесіне өте аз әсер етеді. Пішімге жоғары температура берсек, онда толтыру шарты жеңілдеп пішімдегі қысым төмендейді.

Қиын құрылымды термопласттарды құю пішімдерін толтыру үшін құюды жоғары жылдамдықта жүргізу керек. Мұндай жағдайда қысымды және пішімді жабуды жоғарлату да қажет. Құюдың қысымы автоматты түрде оңай реттеледі, сол үшін оған арнайы қысымды реттейтін гидро және электро жүйелі машиналар орнатады [8].

Қысыммен құю – ең кең тараған және дамыған әдіс, пластмассаларды өңдеу әдісі, өйткені еңбек пен энергияны аз жұмсап конфигурациясы күрделі бұйымдар алуға мүмкіндік береді. Бұл әдіс әртүрлі күрделілік дәрежесіндегі бұйымдарды дәл алуға мүмкіндік береді.

Бұйым жасау процесі балқыманың қалыптың пішіндеуші қуысын толтыру, одан әрі қысым мен суыту есебінен оның нығыздалуына негізделген. Осы тәсілмен барлық дерлік термопластарды өңдеуге болады. Қысыммен құюда әдетте аққыштық көрсеткіші 2-7 г/10 мин дейінгі полимерлерді қолданады.

Червякты пластикациялы термопалставтоматтың схемасы төменде суретте көрсетілген. Машина үрлеуі – пластикациялау түйіні материалды цилиндрден 3, қыздыру бөлігінен және червяктан тұрады. Червяк ілгерілемелі қайталанбалы қозғалыс жасайды. Червякқа айналу электроқозғалтқыштан немесе редуктор арқылы гидромотор арқылы 7 беріледі. Ілгерілемелі қайталанбалы қозғалыс червякқа сузы түйіні гидрожетегі цилиндрлі 7 арқылы беріледі.

Түйістіру түйіні гидрмеханикалық жеткпен бірге кіші габюаритті гидравликалық цилиндрден 1, поршеннен, және беруші тұтқалы құрылғыдан 2 тұрады. Поршень жоғары қарай қозғалған кезде тұтқалар түзетіледі және аралық плита өзіне қосылған плитамен бірге, жылжымалы жартылай қалыппен оңға жылдам қозғалады.

 

 

Червякты пластикациялы термопластавтоматтың схемасы:1 – гидравликалық түйістіру түйіні цилиндрі; 2 – тұтқалы құрылғы; 3 -  материальды цилиндр; 4 - червяк; 5 - бункер; 6 - редуктор;  7 – шығару түйіні гидрожетегі цилиндрі

 

Материалды цилиндр қалың қабырғалы құбыр түрінде жасалады. Цилинрдің алдыңғы бөлігінде бұрандалы ұяшықта сопло бекітіледі, оның арналуы материалды цилиндр қуысын литникты каналмен байланыстыру және құю қалыпын түзу болып табылады. Материалды цилиндр электроқыздырғыштармен қыздырылады; балқыма температурасы термопара көрсету құралдарымен және терреттеушімен бақыланып және реттеліп отырырылады.

2. Червяк шартты түрде үш аумаққа  бөлінуі мүмкін: тиеу аумағы, пластикация  аумағы және дозалау аумағы.

Тиеу аумағында материалдың қатты бөлшектері червяк түйінімен қарпылып және алға қарай тасымалданады; материалдың үйкелу коэффициенті цилиндр қабырғасына материалдың червякқа үйкелу коэффициентінен жоғары болуы қажет. Материалды тиеу аумағында тасымалдау шарты червяк параметрлеріне, цилиндр температурасына, червяк температурасына, гранула пішіні мен полимерлі материал қасиеіне байланысты болады. тиеу аумағының өзінде материал араласып бастайды. Тиеу аумағының өнімділігі червяк параметрлеріне – диаметр, канал тереңдігі және винтті сызықтың көтерілу биіктігіне байланысты болады.

Пластикация аумағында цилдиндр бойымен жылжыған сайын материал қыздырылады және жұмсарады. Бұл аумақта материал балқып және тұтқыр аққыш күйге өтеді. Мұнда материал бастапқыда қатты бөлшектерден, ал кейін балқымадан тұрады.

 

 

Материалдың материалды цилиндрде жағдайының өзгеру схемасы

 

Пластикациялау процесінің негізгі факторлары болып червяк параметрлері (ұзындығы, диаметрі, қадамы, канал тереңдігі), червяктың айналу жиілігі, пластикация қысым есептеледі. Бұл факторлар пластикациялық цилиндр өнімділігін, материал температурасын және порциялар қатары дәлдігін анықтайды.

Пластикациялық өнімділік – машинаның инжекциялық бөлігі 1 сағат ішінде дайындай алатын пластикацияланған материал мөлшері:

    

Мұндағы: Gпл – пластикациялық өнімділік, кг/сағ; V – құю көлемі, см3; - тығыздық, г/см3; tпл – пластикация уақыты с.

 Қысыммен  құю процесінің негізгі параметрлері  болып: құю температурасы, құю қысымы, қалып температурасы, құю циклы  уақыт есептеледі. Пішінделу өте  қысқа мерзімде өтетіндіктен, балқыма  өте үлкен жылдамдықпен қалыпқа  үрленеді, яғни бұл қосымша қыздырылу  мен макромолекулалардың бағытталуына  апарады. Өте тез екі жақты  балқыманың сууы көлемінің қатты  өзгеруіне соғады, ол полимер  сыртынан суытылатындықтан, түзілген  сыртқы қабаты көлемінің кішіреюіне  кедергі жасайды, сондықтан да  қыртыстану қаупі бар. Мұны  болдырмау  үшін суытар алдында қалыптағы  қысымды 140-180 МПа көтеру қажет. Дегенмен  жоғары қысымды суыту релаксациялық  процестердің өтуін қиындатады  кристалдану жағдайы өзгереді. Қысыммен  құюда конфигурациясы күрделі  бұйымдар жасалатындықтан барлық  элементтерін бірдей суыту мүмкін  емес. Сондықтан да релаксациялық  процестер бұйымның әр жерінде  әртүрлі деңгейде аяқталады, ол  суыған соң бұйымның қайталануы, беріктігінің төмендеуі немесе  сызаттар тудыратын ішкі қалдық  кернеулер қалады.

Қысыммен құю – технологиялық операциялар тұйық циклмен белгілі бір ретпен орындалатын үздікті процесс.

Құю циклының жалғасу уақыты бір жағынан технологиялық уақытпен анықталады, атап айтқанда ол дәл қалыптың толу уақытымен, құйманы салқындату ұзақтығымен, екінші жағынан қалыпты жуу, сопланы құю тетігіне беру, шығару және қалыпты ажырату уақытымен анықталады. Машиналық уақыт машинаның құжаттамалық сипаттамасы болып табылады, ал технологиялық уақыт тәжірибелік жолмен анықталады. Мысалы, төмен тығыздықтағы полиэтиленді өңдеу кезінде құю температурасы – 150-270°С, қалып температурасы – 20-60 °С, құю қысымы -100 МПа.

 

Қысыммен құю процесiнiңтехнологиялық параметрлері

Қысыммен құю процесінің негізгі параметрлері болып: құю температурасы, құю қысымы, қалып температурасы, құю циклы уақыт есептеледі. Пішінделу өте қысқа мерзімде өтетіндіктен, балқыма өте үлкен жылдамдықпен қалыпқа үрленеді, яғни бұл қосымша қыздырылу мен макромолекулалардың бағытталуына апарады. Өте тез екі жақты балқыманың сууы көлемінің қатты өзгеруіне соғады, ол полимер сыртынан суытылатындықтан, түзілген сыртқы қабаты көлемінің кішіреюіне кедергі жасайды, сондықтан да қыртыстану қаупі бар. Мұны  болдырмау үшін суытар алдында қалыптағы қысымды 140-180 МПа көтеру қажет. Дегенмен жоғары қысымды суыту релаксациялық процестердің өтуін қиындатады кристалдану жағдайы өзгереді. Қысыммен құюда конфигурациясы күрделі бұйымдар жасалатындықтан барлық элементтерін бірдей суыту мүмкін емес. Сондықтан да релаксациялық процестер бұйымның әр жерінде әртүрлі деңгейде аяқталады, ол суыған соң бұйымның қайталануы, беріктігінің төмендеуі немесе сызаттар тудыратын ішкі қалдық кернеулер қалады.

Қысыммен құю – технологиялық операциялар тұйық циклмен белгілі бір ретпен орындалатын үздікті процесс.

Құю циклының жалғасу уақыты бір жағынан технологиялық уақытпен анықталады, атап айтқанда ол дәл қалыптың толу уақытымен, құйманы салқындату ұзақтығымен, екінші жағынан қалыпты жуу, сопланы құю тетігіне беру, шығару және қалыпты ажырату уақытымен анықталады. Машиналық уақыт машинаның құжаттамалық сипаттамасы болып табылады, ал технологиялық уақыт тәжірибелік жолмен анықталады. Мысалы, төмен тығыздықтағы полиэтиленді өңдеу кезінде құю температурасы – 150-270°С, қалып температурасы – 20-60 °С, құю қысымы -100 МПа.

 

Негізгі өнімнің сипаттамасы

Конструкция ящиков должна обеспечивать их жесткость и прочность, возможность захвата руками и допускать применение подъемных устройств. В конструкции ящиков должны быть предусмотрены конструктивные элементы, обеспечивающие устойчивость при штабелировании.  
Рекомендуемые параметры конструктивных элементов, обеспечивающих устойчивость ящиков при штабелировании: Типы ящиков, наружные и внутренние размеры, номинальную вместимость, предельную массу упаковываемого груза, наличие или отсутствие крышки устанавливают в нормативных документах на ящики для продукции конкретных видов в зависимости от свойств, массы и требований к упаковываемой продукции, условий транспортирования и хранения с учетом требований ГОСТ 21140. По согласованию с потребителем для ящиков, изготовленных на литьевых формах, произведенных или закупленных по импорту до 2002 г., допускаются (до износа форм) предельные отклонения по наружным и внутренним размерам, не более:  
длина - +2 -1 %; ширина - +2 -1 %; высота - ±2 %.  
(Измененная редакция, Изм. № 1). 
4.5 Масса ящиков и крышек должна соответствовать требованиям нормативных и (или) конструкторских документов на ящик для конкретного вида продукции 

 

   Технологиялық бөлім

 

4.Жобалаушы технологиялық сызбасының суреттемесі және оның

ерекшеліктері

 

4.1Процестің жалпы сызбысы

 

 

 

 

Техникалық сызбаның суреттемесі

 

Шикізатты қондыру цехы басшының өтініш жазуы боиынша қоиылады..1Жеткізілген шикізат дайын өнім сақталатын қоймада сақталады. Сапалы бұйым алу үшін шикізат келесі талаптарға сай болуы керек:

Ылғалдың болуы -1% көп емес

Шикізаттың екіншілік қолданылуы–20% көп емес;

Гранула мөлшері диаметрі 4мм ден жоғары болмауы керек.

Қосылатын қоспаларда қалыпты жағдайда болуы керек.

Шығарылатын өнім  берік және созылмалды болуы керек. Бұйымдарды құю өндірісінің технологиялық сызбасы келесі операциялардан тұрады:

Шикізатты алу

Шикізатты сақтау

Шикізаттың шығару

Шикізатты дайындау

Буйымдарды қалыптау;

Бақылау және қабтау;

Дайын өнімді сақтау;

 

 

3.2.Шикізаттың алынуы

Заводқа гранула түріндегі  шикізат 500кг автофургонда контейнерде немесе 25-30кг полиэтилен  қаптарында  келеді.Автокран арқылы материалды вагондардан тусіреді.Контейнерден шикізат шығарылады және сыйымдылық қоймасына тасымалданады..Шикізатты қабылдаған кезде кез келген қаптамада шикізат тұралы малімет болады

3.2.2 Шикізат сақтау

Шикізат қоймасы он кун тәулік бойы сақтауға арналған болады. Шикізаттың негізгі салмағы сыйымдылық күйінде  бөлек қоймада цехтың ішінде сақталанады.

Тасымалдау арқылы шикізат сыйымдылық цехінен құю машинасына жіберіледі.Шикізатты топтама бойынша бөліп бөлек каптарда сақталады..

 3.2.3 Шикізатты шығару

Гранула туріндегі шикізат көлемі1,5 м3 контейнерде цехтың сыртқы қабырғасына беріледі.Ол жерде қабылдап тасымалдайтын система  гранула туріндегі шикізатты қабылдағыш бункерге апарады. Бункердың алдында шлюзовты қоректендіргіш орнатылған. Тасымалдаушы орта –ауа.

Қабылдағыш қондырғыны қосып жұмысты бастауға дайын екенін операторға хабарлайды.Оператор оны қашықтықтан басқару арқылы қадағалайды.

Контейнерден гранула туріндегі шикізат бетімен жайылу турінде тасымалданады және құбыр арқылы бункерге тусіп жиналады.Тасымалдап болған соң желдетіледі және газодувка ажыратылады.Қабылдағыш бункерден шикізат құю машинасының бункеріне беріледі.

Капшыққа салынған шикізат завод қоймасынан цех қоймасына әкелінеді,мұнда шикізатты дайындау және тасымалдау үшін технологиялық контейнерден шығарылады.Касіпорынға келетін кез келген орама дакументтеріне сәйкес негізгі мінездемесіне сәйкес,мемлекеттік талаптарға сай  болуы керек.

Информация о работе Пластмассалар