Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 13:38, реферат
Өндірісте қорғасын және оның қосындыларын кейбір құймаларды (типографиялық, баббитті, латунь), аккумуляторлар, химимялық аппараттар, иондаушы сәулелерден қорғайтын заттар, хрусталь өндірістерінде, бояу түрінде (қорғасынды ағартулар) және т.б. Қорғасынды уланулар ең бастысы өндірістік жағдайларда болады. Кейде тұрмыстық жағдайларда ішінен қорғасынмен қапталған, ұзақ уақыт бойы керамикалық ыдыста сақталған тамақ өнімдерін қолданған жағдайларда уланулар болады.
Қорғасын және оның органикалық емес қосындылары агрегаттық жағдайымен қатынас сипатына байланысты, тыныс жолдары немесе асқазан ішек жолдары және тері жабындылары арқылы енеді. Өндіріс орындарында бұл заттар адам ағзасына шаң, аэрозол және бу түрінде енеді.
ӘДЕБИ ШОЛУ
1.1
Қорғасын жайлы тарихи мәліметтер
1.2
Қорғасынның алыну жолдары
1.3
Қорғасынның физикалық қасиеттері
1.4
Қорғасын және оның маңызды қосылыстарының химиялық қасиеттері
1.5
Қорғасынның қолданылуы
1.6
Қорғасынның маңызды қосылыстарының қолданылуы
1.7
Қорғасынды тазарту әдістері
Әдістемелік нұсқау
II
ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМДІ ТАЛҚЫЛАУ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Шикізатты комплексті түрде пайдалану және рафинация технологиясын жақсарту, өнімдердің сапасын жақсартумен байланысты. Бұл заводта таза және тазалығы өте жоғары қорғасын, кадмий, висмут алынады. Заводтың шығарылатын қорғасынның барлық маркаларына мемлекеттік сапалық таңба тағылып, қорғасынның CO-OOO маркасы Лейпциг жәрмеңкесінде алтын медальмен наградталды. Шығыс Қазақстанның, Өскемен қаласында 1947 жылдан жұмысқа қосылған мырыш заводының жанынан 1951 жылы құрылыс жұмыстары бастап, қысқа мерзімде қорғасын заводы салынып, 1952 жылы қорғасын алынды. Заводты салғанда отанымыздың және шет мемлекеттердің табыстары, тәжірибелері толығымен пайдаланылды. Қорғасын заводы іске қосылғаннан бастап бұл өндірістер бірігіп қорғасын мырыш комбинаты атағына ие болды. Заводта бірінші рет аглошихтаны қабаттап дайындау, қорыту процесін мырышы көп шлакта жүргізу игерілді, мұның өзі флюстердің шығынын азайтуға мүмкіндік туғызды. 1955 жылы мысты қорғасынды штейнді конвертерлеу цехы іске қосылды. 1956 жылы шлакты өңдеуге фьюминг құрылғы іске қосылып, завод бойынша қорғасынның шығымын 1-1,5 %-ке көтеруге жағдай туғызды. Сілтілі сұйық балқымаларды өңдеу ұйымдастырылып реагенттер шығындары төмендетілді. 1958 жылы күмісті көбікті электротермиялық әдіспен өңдеу өндіріске енгізіліп, купеляция бөлімшесінің өнімі көбейіп, шикізатты комплексті түрде пайдалануға мүмкіндік туды.
Техника – экономикалық көрсеткіштерге, былайша айтқанда металдарды комплексті түрде шығарып алуда қорғасын заводы алдыңғы қатардан орын алып, шет мемлекеттердегі жақсы деген заводтардан қалыспайды. 1958 жылы заводта шахтылы пешке ауаны оттегін қосып үрлеу іске қосылып пештің өнімі көбейтіліп, металдың шығымы артылып, кокстің шығымы азайтылды, жалпы қорыту процесі жақсартылды. Бұдан басқа да техникалық жаңалықтар өндіріске енгізіліп, қорғасынның шығымы көбейтіліп, шикізатты комплексті түрде игеру жақсартылды. Қазіргі жағдайда ең күрделі көрсеткішке заводта алынатын өнімнің сапасы жатады. Осы тұрғыдан қарағанда комбинатта алынатын қорғасын, мырыш және кадмий Лондонның түсті металдар биржасында сапаның саудалық үлгісі ретінде қабылданғанын айта кетуіміз керек.
Қорғасынды өндіргенде негізгі бағыт шихтаны қорытқанда қолданылатын технологиялық процес шығатын газдардың көлемін азайтып, күкіртті газдың концентрациясын көбейтіп, шихтадан максималды түрде күкіртті ұстау, атмосфераны ыластамау, металдың шығымын көбейту. Осы аталған шарттарға авмогенді жүргізілетін процестер сәйкес келеді. Мұның ішінде Қазақстан ғалымдарының қатысуларымен жасалған КИВЦЭТ – ЦС процесі жоғарыда қойылған шарттарды орындарға мүмкіндік береді. Осы процес Өскемен қорғасын заводында өндіріске енгізіліп жұмыс өнімін 1,5 есе асыруға, шикізатты комплексті түрде пайдалану дәрежесін өсіруге, отын шығынын азайтуға, атмосфераға зиянды газдардың ұшуын азайтуға өзінің келешегі мол екенін көрсетті. Бұл процес бұдан былай жақсартылып, басқа да заводтарға енгізілуі мүмкін. Республикамыздағы қорғасын заводтары өздерінің техникалық жабдықталуымен, шығаратын өнімдерінің сапаларымен және шикізаттағы комплексті түрде игерумен біздің егемендік мемлекеттер арасындағы алдыңғы қатарда келеді, ал бірнеше көрсеткіштері шет мемлекет заводтарының көрсеткіштеріне кем түспейді. Қазақстан қорғасын заводтарының өнімдерімен біздің егеменді алған мемлекеттер ғана емес, дүние жүздік сауда базары таныс. Қазіргі жағдайда Қазақстанда шығарылатын қорғасын өзіміздің техниканы, шаруашылықта толығымен қамтамасыз етіп қана қоймай, басқа мемлекеттерге де экспортқа жіберуге болатын жәрежеге жетіп отыр. Қорғасын өзінің физикалық және химиялық қасиеттеріне сәйкес ғылымның, техниканың, шауашылықтың көп салаларында пайдаланылатын болды. [1;4-8]
1.2 Қорғасынның алыну жолдары
Қорғасын өндіру үшін оны кейін флотация арқылы байытады.одан шыққан концентратта 40-80% Pb болады. Концентраттағы қорғасында көбізне пмрометаллургия әдісімен алады, ол екі сатыдан тұрады.
1.Өртеп күйдіру. Кенді механикалық пештерде ауа үрлеп өртейді (6000С), онда мына процесс жүреді:
2PbS + 3O2 = 2PbO + 2SO2
2.Тотықсыздандыру. Шахта пештерінде тотықсыздандырғыш әрі отын ретінде кокс алынып, мынадай процесс өткізеді (1400-15000С):
PbO + C = Pb + CO
Пирометаллургия әдісінің екінші түрі бар. Ол да екі сатыдан тұрады:
1.Өртеп күйдіру процесінде жоғарыда айтылған реакциямен қатар мына реакция да өтеді:
PbS + 2O2 = PbSO4
Бұл процестер арнаулы пеште өткізіледі, одан кейін ауаның келуін тоқтатып, сол пештің өзінің ішінде, температурасын 800-9000С дейін көтеріп, өртеліп болмаған PbS-пен өртеліп шыққан өнімдерді реакцияластырады:
PbS + 2PbO = 3Pb + SO2
PbS + PbSO4 = 2Pb + 2SO2
Бұл шыққан қорғасын көбіне, Cu, As, Sn, Sb, Bi және асыл металдар (Ag, Au) қоспасы болады. Бұлардан тазалау өзі-өз алдына бір сала жұмыс. [3;512-513]
1.3 Қорғасынның физикалық қасиеттері
Қорғасын көкшілдеу-сұрғылт металл, символы – Pb, қатты күйінде үлесті салмағы 11,35г/см3, бірақта үлесті салмағы балқыған жағдайда температураға қарай өзгереді, орта есеппен алғанда онға тең. Қорғасынның жаңа сынығы металл тәрізді күшті жылтылдайды. Балқу температурасы 327,40С, қайнау температурасы 17500С. Қорғасын өте сұйық, аққыш металл, оның тұтқырлығы сумен салыстырғанда небәрі екі-ақ есе көп.
Қорғасынның тұтқырлығы температура жоғарылаған сайын азаяды. Қорғасын металдар арасында ең жұмсақ металл, жақсы прокатталады және жеңіл созылады. Қорғасын өңдеуге жеңіл, құю қасиеті жақсы металл. Қорғасын жеңіл балқитын металл. Өндірісте орын алған қорғасын шығыны көбңнесе қорғасынның жеңіл ұшу қасиеттерімен байланысты. Кейбір қоспалар, мысалы, мышьяк және сурьма қорғасынның ұшуын көбейте түседі. Қорғасынның жылу өткізгіштігі, күмістің жылу өткізгіштігін 100 пайыз деп алғанда, небәрі 7,5 пайыз ғана болады. Ал электр өткізгіштігі күмістің электр өткізгіштігінен және электр өткізгіштігі мыспен салыстырғанда он есе аз.
Қорғасын темірден басқа көпшілік металдармен жай және күрделі қорытпалар береді. Төмендегі кестеде солардың ішінен көп таралған қорытпалардың құрамы келтірілген /пайыз мөлшерімен/:
Элемент қорытпалар: |
Pb |
Sb |
Sn |
Cu |
Бабиттер |
70-75 |
13-16 |
5-10 |
1,5 |
Дәнекерлер |
10-90 |
1,5-6,0 |
4-9 |
- |
Типографиялық металл |
70-90 |
5-15 |
5-10 |
- |
Сурьмалы қорғасын |
75-90 |
10-25 |
- |
Қорғасын жеңіл балқитын
қорытпалардың да құрамына
1.4 Қорғасынның химиялық қасиеттері
Қорғасын Д.И. Менделеевтің химиялық элементтерінің периодикалық системасының IV группасында орналасқан, реттік нөмірі 82, атомдық салмағы 207,2, валенттілігі 2 және 4.
Құрғақ ауада қорғасын химиялық өзгермейді және өзінің металл сияқты жылтырауын сақтайды. Дымқыл ауада және көміртекті қышқыл газды ауада қорғасын тотық қабыршығымен қапталып көміскіленеді. Балқыған қорғасын ауа қатынасқанда ақырындап шала тотыққа дейін тотығып, температура жоғарылаған сайын толық тотыққа /PbO – глет/ түрленеді. Қорғасынның белгілі тотықтары Pb2O3 және Pb3O4. Қорғасынның PbO-ға және О-қа жіктеледі /диссоциаланады/. Оттегісіз таза су қорғасынға әсер етпейді. Жәй құрамында оттегі және әртүрлі тұздары бар су қорғасынның бетінде тұнбаның тығыз ерімейтін қыртысын құрайды. Тұз қышқылы және күкірт қышқылдары қорғасынның бетіне ғана әсерін тигізе алады, өйткені олардан пайда болған PbCl2 және PbSO4 ерімейді, осы себептен қорғасынды қышқылдардың әрекетінен сақтайды. Қорғасын күкірт қышқылына өте берік металл, концентрациясы жоғары күкірт қышқылы температура 2000С-ден асқанда ғана қорғасынды ерітеді. Балқытқыш қышқыл /HF/ қорғасынға әсерін тигізе алмайды. Сілтілі натрийдің әлсіз ерітіндісі ауа қатысқанда және аммиактың ерітінділері қорғасынды жайлап ерітеді, ал газ күйіндегі аммиак әсерін тигізе алмайды. Калийдің, натрийдің күкіртті қышқыл тұздары және темір, мыс купоростары қорғасынға елеулі әсер тигізе алмайды. Соданың, поташтың, цианды калийдің, минералдық майдың ерітінділері қорғасынға әсерін тигізбейді. Қорғасын күкіртті газда өте берік, төзімді. Қорғасын және оның қосылыстары өте улы болып саналады.[2;9-10]
Қорғасын 80 пайыздан жоғары күкірт қышқылымен әрекеттесіп, нәтижесінде қорғасын дигидросульфаты түзіледі (30-500C), ал концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттескен кезде, онда қорғасын сульфаты түзіледі:
Pb + 3H2SO4 (>80%) = Pb(HSO4)2 + SO2 + 2H2O
Pb + H2SO4 (конц.) = PbSO4↓ + SO2 + 2H2O (қайн.)
Қорғасынды азот қышқылы жақсы ерітеді, әсіресе сұйытылған қышқылы.
Pb + 8HNO3 (сұйыт.)= 3Pb(NO3)2 + 2NO + 4H2O
Қорғасын сулы ортада концентрленген негізбен әрекеттескенде кешенді қосылыс түзіледі:
Pb + NaOH (конц.) + 2H2O Na + H2↑
Қорғасын ауа қатысында температура жоғарылаған сайын толық тотыққа ие болады (6000С-тан жоғары):
2Pb + O2 = 2PbO
Қорғасын күкіртпен әрекеттесу нәтижесінде, оның ең маңызды қосылысы қорғасын жылтыры алынады:
Pb + S = PbS
Қорғасын сумен
2Pb (ұнтақ) + 2H2O + O2 2Pb(OH)2↓
Қорғасын (II) оксиді PbO немесе глет– қорғасынды ауада қыздырған кезде түзілетін ұнтақ. Ол кристаллдану жағдайынан тәуелділікте екі түрөзгерісте болады: қызыл және сары глет . Ол сілтілермен әрекеттескен кезде ериді де қорғасынды қышқылдардың тұздарын – плюмбиттерді түзеді, мысалы:
PbO + 2NaOH = Na2PbO2 + H2O
PbO оттектің қатысында ұзақ қыздырған кезде қорғасын жосасына Pb3O4ауысады. Бұл сарғылт-қызыл түсті ұнтақ, оны екі валентті қорғасынның қорғасынды қышқылдың тұзы ретінде қарастыруға болады.
Қорғасын (IV) оксиді PbO2– ол қара-қоңыр ұнтақ, оны химиялық реакцияларда күшті тотықтырғыш рөлінде пайдаланады. Сілтілермен әрекеттескен кезде ери келіп, қорғасын қышқылдарының тұздарын – плюмюбаттар түзеді. Мысалы:
PbO2+ 2NaOH = Na2PbO3 + H2O
Қорғасын сульфиді PbS – суда және сұйытылған қышқылдарда іс жүзінде ерімейтін, қара түсті кристаллдық зат. Табиғатта галенит минералы түрінде болады. Аналитикалық химияда қолданылады. PbS-ті механикалық пештерде ауа үрлеп өртейді (6000С-тан жоғары),онда мына прцоцесс жүреді:
2PbS + 3O2 = 2PbO + 2SO2
Қорғасын жылтыры тұз қышқылымен әрекеттескен кезде, күкіртсутекті ығыстырып шығарады:
PbS + 2HCl = PbCl2 + H2S↑
Қорғасын жылтыры озонмен жеіңл тотығады:
PbS + 4O3 = PbSO4 + 4O2↑
Қорғасын сульфаты PbSО4 – суда нашар еритін, ақ түсті кристаллдық ұнтақ. Pb(II) тұздарының ерітіндісінен сұйылтылған күкірт қышқылымен тұндыру арқылы немесе қыздырған кездегі ауадағы оттекпен қорғасын сульфидін тотықтырумен алады:
Pb(NO3)2 + H2SO4 = PbSO4+2HNO3
Қорғасын хлориді PbCl2салқын суда және қышқылдарда ерімейді; бірақ артық мөлшердегі сілтілерде ериді және ыстық суда ішінара ериді.
PbCl2 + H2O Pb(OH)Cl + HCl
PbCl2 + 2NaOH → Pb(OH)2↓ + 2NaCl
Қорғасын нитраты Pb(NO3)2суда жақсы еритін, ақ түсті кристалдық зат болып келеді, әдетте зертханалық жұмыстарда пайдаланылады. Қорғасынның динитраты және ацетаты еритін қосылыс болғандықтан, қалған қосылыстарын алмасу реакциялары арқылы алуға болады:
Pb(NO3)2 + 2HCl = PbCl2↓ + HNO3
Pb(NO3)2 + H2SO4 = PbSO4↓+ 2HNO3
Pb(NO3)2 +2NaOH = Pb(OH)2↓ + 2NaNO3
1.5 Қорғасынның қолданылуы
Қорғасын өзінің көптеген
бағалы қасиеттерінің арқасында
адам тіршілігінде әр түрлі салаларда
жұмсалады. Өзінің үлесті салмағы үлкен
болғандықтан, оқ және бытыра жасауға
қолданылады. Асқан төзімділігінің
арқасында химия өнеркәсіп
Беріктігін және коррозияға төзімділігін күшейту үшін кабельге жұмсалатын қорғасынға 3 процентке дейін қалайы және 1 процентке дейін сурьма қосылады. Қорғасынның көпшілігі жеңіл балқитын қорытпалар түрінде /висмутпен, қалайымен, кадмиймен/ электросақтандырғыш дайындағанда қолданылады. Қорғасынның мыспен, сурьмамен, қалайымен және мырышпен қорытпалары кеңінен қолданылады. Құрамдарына қарай бұл қорытпалар қола /бронза/, латунь, баббит, дәнекер деп аталып, машина шығаратын және электротехникалық өндірістерде қолданылады.
Бүгінгі жағдайда қорғасынды көп пайдаланылатын-аккумулятор өндірісі. Қорғасынннан аккумулятордың пластинкаларын дайындайды. Решеткаларын /торларын/ қорғасынды сурьма қорытпасынан жасап және қорғасынмен, қорғасын тотығының /глеттің/ қоспасымен толтырады. Қорғасынды аккумуляторда қолдану үздіксіз өсуде. Аккумулятор жасап шығаруға дүние жүзінде өндірілетін қорғасынның 1/3-і жұмсалады.