Металдар мен бейметалдар.Химиялық элементер жай заттар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Мая 2015 в 21:47, реферат

Краткое описание

Металл мен бейметал химиялық элементтерді біледі.олардың периодтық жүйедегі орны,атом құрылысы және атомдық қасиеттерімен танысады.
Атом құрылысы бойынша металдар мен бейметалдардың ажыратады.металдар және бейметалдардың иондау энергиясын,электронтартқыштығын,электртерістіктерінсалыстырады.Бұл қасиеттердің периодтық кестеде өзгеру заңдылықтарын бақылайды.
Элементті атомдық қасиеттері бойынша металдарға және бейметалдарға жіктейді.Металдардың және бейметалдардың атомдық қасиеттерін периодтық жүйедегі орны бойынша салыстырады.
Перидтық жүйедегі орны бойынша металдарға және бейметалдарға толық сипаттама береді.
Металтектес элементтердің атомдық қасиеттерін басқа элементтердікімен салыстырып ,осы атауға анықтама қорытады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Metaldar_men_beymetaldar (1).docx

— 2.06 Мб (Скачать документ)

2. 45 г судағы моль саны нешеге тең? (2,5 моль)

3. 11,2 моль судың массасын есептеңдер?  (201,6 г)

4. 32 г күкірттің зат мөлшері  нешеге тең? (1 моль)

5. 2 моль оттек көлемін табыңдар?   (44,8л)

6.5л сутектің зат мөлшері нешеге тең? 0,22 моль)

7. Массасы 177.5г хлордың (қ.ж.)көлемі (56 л)

8. 2 моль темірдің атом санын тап (12,04*10 23)

9. 0,2 моль газдың көлемін (қ.ж.)  есептеңдер.

10.  Массасы 22 г  көмірқышқыл газының көлемін (қ.ж.) табыңдар. (11,2л )

11. газдың 1 литрінің (қ.ж.)  массасы 1,875 г.  Осы газдың молярлық массасын табыңдар. (42 г/моль)

12. 1 моль азоттың массасы нешеге тең? (28 г)

4. « О         й шақыру» (4 мин)

  1. Темірдің маңызды құймаларын атаңыздар?

  1. Шойын мен болаттың басты айырмашылығы қандай?

  1. Шойынның қандай түрлерін білесіңдер?

  1. Шойыннан болат дайындау дегенді қалай түсінесіңдер?

  1. Легирленген болат дегенді қалай түсінесіздер және құрамына қандай элементтер кіреді?

Үй тапсырмасын бекіту, қорыту:

«Мен не білдім?»

« Сабақ   мен үшін түсінікті болды немесе түсініксіз болды?»

ІІІ Жаңа сабаққа көшу

(Қызығушылығын ояту)

«Болжау әдісі» (3 мин)

 

 

K   Li    CaO  Na  SO3 CO2   H2SO4   NaOH   CaCO3        Байланыс    «Ген»  C   P    

Коваленттік  полюсті   Иондық байланыс


 

 

 

1.Бұл сөздерді не үшін ұсынып отырмын?

2. Әңгіме төркіні не туралы болмақ?

3. Қандай мағыналар береді?

Оқушылар жауабымен келісі отырып, келесі болжамды ұсыну.

Реакция теңдеуді жазу.

 

 ІV. Жаңа сабақ

 

 Жаңа сабақтың тақырыбы: «Металдар мен бейметалдар,олардың арасындағы генетикалық байланыс»

Оқушылармен бірге  бүгінгі сабаққа мақсат қою.

Ерте-ерте, ертеде,ешкі құйрығы келтеде, химияның жерінде, элементтер елінде «бейорганика» деген шал өмір сүріпті.Оның 4 ұлы болыпты.Ал, кәне балалар осы 4 ұлдың атын атай қойыңдаршы:

1.Оксид

2. Негіз

3.Қышқыл

4. Тұз

Бір күні шал балаларын жинап алып, өсиет айтыпты: «Балаларым, мен қартайдым, төрімнен көрім жақын.Талапты азамат ертеңгі күнін ойлар, бір апта уақыт беремін, жан-жақты зерттеп, шарлап, әрқайсыңның жаныңа сүйеніш, өміріңе азық болар зат әкеліңдер», - депті.

Ұлдары  әке сөзін құп алып, жол жүріп кетіпті.Уәделі күні сапардан балаларының бәрі оралып, олжаларымен бөлісіпті.

Оқушылар  «Бейорганика» шалдың балалары қандай олжа әкеліпті?

Бейорганика шал : бұларыңа өте дән ризамын, балаларым, алдағы уақытта бір-біріңнен ажырамай бірге өмір сүріңдер деген екен.

Балалары ақылдаса келіп,қасынан үй салып,үйдің арасын бір-бірімен байланыстырып,дуалмен біріктіріп қоршапты.Содан бері олар бірнен-бірі ажырамай, мынадай тізбек құрып,араласып тұратын болыпты.Олардың қасиеттерін жақсы білетін жақын көршілері ғана болмаса, оларды бірінен-бірі ажырата алмай қалады екен.

« Сақина салмақ» ойыны.

Ойын шартымен таныстырып, ойынды өзім бастаймын.

Мынадай өзгерулерді іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар:

CuSO 4 →Cu →CuO→CuCI2→Cu(OH) 2→Cu(OH)NO3 →Cu(NO3)2

Шешуі:

1.Орын басу реакциясы арқылы мыс (ІІ) тұзынан мысты алуға болады:

CuSO4 +Fe→FeSO4  +Cu

2) Мысты оттегіде жағып,мыс (ІІ) оксидін аламыз:

2Cu + О 2 =2CuO

3) Мыс (ІІ) оксиді тұз қышқылында еріп, мыс (ІІ) хлоридін түзеді:

CuO +2НСІ = CuCI2  + Н2О

4) Мыс (ІІ) хлориді ерітіндісіне сілті ерітіндісін қосып,мыс (ІІ) гидроксидін алуға болады:         CuCI2 + 2 КОН = Cu(OH) 2+ 2 КСІ

5) Мыс (ІІ) гидроксидін бір гидроксотобының орнын алатындай мөлшерде алынған азот қышқылымен яғни 1 моль Cu(OH)2 1 моль НNO3–пен өңдеп мыс (ІІ) гидроксонитратын –негіздік тұз алады:

Cu(OH)2 + НNO3= Cu(OH)NO3 +Н2О

6) Мыс (ІІ) гидроксонитратына артық азот қышқылымен әсер етіп, мыс (ІІ) нитратын алады:

Cu(OH)NO3 + НNO3= Cu(NO3)2 + Н2О

Ал,балалар, «Бейорганика » шал оның балаларының қасиеттері туралы деген генетикалық байланыс тапсырманы шешу сендерге тапсырылады.

V. Бекіту

А)  «Ғажайып тәжірибе»

Қауіпсіздік техникасының ережелерін қайталау.

І ,ІІ, ІІІ,ІV топ  тәжірибе орындайды.

Қалған оқушыларға үлестірмелі қағаз таратылып, постерге тапсырмалар орындалайды.

VІ. Қорытынды.

«Академиялық дау-дамай»

«Металдар мен бейметалдар,олардың қосылыстарының тіршілік үшін пайдасы мен зияны» туралы  ой ойларын дәлелдей отырып, топтар  өзара пікірталасқа түседі.

VІІ. Рефлексия

Бүгінгі сабақта мен не үйрендім?

Маған  сабақ кезеңдерінде не ұнады, не ұнамады?

Өтілген материал бойынша сұрақ немесе пікірің?

VІІІ. Бағалау.

1)Топбасшыларының бағалауы;

2) Жиынтықтық бағалау;

3) Өзін-өзі бағалау;

Күнделіктеріне баға қою.

ІХ.Үйге тапсырма.

Есептер мен жаттығулар бойынша  № 10-15 есептер.

 


Информация о работе Металдар мен бейметалдар.Химиялық элементер жай заттар