Металдар мен бейметалдар.Химиялық элементер жай заттар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Мая 2015 в 21:47, реферат

Краткое описание

Металл мен бейметал химиялық элементтерді біледі.олардың периодтық жүйедегі орны,атом құрылысы және атомдық қасиеттерімен танысады.
Атом құрылысы бойынша металдар мен бейметалдардың ажыратады.металдар және бейметалдардың иондау энергиясын,электронтартқыштығын,электртерістіктерінсалыстырады.Бұл қасиеттердің периодтық кестеде өзгеру заңдылықтарын бақылайды.
Элементті атомдық қасиеттері бойынша металдарға және бейметалдарға жіктейді.Металдардың және бейметалдардың атомдық қасиеттерін периодтық жүйедегі орны бойынша салыстырады.
Перидтық жүйедегі орны бойынша металдарға және бейметалдарға толық сипаттама береді.
Металтектес элементтердің атомдық қасиеттерін басқа элементтердікімен салыстырып ,осы атауға анықтама қорытады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Metaldar_men_beymetaldar (1).docx

— 2.06 Мб (Скачать документ)

Химия 10 сынып    күні: 13.01.2015ж

Сабақтың тақырыбы: Металдар мен бейметалдар.Химиялық элементер жай заттар

Сабақтың мақсаты:

Жаңа білім

Металл мен бейметал химиялық элементтерді біледі.олардың периодтық жүйедегі орны,атом құрылысы және атомдық қасиеттерімен танысады.

Жаңа түсінік

Атом құрылысы бойынша металдар мен бейметалдардың ажыратады.металдар және бейметалдардың иондау энергиясын,электронтартқыштығын,электртерістіктерінсалыстырады.Бұл қасиеттердің периодтық кестеде өзгеру  заңдылықтарын бақылайды.

Қолданым әрекеті

Элементті атомдық қасиеттері бойынша металдарға және  бейметалдарға жіктейді.Металдардың  және бейметалдардың атомдық қасиеттерін периодтық жүйедегі орны бойынша салыстырады.

Талдау әрекеті

Перидтық жүйедегі орны бойынша металдарға және бейметалдарға толық сипаттама  береді.

Шығармашылық әрекет

Металтектес элементтердің атомдық қасиеттерін басқа элементтердікімен салыстырып ,осы атауға анықтама қорытады.


 

Сабақ құрылымы:

І .Ақпарат алмасу

ІІ.Құзырлық қалыптастыру

ІІІ.Шығармашылық қалыптастыру

Сабақ типі: фронтальді,жұптық,топтық.

Оқыту әдісі: Репродуктивті ,ішінара,ізденушәләк.

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:

Оқушыларға бағыт –бағдар береді,қажет болған жағдайда көмектеседі.

Негізгі ұғымдар мен терминдер:

Металл,бейметал,химиялық элемент,электрон қабаты,атом радиусы,иондау энергиясы,электронтартқыштық,электртерістік,периодтық жүйе,s-элемент, p- элемент,d-элемент, f-элемент.

Оқушыда дағды қалыптастыру:

Тақырып бойынша әр түрлі танымдық сурақтарды шешу,белгіленген мақсатқа қол жеткізу,өзін-өзі дамыту,топпен жұмыс істеу және топ жұмысының нәтижесін көру,өз ойын топ алдында қорғай білу.

Оқушы жетістігін бағалау:

Оқушыға сабақ блоктарының тапсырмаларын орындауы,топтық жұмысқа қатысуы мен үй жұмысын орындауына байланысты баға қойылады.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі / 5 минут/

А) Оқушылармен сәлемдесу,психолгиялық ахуалын тудыру.

Б) Сыныпты  2  топқа болу,ережемен таныстырып өту.

В) Топбасшысын сайлату

С)Бағалау парақшасын тарату

Д) Бағалау критерийлеріне түсінік беру

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

«Ой қозғау «Кім көп біледі «әдісі бойынша тексеру

1.Тайқазан 7 металдан құйылған, ол қандай металдар?  
2. Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл?  
3. Ең қатты металл?  4. Қай элементтің таңбасы айдаһар бейнесіне ұқсайды?  
5. Индекс, коэфициент нені көрсетеді?  
6.Ең жеңіл металл  
7. Ең ауыр металл  
8. Ең тез балқитын металл  
9. Ауада жанатын сілтілік металл  
10. Қанның құрамына кіретін металл  
11. V топтың металл элементі  
Үй тапсырмасын бекіту.

«Мен не білдім?»

ІІІ. жаңа сабақ    І .Ақпарат алмасу / 10 мин/

Слайдтар:

1.слайд. Зерттеп білмейінше білу де, істей алу да мүмкін емес.

 

                                                                            Б.Момышұлы

Сабақ жоспары

  • Периодтық жүйедегі орындары

  • Атомдарының құрылысы құрылысы

  • Атомдық қасиеттері: атом радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштығы және электртерістігі

Периодтық жүйедегі орындары

  • 88 металл және 22 бейметалл белгілі

  • Металдар мен бейметалдарды B-Si-As-Te-At диагоналі бөледі

2 слайд. Периодтық жүйедегі орындары

  • Металдар: B-Si-As-Te-At диагоналінің төмен жағында

  • Бейметалдар: B-Si-As-Te-At диагоналінің жоғары жағында

3 слайд.Бейметалл атомының құрылысы

4 слайд. Полоний және бор мысалы

5 слайд

6 слайд

 

 

7 слайд

8 слайд 

ІІ. Құзырлық қалыптастыру  /15 мин/

Деңгейлік тапсырмалар

І деңгей

1.Металдар мен бейметалдардың  периодтық жүйедегі орындарын  қорытындыландар.

2. B-Si-As-Te-At элементтер қатарының  мәні неде?

3.Металдар қалай жіктеледі?

4.Бейметалдар қалай жіктеледі?

5.Металл мен бейметалл  атомдарының құрылысының басты  ерекшеліктері қандай?

ІІ деңгей

1.Келесі қатарлардағы  элементтердің  арасынан артық  элементтерді көрсетініз

А. AL,Si,As,Se      Ә.Ca,S,Na,Ga       Б.Sr,Ba,Ge,Co  В.Ga,Sn,Rb,Sb

2.Сурьманың электрондық  және графиктік формулаларын  жазыңыз.Оның металдарға жатқызылу  себебін түсіндіріндер.

3.Мына элементтер қатарын  аталған қасиеттерінің арту реті  бойынша орналастырыңдар.

Атом радиустары бойынша:Ва, Ga,Те,Вг,Ne

Электртерістігі :В, Ge,Сs,І, S

Металдық қасиеттері бойынша: Ca, Se, Ga, Вг,К

Бейметалдық қасиеттері бойынша ; Sn,Те, Rb,І, Sr

ІІІ деңгей

1.ПЖ орны бойынша стронциға  толық сипаттама беріндер

2.ІІІ топтың белгісіз  элементтінің оксидіндегі оттектің  массалық үлесі 25,5% .Оксидтің химиялық  формуласын анықтаңыз.

ІІІ .Шығармашылық әрекет.

  1. «Ауызша есептер»

1. Темірдің (ІІ) оксидінің салыстырмалы молекулалық массасы нешеге тең? (72)

2. 45 г судағы моль саны  нешеге тең? (2,5 моль)

3. 11,2 моль судың массасын есептеңдер?  (201,6 г)

4. 32 г күкірттің зат мөлшері  нешеге тең? (1 моль)

5. 2 моль оттек көлемін  табыңдар?   (44,8л)

ІІІ.Шығармашылық әрекет./10 мин/

Топтық   жұмыс    Металдар мен бейметалдарды бөлетін диагональға жақын орналасқан В, Si, Ge, As, Sb,Те, кейде Ро,Аt,Se элементтерін металтектестер деп атайды.Бұл  элементтердің атомдық қасиеттерін типтік металдар мен бейметалдармен салыстырындар.

 Қорытынды ретінде  «металлойдтар»терминіне өз сөздерінмен анықтама беріндер.

Кластер құру «Метталдар » 1 жұп, «Бейметалдар »2 жұп

  Формативті бағалау:   /2мин/ Ынталандыру, қол шапалақтау, «бас бармақ»,

бағалау парағы, 2 жұлдыз,1 тілек , жарық жұлдыз ,бағдаршам әдісі , мадақтау, жиынтық бағасы

Рефлексия   /3 мин/ «Блоп ағашы» бойынша  оқушылардан бүгінгі тақырып бойынша  білімдерін анықтату;

Бүгінгі сабақтан алған әсерім

Үй тапсырмасы & 4:1 

 

 

 

 

 

Химия 10 сынып    күні: 20.01.2015ж

Сабақтың тақырыбы: Металдар, бейметалдар және олардың қосылыстарының табиғатта кездесуі.

Сабақтың мақсаты:

Жаңа білім

Металл мен бейметал бейметалдар және олардың қосылыстарының табиғатта кездесуін біледі.олардың периодтық жүйедегі орны,атом құрылысы және атомдық қасиеттерімен танысады.

Жаңа түсінік

Атом құрылысы бойынша металдар мен бейметалдардың ажыратады.металдар және бейметалдардың иондау энергиясын,электронтартқыштығын,электртерістіктерінсалыстырады.Бұл қасиеттердің периодтық кестеде өзгеру  заңдылықтарын бақылайды.

Қолданым әрекеті

Элементті атомдық қасиеттері бойынша металдарға және  бейметалдарға жіктейді.Металдардың  және бейметалдардың атомдық қасиеттерін периодтық жүйедегі орны бойынша салыстырады.

Талдау әрекеті

Перидтық жүйедегі орны бойынша металдарға және бейметалдарға толық сипаттама  береді.

Шығармашылық әрекет

Металтектес элементтердің атомдық қасиеттерін басқа элементтердікімен салыстырып ,осы атауға анықтама қорытады.


 

Сабақ құрылымы:

І .Ақпарат алмасу

ІІ.Құзырлық қалыптастыру

ІІІ.Шығармашылық қалыптастыру

Сабақ типі: фронтальді,жұптық,топтық.

Оқыту әдісі: Репродуктивті ,ішінара,ізденушәләк.

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:

Оқушыларға бағыт –бағдар береді,қажет болған жағдайда көмектеседі.

Негізгі ұғымдар мен терминдер:

Металл,бейметал,химиялық элемент,электрон қабаты,атом радиусы,иондау энергиясы,электронтартқыштық,электртерістік,периодтық жүйе,s-элемент, p- элемент,d-элемент, f-элемент.

Оқушыда дағды қалыптастыру:

Тақырып бойынша әр түрлі танымдық сурақтарды шешу,белгіленген мақсатқа қол жеткізу,өзін-өзі дамыту,топпен жұмыс істеу және топ жұмысының нәтижесін көру,өз ойын топ алдында қорғай білу.

Оқушы жетістігін бағалау:

Оқушыға сабақ блоктарының тапсырмаларын орындауы,топтық жұмысқа қатысуы мен үй жұмысын орындауына байланысты баға қойылады.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі / 5 минут/

А) Оқушылармен сәлемдесу,психолгиялық ахуалын тудыру.

Б) Сыныпты  2  топқа болу,ережемен таныстырып өту.

В) Топбасшысын сайлату

С)Бағалау парақшасын тарату

Д) Бағалау критерийлеріне түсінік беру

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

«Ой қозғау «Кім көп біледі «әдісі бойынша тексеру .

1.Металдар қалай жіктеледі?

2..Бейметалдар қалай жіктеледі?

 «Мен не  білдім?»

ІІІ. жаңа сабақ    І .Ақпарат алмасу / 10 мин/

Слайдтар: Сабақ жоспары

  • Электродтық потенциал

  • Металдардың электрохимиялық кернеу қатары

  • Металдардың химиялық қасиеттері

Электрод-ерітінді жүйесі

Электродтық потенциалБейметалдармен әрекеттесуіБейметалдармен әрекеттесуіБейметалдармен әрекеттесуі

 

 

Бейметалдармен әрекеттесуі

ІІ. Құзырлық қалыптастыру  /15 мин/

Деңгейлік тапсырмалар

І деңгей Электодтық потенциал дегеніміз не?

Металдардың сумен әрекеттесуі белсенділігін салыстырындар.

ІІ деңгей Массасы 2,3 г натрий металын 50г суда еріткенде түзілген ерітіндідегі еріген заттардың массалық үлесін анықтандар

ІІІ.Шығармашылық әрекет./10 мин/

Топтық   жұмыс    металдардың тұрмыста және өнеркәсіпте қолданылуына мысалдар келтіріндер Олардың қолданысын химиялық қасиеттерімен байланыстырындар.

  Формативті бағалау:   /2мин/ Ынталандыру, қол шапалақтау, «бас бармақ»,

бағалау парағы, 2 жұлдыз,1 тілек , жарық жұлдыз ,бағдаршам әдісі , мадақтау, жиынтық бағасы

Рефлексия   /3 мин/ «Блоп ағашы» бойынша  оқушылардан бүгінгі тақырып бойынша  білімдерін  анықтату;

Бүгінгі сабақтан алған әсерім

Үй тапсырмасы & 4:3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
 
Жалпы мақсаты Металдар мен бейметалдар туралы ақпарат беру.  
Металдар мен бейметалдардың қосылыстарының формуласын,атауларын ажырата білуге үйрету. 
Топта еркін жұмыс жасауға тәрбиелеу 
 
Күтілетін нәтиже Металдар мен бейметалдар таралуы туралы білетін болады. Металдар мен бейметалдардың қосылыстарының формуласын, атауларын ажырата білуді үйренеді.  
Топта еркін жұмыс жасай алады 
 
Негізгі идеялар Металдардың иондану энергиясы аз болғандықтан олардың валенттік электрондары оңай бөлініп, бүкіл кристалдың бойында еркін қозғала алады. Элементтер-бейметалдар қалыпты жағдайда әр түрлі агрегаттық күйде болатын жай заттарды түзеді 
 
Тапсырмалар Жұптық жұмыс  
«Кім көп біледі» Топтық жұмыс 
«Жоба қорғау» 
Жеке жұмыс «Деңгейлік тапсырманы орындау» 
 
 
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады) 
І.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, назарын сабаққа аудару, топқа бөлу (2-3 минут) 
Сынып оқушыларын суреттерді қиындыларын құрастырып 2 топқа бөліп топтастыру. 
(Металдан жасалған ракетаның суреті мен бейметалдардан йодтың суреті)  
 
1- топ: “Металдар”  
2- топ: “Бейметалдар”  
 
ІІ.Талқылау үшін сұрақтар. (2-3 минут) 
1.Химиялық элементтер неше топқа бөлінеді? (Металдар және бейметалдар) 
2.Неліктен олай ойлайсың? (Периодтық кестедегі металдар мен бейметалдардың орналасу тәртібіне тоқталады) 
3. Олай болса металдардың бейметалдардан айырмашылығы неде?  
 
ІІІ. Жұптық жұмыс «Кім көп біледі?» (5 минут) 
Металдар тобы Бейметалдар тобы 
1.Өнеркәсіптің негізгі металы?  
2. Металдардың кернеу қатарын кім жасады?  
3. Тайқазан 7 металдан құйылған, ол қандай металдар?  
4. Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл?  
5. Ең қатты металл?  
6. Шаршамайтын металл?  
7. Азотты ашқан ағылшын ғалымы?  
8. Қай элементтің таңбасы айдаһар бейнесіне ұқсайды?  
9. Индекс, коэфициент нені көрсетеді?  
10. Мырыш сульфидінің қандай қабілеті бар?  
1.Ең жеңіл металл  
2. Ең ауыр металл  
3. Ең тез балқитын металл  
4. Ауада жанатын сілтілік металл  
5. Қанның құрамына кіретін металл  
6. Тыңайтқыш ретінде қолданылатын сілтілік металл  
7. Қиын балқитын, қатты ақ түсті металл  
8. V топтың металл элементі  
9. Металлургияны грек тілінен аударғандағы қазақша баламасы.  
10. Өнеркәсіптік әдіспен алынатын минералдарды не деп атаймыз  
 
 
Жұптар дайын үлгі жауаппен бірін-бірі бағалайды 
 
ІV. Топтық жұмыс «Жоба қорғау» (15 минут) 
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақытсақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді: 
Металдар тобына «Тұжырымдамалық карта» 
Бейметалдар тобына «Концептуалдық кесте» 
бағалау 
 
Ү. Жеке жұмыс «Деңгейлік тапсырманы орындау» (10 минут) 
 
Ойлау деңгейі Сұрақтар мен тапсырмалар Жауаптары 
Білу Химиялық элементтер нешеге бөлінеді?  
Түсіну Металдар мен бейметалдардың периодтық жүйеде орналасу тәртібін түсіндіріңіз  
Қолдану Реакция теңдеулерін аяқтаңыз 
 
 
Талдау Металдар мен бейметалдардың айырмашылығы мен ұқсастықтарына мысалдар келтіріп салыстырыңыз  
Жинақтау Мына айналымдарды жүзеге асырыңыз 
 
Бағалау Химия өндірісінде металдардың маңызы неде?  
 
бағалау 
 
Рефлексия 
Бүгінгі сабақтан алған әсерім  
 
 
Кейінгі тапсырмалар Жаттығу №2,4 орындау 82-бет.

 

 

 

 

 

 

 

Металдар мен бейметалдар және олардың

қосылыстарының арасындағы генетикалық байланыс.

Сабақ тақырыбы:Металдар мен бейметалдар және олардың қосылыстарының арасындағы генетикалық байланыс

Сабақтың мақсаты: Металдар мен бейметалдар және олардың қосылыстарының арасындағы генетикалық байланыстар туралы білімді  қорытындылау.

Міндеттері:

  1. Өтілген тақырып бойынша оқушылардың білімдерін қорытындылау,материалды меңгеру дәрежесін бекіту;

Оқушылар тәжірибе арқылы генетикалық байланыстарды іс жүзінде  жүзеге асыруға  теориялық білімдерін қолдану;

2. Оқушылардың сақталған ақпаратты қайта қолдану қабілетін және өз ойын қорыта айта алу біліктілігін дамыту;

3. Оқушыларды топтық ынтымақтастыққа тәрбиелеу

Сабақ типі: Жаңа білім беру сабағы  

Сабақтың түрі: Аралас сабағы  

Әдісі:Есептершығару, сұрақ-жауап,демонстрация,есептершығару,ойындар,деңгейлік тапсырмалар, академиялық дау-дамай, болжау әдісі

Сабаққа қажетті құралдар: интерактивті тақта, маркер, А1 форматты қағаз, түсті қағаздар, химиялық реактивтер, химиялық ыдыстар.

Көрнекіліктер: слайдты көрсетілімдер, қима қағаздар, химиялық элементтердің периодтық жүйесі кестесі,тақта, бор.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,медицина,биология, сурет,география

Күтілетін нәтиже:

Теориялық білімдерін шыңдайды;

Есептің шығару жолын түсіндіреді;

Генетикалық байланыстарды жүзеге асыра алады;

Топтық жұмыста  ұйымшылдыққа үйренеді

 

 

Сабақтың эпиграфы:Зерттеп білмейінше білу де, істей алу да мүмкін емес.

 

                                                                                       Б.Момышұлы

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі (3мин):

А) Оқушылармен сәлемдесу

Б) Сыныпты  4 топқа болу

В) Топбасшысын сайлату

С)Бағалау парақшасын тарату

Д) Бағалау критерийлеріне түсінік беру

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

  1. Есептер шығару

І топ

Құрамында 4℅ қоспасы бар 20г әктастан 12г кальций оксиді алынған .Алынған өнімнің шығымын тап

ІІ топ

Массасы 10г натрий гидроксиді мен 20г тұз қышқылы әрекеттескенде түзілген тұздың массасын тап

ІІІ топ

Массалық үлесі 20℅ 150г күкірт қышқылы мырышпен  әрекеттескенде қ.ж. неше көлем сутегі газы бөлінеді?

І V топ

Массасы 30 г мыс пен алюминий қоспасына концентрациялы азот қышқылымен әсер еткенде 13,44 л газ (қ.ж.) бөлінді.Қоспаның құрамын анықтаңдар.

start="3"

 «Ауызша есептер» (8 мин)

1. Темірдің (ІІ) оксидінің салыстырмалы молекулалық массасы нешеге тең? (72)

Информация о работе Металдар мен бейметалдар.Химиялық элементер жай заттар