Магистральді мұнай құбырлары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2013 в 19:45, реферат

Краткое описание

Мұнай-газ кендері жер жүзінде белгілі бір аймақтарда ғана орналасқан. Пайдалану орындары әр тарапта болып тасымалдауға тура келеді. Әр ел «шикі мұнайды» еліне апарып, оны өңдеп әр салалы өндіріске пайдаланады. Шикі мұнай тасымалдау оларға тиімді болып келеді. Алғашқы кезде мұнай негізінен су жолымен (өзен, теңіз) баржы, кейініректе танкерге құйылып тасымалданады. Бірте-бірте теміржол арқылы цистернамаен тасу да пайда болды. Бүгінде мұнай-газ өнімдері алып магистраль құбырларымен мыңдаған километрге сорап станцияларымен айдалып тасымалданатын болды. Мұнай тасымалдауға қиындықтар да жеткілікті: өртену қауіптігі, тасымалдық ыдысы ашық болса пайдалы жеңіл фракциясының ұшып кетуі, жабық тығындалған ыдыста жылылықтан көлемі көбейіп жарылыс беруі, магистраль құбырлардың жарылуынан, тесілуінен қоршаған ортаны ластауы, т.б.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

1 Магистральді мұнай құбырлары жүйесін пайдалану.......................................4
2 Магистральді құбырмен тасымалдау..................................................................6
3 Каспий Құбыр Консорциумының пайдалануға берілуі....................................8
4 «Атасу – Алашаңқай» мұнай құбырының пайдалануға берілуі......................9
5 «ҚазТрансОйл» АҚ-тың «Солтүстік Бозащы – Қаражанбас» мұнай құбырын пайдалану басталды...............................................................................................11

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................12

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................................13

Прикрепленные файлы: 1 файл

Магистральді мұнай құбырлары. 12.doc

— 166.50 Кб (Скачать документ)

Құбыр жолы Қазақстанның үш облысы: Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары аумағы арқылы және ақырғы бекеті Алашаңқайға дейін Қытай аумағы арқылы өтеді.

2005 жылғы 15 желтоқсанда  «Атасу – Алашаңқай» мұнай  құбыры желілік бөлігінің құрылысы  аяқталуының салтанаты болды.

Мұнай құбырын жалпы  көлемі 400 мың тоннадай технологиялық мұнаймен толтыру биылғы мамырда аяқталды.

Биылғы 6 шілдеде ЭМРМ өкілінің төрағалығымен құрылысы аяқталған  «Атасу – Алашаңқай» ұлтаралық мұнай  құбырын пайдалануға қабылдау жөніндегі  мемлекеттік комиссия жұмысын аяқтады.

20 – 24 шілдеде осы объектілерді «ҚазТрансОйл» АҚ компаниясы-мұнай құбыры операторна қабылдау-беру жөніндегі «ҚазТрансОйл» АҚ және «Қазақстан – Қытай құбыры» ЖШС компанияларының өкілдерінен тұратын комиссия болды. «ҚазТрансОйл» АҚ – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың еншілес кәсіпорны.

Жобаны іске асыру  Қазақстан мұнайын Қытайдың энергетика нарығына шығарудың жаңа құбыр бағытын  игеру болашағына жол ашады. 
Негізгі техникалық көрсеткіштері:

Ұзындығы – 962,2 км;

Құбырдың диаметрі – 813 мм.

Өткізу қабілеті: бірінші кезеңде жылына 10 млн. тонна, екінші кезеңде жылына 20 млн. тоннаға дейін арттыру мүмкіндігі бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 «ҚазТрансОйл» АҚ-тың «Солтүстік Бозащы – Қаражанбас» мұнай құбырын пайдалану басталды

 

«Солтүстік Бозащы –  Қаражанбас» мұнай құбырын өндірістік пайдалану басталды. Мұнай құбырын салуды аяқтау, пайдалануға қабылдау және технологиялық мұнаймен толтыру 2006 жылы 31 мамырда болды. 
        Бұл жобаны іске асыру мұнайды тікелей «Солтүстік Бозащы» кенішінен «ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбырлары жүйесіне тасымалдауды қамтамасыз етеді.

Кеніште өндіруді СНПС Интернейшнл (Бозащы) Инк. және Нельсон Петролеум  Бозащы Б.В. компаниялары жүргізуде. 2006 жылы осы мұнай құбырымен 1100 мың тонна көлемде тасымалдау жоспарланған, ал 2011 жылы толық өріс алған кезеңде мұнай тасымалдау көлемі жылына 3500 мыңдай тоннаға жетпек.

Тұтас алғанда, мұнай  құбырын іске қосу «Солтүстік Бозащы»  кенішінде мұнай өндіру көлемін  арттыруға және «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай құбырлары арқылы тасымалдаудың  жалпы көлемін көтеруге мүмкіндік береді.

 

Анықтама үшін:

 
          МҚ ұзындығы – 25,125 км.;

Құбырдың диаметрі – 426х6 мм;

Өткізу қабілеті – жылына 3500 мың тонна.

Бас мұнай айдау стансасы – «Солтүстік Бозащы» МАОП;

Ақырғы – бар «Қаражанбас» МАС.

 

«ҚазТрансОйл» АҚ – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-тың еншілес компаниясы. Компанияны дамыту үшін осы жобаның жоғары маңыздылығы ескеріліп, 
ол «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-тың инвестициялық бағдарламасына енгізілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

"ҚазТрансОйл" акционерлік қоғамының ел игілігі үшін еңбек етіп жатқанына биыл 2-ші сәуірде 9 жыл толып, 10-шы жылға қадам басады. Қысқа мезетте компания мұнай тасымалдау саласының үздігіне айнала білді. Алға жылжыған уақытпен бірге әріптестер қатарының көбеюі - отандық мұнай тасымалдау желісінің мінсіз жұмыс істейтіндігінің дәлелі болса керек. Бір жағынан бұл, құбыр көлігі қызметінің барған сайын дамып, үлкен сұранысқа ие болып келе жатқанын байқатады. Былтырғы тасымалданған мұнайдың көлемі 38,2 миллион тоннаны құрады. Жалпы аңғаратынымыз, соңғы бес жылда мұнай құбырымен жөнелтілген көмірсутегі өнімінің ауқымы елеулі түрде сатылай өсе түсуде. Қазіргі таңда ҚазТрансОйл Қазақстанда өндірілетін мұнайдың 60 пайызға жуығын тасымалдайды.

Құбыр ішілік тұтқыр қоспаларды тазартатын арнайы жабдықтарды өндірісте пайдаланудың арқасында, Өзен-Атырау-Самара бағытымен тасымалданған мұнай мөлшері де ұлғайды. Соңғы екі жылда, әдеттегі 12,3 миллион тоннадан 15 миллион тоннаға көбейді.

Мұнай тасымалданатын жолдың бірі - теңіз қатынасы. Ақтау кемежайындағы мұнай құю терминалдары арқылы Махачкала-Новороссийск, Баку-Батуми және Иран бағытымен әрмен қарай сырт елдерге де мұнай үздіксіз жөнелтілуде. Осы бағыт бойынша былтыр 8,9 миллион тонна мұнай экспортталды. 2004 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 12,4 пайызға жоғары. Ал, Компания алғаш құрылған жылдан бері теңіз қатынасы арқылы атқарылған тасымал 7 есеге жуық өскен екен.

Отандық мұнай өңдейтін зауыттардың баршасына шикізат таситын да ҚазТрансОйл. Соңғы жылдары Қоғамның негізгі қызметі қарқынды дамып келеді. Тасымал ісі мұнай құбырларын жөндеу, жаңалау секілді жұмыстармен тығыз байланысты.

"ҚазТрансОйл" АҚ құбыр жүйесінің тасымалдау қабілетін арттыру жөнінде мақсатты түрде жұмыстар жүргізуде. Сондай-ақ, ел ішілік, экспорттық жаңа маршруттарды жоспарлауда әрі оларды негіздеуде тыңғылықты шаруа атқарылды. Олардың қатарында Ақтау-Баку-Тбилиси-Жейхан, Балтық құбыры жүйесі және басқалар бар. Осыдан көрініп тұрғандай компания экспорттық бағыттарды диверсификациялауға айырықша көңіл бөледі. Болашақта Қазақстаннан тартылатын экспорттық құбыр маршруты шикізат ресурсының балансына, әлем рыногындағы талап пен ұсынысқа, стратегиялық мақсатқа, мұнай өндірушілерге экономикалық тиімділікті талдау негізінде іріктеледі.

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

 

    1. Егоров О.И., Чигаркина О.А., Баймуканов А.С. – Нефтегазовый комплекс Казахстана: проблемы развития и эффективного функционирования. – Алматы: 2003.
    2. «КазТрансОйл» АҚ жылдық есебі 2006.
    3. «КазТрансОйл» АҚ жасампаз қызметінің 10 жылы.
    4. www.kmg.kz
    5. www.kto.kz
    6. Oil&Gas 2007 August.

 

 

 




Информация о работе Магистральді мұнай құбырлары