Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2015 в 19:12, реферат
Көміртек барлық тірі организмдердің тәнінде болумен қатар, солардың ыдырауының нәтижесінде жаралған тас көмір, мұнай т.б. органикалық заттардың, онымен қатар анорганикалық заттарда да, көпшілік минералдардың құрамында болады. Ондай минералдар – жер бетінің әр жерінде тау-тау болып, жиналып кездесетін кальцит – СаСО3(ізбес тас, мрамор, бор түрлерінде) және магнезит MgCO3 пен доломит – СаСО3∙МgCO3. Көміртек көмір қышқыл газ түрінде жер шарын айнала қоршаған атмосферада және табиғи сулардың барлығында еріген түрде болады.