Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2015 в 19:12, реферат
Көміртек барлық тірі организмдердің тәнінде болумен қатар, солардың ыдырауының нәтижесінде жаралған тас көмір, мұнай т.б. органикалық заттардың, онымен қатар анорганикалық заттарда да, көпшілік минералдардың құрамында болады. Ондай минералдар – жер бетінің әр жерінде тау-тау болып, жиналып кездесетін кальцит – СаСО3(ізбес тас, мрамор, бор түрлерінде) және магнезит MgCO3 пен доломит – СаСО3∙МgCO3. Көміртек көмір қышқыл газ түрінде жер шарын айнала қоршаған атмосферада және табиғи сулардың барлығында еріген түрде болады.
Көміртек . Көміртек өте көп тараған элементтер қатарына жатпайды, бірақ оның маңызы ерекше, өйткені оның қосылыстары күллі тірі организмнің негізі болып табылады. Көміртек жаратылыста дербес күйде, әрі түрлі қосылыстардың құрамында болады.
Көміртек барлық тірі организмдердің тәнінде
болумен қатар, солардың
Көміртектің табиғатта тұрақты екі изотобы бар: 12С(98,892%) және 13С(1,108%). Космос сәулелерінің әсерінен β – радиоактивтігі бар изотоп 14С түзіледі:
Мұнан басқа массасы 10 нан 16 дейінгі радиактив изотоптары да алынды.
Дербес көміртек екі жай зат алмаз және графит
түрінде кездеседі.
Күллі органикалық заттардың құрамына
Химиялық элементтердің периодтық жүйесінде көміртек II кіші периодта IV топтың негізгі топшасында орналасқан.
Атом құрылысы.
Көміртектің сыртқы энергетикалық
деңгейінде 4 электрон бар. Көміртек атомындағы
электрондардың орналасуы:
+6С )2e )4e
Электрондық формуласы:
1s2 2s2 2p2
Графиктік формуласы
1s 2s 2p
Көміртектің қосылыстағы тотығу дәрежелері: -4, +2, +4.
Табиғатта таралуы. Көміртек табиғатта таралуы жағынан ерекше орын алады. Оның қосылыстары тірі табиғаттың негізін құрайды, өйткені өсімдік пен жануарлар ұлпасы көміртек қосылыстарынан тұрады.
Көміртек жер қыртысындағы түрлі минералдар мен тау жыныстарының құрамына кіреді: СаСО3 әктас немесе бор, MgCO3 магнезит, CaCO3∙MgCO3 доломит, сондай-ақ шалшықта болатын CH4 шалшық газы ретінде белгілі, ал ауада ол көміртек диоксиді СO2 түрінде кездеседі.
Физикалық қасиеттері. Көміртек бос күйінде алмаз, графит түрінде кездеседі. Алмаз бен графит және кейінірек алынған карбин, фуллерен-көміртектің аллотропиялық түрөзгерістері.
Алмаз. Табиғатта сирек кездеседі. Оның мол қоры Ресейдегі Якутияда және Африкада, тағы басқа жерлерде бар.
Алмаз-түссіз, электр тогын өткізбейтін табиғатта кездесетін ең қатты зат, тығыздығы 3,5 г/см3. Оны қатты тау жыныстарын бұрғылау және шойын мен болатты тесуге арналған құрал жасауда қолданады, одан басқа да алмаздан бағалы асыл тас – гауһар алынады.
Алмаз кристалындағы көміртек атомдары бір-бірінен
бірдей қашықтықта тетраэдр
Графит. Графит-сұр түсті, аздап жылтыры бар, қолға, денеге, қағазға оңай жұғады. Тығыздығы 2,17-2,3 г/см3. Графиттен электродтар, отқа төзімді ыдыстар даярлайды. Графиттің маймен қоспасынан майлағыш заттар жасайды.
Көміртектің аллотрпиялық түрөзгерістеріне
тән ерекшелік, құрлысына
Таскөмірді, ағашты, сүйекті ауа қатыстырмай
Көмірдің және басқа заттардың өз бетінде
газдарды, буды және еріген заттардың бөліктерін ұстап қалу
Қолданылуы. Белсендірілген көмірдің сіңіргіштік қасиетін падаланып, қантты, майды, балды бөгде қоспалардан тазартады. Белсендірілген көмір дәріханада «карболен» таблетка түрінде сатылады. Ол тамақпен бірге асқазанға түскен ерімтал зиянды заттардың әсерін жоятын дәрі ретінде қолданылады. Графитті электрод, жасанды алмаз алу, бояулар, дәрі-дәрмектер өндіруде және металлургияда кеңінен қолданады.
Орыс академигі Н.Д. Зелинский
Химиялық қасиеттері. Көміртек әрі тотықтырғыш, әрі тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді. Көміртек металдармен және сутекпен әрекеттескенде тотықтырғыш, ал оттекпен, галогендермен қосылысында тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді. Көміртек төмен температурада ғана енжар болып келеді.
Көмірді қатты қыздырғанда, оттекте
700оС
С + О2 = СО2 + 402 кДж
Егер толық жанбаса, көміртек
монооксидін түзеді:
1000ОС
2С + О2 = 2СО
Көміртек тотықсыздандырғыш
ретінде хлормен әрекеттеседі, одан алынған
көміртек тетрахлориді CCI4 органикалық
еріткіш:
С + 2CI2 = ССI4
Сутек атмосферасында көмірден
жасалған өзекте электр доғасы пайда болған
мезетте көміртек сутекпен әрекеттесіп,
метан СН4 түзеді.
Метан газы СН4 табиғи газдың негізгі құрам бөлігі.
Көміртек тотықсыздандырғыш ретінде
0 +2 +4 0
С + 2CuO = CO2 + 2Cu
0 +4 +4 0
C + SnO2 = CO2 + Sn
Көміртектің тотықтырғыш ретінде
Карбидтер - өте жоғарғы температурада
балқитын қатты кристалды заттар. Олардың
ішіндегі көп қолданылатыны – кальций
карбиді СаС2. Кальций карбидін
алу үшін металдық кальцийді көмірмен
қосып, арнайы пеште қыздырады:
t
Са + 2С = СаС2
Қатты қыздырылған кокс үстінен су буын өткізсе,
су газы мен СО газының
1200oC
С + Н2О = CO + H2 – Q
Бұл алынған қоспа су газы немесе генератор газы деп аталады.
Ол отын ретінде және көптеген органикалық заттарды синтездеу үшін жұмсалады.
Көміртек екі түрлі оксид түзеді,
олар көміртек (II) оксиді немесе көміртек
Көміртек (II) оксиді. Көміртек (II) оксиді СО – жанғыш газ, кәдімгі жағдайда химиялық салғырт, ал қыздырғанда күшті тотықсыздандырғыш болады.
Алынуы. Бос күйіндегі көмірді
немесе оның қосылыстарын (кокс, таскөмір,
бензин) 1000оС температурада
жаққанда, оттек жеткіліксіз болған кезде
көміртек монооксиді түзіледі:
Өнеркәсіпте, мысалы, домна пешінде жоғары
Физикалық қасиеттері. Көміртек (II) оксиді түссіз, иіссіз, дәмсіз, ауадан сәл жеңіл, улы газ, суда нашар ериді, қайнау температурасы өте төмен -192оС.
Химиялық қасиеттері. Көміртек
(II) оксиді ауада көп жылу бөле отырып жанады:
2СО + О2 = 2СО2 + 577 кДж
Осы қасиетіне қарай көміртек монооксиді СО
газ тектес отын ретінде
Көміртек монооксиді СО жоғарғы температурада
Көміртек монооксиді сумен, сілтімен және қышқыл ертінділерімен әрекеттеспейді, сондықтан тұз түзбейтін оксидке жатады. Байытылған газ тектес отын, генератор газының құрамына көміртек (II) оксиді кіреді. Ондай отынды алуға арналған генератор қондырғыда қатты отынды: мысалы, коксты газ күйіне айналдырып пайдаға жаратады.
Көміртек (IV) оксиді. Көміртек
(IV) оксидінің молекулалық формуласы СО2. Молекуласы сызықтық құрылысты
болып келеді:
Көміртек (IV) оксидінің алынуы.
Лабораторияда мәрмәрға сұйытылған тұз
қышқылымен әсер етіп, көміртек диоксидін
алуға болады:
CaCO3 + 2HCI = CaCI2 + H2O + CO2
Өнеркәсіпте әктасты термиялық жолмен қыздырып
Физикалық қасиеттері. Көміртек диоксиді иіссіз, түссіз, ауадан 1.5 есе ауыр газ. Ол жанбайды және басқа заттардың жануын қолдамайды. Осы қасиетіне сәйкес өрт сөндіруге қолданылады. Кәдімгі температурада 60 атм. Қысымда СО2сұйық күйге айналады, ал сұйық көміртек диоксиді буланғанда жылуды көп сіңіреді де, қар сияқты қатты ақ түсті затқа айналады. Оны «құрғақ мұз» деп атайды.
Атмосфералық қысымда СО2 газы -78оС-та қайнайды.
Химиялық қасиеттері.
Көміртек диоксиді барлық қышқылдық оксидтер тәрізді аздап сумен әрекеттесіп, СО2∙Н2О гидрат түзеді, содан соң әлсіз көмір қышқылына айналады. Суда еріген СО2-нің 1%-і ғана қышқыл түзеді: