Химиялық ыдыстар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2014 в 19:32, реферат

Краткое описание

Химиялық тәжірибелердің көпшілігі өте жұқа шыныдан жасалған ыдыстарда жүргізіледі. Бұндай шынылар кәдімгі шыныға қарағанда температураның тез ауытқып кетуіне төзімді келеді. Өте көп қолданылатын ыдыстарға жататындар:

Прикрепленные файлы: 1 файл

Химиялық ыдыстар .docx

— 921.12 Кб (Скачать документ)

 
Про 
 
бир 
 
ка 
 
лар 
 

 
Көлем, мл

 
Ерітіндінің 
 
жалпы 
 
көлемі, мл

 
Na2S2O3 -тің  
 
Шамамен алынған 
 
Концентрациясы, а/(а+в+с)

 
Секундомер бойынша 
 
лайланудың пайда болған уақыты, сек

 
Тәжірбие температурасы, С

 
Шамамен алынған өлшем бірлігіндегі салыстырмалы реакция , V= 1/ τ

 
а

 
в

 
с

 
Na2S2O3

 
Н2О

 
H2SO4

 

 

 
3

 

 

 
4

 

 

 
0

 

 

 
4

 

 

 
8

 

 

 

 

 

 

 

 

 
V шамам. 
 
Миллиметрлік қағазға реакция жылдамдығының натрий  
 
тиосульфатының концентрациясына тәуелділігінің қисы- 
 
ғын сыз. Ол үшін ординат белдеуіне шамамен алынған 
 
өлшем бірлігінде. 
 
С шамам.  
 
Реакция жылдамдығын, ал абцисс белдеуіне – натрий тиосульфатының шамамен алынған концентрациясын салу керек. 
 
Берілген жағдайда реакция жылдамдығының Na2S2O3 – тің концентрациясына тәуелділігі туралы қорытынды жаса. Байқалған жағдайлар әрекеттесуші массалар заңына сәйкес келе ме?  
 
^ Зертханалық жұмыс №11 
 
Реакция жылдамдығының температураға тәуелдiлiгi. Натрий тиосульфатының күкiрт қышқылымен әрекеттесуi. 
 
1- тәжірибе. Реакцияның жылдамдығына температураның әсері. 
 
Реакция жылдамдығына температураның әсерін мына реакция бойынша оқып үйрен: 
 
Na2S2O3+H2SO4=Na2SO4+SO2+H2O+
 
Ішінде Na2S2O3, H2SO4 ерітінділері құйылған бюреткаларды жұмыс жағдайын келтіру керек. Екі пробирканың(1 және 2) әрқайсысына бюреткадан 4 мл күкірт қышқылы ерітндісін құй. Басқа екі пробирканың (1а және 2а) әрқайсысына 4 мл натрии тиосульфаты ерітіндісін құй. Көлемінің 2/3 бөлігіне су құйылған стаканға (термостат) 1 және 1 а пробиркаларды салу керек. Стакандағы судың температурасы бөлмедегіден 10 0 жоғары болуы керек. Ерітінділер 5-7 минуттан кеін белгілі температураға дейін қызғанда, 1 пробирканың ішіндегіні 1 а-ға құю керек ( ішінде натрий тиосульфаты ерітіндісі бар пробирканы стаканнан шығармау керек) . Алғашқы тәжірибедегі сияқты ерітіндінің лайлану уақытын секундомермен анықтау керек. 
 
Температурасы бөлмедегіден 20 0 жоғары термостатқа 2 және 2 а пробиркаларды салу керек. Пробиркалардағы ерітнділерді 5-7 минуттан кейін қосып араластыр және лайлану уақытын анықта.  
 
Тәжірибе нәтижелерін кестеге енгіз.( бөлме температурасындағы эксперименттік мәліметтерді 1- тәжірибеден алу керек, 3-ші пробирка). 
 
Миллиметрлік қағазға шамамен алынған реакция жылдамдығының температураға тәуелділігін көрсететін қисығын сал. Ол үшін абцисса белдеуіне температураны, ал ордината белдеуіне – шамамен алынған реакция жылдамдығын салу керек. 
 
V шамам. 
 
.  
 

 
Тәжірибеден алынған мәліметтерге сүйініп, температуралық коэффициенттің мәндерін есепте: 
 
ϒ1 =v(t+10) / vt  
 
ϒ2 =v(t+20)/ v (t+10) 
 
ϒорт = ϒ1 + ϒ2 /2

 
Про 
 
бир 
 
ка 
 
лар 
 

 
Көлем, мл

 
Температура, С0

 
Лайланудың пайда болу уақыты, ϒ сек

 
Шамамен алынған реакция жылдамдығы 
 
V= 1/ τ

 
Температуралық коэффициенті , ϒ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
Na2S2O3

 
H2SO4

 

 

 
3

 

 

 
4

 

 

 
4

 
t+10  
 
t+10 
 
t=

 

 

 

 

 

 

 
Реакция жылдамдығының температураға тәуелділігі туралы қорытынды жаса.

 

 

1- тәжірибе. Реакцияның жылдамдығына әрекеттесетін заттардың беттік ауданының әсері. 
 
Гетерогенді жүйеде әрекеттесетін заттардың беттік ауданының реакция жылдамдығына әсерін, кальций карбонатының тұз қышқылымен әрекеттесуін оқып үйрену.  
 
Шамалары бірдей, онша үлкен емес( 0,3 г) екі бор кесегін( кальций карбонаты) дайындау керек. Оның біреуін қағаз бетіне майдалап, конус сияқты колбаға сал, екіншісін түйіршік күйінде басқа колбаға салу керек. Екі колбаға бір мезгілде 5 мл концентрлі тұз қышқылын құю керек. Ұнтақ және түйіршік күйіндегі бордың толық еріп кететін уақыттарын белгіле. 
 
Реакция теңдеуін жаз. Екінші реакцияға қарағанда,бірінші реакция жылдамдығы неше есе жылдам екенін есептеңдер. Не себептен бордың еру жылдамдығы екі жағдайда әртүрлі? 
 
^ Зертханалық жұмыс №12 
 
Химиялық реакцияның жылдамдығына катализатордың әсерін оқып, үйрену 
 
Ішінде 5мл 0,005М FeCl₃ ерітіндісі бар пробиркаға сондай көлемде 0,002М аммонний тиоцинатыныңтерітіндісін кұю керек: 
 
FeCl₃+ 3NH₄SCN →Fe(SCN)₃ + 3 NH₄Cl 
 
Түзетілген темір тионцинатының ерітіндісін (қызыл түсті ) үш пробиркаға бірдей етіп бөлу керек. Бірінші пробиркаға 5 тамшы 0,2 М натрий тиосульфатын қосып, секундомер көмегімен ерітіндінің түссіздену уақытын белгіле: 
 
2Fe(SCN)₃ + 2Na₂S₂O₃ → 2Fe(SCN)₂ + 2NaSCN + Na₂S₄O₆ 
 
Екінші пробиркаға 2тамшы 0,1М мыс (II)сульфатының ерітіндісін және 5 тамшы 0,2М натрий трисульфатының ерітіндісін қосып, ерітіндінің түссіздену уақытын қайтадан белгіле. 
 
Үшінші пробиркаға 5 тамшы 0,1М мыс (II) сульфатының ерітіндісін тамызып және 5тамшы 0,2М натрий трисульфатының ерітіндісін қосып, ерітіндінің түссіздену уақытын белгіле. 
 
Реакцияның жалдамдығына катализатор (мыс сульфатының) мөлщерінің әсері туралы ұорытынды жаса. 
 
2-тәжірибе. Калий перманганатының тотықсыздану жылдамдығына катализатор MnSO₄ әсері. 
 
Екі пробирканың әрқайсысына 1-2мл калий перманганатының ерітіндісін құйып, үстіне 2-3тамшы күкірт қышқылы 1:3 және 2 тамшы қымыздық қышқылы ерітінділерін қосу керек. Пробирканың біреуіне MnSO₄ - тің 2-3кристалын салу керек. Екі пробиркадағы калий перманганатының күлгін түсінің түссізге айналу уақытын секундомермен анықта. Реакци жылдамдығына қатысқан катализатордың әсері туралы қорытынды жаса. 
 
3-тәжірибе. Сутегі асқын тотығының ыдырау жылдамдығына металл оксидтерінің әсері. 
 
Үш пробирканың әрқайсысына 5мл сутегі асқын тотығының ерітіндісін кұйып, әр пробиркаға бір уақытта катализатордың бірнеше кристалдарын саламыз: біріншісіне - MnO₂, екіншісіне - CrO₃, үшінсіне -РbO₂. Әр пробиркадағы сутегі асқын тотығының ыдырау процесін бақылаңдар: 2H₂O₂→ H₂O+ O₂↑ . Қайсысы католизатор күшті екенін көрсетіңдер. Осы тәжірибеде катализдің қандай түрі алады – гомогенді немесе гомогенді емес? 
 
4-тәжірибе. Тиокүкірт қышқылының ыдырау жылдамдығына ингибитордың әсері. 
 
Екі стакынның (1 және 2) әрқайсысына 20мл күкірт қышқылын құй. Басқа, қараңғыда тұрған, екі стаканның (1а және 2а), әрқайсына 10 мл натрий тиосульфатының (Na₂S₂O₃) ерітіндісін құй. Бұдан кейін 1а стаканға 10мл CuSO₄ ерітіндісін құй, 2а стаканға – құйма. Содан соң 1және 2 стаканның ішіндегілерді 1а және 2а стакандарға тез құяды. Секундомер көмегімен реакцияның басталғанын белгіле, ерітінділерді шыны таяқшамен араластыр және осы ерітінділерді ары қарай бақыла. Элементарлы күкірттің пайда болуы (ерітіндінің лайлануы) реакцияның аяқталғанын көрсетеді. Реакцияның жылдамдығына ингибитордың әсері туралы қорытынды жаса. 
 
^ Химиялық тепе – теңдіктің ығысуына әртүрлі факторлардың әсе�� 
 
оқып үйрену 
 
Бұл жұмыста калий роданиді (KSCN)мен темір (III) хлоридінің ( FeCl₃) әрекеттесуінің қайтымды реакциясы қарастырылады. Реакцияның жүру беогісі - Fe(SCN)₃ түзілу нәтижесінде , ерітіндінің қызыл түске болуы. Ерітіндінің түсі өзгеруін байқай отырып (тәжірибенің осы немесе басқа жағдайында), химиялық тепе-теңдіктің ығысуына заттардың концентрациясының өсуі және температураның жоғарылауы қалай әсер ететініне қорытынды жасауға болады. 
 
1-тәжірибе. Химиялық тепе-теңдіктің ығысуына әрекеттесетін заттардың концентрациясының жоғарылауының әсері. 
 
Пробиркаға 3-4мл темір (III)хлоридінің (FeCl₃) ерітіндісін құй. Оның үстіне сондай көлемде калий роданидін (KSCN) құю керек. Пробирканың ішіндегісін араластырып, төрт пробиркаға бөліп құй, оның біреуі бақылауға қалдырылады. Бұдан соң,біріншісі пробиркаға шпатель ұшымен құрғақ KSCN; екіншісіне - KCl; үшіншісіне - FeCl₃ тұздарын сал. Әрбір пробиркадағы ерітіндінің түсін бақылау пробиркасымен салыстыр. Байқағандарыңды жаз. 
 
Тепе-теңдік қай жағына ығысады KSCN, KCL, FeCl₃ -дін қосқанда? Бұл жағдайда әрбір компоненттің концентрациясы қалай өзгереді? Ле-Шателье шартын қолданып, жауапты түсіндір. Берілген реакцияның химиялық тепе-теңдігінің математикалық өрнегін жаз. 
 
2-тәжірибе. Химиялық тепе – теңдіктің ығысуына температураның өзгеруінің әсері. 
 
Қайтымды жүйенің тура реакциясы: 
 
FeCl₃ + 3KSCN→ Fe(SCN)₃ + 3KCl; ∆Н˂0 
 
Экзотермиялық болады. 
 
Пробиркаға 4-5мл темір (III)хлоридінің ерітіндісін және сондай көлемде калий роданидінің (KSCN) ерітіндісін құй. Пробиркадағы ерітінділерді араластырып, оны екі пробиркаға бөл. Бір пробирканы салыстыру үшін қалдырып, екіншісін ішінде ыстық суы бар стаканға сал. Ерітінділердің түстерін 2-3 минуттан кейін салыстыр. Байқағандарыңды жазып және Ле-Шателье шартын қолданып, тәжірибе температурасын жоғарылатқанда тепе – теңдіктің қай реакция бағытына(тура немесе кері) ығысатынын көрсет. 
 
3-тәжірибе. Хромат- және дихромат- иондарының арасындағы тепе – теңдіктің ығысуына сутегі (H⁺) және гидроксид (OH⁻) иондарының концентрациясының әсері. 
 
Су ерітіндісінде хромат- және дихромат- иондарының арасында тепе-теңдік болады: 
 
^ 2CrO₄²⁻ + 2H⁺ → Cr₂O₇²⁻ + H₂O 
 
Сары қызғылтсары 
 
ол қышқылдың және сілтінің әрекетінен ығысуы мүмкін. 
 
Пробиркаға 1-2мл калий хроматының K₂CrO₄ ерітіндісін құйып, оған 1-2мл күкірт қышқылын қос. Түстің таза сарыдан қызыл сарыға өзгеруін байқа. Бұдан соң, осы пробиркаға сілті ерітіндісін, сары түс қайтадан пайда болғанша, қосу керек. Ерітіндінің түсі өзгеру себебін түсіндіріп, сәйкес реакция теңдеулерін жаз. 
 
^ Зертханалық жұмыс №13 
 
Тақырыбы Тотығу-тотықсыздану реакциялары. 
 
Тақырыптың негізгі сұрақтары

  1.  
    Тотығу-тотықсыздану реакциялардың типтері.
  2.  
    Тотығу-тотықсыздану реакцияларына ортаның әсері.

 
Мақсат

  •  
    Тотығу-тотықсыздану тендеулерін құрастырып үйрену.
  •  
    Әртүрлі тотығу-тотықсыздану реакцияларын жүргізіп үйреніп, оларға ортаның әсерін бақылау.

 
Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыстары. 
 
1- тәжірибе. Иод иондарының темір иондарымен тотығу. 
 
Пробиркаға 4-5 тамшы FeCl3 және КІ ерітіндісін тамызып, оған түсі ашықсары болғанға дейін су қосып, 1-2 тамшы крахмал клейстерін тамызыңыз. Не байқалады ? Реакция тендеуін жазыныз. 
 
2- тәжірибе. Темір сульфатының азот қышқылымен тотығу 
 
Пробиркаға 2-3 тамшы FeSO4 тамызып, оған сонша 20% Н2SO4 ерітіндісін қосып, 2-3 тамшы сұйытылған (1:3) НNO3 тамызыңыз. Ерітіндіні сәл қыздырып, бөленген газдын түсіне көңіл аударыңыз. Не байқалады? Реакция тендеуін жазыныз. 
 
3- тәжірибе. Мыстың тотықсыздандырғыш қасиеттері.  
 
1,Газ жұтқыштың астына апарып сынауыққа 2-3 мл-дей сұйылтылған азот қышқылын құйып, оның ішіне мыстың бір бөлшегін салып байқаңдар. 
 
Байқағандарыңды жазып реакцияны теңестіріңдер, тотығу-тотықсыздану коэффициенттерін анықтаңдар. Реакция түрін анықтаңдар. 
 
4- тәжірибе. Хром (ІІІ) оксидінің және оның қасиетері. (Ауа сорғыш шкафтың астында жұмыс істеңдер.) 
 
(NH4)2Cr2O7 ұнтақталған кристалдарын пробиркаға салып, штативке еңкейтіп бекітіңдер. Заттың үстіңгі бөлігін реакция басталғанша қыздырыңдар, содан кейін қыздыруды тоқтатыңдар. Байқағандарынды түсіндіріңдер: массаның өзінен- өзінің қызуы, газдардың бөлінуі және түсінің өзгеруі. Алынған Cr2O3 қышқылдарға және негіздерге қатынасын тексеріңдер. Осы реакциялардың теңдеуін жазыңдар. 
 
(NH4)2Cr2O7→N2+Cr2O3+H2
 
5-тәжірибе. Марганецтің қышқылмен әрекеттесуі.  
 
Пробиркаға 5-6 тамшы концентрленген күкірт қышқылын құйып, оның үстіне марганец металының кішкене бөлігін немесе марганец ұнтағын салыңдар. Газдың бөлініп шығуын байқаңдар және реакциялардың теңдеуін жазыңдар.Реакцияның нәтижесінде марганецтің (ІІ) тұзы түзілетінін ескеріңдер. 
 
Mn+H2SO4(K)→MnSO4+SO2+H2
 
6-тәжірибе. Калий перманганатының тотықтырғыштық қасиеті.  
 
а) Темір сульфатының тотығуы. 
 
Пробиркаға 3-4 тамшы калий перманганатының ерітіндісін және сондай мөлшерде сұйытылған күкірт қышқылының ерітіндісін құйыңдар. Үстіне темір (ІІ) сульфатының кристалдарын немесе ерітіндісін қосыңдар. Ерітіндінің түсі қалай өзгереді? Реакцияның теңдеуін жазыңдар. Алынған ерітіндіде Fе3+ ионы бар екенін аммоний тиоцианаты NH4SCN ерітіндісінің көмегімен анықтаңдар. 
 
^ Зертханалық жұмыс №14 
 
Берілген концентрациясы бойынша ерітінділерді дайындау. 
 
1- Тәжірибе. Концентрациясы жоғары натрий хлоидінің ерітінідісінен берілген натрий хлоридінің массалық үлесі бойынша көлемі белгілі ерітндісін дайындау. 
 
Төмендегі ерітнділерді дайындау үшін натрий хлоридінің массалық үлесі ω( NaCl)=22% (p=1.164 г/см3) ерітіндісінің және судың қандай көлемі қажет екенін есептеңдер:

  1.  
    50 мл ω( NaCl)=2% , p=1.014 г/см3
  2.  
    60 мл ω( NaCl)=4% , p=1.029 г/см3
  3.  
    70 мл ω( NaCl)=6% , p=1.044 г/см3
  4.  
    80 мл ω( NaCl)=8% , p=1.058 г/см3
  5.  
    90 мл ω( NaCl)=10% , p=1.073 г/см3
  6.  
    100 мл ω( NaCl)=12% , p=1.089 г/см3
  7.  
    110 мл ω( NaCl)=14% , p=1.104 г/см3

 
Натрий хлориді ерітндісінің және судың қажетті көлемін 3- мысалды  келтірілген үлгі бойынша есептеп, нәтижесін оқытушыға көрсетіп ерітндіні дайындауғы кіріс. Ол үшін, есептелген 22 пайызды натрий хлориді ерітндісінің көлемін кішкене цилиндрмен өлшеп, оны үлкен цилиндрге құй. Содан кейін кішкене цилиндрді сумен шайып, оныда үлкен цилиндрге құйып, цилиндрдегі суды керекті көлеміне дейін жеткіз. 
 
Дайындалғын ерітіндіні шыны таяқшамен араластып, оның тығыздығын ареометр көмегімен былай есепте: Қажетті бөлігі бар ареометрді тұз ерітіндісіне абайлап батыр, ол цилиндрдің қабырғысына және түбіне дейін тимей, қалқып тұруы керек ( әйтпесе ареометр цилиндрдің түбіне ұрылып, сынуы мүмкін) Осы жағдайда цилиндрдегі тұз ерітіндісінің төменгі менискіне сәйкес келетін ареометрдің бөлігін белгіле.

  •  
    Егер ареометр қажетті бөлігіне дейін сұйықтықта батпаса немесе батып, цилиндрдің түбіне тиіп тұрса, онда басқа бөлігі бар ареометрді алу керек.

 
Ареометрдің көрсеткішін 11- қосымша  кестедегі мәліметтермен салыстырып, қорытынды жаса. 
 
2- тәжірибе. Берілген натрий хлоридінің массалық үлесі бойынша натрий хлоридінің ерітндісін дайындау. 
 
Төмендегі ерітнділерді дайындау үшін натрий хлоридінің және судың қажетті массасын есепте:

  1.  
    100 г ω( NaCl)=6% ерітінді
  2.  
    80 мл ω( NaCl)=4% ерітінді
  3.  
    55 мл ω( NaCl)=2% ерітінді
  4.  
    160 мл ω( NaCl)=8% ерітінді
  5.  
    120 г ω( NaCl)=10% ерітінді
  6.  
    100 мл ω( NaCl)=6% ерітінді
  7.  
    70г ω( NaCl)= 4% ерітінді

 
Есептегенде 11-қосымша кестені пайдаланыңдар 
 
Есептелген натрий хлоридінің массасын технохимиялық таразыда өлшеп алып, конус тәрізді колбаға сал. Оның үстіне цилиндрмен өлшеп алынған судың қажетті көлемін құй. Ерітндіні жақсылар араластыр. Тұз әбден еріп болған соң, ерітндіні колбадан цилиндоге құйып, оның тығыздығын ареометр көмегімен өлше. Ареометр көрсеткішін 11-қосымша кестедегі мәліметтермен салыстырып, қорытынды жаса. 
 
^ Зертханалық жұмыс №15 
 
Электролиттердің сулы ерітіндісілерінің қасиеттерін оқып, үйрену 
 
1-тәжірибе. Қышқыл және сілті ерітіндісілерінде индикаторлардың түстерінің өзгеруі. 
 
Ерітінділердің (ортаның) қышқылдығын немесе сілтілігін анықтауға индикаторлар қолданады. Индикатор дегеніміз – сутегі иондарының Н⁺ (протонының) әсерінен өзінің түсін өзгертетін зат. Көптеген индикаторлар әлсіз органикалық қышқылдарға жатады, олардың диссоциацияланбаған молекулаларының және олардан түзілетін иондарының түстері әртүрлі болады. Протондарды қсып алатын қасиеті бар индикаторларды –негіздік индикаторлар деп атайды: 
 
Керісінше қышқылдық ортада Hᶧ иондары тепе-теңдікті түссіз Н Jnd молекулалары түзілетін жағына ығыстырады. 
 
а) 5 пробирканы алу керек. Бірінші пробиркаға 5-6мл күкірт қышқылының, екіншісіне – сондай мөлшерде тұз қышқылының, үшіншісіне- сірке қышқылының, төртіншісіне – калий гидроксидінің, бесіншісіне – аммиактың ерітіндісінен құю керек. Проьиркалардың әр қайсысына метилқызғыш индикатордың түсінің өзгеруін белгіле. 
 
б) Басқа 5 пробиркаға 1-ші тәжірибедегі ерітінділерді сол ретпен құйып, әр қайсысына фенолфталеин индикатордың бір тамшысын тамызып, ерітінділердегі индикатордың түсін жаз. 
 
в) Басқа 5 пробиркаға жоғарыда қолданған ерітінділрді құйып , әр қайсысына лакмус индикатордың бір тамшысын тамызып, ерітінділердегі индикатордың түсінің өзгеруін белгіле. 
 
Үш тәжірибенің нәтижелерін кестеге енгіз:

 
электролит

 
Диссоциациялану теңдеуі

 
Индикатордың түсі

 
орта

 
метилқызғыш

 
фенолфталеин

 
лакмус

 
H₂SO₄

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
HCl

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
CH₃COOH

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
KOH

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
NH₃ * H₂O

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
2-тәжірибе. Қышқылдар, гидроксидтер, тұздар ерітіндісілерінің электрөткізгіштілігін анықтау. 
 
Электролиттер, ерітінділерінде иондардың болуы арқасында , электр тоғын өткізеді.электролиттер ерітінділерінің электр тогын өткізу қабілетін электрөткізгіштілігі деп атайды. Күшті электролиттердің электрөткізгіштілігі жоғары, әлсіздердің – төмен болады. Тұрақты ток күшінің әсерінен қышқылдар, гидроксидтер, тұздар ерітінділерінде оң зарядталған иондар (катиондар) теріс электродқа (катодқа) карай жылжиды, ал теріс зарядталған иондар (аниондар)электродқа (катодқа) қарай жылжиды. 
 
а) 8.1 суретте көрсетілген құралдардың көмегімен электрөткізгіштілігін анықтаңдар: 
 
-дистильденген судың; 
 
-0,1н сірке қышқылы ерітіндісінің; 
 
-0,1н қант ерітіндісінің; 
 
-0,1н калий гидроксидінің ерітіндісінің; 
 
-аммиактың сулы ерітіндісінің; 
 
-хлорсутегі қышқылы ерітіндісінің. 
 
Ішінде ерітіндісі бар стаканға электродтарды салып, құралды электр сетіне қосу керек. Шамның жарығының интенсивтілігі электролиттің күшіне байланысты болады. 
 
Бақылаудың нәтижелерін кестеге енгіз. Электролиттердің күші туралы қорытында жаса.

 
Тексерілетін ерітінді

 
Шамның жануының интенсивтілігі

 
Электролиттің күші

 

 

 

 

 

 

 
*Электродтарды стаканнан шығармас  бұрын, құралды электр желісінен  өшіру керек. Әр тәжірибеден кейін электодтарды дистильденген сумен жақсылап жуып қой. 
 
б) Бір стаканға 0,1н сірке қышқылының ерітіндісін, ал басқасына – 0,1н аммиактың электрөткізгіштілігін анықта. Бұдан кейін екі стакандағы ерітінділерді бір стаканға құйып, шамның жануының интенсивтілігінің өзгеруін түсіндір. Реакция теңдеуін жаз. 
 
3-тәжірибе. Электролиттер ерітінділеріндегі иондардың әрекеттесуі.  
 
Электролиттердің сулы ерітінділеріндегі химиялық реакциялар және иондар араласуымен түсіндіріледі. Қайтымсыз бір бағытта жүретін, нәтижесінде тұнба (нашар еритін), газ немесе әлсіз электролит түзілетін реакцияларды иондық реакциялар деп атайды. 
 
а) Пробиркаға 5-6мл калий гидроксидінің ерітіндісін құйып, оның үстіне сондай мөлшерде мыс (II) сульфитінің ерітіндісін қос. Осы сияқты, келесі электролиттердің ерітінділерімен тәжірибелерді орында: 
 
-калий иодиді мен қорғасын нитраты (II) 
 
-натрий карбонаты мен тұз қышқылы 
 
-калий гидроксиді мен тұз қышқылы 
 
б) Пробиркаға 5-6мл күкірт қышқылын және метилқызғыштың бір тамшысын құй, үстіне индикатордың түсі өзгергенше калий гидроксидінің ерітіндісін тамшылатып қос. Енді осы ерітіндіге күкірт қышқылының бірнеше тамшысын тамыз, ерітіндінің түсі алғашқы түсіне жеткенше. 
 
в) 5-6мл аммиактың сулы ерітіндісіне фенолфталеиннің бір тамшысын тамызып, индикатордың өзгергенше тұз қышқылан құй. 
 
Әр реакцияның сыртқы өзгерістерін белгілеп, алдымен молекулалық, содан соң иондық теңдеулерін құрыңдар. Бірдей иондық теңдеулермен құрыңдар. Бірдей иондық теңдеулермен қандай реакцялар жазылады? Байқалған құбылыстарды түсіндіріңдер.

Информация о работе Химиялық ыдыстар