Химиялық ыдыстар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2014 в 19:32, реферат

Краткое описание

Химиялық тәжірибелердің көпшілігі өте жұқа шыныдан жасалған ыдыстарда жүргізіледі. Бұндай шынылар кәдімгі шыныға қарағанда температураның тез ауытқып кетуіне төзімді келеді. Өте көп қолданылатын ыдыстарға жататындар:

Прикрепленные файлы: 1 файл

Химиялық ыдыстар .docx

— 921.12 Кб (Скачать документ)

Химиялық ыдыстар жӘне олармен жұмыс істеу тӘртібі. 
 
Химиялық тәжірибелердің көпшілігі өте жұқа шыныдан жасалған ыдыстарда жүргізіледі. Бұндай шынылар кәдімгі шыныға қарағанда температураның тез ауытқып кетуіне төзімді келеді. Өте көп қолданылатын ыдыстарға жататындар:  
 
шыныдан жасалған сынауық, стакан, колбалар (Вюрц, конус тәрізді, түбі дөңгелек, түбі жалпақ колбалар) мен реторталар. Сонымен қатар шыны ыдысқа кристаллизаторлар, әр түрлі воронкалар немесе құйғылар, сағат шынысы, аллонж жатады. (3-сурет). 
 
 
 
7 3-сурет 
 
1- сынауық, 2- колба,3- құйғы, 4- стакан, 5-тамшуыр, 6- склянка, 7- отбақыраш  
 
Ірі кристалл заттарды еріту алдында оларды ұнтақ күйге дейін үгітеді. Ол үшін фарфордан,шыныдан, металдан жасалған табақшалар мен келішелер қолданылады. (4-сурет) 
 
 
 
1 2 3  
 
4-сурет 
 
1-шыны, 2- фарфор,3- металл үгіткіштер 
 
. Күйдіргіш сілтілерді және күшті улы заттарды үгіту үшін бетке маска мен респиратор, ал қолға- резина қолғап киеді. Өте улы заттарды ауа сорғыш шкафта жүргізеді. Еріткіштердің көлемдері өлшеуіш цилиндрлар мен мензуркалар (5-сурет) арқылы өлшеніп алынады және миллилитрмен (мл) өрнектеледі. Еріткіш пен затты стаканға салғаннан кейін шыны таяқшамен араластырады. Бұл процесті тездету үшін ерітіндіні қыздырады(6-сурет). Сулы ерітінділер дайындау үшін міндетті түрде дистильденген су пайдаланылады.  
 
 
 
5-сурет 6- сурет 
 
Өлшеуіш ыдыстар Қатты заттардың суда еруі 
 
 
 
Осы және басқа да химиялық ыдыстар мен құралдардың атқаратын қызметімен, қолданылатын орнымен жұмыс барысында біртіндеп танысамыз. 
 
Зертханалық жұмыс №2 
 
Тақырыбы: Лабораториялық жұмыстардың техникасы. Шынымен жұмыс 
 
Тақырыбтың негізгі сұрақтары:

  1.  
    Қондырғы жинаудның негізгі ережелері.
  2.  
    Қондырғы жинау және оған қажетті тетіктерді дайиндау.
  3.  
    Тәжірибе өткізуге зат алу.
  4.  
    Техникахимиялық таразылардың құрылысы.
  5.  
    Техникахимилық таразыда өлшеу ережелері.
  6.  
    Өлшеудің орташа квадрат қателігі.

 
Мақсат:

  •  
    қондырғыларды жинауды үйрену
  •  
    техникахимилық таразыда жұмыс істеу ережелерімен танысу
  •  
    техникахимилық таразыда өлшеп, оның орташа квадрат қателігін есептеу

 
Студенттердің алған білімің деңгейі. 
 
Білу қажет:

  •  
    негізгі қондырғыларды
  •  
    қондырғыларды жинау ережесі
  •  
    тапсыпма бойынша қондырғы жинауды
  •  
    таразыда өлшеудің негізгі ережелерін
  •  
    техникахимилық таразыда өлшеуді
  •  
    өлшеудың орташа квадрат қателігін есептеуді.

 
Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыстары. 
 
Тәжірибе өткізуге арналған заттарды алу. 
 
Практикалық жұмысты орындау кезінде заттар өте аз мөлшерде қолданылады. Олар реактивтер прабиркаларда сақталады. Пробиркадағы қатты заттар микроқасықшамен, ал сұйықты пипеткамен алады. Әрбір қатты заты бар пробирканың тығынында қасықшасы болуы қажет. Бір қасықшаны әр рүрлі заттарға қолдануға болмайды. 
 
Пробиркаға қатты зат саларда қасықшаны пробиркаға салуа болмайды, қасықшаны пробирканың аузында ғана ұстау қажет. Қажетті затты пробирқаға салғаннан кейін, қасықшаны реактиві бар пробирқаға салу қажет. 
 
2-10 тамшы реактивке тамшы немесе капилляр пипеткасын қолданады.Пипеткалардың үсті ашық және резеңке қалпағы бар болады. 
 
Үсті ашық пипеткамен ерітінді алу үшін, оны реактивте бар пробирқаға салып, ерітінді пипеткамен жоғары көтерілгеннен кейін, пипетканың екінші ашық жағын саусақпен басып тұрып, ерітіндіден суырып алады.Содан кейін саусақты сәл көтеріңкіреп 2-3 тамшы ерітіндіні пробирқаға тамызады да, пипетканың, саусақпен тесігін жауып реактивті бар пробирқаға салады. 
 
Ерітінді алатын пипетканы жұмыс жүргізіп жатқан пробирқаға салуға болмайды. Резенке қалпағы бар пипеткамен ерітіндіні алу үшін пипетканың резеңке қалпағын екі саусақпен қысып ерітіндіге батырады да, саусақты жібереді, ерітінді жоғары көтеріледі. Пипетканы ерітіндіден алып, жұмыс жүргізетін пробирканың аузына апрып, екі саусақпен қалпақтан қысып ерітіндіні тамызады. 
 
Қондырғыларды жинау. 
 
Хмиялық эксперимент кезінде қондырғы жинауға көп ауқыт кетеді. Тәжірибенің қондырғының дұрыс жиналуына, таңдап алынуына байланысты болады. Қарапайым қондырғылар 2-6 суреттердегідей түйіндерден;

  •  
    реакция өтетін бір немесе бірнеше колбадан, пробиркалардан және соңғы өнімді қабылдайтын қабылдағыштан;
  •  
    қажетсіз қоспаларды жұтатын ыдыстар жиынтығынан;
  •  
    негізгі реакция өтетін колба немесе қондырғыдан тұрады.

 
Қондырғы жинаудың негізгі ережелері.

  1.  
    Қажетті қондырғыны жинамастан бұрын ыдыстардың тазалығын, жұмысқа жарамдылығын тексеріп алу қажет.
  2.  
    Диаметрлері сәйкес келетін түтіктерді, тығындарды, қондырғыларды даярлап алу қажет.
  3.  
    Тамшылатқыш құйғышы бар қондырғыларды жинағанда құйғыштың ұшы сұйықтыққа батып тұруы қажет. (Неге?)
  4.  
    Реакцияның нәтежесінде бөленген газ қажетсіз қоспаларды жұтатын ыдысқа бір ұшы сүйыққа батырылған түтік арқылы өту қажет. (Неге?)
  5.  
    Қондырғы артық кедергісіз жинауы қажет.

 
Тапсырма:

    •  
      Қажетті заттарды дайындап, қондығы жинау,
    •  
      әртүрлі бұрышпен түтіктерді ию,
    •  
      түтіктің диаметірне сәйкес тығындарды тесіп дайындау.

 
Зертханалық жұмыс  №3 
 
Таразы және таразыда өлшеу. 
 
Рычагты таразыда өлшеу дегеніміз, затты массасы белгілі таразы тастарының массасымен салыстыру болып табылады. Таразы тастарының массасы белгілі бірлікте (мг, г, кг, т.б) болады. Таразы лабораториядағы ең қажет қондырғылардың бірі, қандай жұмыс болмасын керек заттың оны салатын ыдыстың массасын анықтау қажет болып табылады. 
 
Затты 0,01 г. Дәлдікпен өлшеу үшін технохимилық таразы қолданылады. Технохимиялық және аналитикалық таразының құрылысы бірдей.  
 
 
 
 
 
1- сурет. Технохимиялық таразы және таразы тастары. 
 
(1- баған, 2- арретир, 3-табақшалары, 4-стрелка, 5- шкала, 6-орнықтырма, 7-горизонталь бағытта орнықтыруға арналған бұранда, 8-иін ағаш, 9 табақшаларды тенестіруге арналған бұрандалар).  
 
Екі иығы тең металл рычагың екі басында және ортасында, үш призма орналастырған. Ортадағы призма тіреу нүктесі болатын орталық тағандағы пластинқаға орналастырылады. Бұл пластинка аналитикалық таразыда агаттан жасалған. Ал шеткі екі призма таразының табақшалары ілінеді. Шкалада горизонталь бағыттан аутқыды көрсететін стрелка шкалад нөльді көрсетеді. Таразыны орнықтырып алғаннан кейін орнынан қозғауға болмайды. Таразыдада өлшеместен бұрын оның жұмысқа жарамдылығын тексеріп алады. Көтеріліп, түсірілетін иін ағашты арретирлеп, таразыны жұмысқа дайындайды. Стрелканың шкаладағы нольдік нүктеден ауытқуын бақылайды. Егер стрелка екі жаққа бірдей бөлекке ауытқыса, онда таразыда жұмыс істей беруге болады. Таразыны жұмысқа дайындағаннан кейін арретирді түсіріп қояды. 
 
Таразыда жұмыс істеу ережелері:

  •  
    таразының табақшасына заттарды, таразы тастарын салып, қайтадан алу үшін, таразыны арретирлеу қажет.
  •  
    таразының табағына лас және сулы, қыздырылған заттарды салуға болмайды.
  •  
    сүйықтықты өлшегенде оны таразыға және таразы тастарына тигізбе.
  •  
    өлшенетін зат таразының сол жақ табағына салынады.
  •  
    қатты затты әйнекшеге, бюкске, глянс қағазға салып өлшейді.
  •  
    таразы тастарын пинцетпен алып, сол ұяшыққа қайтадан салу керек
  •  
    затты өлшеу ушін, ең бірінші сол заттың салмағына шамамен жуықтау деген таразы тасын табақшаға салады, егер тас ауыр болса, одан жеңіл келесісін салады да, екі табақша теңескенше қайталайды, таразы тастарының массамын еспетеп, жұмыс дәптеріне жазу керек
  •  
    бір жұмысқа қолданылатын заттарды тек бір таразыда өлшейді
  •  
    затты өлшеп болғаннан кейін табақшаларды босатып, таразыны арретирлейді, табақшада затты қалдыруға болмайды.

 
^ Таразыда өлшеудің  орташа квадрат қателігі. 
 
Әрбір өлшеген сайын өлшеу қатілігі кетеді. Заттың шын массасына жуықтау үшін сол затты 4-5 өлшеу керек. Бір затты келесі өлшеу кезінде таразының табақшасынан алмайды. Бірінші өлшеу келесі өлшеуден таразыны арретирлеумен ғана ерекшеленеді. өлшеу кезінде кететін қателікті орташа квадрат қателік түрінде береді. Орташа квадрат қатілікті есептеу мынандай түрде жүргізіледі: 
 
Мысалы 1,2,3 .... п өлшеу кезінде келесі мәндер алынды десек а1, а2, а3 ...., ап, Осы алынған мәндердің арифметикалық орта шамасын табамыз: 
 
 
 
Орташа квадрат қателік келесі түрде анықталады: 
 
 
 
тең.d±Сонымен заттың салмағы А=а 
 
Тапсырма: 
 
Лаборанттан массасы 1-100 г аралығында зат алып, оны техникахимиялық таразыда 0,01 дәлдікпен бірнеше рет өлшеніз. өлшеудің орташа квадрат қателігін есептеніз. 
 
Бақылау сұрактар.

  1.  
    Лабораторияда қолданылған химиялық ыдыстарды атаныздар.
  2.  
    Өлшеуге арналған ыдыстар және олардың қолданылуы.
  3.  
    Фарфор ыдыстар және олардың қолданылуы.
  4.  
    Ыдыстарды жуу және оларды кептіру.
  5.  
    Таразының құрылысы.
  6.  
    Таразыда өлшеудың негізгі ережелері.
  7.  
    Өлшеудың орташа квадрат қателігін анықтау.

 
Зертханалық жұмыс  №4 
 
Тақырыбы: Сүзу. 
 
Тақырыбтың негізгі сұрақтары:

  1.  
    Қарапайым және қатпырлы сүзугі
  2.  
    Қалыпты қысымда сүзу
  3.  
    Вакууммен сүзу
  4.  
    Ыстықтай сүзу.

 
Мақсат:

  •  
    Қалыпты қысымда, вакууммен, ыстықтай сүзуге арналған қондырғыларды жинап үйрету.
  •  
    Сүзіп үйрету.

 
Студенттердің алған білімің деңгейі. 
 
Білу қажет:

  •  
    Қарапайым және қатпарлы сүзгінің қолданылуы,
  •  
    Сүзуге арналған қондырғыларды жинауды,
  •  
    Тұнбаны басқа ыдысқа шығынсыз ауыстыруды,
  •  
    Сумен жұмыс істейтін насосты іске қосып, оның қолданылуын,
  •  
    Ыстықтай сүзудің методикасы.

 
Сүзу. 
 
Сұықты ерімейтын қатты заттан тазарту ушін, сүзу әдісі қолданылады. Сүзу кезінде сұықтықты тесікшелері, бар материал-сүзгіден өткізеді. Сүзгіш материалдар ретінде кварц құмы, асбест, шыны-мақта, фосфор пластинкалар(Гуч ыдысы), нығыздалған шыны (Шот ыдысы), текстильді маталар, мақта, қағаз сүзгілер қолданылады. 
 
Сүзілетін сұйықтықтың қасиетіне байланысты әртүрлі материалдан жасалған сүзгілер қолданылады. 
 
Лабораторияда көбіне қағаз сүлгілер қолданылады. Олар қарапайым және қатпарлы болады. Егер сүзілген тұнба әрі қарай пайдаланылатын болса, қарапайым сүзгі қолданылады. Қарапайым сүзгіні құйғыштың өлшемдеріне сәйкес, шаршы қағазда дәл ортасынан бүгіп, сүзгінің жиегі құйғыштың жиегінен 0,5 см. Төмен түсіп тұратындай етіп бүктелген шаршының жиегін доға етіп қайшымен қию арқылы даярлайды. 
 
Төрт бөктелген сүзгінің бір бөлігін ашып, құйғышқа салады да, бір саусақпен басып тұрып дистеленген сумен сулайды. Суланған сүзгі құйғыштың қабырғаына жабысып тұруы қажет. 
 
 
 
Бүл сүзгіні даярлау қарапайым сүзгі сияқты, бірақ шаршы қағазға бірнеше рет бірдей бөліктерге бүктеу арқылы жасалады. 
 
Оңай сүзілетін сұйықтықтырды-қалыпты қысымда, қиын сүзілетіндерді вакуум арқылы сүзеді.  
 
Тұтқыр және қаныққан ерітінділер ыстықтай сүзіледі. 
 
Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыстары. 
 
Қалыпты қысымда сүзу. 
 
Қалыпты қысымда сүзу ушін, стақан, құйғыш және сүзгі мен таяқшадан түратын қондырғы жинайды: 
 
 
 
Қалыпты қысымда сүзіге арналған қондырғы. 
 
Құйғышқа сүзгіні салып, сүзілетін сүйықтықты таяқшаның бойымен құяды. Сүзіп жатқан сұйықтық азайғанда оны шайқап, сүзіге тағыда құйып қояды. Сүзгіден өткен сұйықтық фильтрат немесе сүзінді деп аталады. Сүзгіде қалған тұнбаны дистеленген сумен немесе арнайы сүіқтықпен шаяды. Тұнбаға шаятын сүйытқы құяды да, ол ағып кеткенше күтеді, сосын тағы құйып, осылай бір неше рет қайталанады. 4-5 рет шайқағаннан кейін, оның тазалығын тексереді. Ол үшін сүзгіден 1-2 тамшы алып шайылып жатқан ионға сапалы реакция жасайды. Егер тұнба түзілсе жууды әрі қарай жалғастырады. Шаюға қолданған сүітқі негізгі сүйіндіден бөлек жинайды (Неге?). Қиын ерійтін және баяу сүзілетін тұнбаларды бөлініп алу үшін және шаю үшін декантация әдісі қолданылады. Ол үшін тұнбаны сүзбестен бұрын оның стаканнын түбінде тұндырады ал ерітіндісі сүзіледі де тұнбаға шаятын сұйытқыты құйып араластырады, оның тұынын құтып қайталап тағы ерітіндісін сүзеді.  
 
Тапсырма:

Информация о работе Химиялық ыдыстар