Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2012 в 22:08, реферат
Тірі клеткаларда зат алмасу процесі үздіксіз жүріп жатады. Зат алмасу процесі дегеніміз белгілі бір тәртіппен кезектесіп келіп отыратын әр түрлі химиялық реакциялардың жиынтығы. Дәл осы реакциялар клеткадан тыс жерде (іп vіtrо) өте қиындықпен және өте баяу жүреді. Тірі клеткада бұл реакциялардың жүрісін ферменттер тездетеді.
Кіріспе бөлім.
Негізгі бөлім.
Ағза тіршілігіндегі катализдің рөлі;
Катализ туралы түсінік;
Катализге әсер ететін факторлар;
Ферменттік катализ.
Қорытынды
2) Углеводтар мен гликозидтер
гидролазасы да өсімдіктерде
кең таралған. Оларға крахмалды
ыдырататын а және р амилаза
(3.2.1.1), (3.2.1.2), целлюлозаны ыдырататын
целлюлаза (3.2.1.4), мальтозаны ыдырататын
а-глюкозидаза (3.2.1.20), сахарозаны
ыдырататын в-
3) Пептидаза белоктар
мен пептидтердегі пептидтік
байланыс-тарды гидролиздеп
4) Дезамидаза амидтерден
амин топтарының бөлінуін
Аспарагиназа (3.5.1.1) мен глутаминаза (3.5.1.2) аспарагин мен глутаминнің гидролиздік ыдырауын катализдейді.
Лиаза атомдардың түрліше топтарын ажыратып немесе қосып алу реакциясын судың немесе фосфор қышқылының қатысуынсыз катализдейді. Олардың әсер етуі нәтижесінде еселенген байланыс-тар түзіледі, сондай-ақ олар бұл топтарды еселенген байланыстар түзілген жерде қосып алады. Лиазаны класс тармақтарына бөлу ажыратылатын байланыстар типіне негізделген. Үш класс тармағын ажыратады.
1. Көміртек-көміртек-лиаза
көміртек атомдарының
катализдейтін пируватдекарбоксилаза (4.1.1.1) жатады. Бұл — екі компонентті фермент, оның активті тобы тиаминпирофосфат дея аталатын В1 витаминінің фосфорлы эфирі. Альдолаза (4.1.2.13) ферменті фруктоза-1,6-дифосфатты екі триозаға ыдыратады.
2. Көміртек-оттек-лиаза
СООНСНОНСН2СООН----СООНСН = СНСООН + Н2О
Карбангидраза (4.2.1.1) көмір қышқылынан суды бөліп шығарады:
3. Көміртек-азот-лиаза азотты
қосылыстардың қосылуы мен
Изомераза органикалық заттардың изомерлік өзгерістерін катализдейді. Атомдардың, атом топтарының, фосфор қышқылы қалдықтары мен әр түрлі радикалдардың молекула ішілік орын ауыстыруы салдарынан изомеризация процесі өтеді. Изомеризация процесіне көбінесе углеводтар, амин қышқылдары мен органика-лық қышқылдар ұшырайды. Изомераза бірнеше класс тармағына бөлінеді.
1. Рацемаза және эпимераза. Рацемаза D және L-изомерлердің бір-біріне айналуын, ал эпимераза — эпимеризация реакцияларын катализдейді.
2. Молекула ішілік
Лигаза немесе синтетаза — АТР энергиясы есебінен жай зат-тардан күрделі органикалық заттар синтездейтін ферменттер. Аце-тил-ҚоА-синтетаза (6.2.1.1) осы кластың өкілі болып табылады, оньщ жәрдемімен ацетилкофермент-А түзіледі:
АТР + СНзСООН + НS—КоА->АМР + Н4Р2О7 + СН3СО ~ SКоА
Аспарагинсинтетаза (6.3.1.1) мен глютаминсинтетаза (6.3.1.2) да ферменттердін, осы класына жатады. Аспарагинсинтетаза биосин-тезді бірнеше кезеңде жүзеге асырады, мұның нәтижесінде осы фермент АТР энергиясының жәрдемімен аспарагин қышқылын амидқа айналдырады.
1.1.5.4. Клеткадағы ферменттер
әсері. Организмдегі фермент-
Клеткадағы су мөлшерінің
де зор маңызы бар. Ылғалдылығы 14 проценттен
төмен кезде құрғақ тұқымдағы
ферменттер әлсіз келеді; ылғалдылықты
14—15 процентке жеткізу және одан
да жоғарылату ферменттердің активтілігін
күрт арттырады. Бұл жағдай астықты
сақтау процесі кезінде ескеріледі,
өйткені ферменттер активтілігінің
күшеюі сақталатын астықтың сапасын
төмендетеді де, астықтың едәуір мөлшерін
ысырапқа ұшыратады. Ортанын. газ құрамының
реттеушілік әсері белгілі. Бұл
тыныс алу ферменттері
Әр түрлі металдардың
да ферменттер активтілігіне әсері
бар. Топырақта мырыш жетіспеген
жағдайда өсімдіктерде глютамат-дегидрогеназа
ферментінің күші төмендейді. Молибден
жетіспеген кезде нитратредуктаза
ферментінің активтілігі
Ферменттердің активтілігіне метаболизм процесінде пайда болатын заттар да әсер етеді. Едәуір мөлшерде жинала келе, метаболиттер ферменттерге кері байланыс принципі бойынша басыңқы әсер етеді. Мысалы, L-треонин амин қышқылы треониндезаминаза ферментінін, жәрдемімен бірқатар аралық өнімдер арқылы L-изолейцинге айналады. L-изолейциннін, артық мөлшері түзілісімен ол треониндезаминаза ферментін байланыстырады және оның активтілігін кемітеді.
Жоғарыда сипатталған факторлардың еріген күйдегі ферменттер үшін маңызы бар. Алайда ферменттер. клеткаларда ерімеген күйде болуы да мүмкін. Клетка органоидтарының көпшілігі мембраналар принципі бойынша құрылған. Ферменттердің едәуір бөлігі клетка мембранасымен байланысқандығы анықталған. Мембраналарда ферменттер мелокулаларын липидтер қоршап жатады. Ферменттің липидтермен және мембрананың басқа да компоненттерімен әрекеттесуі салдарынан оның қасиеттері мен структурасы бұрынғы қалпында қалмайды. Мұның ферменттік активтілігін реттеуде маңызы бар. Мысалы, рибосомаларда рибонуклеаза ферменті адсорбталған. Әр түрлі жағдайлардың әсерімен бұл фермент активтілігін арттырса, рибосоманы бұзуы мүмкін. Лизосомалардың құрамында ферменттер болады. Егер лизосоманың мембранасы зақымдалса, бұл ферменттер босап шығады да, клетканы еріте отырып, цитоплазма заттарын ыдырата бастайды. Кребс циклінің ферменттері кристалардың бетінде адсорбталған.
Қорытынды
Тірі организмдерде маңызды рөл атқаратын биокатализатор – ферменттердің зат алмасуға, тыныс алуға, тканьдер мен клеткалардың құрамына қосатын үлесі. Тірі организмде жүретін барлық химиялық реакциялар ферменттердің қатысуымен жүреді. Ферменттер химиялық реакция жылдамдығын, химиялық қарапайым катализаторларға қарағанда миллион есе арттырады. Ферменттердің аса маңызды қасиеті – ерекше талғап алу қасиеті, яғни әр бір фермент адам организмінде жүретін белгілі бір реакцияға ғана қатысып соның жылдамдығын арттырады. Адам организмінде мыңнан аса фермент бір мезгілде мыңдаған реакцияға қатысып, организмде жүретін реакциялар жылдамдығын өзгерте алады. Осы тақырыпты қорыта келе ағза тіршілігіндегі ферменттер мен катализатордың алатын орны ерекше екендігіне көз жеткіздік.