Азық-түлiк шикiзатының және тамақ өнiмдерi

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2013 в 17:38, дипломная работа

Краткое описание

Осы Нұсқаулық азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiнiң (бұдан әрi - тамақ өнiмдерi) сапасы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгiлейдi және өндiру, сатып алу, тасып әкелу, сақтау, тасымалдау және сату (бұдан әрi - айналым) кезеңдерiндегi өндiрушi, сатушы және тұтынушы арасында туындайтын қатынастарды реттейдi. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес әзiрлендi.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Азық.docx Гоми 1.docx

— 41.89 Кб (Скачать документ)

2. Азық-түлiк шикiзатының қауiпсiздiгi мен тамақ өнiмдерi сапасының көрсеткiштерiн регламенттейтiн нормативтiк құжаттардың талаптарын сақтау жөнiндегi мiндеттемелер шарттарда (жеткiзуге арналған келiсiм-шарттарда) мiндеттi түрде ескерiлуi тиiс.       

3. Қазақстан Республикасына жеткiзiлетiн азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерi санитарлық-эпидемиологиялық, малдәрiгерлiк-санитарлық және (немесе) фитосанитарлық сараптамадан белгiленген тәртiппен мiндеттi түрде өткiзiлуi тиiс. 

8. Тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен 
қауiпсiздiгiн өндiрiстiк бақылау       

1. Тамақ өнiмдерiн дайындау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар шығарылған өнiмнiң сапасы мен қауiпсiздiгiн өндiрiстiк бақылауды ұйымдастыруға және жүргiзуге және оның дайындалуы, сақталуы, және тасымалдануы жағдайларына нормативтiк құжаттарда қойылатын талаптарды орындауға мiндеттi. Тамақ өнiмдерiн импорттауды және сатуды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар тамақ өнiмдерiн дайындау, сақтау тасымалдау және сату шарттарына қойылатын нормативтiк құжаттар талаптарының орындалуын бақылауды ұйымдастыруға және жүргiзуге мiндеттi.       

2. Өндiрiстiк бақылау тағам  өнiмдерiн дайындау, сақтау, тасымалдау және сату жөнiндегi қызметтi жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалар әзiрлеген тәртiппен, өнiмге қойылатын нормативтiк құжаттардың талаптары негiзiнде жүзеге асырылады, мұндай жағдайда тамақ өнiмдерiн өлшеу мен сынаудың пайдаланылған әдiстемелерi мен оны дайындау, сақтау, тасымалдау және сату жағдайлары анықталуы тиiс.     

3. Қайта өңдеуге келiп түскен азық-түлiк шикiзаты мен дайын тағам өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiн бақылауды белгіленген тәртiппен тiркелген немесе аттестацияланған зертханалар жүзеге асырады.       

4. Тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгi көрсеткiштерiн зерттеу әдiстерiн салалық ғылыми-зерттеу институттары, меншiктiң барлық нысанындағы мамандандырылған мекемелер әзiрлейдi. Өлшеудi орындаудың әдiстемелерi стандарттау метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен метрологиялық аттестациялауға жатады. 

9. Тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен 
қауiпсiздiгiн мемлекеттiк бақылау       

1. Тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiн өз құзыреттерiнiң шегiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органдар, атап айтқанда:  
      Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегi уәкілеттi орган - тамақ өнiмдерi мен азық-түлiк шикiзатының мемлекеттiк стандарттар мен өзге де нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкестiгiне;  
      Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң органдары мен мекемелерi - азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiнiң санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкестiгiн, тамақ өнiмдерiн дайындау, сақтау, тасымалдау және сату кезiнде санитарлық ережелер мен нормалардың сақталуын, заңды және жеке тұлғалардың санитарлық-гигиеналық, алдын алу және эпидемияға қарсы iс-шараларды орындауын, сондай-ақ тамақ өнiмдерiне санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргiзудi;  
      Мемлекеттiк малдәрiгерлiк қадағалау органдары - малдан алынатын өнiмдердiң малдәрiгерлiк ережелер мен нормалардың талаптарына сәйкестiгiн, көрсетiлген өнiмдердi өндiру, дайындау, қайта өңдеу, сақтау және тасымалдау кезiндегi талаптардың сақталуын, оның Қазақстан Республикасының аумағына әкелуiн, заңды және жеке тұлғалардың малдәрiгерлiк-санитарлық iс-шараларды орындауын, азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiн базарларда сатудың ережелерiн, сондай-ақ мал өнiмдерiне малдәрiгерлiк-санитарлық сараптама жүргiзудi;  
      Мемлекеттiк фитосанитарлық бақылау органдары - өсiмдiктерден алынатын тағам өнiмдерiнiң фитосанитарлық ережелер мен нормаларға сәйкестiгiн мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады.      

2. Тамақ өнiмдерi мен азық-түлік сапасы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк қадағалау және бақылау органдарының қызметiн үйлестiрудi атқарушы билiктiң стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi органы, ал қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында - Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.       

3. Уәкiлеттi мемлекеттiк органдар тiкелей тамаққа пайдалану үшiн жарамсыз деп таныған тамақ өнiмдерi дайындаушының, импорттаушының немесе сатушының есебiнен, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен, өнеркәсiптiк қайта өңдеуге немесе қайта жаратуға жiберiледi. 

10. Тамақ өнiмдерiн сату       

1. Олардың сапасы мен қауiпсiздiгi нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес келетiн азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерi сатуға жатады.       

2. Нормативтiк құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтiн:  
      - сапасыздығының айқын белгiлерi бар;       

- сәйкестiк сертификаты немесе тағам өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi мен сапасын белгiленген тәртiппен растайтын өзге де құжаты, дайындаушының (жабдықтаушының) оның қайдан алынғандығы туралы құжаттары жоқ;       

- атауы және сыртқы түрi бойынша өнiмнiң iлеспе құжаттамасында және таңбалауында келтiрілген ақпаратқа сәйкес келмейтiн;       

- белгiленген жарамдылық мерзiмi жоқ немесе оның жарамдылық мерзiмi өткен. Жарамдылық мерзiмi өткен тамақ өнiмi мақсаты бойынша пайдалану үшiн жарамсыз болып есептеледi. Мұндай өнiм сапасыз және қауiптi деп танылады және сатылуға жатпайды, белгiленген тәртiппен қайта жаратылады немесе жойылады;       

- таңбалануы немесе нормативтiк құжаттамамен көзделген мәлiметтерi туралы ақпарат жоқ тамақ өнiмдерiн сатуға рұқсат етiлмейдi. 

11. Тамақ өнiмдерiн сақтау және тасымалдау       

1. Азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiн сақтау және тасымалдау, оның сапасы мен қауiпсiздiгiн сақтауды қамтамасыз ететiн жағдайларда жүзеге асырылуы тиiс.       

2. Тамақ өнiмдерiн сақтау  мен тасымалдауды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар сақтау мен тасымалдау жағдайларын реттейтiн нормативтiк құжаттардың талаптарын сақтауға және осы жағдайлардың сақталуын тауарға iлеспе құжаттарда тиiстi жазбамен растауға мiндеттi.       

3. Азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiн тасымалдау үшiн әдейi арналған немесе осындай мақсаттар үшiн жабдықталған және белгiленген тәртiппен ресiмделген санитарлық паспорттары бар көлiк құралдары пайдаланылуы тиiс.       

4. Азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiн сақтау құрамы, көлемi мен жабдықтары нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес келуi тиiс арнаулы үй-жайларда (құрылыстарда) рұқсат етiледi.      

5. Егер азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiн сақтау және тасымалдау кезiнде сапасы мен қауiпсiздiгiн жоғалтуға алып келетiн нормативтiк құжаттардың талаптарынан ауытқушылыққа жол берiлген жағдайда, оларды сақтау мен тасымалдауды жүзеге асыратын адамдар, бұл туралы көрсетiлген өнiмнiң иелерi мен оны алушыларға хабарлауға мiндеттi. 
      Мұндай азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерi сатылуға жатпайды, сараптама жасауға жiберiледi және оның нәтижелерiне сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпке сәйкес олар қайтажаратылады немесе жойылады.

12. Азаматтардың, заңды және жеке тұлғалардың 
тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiн 
қамтамасыз ету жөнiндегi құқықтары     

 Азаматтардың, заңды және  жеке тұлғалардың азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы құқықтары Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңнамамен қорғалады және реттеледi.

13. Тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiн 
қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды орындамағаны 
немесе бұзғаны үшiн жауапкершiлiк     

1. Сатылатын тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды орындамағанына немесе бұзғанына кiнәлi жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.       

2. Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi мен сапасын реттейтiн нормативтiк құжаттардан ауытқығаны үшiн айыппұлдарды уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғалары, олардың құзыреттерiнiң шегiнде және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен салады. 
      3. Айыппұл салу кiнәлi адамдарды жiберiлген кемшiлiктердi жою және тамақ өнiмдерiн тұтынушыға сондай кемшiлiктердiң салдарынан келтiрiлген зиянды өтеу мiндеттерiнен босатпайды.


Информация о работе Азық-түлiк шикiзатының және тамақ өнiмдерi