Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2013 в 17:38, дипломная работа
Осы Нұсқаулық азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiнiң (бұдан әрi - тамақ өнiмдерi) сапасы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгiлейдi және өндiру, сатып алу, тасып әкелу, сақтау, тасымалдау және сату (бұдан әрi - айналым) кезеңдерiндегi өндiрушi, сатушы және тұтынушы арасында туындайтын қатынастарды реттейдi. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес әзiрлендi.
Азық-түлiк шикiзатының
және тамақ өнiмдерi
Осы Нұсқаулық азық-түлiк
шикiзаты мен тамақ өнiмдерiнiң (бұдан әрi
- тамақ өнiмдерi) сапасы мен қауiпсiздiгiн
қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды
белгiлейдi және өндiру, сатып алу, тасып
әкелу, сақтау, тасымалдау және сату (бұдан
әрi - айналым) кезеңдерiндегi өндiрушi, сатушы
және тұтынушы арасында туындайтын қатынастарды
реттейдi. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Конституциясын
1. Жалпы ережелер
1. Заңды және жеке тұлғалардың
Қазақстан Республикасының аумағында
шығаратын, әкелетiн және сататын тамақ
өнiмдерiн стандарттау жөнiндегi нормативтiк
құжаттардың, санитарлық, малдәрiгерлiк-санитарлық,
фитосанитарлық нормалар мен ережелердiң,
сондай-ақ басқа да техникалық регламенттердiң (бұдан әрi - нормативтiк құжаттар)
талаптарына сай болуы тиiс. P080496, P080411, P08039
2. Жалпы қабылданған негiзгi терминдер мен ұғымдар:
тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi - тамақ өнiмдерiнiң оларды әдеттегi жағдайда пайдалану кезiнде зиянды болып табылмайтындығы мен қазiргi және келешек ұрпақтың денсаулығына қауiп туғызбайтындығына негiзделген сенiмдiлiк күйiнiң болуы;
биологиялық белсендi қоспалар - тамақпен бiр мезгiлде пайдалануға немесе тамақ өнiмдерiнiң құрамына енгiзуге арналған табиғи (табиғимен бiрдей) биологиялық белсендi заттар;
тамақ өнiмдерiн, материалдар мен бұйымдарды теңестiру - белгiлi бiр тамақ өнiмдерiн, материалдар мен бұйымдарды нормативтiк, техникалық құжаттардың талаптарына және оларға қоса берiлетiн құжаттардағы және жапсырмалардағы ақпараттарға сәйкестiкке келтiру жөнiндегi қызмет;
тамақ өнiмдерiнiң сапасы - оларды әдеттегi жағдайда пайдалану кезiнде адамның тамаққа қажеттiлiгiн қанағаттандыруға қабiлеттi тамақ өнiмдерi қасиеттерiнiң жиынтығы;
тамақ өнiмдерiмен араласатын материалдар мен бұйымдар (бұдан әрi - материалдар мен бұйымдар) - тамақ өнiмдерiн дайындау, буып-түю, сақтау, тасымалдау, сату мен пайдалану кезiнде қолданылатын материалдар мен бұйымдар, оның iшiнде технологиялық жабдықтар, құралдар мен құрылғылар, ыдыстар, ыдыс-аяқтар, асханалық керек-жарақтар;
нормативтiк құжаттар - тамақ өнiмдерiнiң, материалдар мен бұйымдардың сапасы мен қауiпсiздiгiне, олардың сапасы мен қауіпсiздiгiн бақылауға, оларды дайындау, сақтау, тасымалдау, сату және пайдалану, сапасыз, қауiптi тамақ өнiмдерiн, материалдар мен бұйымдарды қайта жарату немесе жоюға талаптар қоятын мемлекеттiк стандарттар, санитарлық, мал дәрiгерлiк- санитарлық және фитосанитарлық ережелер мен нормалар және басқа да нормативтiк-құқықтық кесiмдер;
тамақ өнiмдерiнiң,
тамақ өнiмдерi - адамның тамаққа пайдаланатын табиғи немесе өңделген түрдегi өнiмдер, оның iшiнде балалар тамағының өнiмдерi, шөлмектелген су, алкогольдi өнiм, сағыз, сондай-ақ азық-түлiк шикiзаты, тамақтық қоспалар мен биологиялық белсендi қоспалар;
азық-түлiк шикiзаты - өсiмдiк, мал, микробиологиялық, минералдық, қолдан жасалған шикiзат және тамақ өнiмдерiн дайындау үшiн пайдаланылатын су;
балаларды тамақтандыру өнiмдерi - 14 жасқа дейiнгi балаларды тамақтандыруға арналған және балалар организмiнiң физиологиялық қажеттiлiктерiне жауап беретiн тағам өнiмдерi;
диеталық тамақтандыру өнiмдерi - шипалы және профилактикалық тамақтандыруға арналған тамақ өнiмдерi;
тамақ қоспалары - тамақ өнiмдерiне белгiлi бiр қасиеттер беру және (немесе) олардың сапасын сақтау мақсатында тамақ өнiмдерiне оларды дайындау процесiнде енгiзiлетiн табиғи немесе жасанды заттар мен олардың қосылыстары;
тамақ өнiмiнiң тағамдық құндылығы - тамақ өнiмiнiң адамның қажеттi заттар мен энергияға физиологиялық қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын қасиеттерiнiң жиынтығы;
жарамдылық мерзiмi - ол аяқталғаннан кейiн тағам өнiмi мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз болып саналатын кезең. Жарамдылық мерзiмiн сақтау шарттары сақталған жағдайда, тамақ өнiмiнiң тұтынушының өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгiне кепiлдiк беретiн сақтау шарттарын көрсете отырып, тамақ өнiмдерiн дайындаушы белгiлейдi;
сақтау мерзiмi - белгiленген сақтау шарттары сақталған жағдайда, тамақ өнiмiнiң нормативтiк құжаттамада немесе сату-сатып алу шартында көрсетiлген өзiнiң бүкiл қасиетiн сақтайтын кезең. Сақтау мерзiмi өткеннен кейiн тамақ өнiмi пайдалану үшiн жарамды болуы, бiрақ оның тұтынушылық қасиеттерi (тұтынушылық құны) төмендеуi мүмкiн;
тамақ өнiмдерiнiң,
тамақ өнiмдерiн қайта жарату - тамақ өнiмдерiн нормативтiк құжаттардың талаптарына жауап бермейтiн және адамдардың өмiрi мен денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға қауiп төндiретiн жарамсыздыққа жатқызу рәсiмi және оларды жою;
бұрмаланған тамақ өнiмдерi, материалдар мен бұйымдар - қасақана өзгертiлген (қолдан жасалған) және (немесе) жасырын қасиеттер мен сапаға ие, олар туралы ақпараттар қасақана толық емес немесе қате болып табылатын тамақ өнiмдерi, материалдар мен бұйымдар;
3. Заңды және жеке тұлғалардың шығаратын, әкелетiн және сататын өнiмiн жарнамалауға Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес оның қауiпсiздiгiн растайтын құжаттарсыз жол берiлмейдi.
2. Тамақ өнiмдерiнiң
сапасы мен қауiпсiздiгiне
қойылатын жалпы талаптар
1. Сатуға арналған тамақ өнiмдерi химиялық және биологиялық, оның iшiнде адамдардың денсаулығы үшiн қауiп туғызуы ықтимал радиоактивтiк, микробиологиялық заттар мен олардың қосылыстарының құрамындағы мөлшерi жөнiндегi нормативтiк құжаттарда белгіленген талаптарға сай болуы тиiс.
2. Балаларды тамақтандыру өнiмдерiнiң тамақтық құндылығы бала организмiнiң жай-күйi мен жасына сәйкес келуi және денсаулық үшiн қауiпсiз болуы тиiс.
3. Емдеу-профилактикалық тамақтандыру өнiмдерi, тағамдық және биологиялық белсендi қоспалар арнаулы мақсаттағы өнiмдерге жатады және олардың денсаулық сақтау органдары белгiленген тәртiппен бекiткен нормативтiк құжаттамаға сәйкес қасиеттерi мен сипаттамалары болуы тиiс.
3. Азық-түлiк шикiзаты
мен тамақ өнiмдерiнiң
сапасы мен қауiпсiздiгiн мемлекеттiк нормалау
1. Тамақ өнiмдерiнiң сапасына, буылып-түйiлуiне, таңбалануына, бақылау (талдау) әдiстерiне, бағалау рәсiмдерiне және тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiнiң нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкестiгiн растауға қойылатын талаптар уәкiлеттi мемлекеттiк органдар бекiткен нормативтiк құжаттарда белгiленедi.
2. Тамақтық және энергиялық құндылықтарға, тамақтық және биологиялық белсендi қоспалардың, тамақ өнiмдерiнiң (малдан алынатын азық-түлiк шикiзатынан басқа) қауiпсiздiгiне, сондай-ақ тамақ өнiмдерiн дайындау, сақтау тасымалдау сату (сауда) және қоғамдық тамақтандыру қызметтерiн көрсетуге қойылатын талаптар мемлекеттiк (мемлекетаралық) стандарттар мен санитарлық ережелерде және нормаларда белгіленедi.
3. Малдан алынатын азық-түлiк
шикiзаттарын (ет, балық, құс, жұмыртқа
және басқа) дайындау сақтау тасымалдау
және сату кезiндегi сапасы мен қауiпсiздiгiне
қойылатын талаптар мемлекеттiк (мемлекетаралық)
стандарттар мен малдәрiгерлiк ережелерде
және нормаларда белгiленедi.
Өсiмдiктен алынатын азық-түлiк шикiзатының
сапасы мен қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар
санитарлық ережелер мен нормаларда және
фитосанитарлық ережелер мен нормаларда
белгiленедi.
Жоғарыда көрсетiлген талаптар ғылыми
зерттеулердiң нәтижелерiне, халықтың
тамақтану ерекшелiктерi мен денсаулық
жағдайына, тамақ өнiмдерi мен азық-түлiк
шикiзатының ықтимал қауiптi қасиеттерiне,
оларды тамаққа пайдаланудан адамдардың
денсаулығына зиян келуi қаупiне, сондай-ақ
олардың әлеуметтiк және экономикалық
зардаптарына негiзделедi.
4. Мемлекеттiк стандарттарды, санитарлық, малдәрiгерлiк-санитарлық және фитосанитарлық ережелер мен нормаларды стандарттау және сертификаттау саласындағы қадағалау санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау малдәрiгерлiк қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдар және өсiмдiктердiң карантинi жөнiндегi фитосанитарлық қызмет, олардың құзыреттерiне сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтедi.
4. Азық-түлiк шикiзаты
мен тамақ өнiмдерiнiң
сапасы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
1. Заңды және жеке тұлғалар
тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiн:
нормативтiк және техникалық құжаттардың
талаптарын, ал олар болмаған жағдайда,
Қазақстан Республикасының аумағында
қолданылып жүрген, ұқсас өнiмдердiң сапасы
мен қауiпсiздiгiне талаптар белгiлейтiн
нормативтiк құжаттарда қойылатын талаптарды
сақтау;
азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiнiң дайындау, сақтау тасымалдау және сату кезiндегi сапасы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымдастырушылық санитарлық-гигиеналық, алдын алу және эпидемияға қарсы, малдәрiгерлiк-санитарлық, технологиялық, инженерлiк-техникалық, агрохимиялық және фитосанитарлық iс-шараларды жүргiзу;
сапаны басқару жүйесiн енгiзу арқылы тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiне, оны дайындау, сақтау, тасымалдау және сату шарттарының сақталуына өндiрiстiк бақылауды жүргiзу;
нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкестiкке мiндеттi түрде сертификаттауға жататын тамақ өнiмдерiне сертификаттауды және өнiмдi санэпидсараптаманы жүргiзу арқылы қамтамасыз етедi.
2. Нәтижелерi сертификаттаудың
мақсаттары үшiн
3. Тамақ өнiмдерiн сертификациялық сынауды сертификаттаудың мемлекеттiк жүйесiнде тiркелген зертханалар сынақтарды жүргiзудiң тәртiбiн белгiлейтiн нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес жүргiзедi.
4. Дайындаушы мүмкiн болатын бұрмалаушылықтан өз өнiмiн қорғау жөнiндегi шараларды қабылдауға мiндеттi.
5. Тағам өнiмдерiн өндiру
1. Заңды және жеке тұлғалар жаңа тамақ өнiмiн әзiрлеу және оны дайындаудың, буып-түюдiң, сақтаудың, тасымалдаудың және сатудың технологиялық процестерi кезiнде техникалық шарттарға осындай тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiне талаптарды қамтуға, айналым кезiнде тамақ өнiмдерiнiң жарамдылық мерзiмiн сақтауға, сондай-ақ өндiрiстiк тәртiптi қарастыруға және тамақ өнiмдерiн сынаудың әдiстемелерiн (олар болмаған жағдайда) әзiрлеуге мiндеттi.
2. Жаңа тамақ өнiмдерiнiң жарамдылық мерзiмдерi тиiстi гигиеналық қорытындымен расталады.
3. Жануарлардан алынған өнiмдердiң жаңа түрлерi тамаққа пайдалану үшiн және тамақ өнiмдерiн дайындау үшiн тек малдәрiгерлiк-санитарлық сараптама жүргiзiлгеннен және дайындаушы Қазақстан Республикасы мемлекеттiк малдәрiгерлiк қызмет органдарының осындай өнiмдердiң малдәрiгерлiк-санитарлық ережелер мен нормалардың талаптарына сәйкестiгiн куәландыратын қорытындысын алғаннан кейiн ғана рұқсат етiледi.
4. Нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес оны өндiрiске қою рәсiмiнен өтпеген тамақ өнiмiн өндiруге тыйым салынады.
5. Тамақ өнiмдерiн өндiрудiң технологиялық процесi оны дайындау шарттарына қойылатын технологиялық регламенттер, санитарлық, малдәрiгерлiк-санитарлық және фитосанитарлық ережелер мен нормалар сақталған жағдайда, технологиялық құжаттар бойынша жүзеге асырылуы тиiс.
6. Тамақ өнiмдерiн дайындаушы, оның сапасы мен қауiпсiздiгiн нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес қамтамасыз ету мақсатында ИСО 9000 сериясындағы халықаралық стандарттардың талаптарымен үйлестiрiлген, сапаны бақылау жүйесiн әзiрлейдi және өндiрiске енгiзедi.
7. Тамақ өнiмдерiн дайындаушы тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiне кепiлдiк беруге және сатып алушыға (жабдықтаушыға) өнiммен бiрге өнiмнiң нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкестiгiн құжаттамалық растауды табыс етуi тиiс.
8. Қоғамдық тамақтандыру қызметтерiн көрсететiн ұйымдарда дайындалатын және сатылатын өнiмдерге, олар дайындалған орында сатылған жағдайда, өнiмнiң нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкестiгiн құжаттамалық растау табыс етiлмейдi.
9. Азық-түлiк шикiзаты өндiрiсiнде
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен санитарлық-
10. Тамақ өнiмдерi сақтау, тасымалдау және сату кезiнде, оның сапасы мен қауiпсiздiгiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн тәсiлдермен өлшенiп салынуы және буып-түйiлуi тиiс.
6. Жаңа тамақ өнiмдерiн өндiрудiң тәртiбi
1. Жаңа тамақ өнiмдерiн өндiрiске қою белгiленген тәртiппен бекiтілген нормативтiк және технологиялық құжаттама, өндiруге гигиеналық қорытынды мен қызметтiң осы түрiне лицензия (егер ол лицензиялауға жатса), бiлiктiлiк комиссиясының өнiмдi өндiрiске қою туралы актiсi болған жағдайда, Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Шығарылатын тағам өнiмдерiнiң жекелеген ингредиенттерiн ауыстыру қандай да бiр нормативтiк құжаттамаға тиiстi өзгерiстер енгiзiлгеннен кейiн немесе жаңа нормативтiк құжаттаманы әзiрлеу кезiнде осы өнiмге арналған нормативтiк құжатқа келiсiм берген органдардың рұқсатымен жүргiзіледi.
7. Қазақстан Республикасының
аумағына
тамақ өнiмдерiн әкелу
1. Қазақстан Республикасының аумағына сату үшiн әкелiнетiн азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерi нормативтiк құжаттардың талаптарына сай болуы тиiс.
Информация о работе Азық-түлiк шикiзатының және тамақ өнiмдерi