Қазақстандағы бензин өндірісінің экологияға әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2012 в 19:20, реферат

Краткое описание

Мұнай және газ теңдесі жоқ өте құнды пайдалы қазба. Оларды өңдеуден шыққан өнімдері жәй тұрмысқа да және мемлекетті қорғауға да қажет. Олар өндірістің барлық саласында, көліктің барлық түрлерінде, соғыс және азаматтық құрылыста, ауылшаруашылығында, үй қызметінде, энергетикада және т.б қолданылады.
Қазіргі кезге дейін мұнайды пайдалануды энергиялық және көліктік бағыт негізгі және басым болып отыр, былайша айтқанда оны энергетикада және көлікте қозғалтқыш ретінде отын ретінде ( автобензин, реактив, дизель және қазан отыны).

Содержание

Кіріспе
1.Бензин өндірісі
1.1 Бензинге қойылатын негізгі талаптар
2.Қазақстандағы бензин тапшылығы.
3. Бензиннің экологиялық ортаға тигізетін әсері
3.1 Қазақстанның қазіргі экологиялық жағдайы

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақсандағы бензин өндірісі экологияға әсері 2311.doc

— 227.00 Кб (Скачать документ)

Осының  бәрін  қорытындылай келе, жақсы бензиннің нарығын  қалыптастыру  жағдайында тек  сенімді жанар жағармай станцияларынан  бензинді  сатып алып, суррогат  алудан  құтылуға болатынын айта кеткен жөн. Егерде белгіленген нормадан  асатын  болса, стандарттқа сәйкес  келмейді. Сондықтан осындай нормативті  құжаттарға  сәйкес болуы тиіс.Егер  тұтынушы  сапасыз  бензинді  қолданса, қоршаған  ортаға  залалын  тигізеді. Соңғы жылдары Қазақстанның  атмосфералық  жағдайы  күрт өзгерді. Статистикаға  жүгінетін  болсақ  мысал  ретінде Өскемен  қаласын  алсақ  жылына 2-3 мыңға жуық  транспорттар  көбеюде.2006 жылы 43861бірлік жеңіл автокөлік және 10157 жүк көлігі тіркелген. Қазір ол әжептәуір көбейді. Бұндай  статистика  Қазақстанның  барлық  облыстарында  тексеріліп, жүргізіліп отырады.

Қоршаған  ортаны  ластаудың маңызды көздерінің бірі - ол автокөліктер. Ең ірі қалаларда қоршаған ортаның 90 пайызын автокөліктер  ластайды. Автокөліктен шығатын газдар көмірсутек оксиді, көмірсутектер, азот диоксиді,бензиперен құрайды. Көмірсутектердің реакцияға өте тез қабілетті қала атмосферасында тотығады және  токсинді  заттарды түзеді. Басқа стационарлық көздерге қарағанда  бұл  автокөлік  қалдықтары  атмосфера  қабатына  жиналып, адамның тыныс  алуына  әсерін  тигізеді.

 

1.1Автомобильдік бензиндерге қойылатын талаптар.

 

Карбюраторлық қозғалтқыш үшін арналған отын-автомобильдік бензиндерге келесі талаптар қойылады:

       -Қозғалтқыштың  қоректендіру жүйесіне тоқтаусыз  жеткізіліп тұруы;

       -Қасиетті  құрамы бар отынды ауалық қоспаның түзілуін қамтамасыз ету;

       -Қозғалтқыштардың бөлшектерін коррозияға және коррозиялық тозуға ұшыратпау;

       -Құбырда,жану  камерасында және қозғалтқыштың  басқа бөліктерінде шөгінділердің  минимальді мөлшерде болуын қамтамасыз  ету;

       -Өзінің  қасиеттерін сақтау,қайта құю  және тасымалдау кезінде сақтау;

Қазіргі  таңда бензинге қойылатын  талаптар өте жоғары.Оған дәлел ретінде отынның сапасы  тек автокөліктің жұмысына әсер етіп қана қоймай оның көптеген  қалдықтары қоршаған ортаға және адам ағзасына  әсер етеді.Қазіргі таңда бұл  ұлттық экологиялық қауіпсіздік факторларының  бірі қоршаған орта  болып табылады.

Қазақстан Республикасының 29 желтоқсан  2007 жылғы № 1372 арнайы техникалық регламент  қаулысында : автокөліктен шыққан зиянды қалдықтар мен токсинді заттар   қоршаған ортаны ластайтын  қалдықтарды реттейтін талаптар бекітілген. Бұл техникалық регламентте  тәртібімен  уақыты  белгіленген.Осыған байланысты 15 шілде 2009жылы Евро-2, 1-қаңдарда 2011 жылы Евро-3, 2014 жылы Евро-4 экологиялық сатылары бекітілген.

Евро-ға  байланысты автокөлік бензиндеріне  мынадай талаптар  қойылады (3 кесте)                                      

 

Автокөлік бензиндерінің  көрсеткіштеріне   қойылатын  талаптар

 

Автокөлік бензиндерінің көрсеткіштері

 

Өлшем бірлігі

Нормалар арасындағы байланыс

Евро-2

класс

Евро-3

класс

Евро-4

класс

Күкірттің массалық үлесі

мг/кг

500

150

30

Бензолдың  салмақтық  үлесі, артық емес

%

5

1

1

Оттегінің массалық үлесі артық емес

%

-

2,7

2,7

Көмірсутектің салмақтық  үлесі артық емес

%

     

      ароматикалық

 

-

42

35

       олефинді

 

-

18

18

Октан саны:

       

Зерттеу әдісі бойынша  кем емес

 

80

80

92

Моторлы әдіс бойынша 

 

76

76

83

Бу қысымы  артық  емес;

      жазғы  кезең 

      қысқы  кезең

кПа

 

 

35-79,9

35-93,3

 

 

35-79,9

35-93,3

 

 

35-79,9

35-93,3

Оксигенаттың салмақтық  мөлшері,артық емес:

Метанол

           Этанол 

           Изопропанол

           Третбутанол

           Изобутанол

Молекула құрамында 5 немесе оданда көп  көмірсутек атомдар  бар эфирлер

Басқа оксигенаттар (соңғы қайнау температурасы 2100С жоғары  емес)

%

 

 

 

 

 

Анықталмайды

-

-

-

-

-

 

 

 

-

 

 

 

1

5

10

7

10

15

 

 

 

10

 

 

 

1

5

10

7

10

15

 

 

 

10

 

Клапандағы бастапқы ыдырау артық емес.

мг/клапан

50

30

30


 

Егерде осы Евро бойынша  жұмыс жасайтын болсақ, Қазақстан Республикасында  автокөлік бензиндерінің сапасы артып  және де қоршаған  ортаға қалдықтарды шығару  әлде қайда азая  түседі.

 

2.Қазақстандағы  бензин тапшылығы мен экологиялық жағдайы

Қазіргі  таңда мұнай  зауыттарындағы мемлекеттің  үлесі  арта түсуде. Барлық Қазақстан мұнай өңдеу зауыттары өз бензиндерін жақсартуға  өз үлестерін қосуда, Атырау мұнай өңдеу зауытында хош иісті көмірсутегін  өндіру кешенін  салу  жұмысына  кірісіп  жатыр. Бұл  Қытайлық «Синопек Инжиниринг» компаниясымен  бірілесіп  жасалып  жатқан шаралар.Жобаға  Қытай жағы  құйған  инвестиция  көлемі млрд.доллардан асады. Ал Павлодармен Шымкент  зауыттары бойынша қазір  келіссөздер  жүріп  жатыр.  

Ішкі  нарықтағы жанар жағармай  саласында  туындаған тапшылықтың АИ-80 маркалы бензиніне қатысы  болмай  отыр. Себебі қазақстандық жүргізушілер арасында бұл  бензин  түріне сұраныс азайған. Отандық  мұнай өңдеу зауыттарына қойылып  отырған талап – жоғары  октанды бензин  шығару. Елде  бұл бензин түріне сұраныс  жылдан- жылға өсуде. Қазақстандықтар 5-6 жылдан  соң тек  жоғары октан  бензинін  ғана тұтынатын болады және сыртқа  шығаратын  болады.

КазМұнайГазда аталып  өткендей, 2014 жылдан  бастап отандық зауыттар  тек Евро-4 стандартындағы  бензинді шығармақшы. Осы кезге дейін Атырау зауытын күрделі жөндеуден өткізу жұмысы  аяқталмақ.Осылайша Атырау мұнай зауытының қуаты күшейіп, жылына 550 мың тоннадан жоғары октанды бензин шығарады деп жоспарланып отыр. Мұнайхимиялық өнімдері де осы көлемде шықпақ. Қазақстан бензин  тапшылығына тап болды. Соңғы бір ай көлемінде Қазақстан бойынша жанар жағармай  тапшылығы  орын алды. Ең әуелі  бұл Шымкент  қаласынан бастау алып, жылжып Алматығада жетті. Бүгінде Алматы  қаласының  жанар жағармай құю станцияларында  ұзыннан – ұзақ  созылған кезек. Егерде  қолыңызда «Гелиос» және «Казмұнайгаз», «Роял Петрол» жанармай станцияларының  арнайы  талоны болса  ең  тиімді АИ -93 бензинін 72-76 теңге  көлемінде ала аласыз.Онсыз бұл маркалы бензиннің  бағасы 115  теңгеге жетті. Демек, екеуінің айырмасы – 40 теңгеге жетіп  тұр. Жанар жағармай станциялары бұның сырын  бензин  тапшылығымен  байланыстырады. Ал,Премьер- министр  және түрлі деңгейдегі әкімдер  бұның сырын  мұнай өндіруші компаниялардың  өзара келісіп, ішкі рынокты  мұнаймен қамтамасыз етуден  бас тартауына деген пікірде. Өйткені жақында ғана  Үкімет егіс жинау науқаны кезінде мұнай  өнімдерін  сыртқа шығармау жөнінде Қаулы қабылдаған  болатын. Артынша  мұнай өндіруші  зауыттар жанармай  станцияларына бензин әкелуді тоқтатқан.Мәселен, қыркүйектің  аяғында  бензин тапшылығына душар болған Шымкенттегі оқиғаға  көз жіберсек, жалпы Оңтүстік Қазақстан облысына «Петро Қазақстан», «Торғай Петролеум», «Казгермұнай» - үш мұнай өндіруші компания бензин  тасымалдап  тұрған  болса, соңғы кезде тек  «Торғай Петролеум» ғана  мұнай жеткізетін болған. Осының салдарынан  жанармай  бағасы бірден 30% пайызға қымбаттап кеткен.

Бүгінде Шымкенттегі  бензин бағасы бұрынғы  қалпына қайта  келгендігі  жайлы  ақпарат  бар. Елдегі  жанармай бағаларына  мониторинг жүргізген Казагро маркетинг Шымкенттегі  мұнай өнімдерінің  бағасы 30-40 пайызға дейін арзандағанын айта отырып, керісінше республиканың басқа  өңірлерінде бензин  бағасының шарықтап бара жатқанын  жеткізген.Өткен аптада мәселеге Премьер- министрдің өзі мән беріп,жағдайды бақылауды тапсырды. Премьер- министрдің жанармай бағасының өсуін ірі мұнай өндіруші  компаниялардың өзара келісімі негізінде  жүзеге асып отыр деген пікірде. Бұл  мұнай өндіруші компаниялардың бензинді экспорттауға салынған  тыйымына деген байкот секілді.

Сарапшылардың айтуынша, бензин жанар жағармай  станцияларына  жеткенше бірнеше компаниялардың қолынан өтеді.Мәселен монополияға қарсы агенттік  сарапшылар АИ-93 бензинінің зауыттан шыққандағы бастапқы құны 20-30 теңге дегенді айтқан еді. Оған әр делдал фирма 30- дан 300 пайызға дейін өз бағаларын қосады.Ал бұл рыноктағы әр «маңызды» тұлғаның қасында осындай 5-6 фирма бар. Жаздағы бензин тапшылығын «бензин корольдері» саналатын «Казмұнайгаз», «ПетроКазақстан» мен «Гелиос» әдейі ұйымдастырғаны  жайлы Бәсекелестікке  қарсы агенттіктен дәлелдемесі бар екені айтылған.

Ал Қазақстанда бензин тұтынушыларының қатары күн санап  арта түсуде. Кейбір сарапшылардың  пікірінше 2015 жылға қарай қазіргі  мұнайөңдеу зауыттары оларды бензинмен  қамтамасыз ете алмайтын болады. Ал екінші рынокқа  жанар жағармайдың  орташа қолайлы бағасын  орнықтыратын мемлекеттік жаны МӨЗ салу 7 жыл уақытты қажет етеді екен.Елдегі мұнай коммерсанттары болса шетелде өндіруші зауыттар салуға  белсенділік танытқандарымен, Қазақстанда ондай ынталарын  байқаттайды.Кезінде бұрынғы энергетика  министрі В.Школьниктің «Бүкіл Қазақстанда бар болғаны  үш мұнай өңдеу зауытының  болуы күлкілі жағдай» деген сөзінің жан бар секілді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Ең көп  автокөлікті  пайдаланудан түзілетін  ауаны   ластайтын газ  қалдықтарына  азоттың  оксидтері жатады. Олар азон қабатын бұзады, тірі организмдерге зиянды әсерін тигізеді, көмірсутектермен  фотохимиялық смог түзуге  қатысады. Сонымен қатар азоттық қышқылдық оксидтері күшті тотықтырғыштар болғандықтан тірі организмдердің тыныс алуына,өсімдіктердің өсуіне зиянды әсерін тигізеді, ауадағы ылғалмен әрекеттесіп қышқылдық жаңбырлардың жаууына әсерін тигізеді. Сондықтан дамыған елдерде азот  оксидтерін  қатаң бақылап оның шамасын төмендету шараларына көп көңіл бөлінеді. Азот оксидтерінің төмендету жану камераларын реконструкциялау, оларды жетілдіру нәтижесінде қол жеткізеді.

Ауаны ластауда үлкен үлес қосатын газ қалдықтары көміртек (II) оксиді жатады. Оның үлесінің көбеюі мотор жанар-жағармайлардың құрамында  ауыр фракциялардың жоғары болуы.

Автокөліктердің тағы ауаны ластайтын компоненттерінің бірі көмірсутектер: оның ішінде қаныққан көмірсутектің мөлшерлік үлесі 32% -дан жоғары болады, қанықпаған көмірсутектердің мөлшерлік үлесі 27%, 4%-ға дейін ароматты және 2%-ға жуық альдегидтер. Көмірсутектер дем алуды қиындатады, ал ароматты көмірсутектер концерогенді заттар қатарына жатады.

Олардың пайда  болуы мына жағдайларға байланысты: 

  • двигательдердің сипаттамасымен жұмыс жасау қабілеті
  • пайдаланатын отынның көлемі
  • орташа сипаттамалары
  • отынның түрі мен сапасы
  • булану қабілеті   

Адам баласы мен қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізетін қосылыстардың бірі қорғасын және оның қосылыстары болдып табылады.Қорғасын қосылыстарын және тетраэтил қорғасынын бензиннің окиан санын жоғарылату үшін қолданады. Автокөліктің ауаға шығаратын қалдықтарымен атмосфераға 37-85% қорғасын және оның қосылыстары түседі. Зерттеулер нәтижесінде бензин құрамында қорғасын болмаған жағдайда азот оксидтерінің массалық үлесі 30%-ға төмендейтіндігі анықталған.

 

Төмендегі кестеде  адамға және табиғтқа зиянды әсерін тигізетін жанар-жағармайдың жану өнімдерінің кейбір сипаттамалары және олардың зиянды әсерін төмендету техникалық шешімі келтірілген.

 

Мотор отындарымен  қоршаған ортаның ластануы және оны  төмендету жолдары.

 

 

 

 

 

Жанар-жағармайлардың жану өнімдері және олардың зиянды экологиялық әсері

 

Атауы

Зиянды экологиялық  әсері

Техникалық шешім

Көмірсутек оксиді

Адаммен жануарларға  экологиялық залалды токсиндік  әсері

Отындардың жану процессін оптимизациялау.Қоспаларда қолдану

Күкірт оксиді

Тыныс алу органдарына  зиян келтіру, қышқылдық жауындардың  болуы, каталитикалық бейтараптандырғыштарды бұзу.

Құрамында күкірттің  үлесінің отындар өндіру

Азот оксиді

Тыныс алу органдарына  зиян келтіру, қышқылдық жауындардың  болуы және смог(тұман),азон қабатының бұзылу процестеріне қатысады.

Жану өнімдерінде  азот оксидтерін каталитикалық тотықсыздандыру

Көмірсутектер

Канцерогенді  әсері, азон мен смог түзуде қатысады

Отындардың қаныққан буының қысымын төмендету, жану процестерін  жетілдіру,қоспаларда қолдану.

Азон

Флора мен фаунаға  залалды әсерін тигізеді, смог түзуде қатысады.

Көмірсутектер мен азот оксидтерінің үлесін төмендету

Альдегидтер

Тыныс алу органдарына  зиян келтіру, смог түзілуде қатысу

Жану процестерін  жетілдіру

Қорғасын және басқа металдардың қосылыстары

Флора мен фаунаға  зиянды әсері, су мен топырақта элементтер балансын бұзу, катализаторды бұзу.

Құрамында металл қосылыстары бар отындарды өндіру.

Күйе және қатты  бөлшектер

Канцерогенді  әсері, қышқылдық жауындар түзуіне  қатысу

Отындардың күйелігін төмендету, күкірт пен ароматты көмірсутектердің үлесін төмендету

Информация о работе Қазақстандағы бензин өндірісінің экологияға әсері