Жергілікті атқарушы билік органдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2014 в 12:21, реферат

Краткое описание

Баяндама тақырыбының өзектілігі: Демократиялық мемлекеттердің саяси өмірінде, ондағы сан-салалы қоғамдық процестерде парламенттердің ерекше рөл атқаратыны белгілі. Демократия жолына түскен елдердің оңды тәжірибесі көрсетіп отырғандай, парламент елдің үдемелі, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етіп, сол арқылы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың және өркениетке лайықты өмір сүруінің кепілі болып табылады және соның негізін қалайды. Бұл демократиялық институттың маңызы мен қажеттелігі де осында жатыр.

Содержание

КІРІСІПЕ
1. ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1.Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
1.2.Жергілікті басқару органдарының қызметін ұйымдастыру
1.3.Жергілікті өзін-өзі басқару принциптері
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АТҚАРУШЫ БИЛІКТІҢ ЖЕРГІЛІКТІ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
2.1.Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың проблемалары
2.2.Қазақстан Республикасында жергілікті басқару органдарының қызметін жетілдіру жолдары
2.3. Облыстық әкімдер және олардың өкілеттіктері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word (7).docx

— 48.04 Кб (Скачать документ)

Облыс (қала) әкімі өзінің жекелеген өкілеттігін жүзеге асыруды төменгі тұрған әкімдерге беруге құқылы. Әкім өз құзыретіндегі және әкімдіктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Президент пен Үкімет алдында жауап береді.

Жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңның 33-б-да жоғарыдағы айтылғандарға ұқсас мәселелер аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің де құзыретіне жатқызылып бекітілген. Әкім өз құзыретіндегі және өкімдіктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Президенттің, Үкіметтің және облыс әкімінің алдыңда жауап береді.

Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық, аудандық маңызы барқалалық, кенттік, ауылдық (селолық), ауылдық (селолық) округтік әкімдіктер құрылмайды.

Қаладағы аудан, аудандык маңызы барқала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі заңдарға сәйкес: тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тиісті аудандық (қалалық) әкімдіктің лауазымды адамы болып табылады және оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді. Бұ әкімшілік аумақтар әкімдерінің құзыретіне жатқызылған мәселелер тізбесі жергілікті мемлекеттік баскару туралы заңның 35-б-да және оғн өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жоғарыда аталған заңдардақаралған. Қаралып отырған бөлініс аумақтарына әкімдері өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша өзіне жүктелген міндеттердің іске асырылуы үшін жоғары тұрған әкімнің, аудандық (облыстық маңызы барқалалык), республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының алдында жауап береді.

 

Әкім нормативтік — құқықтық сипаттағы шешімдер және әкімшілік — басқарушылық, жедел және дербес сипаттағы мәселелер бойынша әкімдер шығарады. Әкімдіктің және (немесе) әкімнің өз құзыреті шегінде қабылдаған актілерінің тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің бүкіл аумагында міндетті күші болады.

Әкімдіктің және (немесе) әкімнің азаматтардың кұқыктарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілері (мемлекеттік құпиялары және заңмен қорғалатын өзге де құпиялары бар актілерден басқа) міндетті ресми жариялауға жатады. Олардың осы сияқты және жалпыға міндетті маңьгзы бар актілері белгіленген тәртіппен Әділет министрлігінің аумақтық органдарының мемлекеттік тіркеуіне жатады.

Әкімдіктің және (немесе) әкімнің актілерінің колданылуын тиісті прокурор тоқтата тұруы мүмкін.

ҚР-ның Президенті, Үкіметі, жоғары тұрған әкімдік және (немесе) әкім, әкімдіктің және (немесе) әкімнің өзі, сондай-ақ соттың шешімі әкімдіктің және (немесе) әкімнің актілерінің қолданылуын жоюы не толық немесе ішінара тоқтата түруы мүмкін.

Әкімнің қызметін ақпараттық — талдау тұрғысынан, ұйымдық — кұқықтық және материалдық — техникалық жағынан камтамасыз ететін оның аппараты болады. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан (облыстық маңызы барқала) өкімінің аппаратын тиісінше олардың әкімдігі құрады. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдык (селолық) округ әкімінің аппаратын республикалық маңызы барқала, астана, аудан (облыстык маңызы бар қала) әкімдігі құрады.

Әкім аппараты туралы ережені, оның құрылымын тиісті әкімдік бекітеді. Әкім аппараты жергілікті бюджеітің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.

Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарды тиісті мәслихат бекіткен әкімшілік-аумақтық бірлікті баскару схемасы шеңберінде облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан (облыстық маңызы барқала) әкімдігі құрады.

Бұл органдарды құрғанда ҚР-сы Үкіметінің «ҚР-ның жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту туралы» 2004ж. 4-қазандағы қаулысымен бекітілген жерглікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымы басшылықка алынады. Ол бойынша үлгі құрылымы үш топқа болінген:

Республикалық маңызы барқаланың, астананың әкімдігі. Бүлар 21 түрлі атқарушы органдар (департаменттер, басқармалар, бөлімдер) кіра алады.

Ауданның және облыстық маңызы бар қаланың (тұрғындар саны 50000 адамнан артық) әкімдігі 10 түрлі атқарушы орган (бөлімдер) кұруға мүмкін.

Ауданның (түрғындар саны 50000 адамнан аз) әкімдігі 7 түрлі атқарушы орган кұруға құқылы.

Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың құзыреті мен қызметін ұйымдастыруды Республика заңдарыны талаптарын сақтай отырып тиісті әкімдік белгілейді.

 

Жергілікті атқарушы органдар- 2001 жылы 23 қаңтарда "Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Аталған Заң жергілікті басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзіретін, қызметінің ұйымдастырылуын, тәртібін, сондай-ақ мәслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайын белгілейді. 
Қабылданған заңға сәйкес жергілікті атқарушы орган (әкімшілік) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың,астананың) немесе ауданның(облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзіреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган болып табылады.                                                                                                                            Әкім—Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің жергілікті атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) басқаратын және өзіне сеніп тапсырылған аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесімді қызмет істеуін,тиісті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес мемлекеттік басқару өкілеттігі берілген, тиісті аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйіне жауапты өкілі.

Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімшілік Қазақстан Республикасы атқарушы органдардың біртұтас жұйесіне кіреді, атқарушы биліктің мемлекеттік саясатьн тиісті аумақты дамыту мүлделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді. 
Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың,астананың) әкімшілікті облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімі басқарады. 
Әкім облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімшілікті әкім орынбасарларынан, әкім аппаратының басшысынан, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірінші басшыларынан құрады. 
Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)әкімшілікті — алқалы орган,ол занды тұлға болып табылмайды. 
Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімшілігі заңдарға сәйкес: облысты (республикалық маңызы бар қаланы, астананы) дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджетті,сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс бюджетінің атқарылуы туралы есепті әзірлейді және мәслихаттың бекітуіне ұсынып, олардың орындалуын қамтамасыз етеді; облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) коммуналдық меншікті басқарады,оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады; облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында кәсіпкерлік қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасайды; аграрлық сектордың ұтымды және тиімді жүмыс істеуін қамтамасыз етеді;Қазақстан Республикасы өндірісітік күштерін орналастыру схемасына сәйкес облыстың аудандық жоспарлану схемасын,облыс орталығын,республикалықмаңызы бар қалалық және астананы салудың бас жоспарларын әзірлейді, оларды облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) мәслихаттың қарауына енгізеді; облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) коммуналдық меншік объектілері мен әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер құрылысы бойынша тапсырысшы болады, коммуналдық желілер мен құрылыстарды салуға рүқсат береді; әкімшілік аудандардың аудандық жоспарлану схемаларын, аудан орталықтарын, облыстық маңызы бар қалаларды салудың бас жоспарларын әзірлейді және оларды облыстық мәслихатқа бекіту үшін ұсынады;су қүбырлары, тазарту құрылыстары, электр беру, байланыс желілері мен басқа да көліктік және инженерлік инфрақұрылымдар объектілерінің құрылысын салу мен пайдалануды ұйымдастырады;ҚР жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;экологиялық сараптаманы ұйымдастырады және өз қүзіреті шегінде табиғат пайдаланылуын бақылауды, табиғат қорғау объектілерінің қүрылысы мен олардың қайта жаңартылуын жүзеге асырады; облыстық маңызы бар жолдарды ұтымды пайдалануды және күтіп үстауды қамтамасыз етеді;мемлекеттік стандарттардың сақталуын қамтамасыз етеді; облыстың (республикалық маңызы бар қаланың,астананың) аумағында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз етуді ұйымдастырады; ауданаралық(қалааралық)жолаушылар көлігі қатынасын үйымдастырады; белгіленген жалпымемлекеттік стандарттарды сақтай отырып, азаматтардың кепілдік берілген медициналық қызметке құқығын іске асыруды қамтамасыз етеді;азаматтардың тегін білім алу құқығын іске асыруды қамтамасыз етеді; халықты жүмыспен қамтуға жәрдемдесу және кедейлікпен күрес бағдарламаларын әзірлеп, мәслихаттың бекітуіне ұсынады және іске асырады; халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді;тарихи және мәдени мұраларды сақтау жөніндегі жүмысты ұйымдастырады, халықтың тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлері мен әдет-ғұрып салттарын дамытуға жәрдемдеседі;өздерінің қүзіретіне кіретін мәселелер бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қаладық республикалық маңызы бар қаладағы аудандық астанадағы аудандық) әкімшіліктер жұмысын үйлестіреді; Қазақстан Республикасы зандарына сәйкес тиісті мәслихат қарауына қарыз алу жөнінде шешімдер қабылдау туралы ұсыныстар енгізеді;ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесші органдар құрады;мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар құрады, облыстық(республикалық маңызы бар қалалық, астаналық)бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимитін белгілейді. 
Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)әкімің Премьер-Министрдің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті қызметке тағайындайды. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімін Қазақстан Республикасы Президенті қызметтен босатады. 
Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) әкімшілігі Қазақстан Республикасы атқарушы органдардың біртұтас жүйесіне кіреді, атқарушы биліктің мемлекеттік саясатын тиісті аумақты дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді. 
Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) әкімшілік аудандық(облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқарады. 
Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың республикалық маңызы бар (астана) қаладағы аудандық, аудандық маңызы бар қалалық,кенттік,ауылдық (селолық),ауылдық (селолық) округтік әкім Қазақстан Республикасы Президенті белгілеген тәртіпте қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады. 
Заңда аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) әкімнің,сондай ақ облыстық (республикалық маңызы бар,астана), аудандық (облыстық маңызы бар), республикалық маңызы бар (астана) қаладағы аудандық, аудандық маңызы бар қалалық, кенттік, ауылдық (селолық), ауылдық (селолық) округтік әкімдердің құзіреттері белгіленді. 
Республикалықмаңызы бар (астана) қаладағы аудандық,аудандық маңызы бар қалалық,кенттік,ауылдық (селолық),ауылдық (селолық) округтік әкімшіліктер қүрылмайды. 
Облыс (республикалық маңызы бар, астана), аудандық (облыстық маңызы бар) әкімінің қызметін ақпараттық-талдау түрғысынан,үйымдық-қүқықтық және материалдық — техникалық жағынан қамтамасыз етуді тиісті деңгейдегі әкім аппараты жүзеге асырады.Әкім аппаратын әкім қүрады, таратады және қайта ұйымдастырады. Әкім аппараты жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады. 
Қазақстан Республикасы 2001 ж. 25 сәуірдегі Заңымен[2] облыс(республикалық маңызы бар, астана) әкімiлік қүзіретіне қосымша Қазақстан Даму Банкінің жарғы капиталына қатысу жатқызылды. 
Қазақстан Республикасы 2001 ж. 10 шілдедегі Заңымен[3] астананың атқарушы органдары өкілеттіктеріне қосымша мыналар жатқызылды:коммуналдық заңды түлғаларға бекітіліп берілмеген коммуналдық мүлік тізбесін бекітеді республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін қоспағанда,Қазақстан Республикасы астанасының аумағында тіркелген акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін иеленуді, пайдалануды және оларға билік етуді жүзеге асырады;Астана қаласының коммуналдық меншігін иеленуді, пайдалануды және оған билік етуді жүзеге асыру. 
Қазақстан Республикасы 2001 ж. 24 желтоқсандағы Заңымен облыс (республикалық маңызы бар,астана) әкімшілігінің құзіретіне қосымша рыноктарда бір жолғы талондар беру жөніндегі жүмысты үйымдастыру және қамтамасыз ету жатқызылды. 
ҚР 2002 ж. 21 наурыздағы Заңымен астананың атқарушы органдары өкілетгіктеріне қосымша мыналар жатқызылды:"Астана—жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағына әкелінген тауарлар мен жабдықтардың құрылыс процесінде пайдаланылған фактісін растайтын құжаттарды беру;"Астана—жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағындағы қүрылыс процесіне қатысатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің есебін жүргізу; шаруашылық жүргізуші субъектілермен"Астана—жаңа қала"арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметті жүзеге асыру жөнінде шарттар жасасу. 
Қазақстан Республикасы 2004 ж. 11 мамырдағы Заңымен "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда, "әкім" үғымы редакциялық түзетілді. Жаңа редакцияда: "Әкім —Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің жергілікті атқарушы органды(ол құрылған жағдайда)басқаратын және тиісті аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесімді қызмет істеуін, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес мемлекеттік басқару өкілетгігі берілген,тиісті аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйіне жауапты өкілі". 
Облыс (республикалық маңызы бар, астана) әкімшіліктің құзіретіне қосымша мыналар жатқызылды: Қазақстан Республикасы сәулет, қала құрылысы және қүрылыс қызметі туралы заңдарының сақталуын мемлекетгік бақылауды, құрылыс жобаларының бекітілген қала қүрылысы қүжаттамасына сәйкес іске асырылуын, қала құрылысы тәртібінің, құрылыс салудың аумақтық ережелерінің сақталуын қадағалауды жүзеге асырады, салынып жатқан (салыну жоспарланып отырған) объектілерге мониторингті және ведомстволық бағыныстағы аумақта салынып жатқан (реконстукцияланған, кеңейтілген,жаңартылып, кұрделі жөндеуден өткізіліп жатқан) объектілердің және кешендердің жүргізілу барысы мен сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, халықтың санитарлық-эпидемиологнялық салауаттылығын және денсаулық сақтау саласындағы басқа да іс-шараларды қамтамасыз етеді; Қазақстан Республикасы зандарында белгіленген жагдайлар мен тәртіпте лицензиялауды жүзеге асырады; салық төлеушінің тіркеу есебіне алу орны бойынша салық органының облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) бюджетке толық көлемінде келіп түсетін салықтарды төлеу жөніндегі салық міндеттемелерін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімдерін келіседі; Қазақстан Республикасы табиғи монополиялар туралы зандарында белгіленген шектерде табиғи монополия субъектілері қызметін бақылайды және реттейді; Қазақстан Республикасы монополияға қарсы заңдарында белгіленген шектерде тауар рыногындағы рынок субъектілерінің басым (монополиялық) жағдайына бақылау жасауды жүзеге асырады. 
Облыс (республикалық маңызы бар, астана) әкімиятының бірқатар өкілеттіктері жаңа редакцияда мазмүндалды. 
Өзгертулер мен толықтырулар облыс (республикалық маңызы бар, астана) әкімінің, аудан (облыстық маңызы бар қаланың)әкімшілігі,аудан (облыстық маңызы бар) әкімінің,сондай-ақ қаладағы аудаң, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтік әкімдердің өкілеттіктеріне де енгізілді. 
республикалық маңызы бар (астана) қаладағы аудан әкімінің қүзіретіне қатысты ереже заңнан алынып тасталынды.Занда түрлі деңгейдегі әкім аппаратының құрылу, тарату және қайта ұйымдастыру тәртібі белгіленді. Облыс (республикалық маңызы бар, астана), аудан (облыстық маңызы бар қаланың) әкімінің аппараты облыс (республикалық маңызы бар, астана), аудан (облыстық маңызы бар қаланың) әкімшілігі сәйкес қүрылады, таратылады және қайта ұйымдастырылады. қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округгік әкімдердің аппаратын республикалық маңызы бар қала (астана), аудан (облыстық маңызы бар қаланың) әкімшілік қүрады, таратады және қайта ұйымдастырады. 
Қазақстан Республикасы 2004 ж. 5 шілдедегі Заңымен Алматық. атқарушы органның өкілеттігі мынадай өкілеттіктермен толықтырылды: қала аумағында халықтың экологиялық қауіпсіздігін және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіруді қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы зандарында белгіленген тәртіппен қалада жалпымемлекеттік және халықаралық іс-шаралар өткізу үшін қажетті жағдайлар жасау; Алматы қаласы арқылы өтетін транзиттік автомобиль көлігінің жүру сызбасын белгілеу. 
Қазақстан Республикасы 2004 ж. 20 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы астанасының жергілікті атқарушы органның өкілеттігінен "ҚР заңнамасына сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру" алынып тасталынды. Бірқатар өкілеттіктер жаңа редакцияда мазмұндалды. 
Осы заңда жергілікті Алматық. атқарушы органның өкілеттігінен бюджеттен тыс қор құру және оны басқаруды жүзеге асыру, сон дай-ақ "ҚР заңнамасына сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру"алынып тасталынды. Алматық. атқарушы органы өз кезегінде мынадай қосымша өкілеттіктер алды:Алматықаласын дамытудың бас жоспарының іске асырылуын және мониторингін қамтамасыз ету;жергілікті мемлекеттік басқарудың типтік қүрылымына сәйкес Алматы қаласының басқару схемасын жергілікті өкілді органдарға бекітуге ұсыну. 
Облыс (республикалық маңызы бар, астана) әкімшілігі, аудан(облыстық маңызы бар қаланың) әкімшілігі, сондай-ақ аудан (облыстық маңызы бар)әкімінің, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтік әкімдердің өкілеттіктері жаңа редакцияда мазмұндалды. 
2004 ж. 21 желтоқсандағы Заңымен, облыс (республикалық маңызы бар, астана) әкімшілігінің құзіретіне қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітетін жергілікті атқарушы органдардың штаттық санының жалпы лимиті шегінде, аудан (облыстық маңызы бар) бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штаттық санының лимитін белгілеу және аудан (облыстық маңызы бар) әкімиятына жеткізу. 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.)

 

 

 

Пайдаланған әдебиет

  1. 2 "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 ж. 23 қаңтардағы № 148 Заңы

  1. 3 "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне Даму банкі қызметінің мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы"Қазақстан Республикасы 2001 ж. 25 сәуірдегі № 179 Заңы (ҚР Парламентінің Жаршысы, 2001, № 9, 86-бап).

  1. 4 "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы 2001 ж. 10 шілдедегі № 227 Заңы (ҚР Парламентінің Жаршысы, 2001, № 15-16, 229-бап).

  1. 5 "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы ҚазақстанРеспубликасы Кодексінің (Салық кодексінің) қабылдануына байланысты ҚазақстанРеспубликасының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы 2001 ж. 24 желтоқсандағы 276 Заңы (ҚР Парламентінің Жаршысы, 2001, 24, 338-бап).

  1. 6"Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне"Астана —жаңа қала"арнайы экономикалық аймағы мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы"ҚР 2002 ж. 21 наурыздағы 312 Заңы (ҚР Парламентінің Жаршысы, 2002, 6, 75-бап).

  1. 7 "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы"Қазақстан Республикасы 2004 ж. 11 мамырдағы 552 Заңы (ҚР Парламентінің Жаршысы, 2004, 10, 56-бап).

  1. 8 "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы 2004 ж. 5 шілдедегі № 570 Заңы (ҚР Парламентінің Жаршысы,2004, № 14, 84-бап).

  1. 9 "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату және бюджеттік қатынастар мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы 2004 ж. 20 желтоқсандағы 13 Заңы (ҚР Парламентінің Жаршысы, 2004, № 23, 142-бап).

  1. 10 "Қазақстан Республикасыңдағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы 2004 ж. 21 желтоқсандағы 15 Заңы (ҚР Парламентінің Жаршысы, 2004, № 24, 144-бап).

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9

 

http://refik.kz/%D0%BA%D1%83%D1%80%D1%81%D1%82%D1%8B%D2%9B-%D0%B6%D2%B1%D0%BC%D1%8B%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%80/%D2%9B%D2%B1%D2%9B%D1%8B%D2%9B-%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D0%BC%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B%D2%9B-%D2%9B%D2%B1%D2%9B%D1%8B%D2%9B-%D2%9B%D1%8B%D0%BB%D0%BC%D1%8B%D1%81%D1%82%D1%8B%D2%9B-%D2%9B%D2%B1%D2%9B%D1%8B/%D0%B6%D0%B5%D1%80%D0%B3%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BA%D1%82%D1%96-%D0%B0%D1%82%D2%9B%D0%B0%D1%80%D1%83%D1%88%D1%8B-%D0%BE%D1%80%D0%B3%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D1%80


Информация о работе Жергілікті атқарушы билік органдары