Жергілікті атқарушы билік органдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2014 в 12:21, реферат

Краткое описание

Баяндама тақырыбының өзектілігі: Демократиялық мемлекеттердің саяси өмірінде, ондағы сан-салалы қоғамдық процестерде парламенттердің ерекше рөл атқаратыны белгілі. Демократия жолына түскен елдердің оңды тәжірибесі көрсетіп отырғандай, парламент елдің үдемелі, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етіп, сол арқылы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың және өркениетке лайықты өмір сүруінің кепілі болып табылады және соның негізін қалайды. Бұл демократиялық институттың маңызы мен қажеттелігі де осында жатыр.

Содержание

КІРІСІПЕ
1. ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1.Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
1.2.Жергілікті басқару органдарының қызметін ұйымдастыру
1.3.Жергілікті өзін-өзі басқару принциптері
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АТҚАРУШЫ БИЛІКТІҢ ЖЕРГІЛІКТІ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
2.1.Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың проблемалары
2.2.Қазақстан Республикасында жергілікті басқару органдарының қызметін жетілдіру жолдары
2.3. Облыстық әкімдер және олардың өкілеттіктері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word (7).docx

— 48.04 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

КІРІСІПЕ

1. ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ 
1.1.Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті  
1.2.Жергілікті басқару органдарының қызметін ұйымдастыру  
1.3.Жергілікті өзін-өзі басқару принциптері

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АТҚАРУШЫ БИЛІКТІҢ ЖЕРГІЛІКТІ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ 
2.1.Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың проблемалары  
2.2.Қазақстан Республикасында жергілікті басқару органдарының қызметін жетілдіру жолдары  
2.3. Облыстық әкімдер және олардың өкілеттіктері

ҚОРЫТЫНДЫ  
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Баяндама тақырыбының өзектілігі: Демократиялық мемлекеттердің саяси өмірінде, ондағы сан-салалы қоғамдық процестерде парламенттердің ерекше рөл атқаратыны белгілі. Демократия жолына түскен елдердің оңды тәжірибесі көрсетіп отырғандай, парламент елдің үдемелі, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етіп, сол арқылы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың және өркениетке лайықты өмір сүруінің кепілі болып табылады және соның негізін қалайды. Бұл демократиялық институттың маңызы мен қажеттелігі  де осында жатыр.

Қазақстандағы басқару органдарының қалыптасып, дамуының феноменін теориялық зерделеу, талдау, біртұтас мемлекеттегі атқарушы органдарының  қызметі ерекшеліктеріне, табиғаты мен қайшылықтарына, олардың атқарушы қызметінің өтпелі кезеңдегі күрделі қоғамдық қатынастарды реттеуге ықпалына, басқа елдерден өзгешеліктеріне саяси талдау – толғағы жеткен ғылыми проблемалар. Сондай-ақ, атқарушы билік, жергілікті атқарушы органдар қызметі мен тарихы оған әр қырынан жан-жақты талдау жасауға мол және нақты материал беріп отыр.

Баяндаманың мақсаты – Қазақстандағы атқарушы үкіметінің жергілікті басқару органдарының  мәні мен қызметін, ерекшеліктері мен табиғатын саяси ғылымдардың бүгінгі жетістіктері тұрғысынан терең, жан-жақты, кең ауқымды түрде талдау, сондай-ақ орындаушы үкіметінің  жергілікті басқару органдары туралы  жан-жақты түсінік алу.

Баяндама міндеттері:

- Мемлекеттік басқару органдары туралы, олардың құрылымы мен құзыретімен танысу;

- Жергілікті мемлекеттік басқару, атқарушы биліктің орталық органдары туралы танып-білу;

- әкімдер және әкімшіліктерді  құру, олардың құзыретімен танысу;

Зерттеу объектісі: Курстық жұмыстың зерттеу объектісі болып Қазақстандағы атқарушы үкіметінің жергілікті басқару органдарының  еліміздің саяси, демократиялық жүйесінде қызмет жасауы мен қалыптасуының ерекшелікетрін, нығаюы мен даму эволюциясын саяси талдау саналады.

Зерттеудің пәні: Қазақстан Республикасы Конституциясы және заңнамалары аясындағы мемлекет билік жүйесіндегі басқару органдарының атқарушылық деңгейін талдау.

Баяндама: кіріспе, негізгі бөлім, қортынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші тарауда жергілікті атқарушы органдардың жалпы сипаттамасы қарастырылады, екінші тарауда ҚазақстанРеспубликасында атқарушы биліктің жергілікті органдарының қызметі қарастырылады.

Бұл жұмыс орындау барысында отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерінен, интернет желісінен пайдаландым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жергілікті атқарушы билік органдары

 

 

ҚР-сы  Конституциясының ҮІІІ-бөлімінің (85,87-б-дың) нормалары бойынша тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілді және аткарушы органдар жергілікті мемлекеттік басқарүды жүзеге асырады.

Жергілікті атқарушы органдар ҚР-ның атқарушы органдарының бірынғай жүйесіне кіреді, тиісті аумактың мүддесі мен даму қажеттілігін үштастыра отырып, аткарушы биліктің жалпымемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді.

Жергілікті атқарушы органдардың қарауына мыналар жатады:

1) аумақты дамыту жоспарларын, эканомикалық және әлеуметтік 
бағдарламаларын, жергілікті бюджетті әзірлеу және олардың атқа- 
рылуын қамтамасыз ету;

2) коммуналдык меншікті  басқару;

3) жергілікті атқарушы  органдардың басшыларын қызметке  тағайындау және қызметтен босату, жергілікті атқарушы органдардың  жұмысын ұйымдастыруға байланысты  өзге де мәселелерді шешу;

4) жергілікті мемлекеттік  басқару мүддесіне сай заңдармен  жергілікті атқарушы органдарға  жүктелетін өзге де өкілеттіктердіжүзеге  асыру.

Жергілікті аткарушы органдардың қүзыреті, үйымдастырылуы және олардың кызмет тәртібі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы» 2001 ж. 23-каңтардағы заңмен  және басқа заңдармен, Презвденттің және Үкіметтің нормативтік кесімдерімен белгіленеді.

Аталған заң бойынша облыстың (республикалык маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстык маңызы бар қаланың). әкімі баскаратын, өз кұзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік баскаруды жүзеге асыратын алқалы аткарушы орган  жергілікті атқарушы орган (әкімдік) болып табылады. Әкімдікті әкім орынбасарларынан, әкім аппаратының басшысынан, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірінші басшыларынан тиісті аумақтың әкімі құрады. Әкімдіктің дербес кұрамы тиісті аумақтың мослихат сессиясының шешімімен келісіледі. Облыстық бюджеттен каржыландырылатын аткарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің бірінші басшылары да жоғары түрған тиісті органдар басшыларымен келісім бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) Әкімдіктін мүшелері болуы мүмкін.

 

Жергілікті мемлекеттік басқару қызметінің экономикалық және қаржылық негізін жергілікті бюджет; коммуналдық зацды түлғаларға бекітілген мүлік; заңдарга сойкес комімуналдық меншіктегі озге де мүлік құрайды.

Әкімдіктердің құзыретіне жататын мәселелердің тізбесі жоғарыдағы заңның 27және 31-б-да бекітілген.

Әкімдіктер мен әкімдердің міндеттері мен өкілеттіктсрі «ҚР-ның кейбір заң актілеріне жергілікті мемлекеттік баскару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2004 ж. 11-мамырдағы; «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне мсмлекеттік баскару деңгсйлері арасында өкілетгіктердің ара-жігін ажырату жоне бюджсттік қатынастар мәселелері бойынша өзгсрістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2004 ж. 20-желтоқсандағы; «ҚР-дағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» ҚР-ның заңына өзгерістер меп толықтыру снгізу туралы» 2004ж. 21 -желтоқсандагы заңдармен нақтыланып, кеңейте түсілгсн.

Олар бойынша облыс (республикалық маңызы барқаланың, астананың) әкімдігі заңдарга сәйкес, мысалы, өз аумағын дамытудың жоспарларын, эканомикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, бюджетті, сондай-ақ оның атқарылуы туралы есепті әзірлейді және мәслихаттың бекітуіне ұсынып, олардың орындалуын қамтамасыз етеді; коммуналдық меншікті басқарады; азаматтар мен ұйымдардың Конституцияның, заңдардың және басқа құқықтық актілердің нормаларын орындауына жәрдемдеседі; косіпкерлік қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасайды; сонымен бірге заңдарда оның аграрлық сектордың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, құрылыс, жер, су, электр, байланыс, жол, экология, білім, мәдениет, денсаулық сақтау, халықтың әлеуметтік жағдайын жақ-сарту жөніндегі нақтылы міндеттері мен өкілеттіктері белгіленген. Бұлардың сыртында өкімдік қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз етуді ұйымдастырады; мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар құрады, заңдармен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Аудандық (облыстық маңызы барқалалық) әкімдіктердің құзыретіне де жоғарыда айтылғандарға ұқсас мәселелер жатады. Сонымен бірге осы әкімшілік аумақтың ерекшелігіне байланысты әкімдіктің айрықша өкілеттіктері бар. Мысалы, әскери тіркелу мен әскери қызметке шақыру іс-шараларын ұйымдыстыруды қамтамасыз етеді; мемлекет қажеттіліктері үшін жер учаскелерін алып қоюды жүзеге асырады; заң актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етеді; зандарда белгіленген жағдайлар мен тәртіпте лицензиялауды; әділет органдары жоқ жерлерде зандарда белгіленген тәртіппен нотариаттық міндеттер атқаруды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады және т.б. жүзеге асырады.

Заңның 31 -б-да республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімдіктерге жүктелген өкілеттіктерді қалалық әкімдіктер жүзеғе асырады.

Әкімдік тиісті аумақтық облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық), аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мәслихаттың алдында өзіне жүктелген міндеттсрді іске асыру үішін жауап береді.

Әкімдіктің отырыстарын әзірлесу мен өткізу, сондай-ақ олардың шешім кабылдау тәртібі әкімдіктің регламентінде белгіленеді. Ол КР-сы Үкіметінің 2001 ж. 24-сәуірдегі қаулысымен бскітілген «Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімділіктің Үлғі регламенттеріне» сәйкес жасалады.

Әкімдік ҚР-сы Конституциясы, заңдары, Президенті мен Үкіметінің актілері, өзге де нормативтік актілер негізінде және оларды орындау мақсатында қаулылар шығарады. Әкімдіктің қаулысына әкім кол қояды.

Әкім - ҚР-ныц Президенті мен Үкіметінің жергілікті атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) басқаратын және тиісті аумақта мемлексттік саясаттың жүргізілуін, Республиканың орталық атқарушы органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесімді қызмет істеуін, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететін, ҚР-ның заңдарына сәйкес мемлекеттік басқару өкілеттігі берілген, тиісті аумақтық әлеуметтік - экономикалық дамуының жай-күйіне жауапты өкілі.

Облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімін Премьер-министрдің ұсынуы бойынша ҚР-ның Президент кызметке тағайындайды. Оны қызметінен Президент босатады. Аталған аумақ әкімінің өкілеттігі ҚР-ның жаңадан сайланған Президенті қызметіне кіріскен кезде тоқтатылады. Бұл ретте әкім Президент тиісті әкімді тағайындағанға дейін өз міндетін атқаруды жалғастыра береді. 

Аудан (облыстық маңызы бар қала), Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдері ҚР-сы Президенті белгілейтін тәртіпте қызметке тағайындалады немесе сайланады. Президент белгілеген тәртіпте олар қызметінен босатылады және өз өкілеттігін тоқтатады.

ҚР-сы Президентінің 2001 ж. 23-маусымдағы «Ауылдық (селолық) округтердің, ауылдар (селолар), кенттер әкімдерін сайлау туралы» жарлығы шықты. Осы жарлықпсн бекітілген аталган әкімшілік — аумақтық бірліктерде әкімдер сайлауын өткізу Ережелсріне сәйкес 2001 ж. 20-қазанда тәжірибе ретінде 28 ауылдық округтсрде ауыл әкімдерінің сайлауы өткізілді. Тиісті ауылдық (селолық) округтің, ауылдың (селоның), кенттің әкімі 2 жыл мерзімге сайланады. Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының сайланған әкімді тіркесу туралы шешімінің негізінде аудан (қала) әкімі тиісті аумақтың әкімін бір тәулік ішінде тағайындайды.

Ауыл (село), кент әкімдерінің өкілсттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатудың және атқарылатын қызметінен мерзімінен бұрын босатудың негіздері мен себептері аталған Ережелердің 8-тарауында қаралған. Ауыл, кент әкімінің өкілеттіктерін тоқтату Ережелерде көрсетілген негіздер бойынша тиісті аудан әкімінің шешімімен рәсімделеді. Ал әкімді қызметінен босату тиісті аудандық (қалалык) мәслихаттың депутаттарының үштен екісінің келісімін алған жағ-дайда, жоғары тұрған әкімнің шешімімен жүзеге асырылады.

ҚР-ның Президенті «ҚР-ның ауылдық (селолық) округтері, ауылдары (селолары), кенттері әкімдерінің сайлауын өткізу туралы» 2004 ж. 6 желтоқсандағы Жарлығымен ҚР-ның Орталык сайлау коммиссиясы аталған әкімшілік аумақтардың әкімдерін сайлауды 2005 ж. тамыздан бастап 2007 ж. аяқтасын деп белгіледі. Осы жарлықпен әкімдер сайлауын өткізудің жаңа Ережелері бекітілді.

Сонымен бірге Президент «ҚР-ның жекелеген аудандары әкімдерінің сайлауын эксперимент ретінде еткізу туралы» 2004 ж. 6-желтоқсанда Жарлық шығарып, оны өткізудің Ережелерін бекітті.

Президенттің 2006ж. 6-маусымдағы жарлығымен «ҚР-ның аудандары, обылыстық маңызы барқалалары әкімдерінің сайлауын өткізу ережесі» бекітілді. Осы Жарлыққа сәйкес 2006 ж. қазан айында ҚР-сы әкімшілік-аумақтық бөліністерінің отыз процентінде- аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауы өткізілді.

Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің құзыреті негізінен жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңның 29-б-да қаралған. Ол бойынша әкім заңдарға сәйкес: мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және өзара қарым -қатынастарда облыс (аталған қала, астана) мүддесін білдіреді; орталық аткарушы органдар басшыларына бұл органдардың аумақтық бөлімшесінің зандар-ды, ҚР-ның Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс әкімі мен әкімдігінің актілерін олардың орындауға қатысты бөлігіндегі қызметі туралы ұсыныс енгізуге құқылы; тиісті адамдарды мемлекеттік наградалармен марапаттау, оларға құрметті атақтар беру туралы ҚР-ның Президентіне, «Облыстың (каланың) құрметті атағын беруге» тиісті мәслихатқа ұсыныс енгізеді; жоғары тұрған уәкілетті органдармен келісім бойынша, шекті санын Үкімет белгілейтін облыс (Алматы қаласы, астана) әкімінің орынбасарларын, әкім аппаратының басшысын және оның құрылымдық бөлімшелерінін, басшыларын, облыстык (Алматы қалалық, астаналық) бюджеттен қаржыландырылатын аткарушы органдар басшыларын қызметке тагайындайды және қызметінен босатады; облыстық (Алматы қалалық, астаналық) бюджеттен каржыландырылатын атқарушы органдар басшыларына, сондай-ак аудандар әкімдеріне заңдарға сәйкес тәртіптік жауапкершілік шараларын қолдану мәселелерін шешеді; аудандық әкімдіктер мен әкімдер жүмысын үйлестіреді; ҚР-ның Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгі құрылымдары негізіндс қалыптастырылган әкімшілік-аумактық бөліністі басқару схемасын тиісті мәслихаттардың бекітуіне енгізеді; косіпорындарды, кен орындарын және мемлекеттік меншіктің басқа да объектілерін жекешелендіру, жалға беру, сату мәселелері бойынша ҚР-ның уәкілетті органымен тең дәрежеде келісім шарттарға қол қоюға, сондай-ақ олардың орындалуын бақылауға қатысады; ҚР-ның заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Информация о работе Жергілікті атқарушы билік органдары