Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 19:39, реферат
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.
Кіріспе...............................................................................................................................3
Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі ұғымы...................................4
Қазақстан Республикасының бюджеттік құрылысы және қағидаттары.........6
Мемлекеттік борыш..........................................................................................11
Қорыныды......................................................................................................................13
Қолданылған әдебиеттер тізімі...................................................................................14
Мемлекеттік борыштың пайда болуы бюджет тапшылығын қаржыландыру және қоғамдық мұқтажды қанағаттандыру үшін ақша ресурсын тартудың бір нысаны ретінде мемлекеттік қарызды пайдаланумен туындаған. Мемлекеттік борыштың болуы белсенді дамушы мемлекет үшін қалыпты жағдай болып табылады. Мемлекеттік борыш өз бетінше елдің экономикасы үшін оң немесе теріс фактор болып табылмайды. Егер оның экономикасы тұрақты болса, заң шығарушы база осы қарым-қатынас саласын нақты белгілейді және мемлекеттік борыштың болуы елдің халықаралық имиджіне теріс әсер етпейді. Мысалы, АҚШ экономиканың көптеген көрсеткіштері бойынша көшбасшы бола тұра, оның мемлекеттік борышы да бар.
Мемлекеттік борыш, әдетте, ішкі
және сыртқы болып бөлінеді. Мемлекеттiк
iшкi борыш — Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың
Қазақстан Республикасының резиденттерiнiң
алдындағы мемлекеттiк iшкi қарыздары мен
басқа да борыштық мiндеттемелерi бойынша
мемлекеттiк борышының құрамдас бөлiгi.
Мемлекеттiк сыртқы борыш — Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң және Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан
Республикасының қарыз берушілерінің-резидент
еместерiнiң алдындағы мемлекеттiк сыртқы
қарыздар мен басқа да борыштық мiндеттемелерi
бойынша мемлекеттiк борышының құрамдас
бөлiгi.
Әлемдік тәжірибеде
мемлекеттің қаржылық тұрақтылығының
макроэкономикалық көрсеткішінің бірі
ретінде борыш көлемінің ЖІӨ-ге қатынасы
пайдаланылады. 2008 жылғы 1 қаңтарға Қазақстанның
мемлекеттік борышы 917,99 млрд теңгені (7,63
млрд АҚШ долларын), немесе 7,2% ЖІӨ құрайды.
2001-2007 жылдары Қазақстанның мемлекеттік
борышы елдің ұлттық қауіпсіздігіне қатер
тудыратын шектен шыққан жоқ. ҚР Үкіметінің
сыртқы борышының негізгі кредиторлары
Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі,
Еуразия Қайта Құру және Даму Банкі, Жапон
Халықаралық Ынтымақтастық Банкі, Ислам
Даму Банкі, Азия Даму Банкі, шетел коммерциялық
банктері болып табылады. Ұлттық банкінің
сыртқы борышы 2000 жылғы мамырдан бастап
жоқ, Халықаралық валюта қорының қарызын
мерзімінен бұрын өтегеннен соң. Сыртқы
борыштың болуы экономикадағы ерекшеліктен
бұрын, қағида болып саналады. Экономикалық
дамыған елдердің, әдетте, елеулі мемлекеттік
борышы бар.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қаржылық байланыстардың орасан зор
әр алуандығында
бюджет – мемлекеттің міндеттері
мен функцияларын іске асыруды қаржылық
қамтамасыз ету үшін арналған оның орталықтандырылған
ақшалай қоры.
Бюджеттің экономикалық тұрғыдан арналуы,
оның қоғамдық ұдайы өндірудегі орны мен
рөлі, сондай-ақ Конституцияда белгіленетін
Қазақстан Республикасының мемлекеттік
құрылымы Қазақстанның бюджеттік құрылысы
үшін негіз құрайды.
Бюджеттік
құрылыс деп экономикалық та, сондай-ақ
ұйымдастырушылық-құқықтық та тұрғыдан
алғанда, мемлекеттік бюджетті ұйымдастыру
ұғынылады. Бұған мемлекеттік бюджеттің
ішкі бөлімшелерінің құрамы мен құрылымы,
оларды пайдалану саласының функционалдық
ара жігінің ажыратылуы, тең бағыныстылық,
өзара іс-қимыл, сондай-ақ бюджетті ұйымдастырудың
құқықтық және рәсімдік жағы енгізіледі.
Басқа сөзбен айтқанда, бюджеттік құрылыс
– бұл бюджет жүйесін ұйымдастыру, оны
құру қағидаттары.
Қазақстан Республикасының
бюджет жүйесі Қазақстан Республикасы
Бюджет кодексінің 4-бабында айқындалған
қағидаттарға негізделеді. Оларға бірлік,
толықтық, шынайылық, транспаренттілік,
сабақтастық, нәтижелілік, дәйектілік,
негізділік, уақтылылық, кассалардың бірлігі,
бюджеттердің дербестігі, тиімділік, жауапкершілік,
бюджет қаражатының атаулылық және нысаналы
сипаты сияқты қағидаттар жатады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ