Жер құқығының қайнар көздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 19:39, реферат

Краткое описание

Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................................3

Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі ұғымы...................................4
Қазақстан Республикасының бюджеттік құрылысы және қағидаттары.........6
Мемлекеттік борыш..........................................................................................11

Қорыныды......................................................................................................................13
Қолданылған әдебиеттер тізімі...................................................................................14

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы ҚАРЖЫ.docx

— 74.18 Кб (Скачать документ)

 

 

Жоспар

 

Мазмұны

Кіріспе...............................................................................................................................3

 

  1. Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі ұғымы...................................4
  2. Қазақстан Республикасының бюджеттік құрылысы және қағидаттары.........6
  3. Мемлекеттік борыш..........................................................................................11

 

Қорыныды......................................................................................................................13

Қолданылған әдебиеттер тізімі...................................................................................14

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                         КІРІСПЕ

 

Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде  тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде аймақтардың  шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір  әкімшілік — аумақтық бірліктерді  абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жұмылдыруды  қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының  желісі құрылады.Бюджеттердің жекелеген  түрлерінің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру, оларды теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір  қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда  болады. Осы элементтердің барлығы  – бюджет жүйесін ұйымдастыру  мен құрудың қағидаттары, оның буындарының  өзара қатынастары мен байланысының ұйымдық нысандары бюджет құқықтарының жиынтығы — бюджет құрылысын құрайды.

Бюджет  құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген  түрлі деңгейлердегі бюджеттердің жиынтығын білдіреді.

Әр  түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен оның аумақтық бөлінісіне байланысты болады.

Қазақстан Республикасының  бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық  типімен анықталады, өйткені Қазақстан  — федералдық емес, басқарудың Президенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар  унитарлық мемлекет. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастарға және тиісті құқықтық нормаларға негізделген әр түрлі деңгейлердегі бюджеттерді қамтиды.

Қазақстан жиынтығында мемлекеттік  бюджетті құрайтын республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер дербес жұмыс істейді.

Қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер мәслихаттардың шешімдерімен бекітіледі.

Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға  мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға  ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің  рөлі осында көрінеді. Экономиканы  реттеу орталықтандырылған ақша қорының  сандық көлемін анықтау, оны жасау  мен бөлудің нысандары мен  әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы ресурстарын қайта  бөлу жолымен жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТТІК ЖҮЙЕСІ

 

Мемлекеттік органдардың  өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен  әр елде өңірлердің шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік-аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң  шығарушы биікті, басқару аппаратын  ұсынуды және басқа шараларды  қаржыландыру үшін олардың ақшалай  ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының  желісі құрылады. Бюджеттердің жекеленген түрлерінің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру, оларды теңестіру үдерісінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір  қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда  болады. Осы элементтердің барлығы – бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара қатынастары мен байланысының ұйымдық нысандары, бюджет құқықтарының  жиынтығы – бюджет құрылысын құрайды.

Дүние жүзінің әр түрлі  елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттің  құрылысына, аумақтық-әкімшілік бөлінісіне, экономиканың даму деңгейіне және нақтылы  мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне  байланысты өзгешеліктерімен ерекшеленеді.

Бюджет құрылысында басты  орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджеттік үдеріс пен қатынастардың жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық бөлінісіне байланысты болады.

Бюджет жүйесінің құрылымы елдің қлттық-мемлекеттік құрылымымен  анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.

Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады:

  • мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе мемлекеттің

орталық бюджеті;

  • федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та- шаттардың, ГФР-да

жерлердің (ландатардың), Канадада- провинциялардың, Ресейде- федерация  субъектілерінің бюджеттері);

  • жергілікті бюджеттер.

Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі

қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер.

Екі жағдайларда да бюджеттердің оқшаулануы мен дербестігінің түрлі  дәрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық үдерістерді  басқаруды орталықтандыру деңгейіне  байланысты төменгі бюджеттерге  қатынасы жөнінен белгілі бір  реттеуші рөл орталық бюджетте сақталады.

Қазақстан Республикасының  бюджет жүйесі бюджет құрылымының  унитарлық типімен анықталады, өйткені  Қазақстан – федералдық емес, басқарудың Президенттік-парламенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық  мемлекет.

Қазақстан Республикасында  мынадай деңгейдегі бюджеттер: республикалық  бюджет, облыстық бюджет, республикалық  маңызы бар қала, астан бюджеті; атқарылады және дербес болып табылады.

Облыстық бюджет, республикалық  маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті жергілікті бюджеттерге жатады.

Қазақстан Республикасында  төтенше немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік бюджет әзірленуі, бекітілуі және атқарылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасында алдамалық ақпарат ретінде пайдалынылатын және бекітуге жатпайтын мемлекеттік және шоғырландырылған бюджеттер, облыс бюджеті жасалады.

Мемлекеттік бюджет өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, респуликалық және жергілікті бюджеттерді біріктіреті мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қоры болып табылады.

Бюджеттік практикада «шоғырландырылған  бюджет» ұғымы қолданылады.

Шоғырландырылған бюджет өз араларында өзара өтелетін операциялар  ескерілместен, республикалық бюджетті, облыстардың, республикалық маңызы бар қала астана, бюджеттерін және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына бағытталатын түсімдерді біріктіретін мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қоры болып табылады.

Шоғырландырылған  бюджет те мемлекеттік бюджет сияқты талдамалық ақпарат  ретінде пайдаланылатын және бекітілуге жатпайтын бюджеттік түсімдерден құралған бюджет болып табылады.

Қазақстандағы шоғырландырылған бюджеттің ерекшелігі оның құрылымының  мынадай бөлімдерден  тұратындығында:

  1. республикалық бюджет;
  2. облыс бюджеті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері;
  3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджеттік

түсімдер және оларды Ұлттық қорға Үкіметтің Ұлттық банктігі шоттарына аударымдар.

Облыс бюджеті – өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен,

Облыстық бюджетті, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерін  біріктіретін орталықтандырылған ақшалай  қор.

Мемлекеттік (республикалық) және жергілікті (муниципалдық) бюджеттер  кез келген басқа мемлекеттердегідей Қазақстан Республикасықаржы жүйесінің орталық буыны болып табылады.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджеттің басты бөлігі республикалық бюджетте шоғырланған. Республикалық бюджет Бюджеттік кодексте айқындалған түсімдер есебіненқалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың,оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге, сонымен бірге мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақшалай қоры, болып табылады.

Бюджеттік кодексте айқындалған  түсімдер есебінен қалыптастырылатын  және облыстық деңгейдегі, республикалық  маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) оларға ведмстволық бағынышты жергілікті мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылағанақшалай қор – облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттері жергілікті бюджеттері болып табылады.

Төтенше мемлекеттік  бюджет республикалық және жергілікті бюджеттер негізінде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасында төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі және соы мерзім ішінде қолданыста болады.

Төтенше мемлекеттік бюджеттің  қолданғаны туралы Қазақстан Республикасының Парламенті дереу хабардар етіледі.

Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолдалыну уақытында республикалық бюджетзаңның және барлық деңгейлердегіжергілікті органдардың бюджеттері туралы мәслихаттар шешімдерінің қолданылуы тоқтатыла тұрады.

Төтенше мемлекеттік бюджеттің  қолданылуы тоқталысымен республикалық  және жергілікті бюджеттерді нақтылау жүргізіледі.

 

 

  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТТІК ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚАҒИДАТТАРЫ

 

Бюджеттің экономикалық тұрғыдан арналуы, оның қоғамдық ұдайы  өндірудегі орны мен рөлі, сондай-ақ Конституцияда белгіленетін Қазақстан  Республикасының мемлекеттік құрылымы Қазақстанның бюджеттік құрылысы үшін негіз құрайды. Бюджеттік құрылыс деп экономикалық та, сондай-ақ ұйымдастырушылық-құқықтық та тұрғыдан алғанда, мемлекеттік бюджетті ұйымдастыру ұғынылады. Бұған мемлекеттік бюджеттің ішкі бөлімшелерінің құрамы мен құрылымы, оларды пайдалану саласының функционалдық ара жігінің ажыратылуы, тең бағыныстылық, өзара іс-қимыл, сондай-ақ бюджетті ұйымдастырудың құқықтық және рәсімдік жағы енгізіледі. Басқа сөзбен айтқанда, бюджеттік құрылыс – бұл бюджет жүйесін ұйымдастыру, оны құру қағидаттары. 
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады.  Қазақстанның бюджет жүйесінің буыны ретіндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры оқулықтың 16 тарауында қаралған.

Мемлекеттік (республикалық) және жергілікті (муниципалдық) бюджеттер кез келген басқа мемлекеттер дегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің орталық буыны болып табылады. 
        1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның мемлекетік бюджеті, басқа одактас республикалардың мемлекеттік бюджеттері сиякты, КСРО-ның мемлекеттік бюджетіне кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері, соның ішінде ауылдық және поселкелік бюджеттер де камтылып көрсетілді. Ол одактық бюджеттен, 15 одактас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бюджетінен тұрды. Одактық бюджетке 1970-1990 жж.мемлекеттік бюджет ресурстарының жалпы ауқымының 52-50% тиді, оның 35% республикалардың республикалық бюджеттерінің және 15% жергілікті бюджеттердің қарамағында болды.

1991 жылдың 17 желтоксанында Қазақстанның  бюджет құрылысын анықтаған «Бюджет жүйесі туралы» бірінші заңға қол койылды. Оның негізгі идеясы бюджет жүйесінің бөліктеріне республикалық және жергілікті бюджеттер дербестігін беру еді. Әр түрлі денгейлер бюджеттерінің бірлік кағидаты әлі заңмен белгіленбеген болатын. 
        Рыноктық экономикаға көшумен байланысты экономикалық және саяси сфералардағы өзгерістер, 1995 жылғы 30 тамызда жаңа Конституцияны кабылдау, 1995 жылы жаңа салық заннамасын енгізу, сонымен бірге Қазынашылық орғандарын құру 1996 жылғы 24 желтоксанда «Бюджет жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы заңын дайындауға себегі болды. Заңца бюджет жүйесінің кағидаттары ескергілді, бюджетті жасаудың, қараудың, бекітудің, атқарудың және атқарылуын бақылаудың тәртібі регламенттелінді. Субвенциялар, субсидиялар, ресми трансферттер, мемлекеттік кепілдер, қарыздар, қарыз алу және борыш, үкіметтін және жергілікті атқарушы орғандардын резервтері сиякты жаңа үғымдар енгізілді. Мемлекеттік бюджеттің кірістері жалпы мемлекеттік салықтар, алымдар, төлемдер және жергілікті салықтар мен алымдар болып бөлінді. 1998 жылдан бастап Ұлттық банктен тура қарыз алу тоқтатылды. 
        1997 жылы кірістер мен шығыстардың жаңа бюджеттік сыныптамасы енгізілді, ол бюджеттің шығыстарын бағдарламалардың орындалуымен өзара үйлесуіне жағдай жасады.

Информация о работе Жер құқығының қайнар көздері