Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2012 в 18:21, курсовая работа
Заңдылық пен құқық тәртібіне байланысты практикалық міндеттерді шешуде мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің бір тармағы болып табылатын қылмыстық заңның рөлі едәуір, ол заң бұзушылықтың қылмыс сияқты аса қауіпті түрімен күресуге бағытталған. Жаза - мемлекет қолындағы маңызды құрал, ол арқылы мемлекет адамды, оның құқын, бостандығын, заңды мүддесін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, конституциялық құрылысты, еліміздің аумақтық бүтіндігін, қоғам мен мемлекеттің заңмен корғалатын мүдделерін, адамзаттың бейбіт өмірі мен кауіпсіздігін ңылмыстық қастандықтан қорғайды. Ол қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың басты формасы және қылмыскерліктің алдын алу шараларының бірі болып табылады.
Кіріспе.....................................................................................3-5
І-тарау. Қазақстан Республикасындағы жазаның түсінігі және оның мақсаттары.
1.1. Жазаның түсінігі...................................................6-9
1.2.Жазаның мақсаттары.........................................10-17
ІІ-тарау. Қазақстан Республикасында Жазаның жүйесі және олардың түрлері.
2.1. Жазаның жүйесінің ұғымы және маңызы.......18-23
2.2. Жазаның түрлері...............................................24-30
ІІІ-тарау. Жаза тағайындалуы.
3.1. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері...........31-36
3.2. Қылмыстың жауапкершілікпен жазаны жеңіл- дететін және ауырлататын мән жайлары........37-44
3.3.Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының 1993 жылы 24 маусымдағы №2 қаулысы пленумның 1994ж. 23 –желтоқсандағы № 4 қаулысымен енгізілген өзгерістері.......... 45-53
Қорытынды.......................................................................54-55
Пайдаланылған әдебиеттер............................................56-57
Заңда көрсетілген ауырлататын және жеңіддететін мен-жайларды есепке алу соттың құқығы емес, міндеті. Сондықтан да, жаза тағайындаған кезде істегі ауырлататын және жеңіддететін мән-жайларға назар аудармаған соттар заңда көзделген міндеттерін бұзады. Егер сот ауырлататын және жеңіддететін мән-жайларды жаза тағайындаған кезде ескеріп, оны үкімде көрсетсе, сотталған адам үшін де, сот мәжілісіне қатысқандар үшін де үкім дөледді болып көрінеді, үкімнің жаза тағайындауға қатысты бөлігі бойынша заңдылықтың сақталғанын тексеруде жоғары тұрған сот сатысының қызметін жеңіддетеді. Жаза тағайындағанда сот сотталған адамға, сол жазаның оны түзейтіндей ықпалы болатынын, жазалаудағы мақсаттың орындалатынын болжауы керек, сонан соң барлық мән-жайларды ескеріп, жазаның түрін және оның мөлшерін анықтауы тиіс. Сонымен қатар адамгершілік принципін бас-шылыққа алып, айыпкерге тағайындалған жазаның оның отбасына немесе асырауындағы адамдардың тұрмыс жағдайына қандай өсер ететіндігін де сот ескеруге тиіс. Бұл талаптың жалпы негіздер қатарына жақында ғана, жаңа ҚК-ті қабылдағаннан кейін кіргенін атап өткен жөн.
Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындағанда сот, осы қарастырылған мән-жайлардан басқа, оның өмір кешу және тәрбиелену жағдайларын, психикалық даму деңгейін, жеке басының өзге де ерекшеліктерін, сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардан қандай ықпал болғанын ескереді. Бұл өте дұрыс, себебі кәмелетке толмаған айыпкердің есейіп қалыптасуында маңызды рөл атқаратын бұл мән-жайлар рған жаза тағайыңцағанда ескерілуі тиіс.
Жазаны жеке
даралау принципінің бір
3.2. Қылмыстың жауапкершілікпен
жазаны жеңілдететің және
Жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар дегеніміз айыпкердің жеке басына және ол жасаған қылмысқа қатысты әртүрлілі факторлар, олар жасалған қылмыс пен оны жасаған қылмыскердің қоғамға қауіптілігін тиісінше азайтады немесе арттырады, нәтижесінде жауаптылық деңгейі де өзгереді, ол факторлар жаза белгілеуге де ықпалын тигізеді.
Жеңілдететін мән-жайларды есепке алу сотқа мынадай құқық береді:
а) балама санкция болса жазаның жеңілірек түрін қолдануға;
б) ҚК-тің сол қылмыс сараланатын бабындағы санкция белгілеген ең аз немесе соған жақын мерзім тағайындауға;
в) ҚА-тің 55-бабын пайдаланып, сол қылмыс үшін кезделгеннен жеңілдеу жаза қолдануға;
г) шартты түрде соттауды немесе жаза өтеуді кейінге қалдыруды қолдануға.
Ал, ауырлататын мән-жайлардың болуы, керісінше, сотқа мынадай мүмкіндік береді:
а) балама санкцияда көрсетілген жазалардың ауырын тағайындауға;
б) ҚК-тің сол қылмыс сараланатын бабындағы санкция белгілеген ең көп немесе соған жақын мерзім тағайындауға;
в) ҚК-тің 55-бабын қолдану мүмкіндігін болдырмауға;
г) шартты түрде соттау немесе жаза өтеу мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігін болдырмауға. ҚК-тің 54-бабы 1 бөлігінің «а» тармағында кәзделген ауырлататын мән-жайлар болса, сот тағайындайтын жазаның ең аз шегі ҚК-тің 59-бабының 2 бөлігіне сәйкес анықталады.
Жеңілдедетін жене ауырлататын мән-жайлардың болуы тек жаза тағайындау процесінде ғана емес, айыпкерді қылмыстық жауаптылыққа тарту-тартпау немесе жауапкершіліктен мүлде босату жөніндегі мәселені қарастырғанда да ескерілуі тиіс. Мысалы, қылмыстық жауаптылықтан босатудың ҚК-тің 375-379 және 381-баптарында көзделген түрлерін қолдану жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлардың болуына байланысты.
ҚК-тің 53-бабының 1 бөлігіне сәйкес мыналар қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп танылады:
а) мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасау;
б) айыпкердің кәмелетке толмауы;
в) жүктілік;
г) айыпкердің жас балалары болуы;
д) қылмыс жасағаннан кейін зардап шегушіге тікелей медициналық және өзге де көмек көрсету, қылмыс саддарынан келтірілген мүліктік залал мен моральдық зиянның орнын өз еркімен толтыру, қылмыспен келтірілген зиянды жоюға бағытталған өзге де іс-әрекеттер;
е) жеке басындық, отбасылық немесе езге де ауыр мән-жайлар тоғысуының салдарынан не жаны ашығандық себебімен қылмыс жасау;
ж) күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан не материалдық, қызметтік немесе өзге де тәуелділігі себепті қылмыс жасау;
з) кажетті қорғанудың құқықтық дұрыстығының шартын бұзу, аса қажеттілік, қылмыс жасаған адамды ұстау, негізді тәуекел, бүйрықты немесе өкімді орындау жағдайларында қылмыс жасау;
и) қылмыс жасау үшін түрткі болып табылған жәбірленушінің заңға кайшы немесе адамгершілікке жатпайтын қылығы;
к) шын жүректен өкіну, айыбын мойындап келу, қылмысты ашуға, қылмысқа басқа қатысушыларды өшкерелеуге және қылмыс жасау нәтижесінде алынған мүлікті іздеуге белсеңді жәрдемдесу.
Мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан кішігірім ауырлықтағы алғаш рет жасалған қылмысты жеңілдететін мән-жай деп қарастыру үшін мына үш жағдай түгелдей болуға тиіс:
1) қылмыс бірінші рет жасалған;
2) жасалған қылмыс ҚК-тің 10-бабының 2 бөлігіне сәйкес кішігірім ауырлықтағы қылмыстар қатарына жататын;
3) қылмыс мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан жасалған.
Қылмыс бірінші рет жасалынды деп есептеледі, егер ол адам бұрын ешқандай қылмыс жасамаса немесе бұрын жасаған қылмысы үшін жауаптылықка тартудың ҚК-тің 69 және 85-баптарында көзделген ескіру мерзімі өтсе немесе соттылық жойылса не алынса (егер ол адам бұрын сотталған болса), сондай-ақ ол адам бұрын жасаған қылмысы үшін жауаптылықтан босатылған болса. Мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан қылмыс жасау дегеніміз – қылмыс жасауға алдын-ала дайындықтың болмауы, қылмысты табан асты ой келіп немесе абайсызда жасау. Кездейсоқ мән-жайлар дегеніміз айыпкер үшін күтпеген жерден туындап, оның іс-әрекетіне өсер еткен жайлар (жақын адамының өлімі, өрт, жер сілкінісі нәтижесінде дүние-мүлкінен, үй-жайынан айырылып қалу, т.б.).
Егер кәмелетке толмаған айыпкер маскүнемдердің, наркомандардың және қылмысты көсіп еткен адамдардың отбасында тәрбиеленсе, немесе оның қалыпты өсіп дамуына ешбір жағдай жасалынбаған болса, онда бұл жағдайда жаза тағайындаған кезде жеңілдететін мән-жай ретінде ескеру қажет. Сонымен қатар кейбір кәмелетке толмағандардың психикалық деңгейінің төмен екендігін, өз әрекеттерінің қоғамға қаншалықты қауіпті екенін олардың толық түйсіне алмайтындығын да ескерген жөн.
Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың тағы бір ескерілетін ерекшелігі, олар сыртқы ықпалға тез, көп ойланбастан беріледі, олардың мінезі де тез өзгеріп тұрады, сондықтан олардың іс-әрекетінде тұрақтылық жоқ.
Қылмыстық заңның адамгершілік принципінің айғағы – жүктілік те жеңілдететін мән-жайлар қатарына жатқызылған. Жүкті кезінде қылмыс жасаған әйелдің жазасын жеңілдетуді қарастыра отырып, заң ананың денсаулығына, болашақ ұрпақтың толыққанды болып дүниеге келуіне қамқорлық жасайды. Жүкті әйелдің бойындағы физиологиялық өзгеріс міндетті түрде оның психикасын де өзгертеді. Жүкті әйел ашушаң келеді. Болар болмас нөрседен оның көңіл-күйі бұзылады, соның салдарынан кейде қылмысқа барады.
Айыпкердің жас балалары болуы да жеңілдететін мән-жайға жатады, бұл да қылмыстық заңның адамгершілік принциптерінен туындайды.
Егер сотталушының өз балаларына шынымен қамқоршы екендігі анықталса, онда оған қатаң жаза қолдану балалардың тәрбиесіне және олардың өсіп жетілуіне теріс ықпал жасайды. 14 жасқа толмағандар жас балалар деп саналады.
Егер айыпкер ата-ана құқығынан айырылған болса, балаларын тәрбиелеумен айналыспайтын және оларға материалдық көмек көрсетпейтін болса, балаларына қатыгез немесе оларға қарсы бұрын қылмыс жасаған болса, жоғарыда көрсетілген мән-жайлар жеңілдететін болып есептелмеңці.
ҚК-тің 53-бабы 1 бөлігінің «д» тармағында мазмұны жағынан ұқсас бірқатар мән-жайлар келтірілген. Олардың барлығына ортақ әрекет – қылмыспен келтірілген зиянды жою. Зардап щегушіге медициналық көмек көрсету дегеніміз – айыпкердің зардап шеккенге дәрі-дәрмек пайдалануы, оны медицина мекемесіне жіберуі немесе алып баруы, зардап шеккенге дәрігер шақыруы.
Зардап шеккенге басқадай көмек әртүрлі формада көрсетілуі мүмкін, олар қылмыстан келуі мүмкін зиянды салдардың алдын алуға бағытталады. Бұл көмекті айыпкер қылмыс жасала салып көрсетуге тиіс.
Жеке басындық, отбасылық немесе басқа ауыр жағдайларға, мысалы, материалдық қиыншылықты, жұмыссыз қалуды, қызмет бабында немесе оқуда сәтсіздікке ұшырауды, айналасындағы адамдармен дұрыс қатынас орната алмауды жатқызуға болады. Бұл мән-жайлар өзінің немесе жақын адамдарының сырқаттануына, табиғи апатқа, оған немесе оның отбасы мүшелеріне қарсы жасалған қылмысқа байланысты болуы мүмкін.
Жаны ашу себепті қылмыс жасағанда сол қылмыс зардап шеккеннің өзінің өтініші бойынша жасалуы мүмкін. Мысалы, жазылмайтын аурумен ауырған адамның өтініші бойынша дәрігер оның ағзасына дәріні шектен тыс енгізеді, нәтижесінде ол қайтыс болады. Адамды күшпен зорлап немесе оның психикасына өсер ету арқылы, не оның материалдық, қызмет бойынша немесе басқадай тәуелділігін пайдаланып қылмыс жасауға мәжбүр еткен жағдайлар да жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайларға жатады, себебі ол мұндай әрекетті толықтай өз еркімен жасамайды, оның әрекеті басқа біреудің ықпалымен шектеулі болады.
Күшпен мәжбүрлегенде әртүрлі зорлық әрекеттер болады: байлап тастау, ұрып соғу, мүлкін жою, т.б. Психикасы арқылы мәжбүрлегенде де күш жұмсаймын деп қорқытады (мысалы, өлтіремін, ұрып-соғамын, масқаралайтын деректерді жария етемін, т.б.)
Материалдық тәуелділік дегеніміз айыпкердің өзін қылмысқа итермелеген адамға борышты болуы, соның арқасында күн кәріп отыруы, т.б.
Қызметтік тәуелділікте айыпкердің қызметте болуы немесе қызметтегі жұмысы қылмысқа азғырушы адамға байланысты. Мұндай төуедділік, мысалы, қызметтегі адам мен сол қызметгі тексеруші арасында болуы мүмкін.
Басқадай тәуелділік туысқандар арасында, діни немесе басқа катынастар бойынша айыпкер мен оны қылмысқа итермелеген адамдар арасында болуы мүмкін.
Күштеп мәжбүрлеудің салдарынан адам өзінің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) ие бола алмаса, күштеп мәжбүрлеудің нәтижесінде заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келсе, ҚК-тің 36-бабына сәйкес ол қылмыс болып табылмайды. Қылмыс жасаған адамға немесе оның жақындарына қарсы күш қолдану қаупі мұндай әрекетке бару қажеттігін тудырады.
Бұл жағдайда айыпкер адам ҚК-тің 34-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды.
Кажетті қорғанудың заңда қарастырылған шартын бұзу, аса қажеттілік, қылмыс жасаған адамды ұстау, негізді тәуекел, бұйрықты немесе өкімді орындау жағдайында қылмыс жасау қылмыс жасаған адамның онша қауіпті емес екендігін көрсетеді, себебі, егер осы көрсетілген мән-жайлардың заңды болу шарты бұзылмай, жасалған әрекет қылмыстар қатарына жатқызылмаса, онда айыпкердің әрекеті қылмыс емес, қоғамға пайдалы іс болар еді. Аталған жағдайларда қылмыс жасауға негіз болған себептер қауіпті емес, қайта қоғамға пайдалы екендігін ескерген жөн. Мысалы, жасалған қастандықтан зәбір шегіп дәрменсіз жағдайда қалған адамды қорғаймын деп, өзіне қастандық болмаса да, қажетті қорғанудың құқықтық шартын бұзады: қастандық аяқталғаннан кейін қылмыскердің денсаулығына ауыр залал келтіреді.
Қылмыс жасауға арқау болған зәбір шегушінің заңға қайшы немесе адамгершілікке жатпайтын қылығы да жеңілдететін мән-жайларға жатады, себебі бұл жағдайда зәбір шегуші өз қылығымен қылмыс жасауға итермелейді. Ал, бұл қылық не заңға қайшы не адамгершілікке жатпайтын болу керек. Заңға қайшы әрекетке: ұрып-соғу, қинау, кемсіту, өсек немесе айыпкердің не оған жақын адамдардың заңды құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіру жатады.
Зәбір шегушінің адамгершілікке жатпайтын қылығына оның заң нормаларын бұзбайтын, бірақ адамгершілік нормаларымен сиыспайтын әрекеттері жатады.
Мысалы, ерлі-зайыптылардың көзге шөп салуы, балалардың өз ата-анасын көпшіліктің көзінше сыйламауы, т.б.
Шын жүректен екіну – қылмыс жасаған өз айыбын жасырып мойындау, өзін өзі кінәлау. Ол жасалған қылмысты мойындау құқық қорғау органдарына хабарлағанда, анықтама, алдын-ала тергеу және сот процесі кезінде жауап бергенде, соңғы сөз берілгенде айтылуы мүмкін.
Айыбын мойындап келу – тергеуден және соттан қашып кету мүмкіндігі бола тұрып, құқық қорғау органдарына өз еркімен берілу.
Қылмысты ашуға белсенді кемектесу – қылмысқа қатысқандар жайында хабарлау, іс бойынша дәлелдемелер тапсыру немесе сол дәлелдемелерді жасырған жерді айту, сондай-ақ тергеу немесе сот, ісін табысты жүргізуге септігін тигізетін басқа да әрекеттер. Бұл аталған мән-жайлар көбіне бір уақытта болады. Мұндай әрекеттердің болуы қылмыскердің өз қылығының заңсыз екенін түсініп, кінәсін мойындағанын, жасаған қылмысы үшін берілетін жазаны орынды деп есептеп, айыбын етеуге дайын екендігін көрсетеді.
Бұл мән-жайлар - заңда көрсетілгендер, бірақ жеңілдету мүмкіндігі олармен шектеліп қалмайды. Сондықтан да сот жаза тағайындау кезінде басқа да мән-жайларды қарастыра алады. Мысалы, сот үкімінде мынадай жеңілдететін мән-жайлар жиі кездеседі: айыпкердің наградалары бар екендігі; Ұлы Отан соғысына немесе Ауған соғысына қатысқандығы, егде жаска келгені, денсаулығы, қартайған ата-ана асырап отырғандығы, т.б.