Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2012 в 18:21, курсовая работа
Заңдылық пен құқық тәртібіне байланысты практикалық міндеттерді шешуде мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің бір тармағы болып табылатын қылмыстық заңның рөлі едәуір, ол заң бұзушылықтың қылмыс сияқты аса қауіпті түрімен күресуге бағытталған. Жаза - мемлекет қолындағы маңызды құрал, ол арқылы мемлекет адамды, оның құқын, бостандығын, заңды мүддесін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, конституциялық құрылысты, еліміздің аумақтық бүтіндігін, қоғам мен мемлекеттің заңмен корғалатын мүдделерін, адамзаттың бейбіт өмірі мен кауіпсіздігін ңылмыстық қастандықтан қорғайды. Ол қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың басты формасы және қылмыскерліктің алдын алу шараларының бірі болып табылады.
Кіріспе.....................................................................................3-5
І-тарау. Қазақстан Республикасындағы жазаның түсінігі және оның мақсаттары.
1.1. Жазаның түсінігі...................................................6-9
1.2.Жазаның мақсаттары.........................................10-17
ІІ-тарау. Қазақстан Республикасында Жазаның жүйесі және олардың түрлері.
2.1. Жазаның жүйесінің ұғымы және маңызы.......18-23
2.2. Жазаның түрлері...............................................24-30
ІІІ-тарау. Жаза тағайындалуы.
3.1. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері...........31-36
3.2. Қылмыстың жауапкершілікпен жазаны жеңіл- дететін және ауырлататын мән жайлары........37-44
3.3.Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының 1993 жылы 24 маусымдағы №2 қаулысы пленумның 1994ж. 23 –желтоқсандағы № 4 қаулысымен енгізілген өзгерістері.......... 45-53
Қорытынды.......................................................................54-55
Пайдаланылған әдебиеттер............................................56-57
Қылмыстық жаза қоғамдағы үстем көзқарасқа және оның өмір сүруінің негізгі шарттарына сәйкес келетін көзқарастарға жауап беріп келді, жауап береді де. Заңдарға бұрынғы ескірген жазаларды енгізсек, оны қоғам тарихи анахронизм деп санар еді, ол жазалар жүрмес еді.
Керісінше, егер заңдарға қоғам саяси да, сана жағынан да әлі дайын емес жазаларды енгізсек, олар да жұмыс істемес еді.
Қылмыстық заң мен жаза адамдардың қалыптасқан өміріне, қоғамдық қатынасқа, сол қоғамның идеологиясы мен таптық құрылымына, мемлекет экономикасының ахуалына, және осы негізде қалыптасып отырған этикалық және құқықтық көзқарастарға сәйкес келуі тиіс.
Егер жаза түрлерінің қоғамның және қоғамдық қатынастардың даму деңгейімен байланысына көз жүгіртсек, мынадай заңдылықты байқауға болады: өндіргіш күштердің даму деңгейі төмен кезде қоғамдық тұрмыс та нашар, мәдениет те төмен деңгейде болды, оған сәйкес идеология болды; жазалаудың аса қатаң түрлері қолданылды - ашықтан ашық үрей тудыру, өлтірудің, жара-қаттаудың жетік түрлері болды; қоғам ішіндегі қайшылықтың ушығуы жазаны қатайтуды қажет етті; аса қатаң жазалау кейінгі феодализмге тән әрекет еді.
1532 жылы кабылданған Карл V-нің қылмыстық жинағы «Каролина» (Constitutio criminalis Carolina) сол кезенді дәлірек сипаттайтын заң актісі. Басқа елдердің заңдары да, одан кейінгі кездері де бұл заңнан алыс кеткен жоқ. Ф.Энгельс былай деп жазды: «Ағылшындардың қылмыстық заңының Европадағы ең қатаң заң екендігін білеміз. 1810 жылдың өзінде ол өзінің қатыгездігі жағынан Каролинадан кем түспеді: отқа жағу, доңғалаққа байлап, кескілеп өлтіру, тірі адамның шек-қарнын ақтару, т.б. жазалаудың көп тараған түрі болды» (2,638 б).
Қылмыскерлікпен күрестің барлық формалары мен әдістері тек қатаң жазалаумен ғана шектелді. Ондағы басты мақсат - «зиянкес» адамның көзін жою немесе оны адам сияқты өмір сүру қабілетінен айыру. Ол кездің ұраны - үрейлендіру мен қатыгездік.
Бірақ, қатаң жаза қолданудың өзі қатыгездікті тудыратынын өмір көрсетті. Нәтижесінде қылмыс азайған жоқ, қайта көбейіп кетті. Сондықтан да, алдыңғы қатарлы ойшылдар бір жағынан жазаның сипатын өзгерту керек, екіншіден қылмыстың аддын алуға бағытталған шараларды жүзеге асыру керек дегенді айтты.
Қазіргі тарихи кезең жағдайды жазамен түзетуге болмайтындығын көрсетіп отыр, сондықтан да оқымыстылар бұл тығырықтан шығудың жолын іздестіруде. Осыған байланысты мәжбүрлеу жене зорлық принципіне емес, сенімді мәжбүрлеумен ұштастырған принципке негізделген жаза теориясы ерекше маңыз алады. Бұл теория жаза қылмыскерлікпен күрестегі маңызды да және әзірше қажетті құрал болғанмен, ол жалғыз әрі басты құрал емес, тек қосымша ғана деген түсініктен туындайды.
Қоғамның әлеуметтік өміріндегі жазаның орыны, бәрінен бұрын, адамгершіліктен, адамға деген қамқорлықтан барып анықталуға тиіс. Мәжбүрлеудің қылмыспен күрес төсілдерінің бірі екендігін ескере отырып, бірақ ақтық соңында тек мақсатты тәрбие мен сенім арқылы ғана адамға ықпал жасауға болатындығын, солар арқылы ғана адамның сезімі мен ойын, көзқарасын, идеясын, дағдысы мен мінез-құлқын өзгертуге болатындығын мойындау керек (3,79-83 6.)
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде бұл принциптер ескерілген және жаза түрлерінің тізімі бұрынғы заңмен салыстырғанда едәуір өзгерген. Жазаның кейбір түрлері сақталған, ал кейбіреулерін заң шығарушы алып тастаған.
Сонымен қатар, қоғамдық жұмыстар, бостандықты шектеу, тағы басқадай жазаның жаңа түрлерінің жүйеге енгізілуі өте дәлелді. Жазаның кейбір түрлерінің атаулары да, оған сәйкес мазмұны да өзгерген. Әскери және арнайы атақтан айырудың орнына - арнайы әскери және құрметті атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградалардан айыру; бас бостандығынан айырмай түзеу жұмыстарына жіберудің орнына - түзеу жұмыстары. Тәртіптік батальонға жіберу түріндегі жаза төртіптік әскери бөлімде ұстаумен ауыстырылған.
Өлім жазасы жаза түрлерінің тізіміне кіргенмен, ол ерекше сипаттағы жаза деп көрсетілмеген.
ҚР ҚК-нің 39-бабында қарастырылған қылмыстық жазалар тізімінде мыналар бар: айыппүл салу, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру; қоғамдық жұмыстарға тарту; түзеу жұмыстары; әскери қызмет бойынша шектеу; бас бостандығын шектеу; камау; төртіптік әскери бөлімде ұстау; бас бостандығынан айыру; өлім жазасы; арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру; мүлкін тәркілеу.
Тиімділігі өте төмен болғандықтан жаңа Қылмыстық кодекстен жазаның мынадай түрлері алынып тасталды: қоғам алдында бетіне басу, келтірген нұқсанды жоюды міндеттеу, жер аудару, елден шығарып жіберу, қызметтен босату, еңбекпен тәрбиелеу профилакториясына жіберу, ата-ана құқынан айыру. Мұның бәрі 1959 жылғы Қылмыстық кодексте бар болатын.
Бұрын кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазалар түрінің арнайы тізімі қарастырылмаған болатын. Ал қазір, ҚР ҚК-нің 79-бабына сәйкес, 18 жасқа дейін қылмыс жасаған адамдарға тек мына жазалар қолданылады: айыппұл салу; белгілі бір қызметпен айналысу құқынан айыру; қоғамдық жұмыстарға тарту; түзеу жұмыстары; қамау; бас бостандығынан айыру.
Жаңа ҚК-те жазалар жүйесі басқаша құрылған: олар (жаза түрлері) жеңілдеу жазадан бастап қатаң жазаға қарай тізілген. Бұл қылмыстық заң принципімен сәйкестігін табады – қылмыскерді жазалағанда жазалау құралдары үнемді пайдаланылады.
ҚР-ның қылмыстық заңындағы жазалар жүйесінде адамды масқара ететін, оның денесін жарақаттап, мүгедек ететін жаза түрлері жоқ. ҚР Конституциясының 17-бабында былай делінген:
«1. Адамның қадір-қасиетіне қол сүғылмайды.
2. Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге, не жазалауға болмайды». Сонымен қатар, кәмелетке толмаған адамға, екі қабат әйелдерге, емшекте баласы бар және жас сәбиі бар әйелдерге жаза қолданылғанда заң бойынша бірқатар шектеулер қарастырылған.
Сондықтан да бұл қылмыстық заңда жаза түрлерінің толық әрі дәл тізімі берілген, оларды сот қылмыс жасаған адамға тағайындай алады. Заңда қарастырылмаған жазаны қолдануға жол берілмейді.
Жаза түрлері өздерінің мазмұны, сотталғанға ықпал жасау тәсілі және ауырлығы (жазалау сипаты) жағынан бір-бірінен өзгеше болады.
Кейбір жазаларды соттардың міндетті түрде қолдану шарты, шегі және төртібі тікелей заңда белгіленеді, оның нәтижесінде жазаның әділдігін, лайықтылығын және жеке даралығын, жаза тағайындағанда заңдылықты сақтауға, жинақтай келгенде қылмыскерлікпен күрес саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге жағдай жасалады.
Осы күшіндегі ҚК бойынша жаза жүйесі туралы айтқанда, біріншіден оның озық, алдыңғы қатардағы принциптер бойынша құрылғанын, сондықтан оған жазалаудың жаңа тиімді шаралары кіргенін, соңғы бірнеше онжылдықтар бойы қолданылмаған кейбір жазалардың алынып тасталғандығын атап өту керек. Сонымен қатар, жаңа ҚК-дегі кейбір кемшіліктерді де айтпай кетуге болмайды. Біздің пікірімізіне, өмір бойы бас бостандығынан айырудың жазаның бөлек түрі ретінде жазалар жүйесіне кіргізілмегеңдігі – қателік. Жазаның бұл түрінің өзінше бөлек жаза болып қарастырылуға құқығы бар, себебі бас бос-тандығынан айыру жазаның мерзімді түріне жатады, ал өмір бойы бас бостандығынан айыру – мерзімсіз жаза. ҚК-нің Ерекше бөлігіндегі баптардың санкцияларында ол жазаның басқа түрлеріне, оның ішінде бас бостандығынан айыруға балама жаза ретінде көрсетіледі (ҚК-тің 96-бабының 2 бөлігі).
Жүйеге кіретін жазаның барлық түрлері үш топка бөлінеді: негізгі, қосымша және балама, яғни олар негізгі болып та, қосымша болып та қолданыла алады (ҚК-тің 39-бабы).
Жазаларды негізгі
және қосымша деп бөлудің
2.2. Жазаның түрлері.
Жазаның негізгі түрлеріне тек өзінше бөлек тағайындалатын жазалар жатады, олармен басқаларды толықтыруға болмайды, жазаның негізгі мақсаттарын орындау осылармен байланыстырылған (5, 219 б.)- ҚК-тің 39-бабына сәйкес, жазаның мұндай негізгі түрлеріне мыналар жатады: қоғамдық жұмыстарға тарту; әскери қызмет бойынша шектеу; бас бостандығын шектеу; қамау; төртіптік әскери бөлімде ұстау; бас бостандығынан айыру; өлім жазасы. Қылмыс жасаған адамға ҚК-тің Ерекше бөліміндегі нормалар санкциясында белгіленген негізгі жазалардың біреуі ғана қолданылады. Мысалы, түзеу жұмыстары бас бостандығынан айырумен бірге бір санкцияда қарастырылғанмен, оларды бір-біріне толықтыру ретінде тағайындауға болмайды.
Қоғамдық жұмыстарға тарту. ҚР ҚК-нің 42-бабына сәйкес, қоғамдық жұмыстар сотталған адамның негізгі жұмыстан немесе оқудан бос уақытта тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады, олардың түрлерін жергілікті атқарушы органдар немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары белгілейді.
Қоғамдық жұмыстар Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі белгілеген жазаның жаңа түрі болып табылады, ол Қазақ ССР-ның бұрынғы қылмыстық заңында жоқ еді.
Қоғамдық жұмыстар ҚК-тің Ерекше бөлімінің баптарында 64 санкцияда бар, ол 10, 14% кұрайды.
1997 жылғы 16 шілдедегі
«Қазақстан Республикасының
Жоғарыда аталып кеткендей, қоғамдық жұмыстардың түрлерін жергілікті атқарушы органдар немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары белгілейді, олар жазаны орындаушы органға – қылмыстық-орындаушы инспекцияға мұндай жұмыстардың қажеттігін хабарлайды.
Испекция сотталғандарды жұмысқа жібереді. Сотталғандар қоғамдық жұмыстарды өздері тұрған жерде жасайды.
КР ҚК-нің Ерекше бөлімінің айыпкер сотталған бабының санкциясында қарастырылған болса, қоғамдық жұмыстар жазаның негізгі түрі ретінде ғана қолданылады.
Қоғамдық жұмыстар, сонымен қатар, жасалған қылмыс үшін қарастырылған жазадан жеңілірек жаза тағайындалса, және жазаның өтелмеген бөлігін жұмсақ жазамен ауыстырған жағдайда қолданылады (71,55 баптар).
Бұл жаза мерзімді жазалар қатарына жатады. Ол сотталған адам қоғамдық жұмыста болған сағатпен өлшенеді. Заң бұл жазаны алпыс сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейін тағайындауға рұқсат береді.
Жазаны бөлшектеп өтейді – демалыс күндері және сотталған адам негізгі жұмысында немесе оқуында болмаса – күніне ең көп дегенде 4 сағат, жұмыс күндері – жұмыстан немесе оқудан кейін 2 сағат, сотталғанның келісімімен 4 сағат жұмыс жасалынады (ҚАК-тің 32-бабының 2 бөлігі).
Қоғамдық жұмыстарды өтеуден әдейі қашқақтаған жағдайда сотталған адам үшін жазаның бұл түрі ауырырақ жазамен алмастырылады.
ҚР ҚАК-нің 34-бабына сәйкес қоғамдық жұмыстарды өтеуден әдейі қашқақтау дегеніміз: қоғамдық жұмыстардан қашып сотталғанның тығылып қалуы; бір ай ішінде еңбек төртібін екі реттен артық бұзуы; бір ай ішінде ешқаңдай себепсіз қоғамдық жұмыстарға екі реттен артық шықпай қоюы.
Түзеу жұмыстары. Түзеу жұмыстарының мазмұны сонда — сотталған адам жазасын өзінің бұрынғы негізгі жұмыс орнында өтейді, бірақ оның жалақысынан мемлекет кірісіне тиісті бір бөлігін үстап тұрады.
Бұл жазалау шарасы қылмыстық заңдарда орын алып отырған адамгершілік принциптерінің бір кәрінісі.
Ол кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған, бірақ қоғамнан оқшауламаса да түзелу мүмкіндігі бар адамдарға соттардың бас бостандықтан айырумен байланысты емес жаза тағайындауына мүмкіндік береді.
Әскери қызмет бойынша шектеу. Қызмет бойынша шектеу — жазаның ерекше түрі, ол тек әскери қызметте жүріп сотталған әскери қызметкерлерге ғана қолданылады. Әскери қызмет бойынша шектеу, негізгі жаза ретінде ҚР ҚК-нің Ерекше бөлімінің нормаларының 22 санкциясында бар, ол 3,4%.
Әскери қызмет бойынша шектеудің мәні — көндіру және мәжбүрлеу әдістерін сөтті үйлестіру, яғни бұл әскери қызметкер өзінің көсіби міндетін атқара береді, бірақ сонымен катар оның құқықтары біршама шектеледі. Әскери қызмет бойынша шектеу, негізгі жаза ретінде, тек мына жағдайда тағайындалады:
Келісім-шарт бойынша қызмет атқарып жүрген әскери қызметкерге немесе шақыру бойынша әскери қызмет атқарушы офицерге әскери қызмет бойынша шектеу жазасы тағайындалуы мүмкін, егер әскери қызметке кзрсы олар жасаған қылмыс үшін ҚК-тің қолданылып отырған баптарының санкцияларында мұндай жаза көзделген болса, Мысалы, «қызметке селқос қарау» деп аталатын ҚК-тің 391-бабы бойынша өскери қызмеггі екі жылға дейінгі мерзімге шектеу, немесе алты айға дейін қамауда ұстау, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.
Әскери қызмет бойынша шектеу келісім-шарт бойынша әскери қызмет атқарып жүрген, санкцияда түзеу жұмыстары түріндегі жаза көзделген қылмысты жасағаны үшін сотталған әскери қызметкерге тағайындалады.
Бас бостандығын шектеу. Бас бостандығын шектеу — сотталған адамды қоғамнан оқшауламай, арнаулы мекемеде, оны қадағалауды жүзеге асыру жағдайында ұстау (ҚР ҚК-тің 45-бабының 1 бөлігі).