Құқықтық нормалардың түсінігі, элементтері және белгілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2015 в 20:47, реферат

Краткое описание

Жалпы құқықты нормалардың түсінігінде, мазмұнында әліде болса сан түрлі сыр мен қыр бар деуге болады. Қазіргі кезде құқықты нормалар қоғаммен бірге диалектикалық даму процесінде болғандықтан оның мазмұны сан қырлы бағытта даму үстінде. Ғалымдар құқықтық нормаларды зерттегенде бір-екі қырынан мазмұнын анықтап, әр түрлі қорытынды тұжырым жасауда. Жалпы құқықтық нормалардың даму тарихы сонау Ежелгі Рим заманынан бастау алады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

pravo_ref_90 (1).doc

— 94.00 Кб (Скачать документ)

Құқықтық норманың екінші белгісі - ол реттелетін қоғамдық қатынастардың үлгісі (моделі) болып саналады. Үлгі - оң және теріс мінез-құлықтың бейнесі болуы мүмкін. Тұлға өзіне жүктелген міндетті қалтқысыз орындалса, ол оң үлгіге жатады. Егер адам заң бұзса, ол теріс үлгіге жатады. Құқықтық нормада нақтылы, жеке субъектілер көрсетілмейді. Ол реттейтін қоғамдық қатынастарға қатысатындардың барлығы құқықтық норманың талабына бағынуы қажет. Мемлекет, қоғамдық бірлестіктер, жеке адам заң нормасының талабын мүлтіксіз сақтауға, орындауға міндетті. Заң нормасының талабын өз еркімен орындамаса, оны бұзған тұлғаға мемлекет тарапынан мәжбүрлеу шаралары қолданылады. Демек, заң нормасын мемлекет қорғайды.

Заң нормалары қоғамдық қатынастарды реттеу, жолға салу және қорғау үшін жасалады. Реттеудің өзі түрлі әдістермен жүзеге асырылады. Кейде қоғамдық қатынастарды реттеу үшін оған қатысушыларға ерік берудің өзі-ақ жеткілікті. Мысалы, кәсіпкерлікпен шұғылдану үшін сондай-ақ әрекетке қабілеті бар адамдарға ерік, еркіндік, мүмкіндік берсе, олардың заңи әрекеттерін қорғаса, соның өзі жеткілікті. Кейде қоғамдық қатынастарды реттеу үшін, оларды зиянды іс-әрекеттерден қорғану керек. Мысалы, адамның өмірін, меншігін қол сұғудан қорғамаса, жеке адамға да, қоғамға да зиян келтіреді. Ал қайсыбір жағдайда қоғамдық қатынастарды реттеу үшін тұлғаларға міндеттер жүктеуге тура келеді. Мысалы, ішкі істер органдарының міндеті - қоғамдық тәртіпті сақтау, қорғау. Заң нормалары көтермелеу мақсатын да көздейді. Мысалы, қоғам үшін адал қызмет еткендерге құрметті атақтар беріледі.

Заң нормаларында анықтамалар берілуі мүмкін. Қазақстан Конституциясында құқыққа мынадай анықтама берілген: Республикада қолданылатын құқық Конституцияның, соған сай келетін заңдардың, өзге нормативтік-құқықтық актілердің, Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің нормалары болып табылады. Норма принциптері де болады. Республика қызметінің түбегейлі принциптері - делінген Конститутцияда, ол - қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму, Қазақстандық патриотизм, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу4.

Заң (басқа да нормативтік құқықтық актілер) - нормативтік акт болып саналады. Оның құрылымы ерекше. Заң баптарында тұрады. Бір заңда бір, бірнеше, ондаған баптар болуы мүмкін. Ал заңның бабы бір немесе бірнеше құқықтық нормалардан тұруы мүмкін. Егер заңның бабына бір норма болса, бап пен норма сәйкес келеді. Бапта екі норма да болуы мүмкін. Онда, әрине баптың мазмұны норманың мазмұнынан кең болады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Конституциясының 34- бабы екі құқықтық нормадан тұрады:

1. Әркім Қазақстан Республикасы Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеуге міндетті.

2. Әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті.

Кейде  бір құқықтық норма бірнеше баптан тұруы мүмкін.

Заңның бабында кейде норманың тек бір бөлігі ғана болады, ал басқа бөліктерін тағы екінші, үшінші баптардан немесе басқа нормативтік актілерден іздеуге тура келеді. Бұдан құқық нормасын заңның бабынан ажыратудың қажеттілігі туындайды. Мұның өз сірә нормативтік актінің бір бабында кейде екі, үш және одан да көп нормалардың кездесуінен болады. Кейбір актілер, мысалы, құқықтың басқа салаларында қызмет ететін актілер санкцияларды білдіруге маманданған болып келеді.

Егер де құқық нормасының құрамында құрылымдық элементтердің қайсыбіреуі болмаса, онда ол өзінің реттеуші рөлін орындай алмайды. Сондықтан да нормаларды жасағанда заң шығарушы оның әрбір бөлігін арнайы жазып алуы қажет немесе оған тиісті сілтеме жасау жөн. Ал ол норманы жүзеге асырушы өзінің істерін заң жөнімен сауатты құру үшін норма элементтерінің барлық байланыстарын ескеруі тиіс5.

2. Құқық нормаларын қолдану  актілері және құқықтық нормаларына  түсіндірме берудің түсінігі  мен түрлері

Құқық нормаларын қолдану құқық нормаларын қолдану актілері арқылы жүзеге асырылады - бұл ресми құқықтық құжат, онда құзыретті органның жекелеген, мемлекеттік - биліктік ұйғарымы болады, ол нақты заңды істі шешу нәтижесінде шығарылады.

Құқық нормаларын қолдану актілері қандай, мынадай негізгі белгілермен сипатталады:

Біріншіден, құқық нормаларын қолдану актілері билік сипатта болады және мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен қорғалады. Оның ішіндегі нақты ұйғарымдардың көпшілікке бірдей міндеттілік маңызы бар, кімге қатысы болса соған және қажетті жағдайда мәжбүрлеу арқылы іске асырылуы мүмкін. Мысалы, азаматтың уақытша пайдалануға алған заттары соттың шешімімен иесіне қайтарылуы, орындауға жататын міндеттілік. Ол актіні, құқық нормасын азамат бұзса, жауапқа тартылады, сотталады.

Екіншіден, қолдану актісі - жекелеген құқықтық акт. Ол қатаң түрде, белгілі адамдарға жатады. Құқық қолдану актілі, тек сол оқиғаға ғана арналады және оған ұқсаған оқиғаға қатынасы жоқ. Сонымен, ол құқық нормалары бар жалпы сипаттағы нормативтік-құқықтық актілерден өзгешеленеді. Құқық нормалары, көптеген бір түрдегі оқиғаларды реттейді жөне өз аясындағы барлық адамдарға қатынасы бар. Олар бірнеше рет қолдануға есептелген. Жекелеген құқықтық актілерде құқық нормалары жоқ. Олар тік, жалпы ұйғарымдарды жеке адамдарға, ұйымдарға бейімдейді, бір реттік қана мәні бар. Соған байланысты құқық нормаларын қолдану актілері, құқық деректеріне жатпайды. Заңдар жинағына олар кіргізілмейді.

Үшіншіден, құқық қолдану актілері заңды болуы міндетті, қатаң түрде заңға сай шығарылады, белгілі құқық нормаларына сүйенеді: Мысалы: соттың үкімі, (адамды жазалау туралы; қылмыстық құқық негізінде шығарылады. Егep қолдану актісі заңға қайшы болса, ол міндетті түрде жойылады.

Төртіншіден, құқық нормаларын қолдану актілері заңда көрсетілген нысанда шығарылады және анықталған аты болады. Заң алдын ала, жекелеген актілерді дайындаудың және шығарудың қатаң тәртібін белгілейді. Мысалға, құқық қорғау органдарының (сот, прокуратура органдары) қабылдайтын актілерінің міндетті түрде мынадай (элементтері) бөліктері болуы қажет:

1. Кіріспе бөлімі, онда актінің, оны шығарған органның аты, шыққан уақыты, мекен-жайы;

2. Түсіндірме бөлімі, онда  істің деректі мән-жайы көрсетіледі;

3. Дәлелдеу бөлімі, қабылданған  шешімге негіздеме беру.

4. Қорытынды бөлім, онда  шешімнің мазмұны баяндалады. Әрбір құқық қолдану актілерінің қатаң түрде белгіленген аттары болады: үкім, бұйрық, қаулы, өкім.

Құқық нормаларын қолдану актілерін бөлу, әр түрлі негіздерге байланысты жүргізіледі. Құқық нормаларын қолданатын субъектілерге байланысты болады. Жекелеген құқықтық актілер мынадай түрлерге бөлінеді:

• Мемлекеттік биліктің өкілеттік органдарының актілері;

• Мемлекеттік биліктің атқарушы - иелік етуші органдарының актілері;

• Мемлекеттік құқық қорғау органдарының актілері (сот, прокуратура, арбитраж т.б.); ,

• Мемлекеттік бақылау органдарының актілері (салық инспекциясы, кедендік органдар т.б.)

Қоғамдық қатынастардың мазмұнына, және оларға қолданылатын құқық нормаларына байланысты, құқық қолдану актілері былай бөлінеді:

Реттеуші актілер, адамдардың құқықтық тәртіптеріне сай, нақты түрдегі заңды құқықтарды, міндеттерді белгілейді (мысалы, жоғары оқу орнының ректорының сол оқу орнына кіргізу туралы бұйрығы, әлеуметтік қамсыздандыру органдарының мекемелерінің зейнетақы тағайындауы т.б.).  

Қорғаушы актілер, жеке адамдардың құқық бұзуына байланысты шығарылады (соттың үкімі, тергеушінің сезікті адамды кінәлі ретінде жауапқа тарт туралы қаулысы, прокурордың наразылығы).

Сонымен, құқық нормаларын қолдау актілері, құқық нормаларының ұйғарымдарын іске асырудағы маңызды құрал болып табылады6.

Түсіндірме беру қажеттілігі. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері қыруар заңдар және одан туындайтын өзге де нормативтік актілер қабылданып, бекітілген соң дереу іске қосылады. Солардың ішінде іске аспай мардымсыз болып жатқандығы да бәрімізге мәлім. Оның объективтік және субъективік өзіндік сыры бар. Осындай келеңсіз, қолайсыз жағдайлардың объективтік сыры мынада: тіпті басқасын қойғанда заң актілерінің өздері есепсіз шығарылуында, олардың бір-бірімен қабыспай, бұрынғы актілердің тұжырымдарын соңғыларының бұрмалауында, сөйтіп, олардың қарама-қайшылығы, кемістігі, ақырында ағатыққа соқтыруы, әркелкілілігі, қазіргі өскелең өмір талабымен сыйыспайтындығында.

 

Қорытынды

Сонымен қорыта айтар болсақ құқықтық норма дегеніміз, құқықтың бір ғана ереже қағидасы. Мысалы құқықты үй деп алсақ, онда құқықтық норма жиынтығы.

Құқықтық норма мемлекет таныған, қамтамасыз еткен, қоғамдық қатынастарға араласып түсушілердің құқықтары мен міндеттерін туындататын, олардың әрекеттерін үлгі, эталон, масштаб, өлшем есебінде реттей алатын жалпыға бірдей міндетті ереже, норма.

Құқықтық норма - заңға сәйкес келетін мінез, жүріс-тұрыстың айырмашылық белгісін білдіреді. Осыдан құқықтық норма жария айқындылық, нақтылық мәнге ие болады. Оның өзі заңмен көзделген істің шешімін табуға мүмкіндік береді.

Адамдардың бостандығын реттейтін екі тұрғыдан қарастырады: бірінші - адамдардың өздерінің, өз істерін, өз тәртібін жобалау - жоспарлауы (ішкі бостандық); екінші - өз мүдде-мақсаттарын өздері анықтап, оны өздерінің жүзеге асыруы (сыртқы бостандық).

Қоғамдағы барлық процесс, барлық қарым-қатынастар құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Нормативтік актілер әлеуметтік жеке мемлекеттік ықпал ету қасиеттерін біріктіріп қоғамның дұрыс, жағымды дамуына, жалпы халықтық тәртіптің нығаюына мүмкіншілік жасап отырады.

Құқықтық   норманың   негізгі сипаттары:

1. Норма қоғамға, адамдарға  ең қажетті, керекті қарым-қатынастарды  реттеп, басқарып отырады. Ол қатынастардың  басым көпшілігі бостандықты, әділеттікті, теңдікті, әлеуметтік, рухани, мәдени т.б. даму бағыттарын қамтып, реттеп, басқарады. Бұл басқарудың негізгі бағыттары, қағидалары Конституцияда және заңдарда көрсетіледі.

2. Норма көп қатынастардың  мазмұнын орындалу бағыттарын, әдіс-тәсілдерін  алдын ала анықтап, көрсетіп отырады. Болашақ қатынастың, оны реттеудің, орындалуының "үлгісін" жасайды. Міне осы "үлгілерді" зерттеу арқылы ғалымдар мемлекеттердің өткен тарихымен танысып жатады.

3. Нормативтік актілердің  көпшілігі өзгермей қатынастарды  көп жылдар дұрыс, жақсы реттеп, басқарып тұрақты нормаға айналды. Бұл жақты әлеуметтік тұрақты процесті типизация деп атайды. Мұның маңызы өте зор. Заңдылықты нығайтуға, құқықтық тәртіпті сақтауға зор үлес қосады.

4. Нормативтік актілер  жалпы мемлекеттік норма, оның  орындалуы жалпы қоғамдық міндет, оны халық түсінеді, біледі. Сондықтан олар ол нормаларды дұрыс орындалуына үлес қосады.

Сонымен құқықтық норманың жоғарыда көрсетілген сипаттары, оның мазмұнын, маңызын, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқаруын толық түсінуге болады.

Құқықтық   нормалардың   белгілері:

1.Норма мемлекеттік органның  қабылданған бекіткен актісі, оның  заңды күші бар. Мұндай нормалар  қоғамдағы тәртіптің үлгісіне  айналады. Өйткені ол нормаларды  халықтың басым көпшілігі дұрыс  орындайды.

2. Нормада субъектілердің  құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары толық көрсетіледі. Егер де көрсетілмесе субъектілердің өз еркінде, тек заңға нышан келтірмеулері керек.

3. Норма ерікті түрде  орындалмаса,  еріксіз орындатылуы.

4. Құқықтық нормалардың  жүзеге асырылуын, орындалуын мемлекет қамтамасыз етеді.

5. Құқықтық норма адамдардың, қоғамның тәртібінің кепілдігі  болуы.

Құқықтық нормасыз қоғамда ешқандай дәрежелі заңдылық, тәртіп, жоспар, мағыналы, сапалы қарым-қатынас болуға тиім емес. Құқықтық норманың мазмұны толық болуы керек. Сонда ғана оны дұрыс орындауға болады. Өмірде мазмұны толық емес нормалар кездеседі. Бір нормада қатынастың мазмұны көрсетіледі, екіншісінде - оны қашан, қандай жағдайда қолдануды көрсетеді, үшіншіде - қолдану нәтижесін көрсетеді. Үшеуін біріктірсе бір толық норма болып шығады. Мұндай норманың құрылысы өте сирек кездеседі. Нормалардың басым көпшілігі толық түрде болады. Егерде толық болмаса жетіспейтін элементтерін сілтеме арқылы тауып алуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер 

 

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 ж.

2. Мемлекет және құқық  негіздері. Оқулық. / Құраст. Е. Баянов. -Алматы; Жеті жарғы

3. Қ.Д. Жоламан, А.Қ. Мұхтарова., А.Н. Тәукелев. Мемлекет жәнее құқық  теориясы.-Алматы. 1999.

4. Теория и государства: Учебник/Под ред. В.К. Бабаева. -М.; Юрист. 1999.

5. Теория государства  и права: Учебник. -М.: Юрист. 2000.

6. Теория государства  и права: Учебник. Курс лекций /Под  ред. Н.И. Матузова и А. В. Малько  М.: Юрист.1997.

7. Хропанюк В.Н. Теория  государства и права. Учебное  пособие для высших учетных заведений /Под.ред. проф. Стрекозова В.Г. -М.

8. Баранов В. 11, Рахманина  Т.Н., Сырых В.М. Систематизация нормативно -правовых актов: Лекция по курсу  «Общая теория права». Нижний  Новгород, 1993.

9. Т. Нугманов. Значение законодательной техники для совершенствования юридической культуры правотворчества. Право и государство, №4.

10. Ю.Пиголкин А. С. Как  готовить законы. М. Известия, 1993.

 

1 Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері: Оқулық. / Құраст. Е.Баянов.—. Алматы. 2003. 112-П 5. Бет.

2 Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері: Оқулық./Құрастырған Е. Баянов. – Алматы. 2003. – 115-116 бет.

3 Қ.Д. Жоламан., А.К. Мұқтаров., К. Таукелов Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, «Баспа» 1998. 109-112 б.

4 Сапарғалиев F. С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы (Оқулық құралы)-Өңд. Толық. 2-бас. Алматы: Жеті жарғы. 1998.  9-80 б.

Информация о работе Құқықтық нормалардың түсінігі, элементтері және белгілері