Құқықтық нормалардың түсінігі, элементтері және белгілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2015 в 20:47, реферат

Краткое описание

Жалпы құқықты нормалардың түсінігінде, мазмұнында әліде болса сан түрлі сыр мен қыр бар деуге болады. Қазіргі кезде құқықты нормалар қоғаммен бірге диалектикалық даму процесінде болғандықтан оның мазмұны сан қырлы бағытта даму үстінде. Ғалымдар құқықтық нормаларды зерттегенде бір-екі қырынан мазмұнын анықтап, әр түрлі қорытынды тұжырым жасауда. Жалпы құқықтық нормалардың даму тарихы сонау Ежелгі Рим заманынан бастау алады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

pravo_ref_90 (1).doc

— 94.00 Кб (Скачать документ)

 ЖОСПАР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Біздің қоғамымызда құқықтық нормалардың ролі қазіргі кезде айрықша деп айтуға болады. Себебі, бұл күнде құқықтық нормалар қоғамдық қатыьастарды реттеудің ең тиімді де әділ жолдарының бірі болып табылады. Жалпы құқықтық нормалар адамзат қоғамы үшін айрықша орны мен мәні бap, ең бір жарқын құбылыс деп айтуға болады.

Негізінен теориялық тұрғыдан алғанда, құқықтың ұғымы мен мәні туралы және құқықтық нормалар туралы ғылыми зерттеулер аз болған жоқ соған қарамастан бұл тақырып бүгінгі күнге дейін өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ деп айтқан болар едім. Сол себептен де, меніңше құқықтық нормалардың ұғымы мен мәні туралы тағы бір теориялық талдау жасап кетудің ешбір артықшылығы бола қоймас деп білемін.

Жалпы құқықты нормалардың түсінігінде, мазмұнында әліде болса сан түрлі сыр мен қыр бар деуге болады. Қазіргі кезде құқықты нормалар қоғаммен бірге диалектикалық даму процесінде болғандықтан оның мазмұны сан қырлы бағытта даму үстінде. Ғалымдар құқықтық нормаларды зерттегенде бір-екі қырынан мазмұнын анықтап, әр түрлі қорытынды тұжырым жасауда. Жалпы құқықтық нормалардың даму тарихы сонау Ежелгі Рим заманынан бастау алады.

Қазіргі кезде құқықтық нормаларсыз қоғамды немесе мемлекетті көз алдымызға елестету мүлдем мүмкін емес, себебі осы күнгі өркениетті қоғам үшін құқықтық нормалар қоғамдық қатынастарды реттеудің бірден бір басты құралына айналған деп айтқан болар едім.

Мен өзімнің осы жұмысымда құқықтық нормалардың ұғымына жете тоқталып өтіп, оның мәнін теориялық тұрғыдан жан-жақты толығырақ қарастырып өтуді өзіме басты мақсат етіп, белгілеп отырмын.

1. Құқықтық нормалардың  түсінігі, элементтері және белгілері

 

Құқық - күрделі құбылыс. Құқықтың негізгі қызметі - қоғамдық қатынастарды реттеу, тәртіпті сақтау, қорғау. Құқық -жалпыға бірдей міндетті мемлекет қамтамасыз ететін нормалардың жиынтығы.

Ал құқықтық норма дегеніміз, құқықтың бір ғана ереже қағидасы. Мысалы, құқықты үй деп алсақ, онда құқықтық норма жиынтығы.

Құқықтық норма - мемлекет таныған, қамтамасыз еткен, қоғамдық қатынастарға араласып түсушілердің құқықтары мен міндеттерін туындататын, олардың әрекеттерін үлгі, эталон, масштаб, өлшем есебінде реттей алатын жалпыға бірдей міндетті ереже, норма.

Құқықтың норма - заңға сәйкес келетін мінез, жүріс-тұрыстың айырмашылық белгісін білдіреді. Осыдан құқықтық норма жария айқындылық, нақтылық мәнге ие болады. Оның өзі заңмен көзделген істің шешімін табуға мүмкіндік береді1.

Адамдардың бостандығын реттейтін екі тұрғыдан қарастырады: бірінші адамдардың өздерінің, өз істерін, өз тәртібін жобалау - жоспарлауы (ішкі бостандық); екінші өз мүдде-мақсаттарын өздері анықтап, оны өздерінің жүзеге асыруы (сыртқы бостандық).

Қоғамдағы барлық процесс, барлық қарым-қатынастар құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Нормативтік актілер әлеуметтік жеке мемлекеттік ықпал ету қасиеттерін біріктіріп қоғамның дұрыс, жағымды дамуына, жалпы халықтық тәртіптің нығаюына мүмкіншілік жасап отырады.

Құқықтық   норманың   негізгі сипаттары:

1.Норма қоғамға, адамдарға ең қажетті, керекті қарым-қатынастарды реттеп, басқарып отырады. Ол қатынастардың басым көпшілігі бостандықты, әділеттікті, теңдікті, әлеуметтік, рухани, мәдени т.б. даму бағыттарын қамтып, реттеп, басқарады. Бұл басқарудың негізгі бағыттары, қағидалары Конституцияда және заңдарда көрсетіледі.

2. Норма көп қатынастардың  мазмұнын орындалу бағыттарын, әдіс-тәсілдерін  алдын ала анықтап, көрсетіп отырады. Болашақ қатынастың, оны реттеудің, орындалуының "үлгісін" жасайды. Міне осы "үлгілерді" зерттеу арқылы ғалымдар мемлекеттердің өткен тарихымен танысып жатады.

3. Нормативтік актілердің  көпшілігі өзгермей қатынастарды  көп жылдар дұрыс, жақсы реттеп, басқарып тұрақты нормаға айналды. Бұл екі жақты әлеуметтік тұрақты  процесті типизация деп атайды. Мұның маңызы өте зор. Заңдылықты нығайтуға, құқықтық тәртіпті сақтауға зор үлес қосады.

4. Нормативтік актілер  жалпы мемлекеттік норма, оның  орындалуы жалпы қоғамдық міндет, оны халық түсінеді, біледі. Сондықтан  олар ол нормалардың дұрыс  орындалуына үлес қосады.

Сонымен құқықтық норманың жоғарыда көрсетілген сипаттары, оның мазмұнын, маңызын, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқаруын толық түсінуге болады.

Құқықтық   нормалардың   белгілері:

1. Норма мемлекеттік органның  қабылданған бекіткен актісі, оның заңды күші бар. Мұндай нормалар қоғамдағы тәртіптің үлгісіне айналады. Өйткені ол нормаларды халықтың басым көпшілігі дұрыс орындайды.

2. Нормада субъектілердің  құқығы мен міндеттері, орындалу  жолдары толық көрсетіледі. Егер  де көрсетілмесе субъектілердің өз еркінде, тек заңға нышан келтірмеулері керек.

3. Норма ерікті түрде  орындалмаса, еріксіз орындатылуы.

4. Құқықтық нормалардың  жүзеге асырылуын, орындалуын мемлекет  қамтамасыз етеді.

5. Құқықтық норма адамдардың, қоғамның тәртібінің кепілдігі  болуы.

Құқықтық нормасыз қоғамда ешқандай дәрежелі заңдылық, тәртіп, жоспар, мағыналы, сапалы қарым-қатынас болуға тиым емес. Құқықтық норманың мазмұны толық болуы керек. Сонда ғана оны дұрыс орындауға болады. Өмірде мазмұны толық емес нормалар кездеседі. Бір нормада қатынастың мазмұны көрсетіледі, екіншісінде - оны қашан, қандай жағдайда қолдауды көрсетеді, үшіншіде — қолдану нәтижесін көрсетеді. Үшеуін біріктірсе бір толық норма болып шығады. Мұндай норманың құрылысы өте сирек кездеседі.

Нормалардың басым көпшілігі толық түрде болады. Егерде толық болмаса жетіспейтін элементтерін сілтеме арқылы тауып     алуға болады.

Сонымен құқықтық норма — қоғамдағы қатынас субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекет пен қамтамасыз етілетін ереже-қағида.

Құқықтық нормалардың элементтері бірігіп оның құрылымын қалыптастырады. Бірақ ол элементтердің болуы, тізілу қатары, бағыты, мақсаты нормативтік актілердің түріне байланысты. Құрылымы жөнінде құқықтық нормалар екі түрге бөлінеді: негізгі заңды нормалар және тәртіп ережелерінің нормасы.

Негізгі заңды нормаларда элементтердің мазмұны норманың кіріспесінде немесе бірінші бабында толық көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының ''Салық туралы" заңында норманың элементтері 1-бабында көрсетілген.

Тәртіп ережелерінің нормаларында элементтер нормативтік актілердің баптарында, бөлімдерінде көрсетіледі. Құқықтық нормалардың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция.

Диспозиция - қатынастың мазмұны мен субъектілерінің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Диспозиция норманың негізгі, құқықтық тәртіптің үлгісі-моделі. Мысалы, ҚР, АЗҚ,482б. Екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі. Диспозицияның үш түрі болады:

— жалпылама түрі-нормада субъектілердің құқығы мен міндеттері анық-айқын көрсетілмейді; мысалы жұмыссыздық туралы заңда республикалық, облыстық, аудандық органдардың міндеттері жалпылама көрсетілген;

— толық-айқын түрі — диспозицияның мазмұны нормада анық көрсетіледі. Мысалы, қылмыстық, кодекстің баптарында диспозицияның мазмұны толық, көрсетіледі;

— сілтеу түрі - диспозицияның мазмұны туралы баска бір нормаға сілтеу жасалады. Мысалы, азаматтық кодекстің бірнеше баптарында сілтеме қолданады.

Гипотеза — диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік акті қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек (ҚР, ҚК - 7 б.). Гипотезаның үш түрі болады:

— егерде норманың іс-әрекеті бір жағдайдың болуы немесе болмауымен байланысты болса мұндай гипотезаны жалпылама деп атайды;

— егерде норманың жұмысы бірнеше жағдайдың болуы немесе болмауымен байланысты болса ондай гипотезаны-күрделі гипотеза деп атайды:

— егерде норманың іс-әрекеті бірнеше жағдайдың біреуін таңдау арқылы басталса — мұндай гипотезаны алтернативтік гипотеза деп атайды.

Санкция — диспозиция мен гипотеза дұрыс орындалмаса оның жағымсыз салдары және жауапкершіліктің басталуы мен қолдануы. Санкцияның үш түрі болады:

— абсолютті-айқын санкция: жұмыстан шығару, қызметін төмендету, айып төлеу т.б.;

—салыстырмалы айқын санкция: минимум мен максимумның арасындағы жауапкершілік (қылмыстық кодекстегі баптар);

— альтернативтік санкция. Санкцияның көрсетілген түрлерінің қайсысын қолдану тиісті мекеменің еркін құзырында.

Осы үш элементтер толық болса ғана нормативтік акті өз міндетін, өз ролін дұрыс, уақытында, жақсы орындай алады. Егерде нормада бір екі элементтері жоқ болса, сілтеме арқылы оларды тауып алу керек.

Нормативтік актілердің жеке баптарында норманың элементтері толық болмайды. Конституцияның баптарында тек гипотеза мен диспозиция ғана болады. Қылмыстық кодексте тек диспозиция мен санкция ғана болады. Іс жүзінде норманың элементтері нормативтік актінің әр баптарында болуы мүмкін немесе бірнеше нормативтік актілердің баптарында болуы мүмкін. Оны тауып алуға болады.

Құқықтық нормалардың элементтерінің құрылу тәсілдері.

1. Тікелей норманың үш элементін (гипотеза, диспозиция, санкция) толық келтіру. Мұндай тәсіл нормативтік актілердің көбінде қолданылады. Бұл құқықтық нормалардың іске асуын, орындалуын жеңілдетеді.

2. Сілтемелі тәсіл норманың  жетіспейтін элементі туралы  осы заңның басқа бөліміне, тарауына, бабына сілтеме жасалады.

3. Бланкеттік тәсіл-норманың  жетіспейтін элементі туралы  басқа заңға-қаулыға сілтеме жасау.

Сонымен құқықтық норма, заңның немесе нормативтік актілердің баптары бір-біріне ұқсас емес баптарда орманың элементтері түгел болмайды, бірақ оны іздестіріп табуға болады.

Құқықтық  нормалар бірнеше түрге бөлінеді:

1. Қоғамның нормаларына саласына қарай өндірістік, ауылшаруашылық,   құрылыс, мәдениет, экономика, әлеуметтік, білім, ғылым т.б. бағыттағы нормалар.

2. Құқықтың саласына қарай  мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, еңбек, жанұя, азаматтық, қылмыстық, азаматтық-процессуалдық, қылмыстық-процессуалдық, саладағы нормалар.

3. Атқаратын жұмысына  қарай нормалар екіге бөлінеді: реттеуші нормалар; қорғаушы нормалар.

4. Мазмұнына қарай нормалар  үшке бөлінеді: міндеттеуші нормалар; тиым салушы нормалар; ерік беруші  нормалар.

Міндеттеу және тыйым салу нормалары әдеттегі қағида бойынша өктемдік болып келеді. Яғни ережеден ешбір ауытқымайтын, сөзсіз орындалған сипатта болады. Белгілеу (құқықты белгілеу) нормалары жиі түрде диспозитивтік санаттағы нормаға жатады, былайша айтқанда норманың күші бағытталған адамның мінезі, жүріс — тұрысы оның серіктесінің (әріптесінің) келісімімен өзгертілуі мүмкін екенін білдіреді. Осы тәрізді негіздерге сүйеніп факультетивтік нормалар да бөлектеп көрсетіледі. Ол белгілі бір жағдайларда мінез, жүріс-тұрыс басты нұсқасынан ауытқуға мүмкіндік жасайды2.

5. Норманың элементтерінің  құрылымына қарай нормативтік  актілер үшке бөлінеді; нақты  белгілі нормалар — мазмұны  толық, анық жазылған элементтері  түгел; салыстырмалы нормалар —  мазмұны, элементтері түгел емес, мәселені бөлген істің жағдайына қарай шешу; балама  (альтернативтік) нормалар  — істің    орындалуының   норманың    жүзеге асуының бірнеше бағыты, әдісі болуы.

6. Субъектілеріне қарай  нормалар екіге бөлінеді: жалпылама  нормалар, арнаулы нормалар.

7. Мамандандырылған құқықтық нормалар — қоғамның мамандық саларының қарым-қатынасын реттеп, басқаратын нормалар. Мысалы азаматтық, қылмыстық, заңгерлер, дәрігерлер, мұғалімдер, инженерлер бағыттағы нормалар.

Міне осы көрсетілген бағыттар бойынша құқық өзінің күнделікті қоғам өмірін реттеп, басқарып отырады. Мазмұны жағынан құқық нормалары заңдылық пен құқық тәртібі, азаматтардың құқығы мен міндеттері, заңдарды өзгерту, жетілдіру, толықтыру жөніндегі пікірлер мен көзқарастарды жинақтап, құқықтың қоғамдағы міндеттерін орындаудағы жұмысын дамытып, жақсартып отырады. Құқықтық нормалардың мүлтіксіз орындалуы азаматтарды тәрбиелеу, бақылау әдістерімен қатар әкімшілік немесе соттық жауапқа тарту арқылы қамтамасыз етіледі.

Сонымен құқықтық норма-қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің ең күрделі түрі3.

Құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұқау. Ол - жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік. Оған мына белгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам, тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды бейнелейді. Құқықтық нормада қоғам, тұлға үшін пайдалы, қажетті қатынастармен қатар, зиянды қатынастар да бейнеленеді. Заң бұзушылық қоғамға, тұлғаға шексіз зиян келтіру мүмкін. Құқықтық норма осындай іс-әрекеттерін де қамтиды.

Информация о работе Құқықтық нормалардың түсінігі, элементтері және белгілері