Қылмыстық іс жүргізу құқыңының субъектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2013 в 21:08, реферат

Краткое описание

Заң ғылымдарынында құқық нормаларын материалды және іс жүргізу деп екіге бөлу деп қалыптасқан.Материалды құқық нормалары материалды құқықтық нормаларды құқық бқзушылықтан қорғаудың тәртібін қалыптастыратын құқықтық қатынастардың мазмұны мен іс жүргізу нормаларын реттейді. Іс жүргәзу нормалары қылмыс және басқа да құқық бұзушылық жасалған, өздерінің құқықтары мен міндеттері туралы түсіністікке келе алмай сотқа жүгінетін сияқты қатынастардың барысында туындайтын, арнайы құзыретті органдар іске асыратын құқық қолдану түрінде көрінетін құқық қорғау үрдісін реттейді. Барлық іс жүргәзу нормалары құрамына қатысты қылмыстық,азаматтық іс жүргізу және жүргізу конституциялық және әкімшілік іс жүргізу нормалары кіреді.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Азаматтық іс жүргізу құқығының субъектілері
2. Қылмыстық іс жүргізу құқыңының субъектілері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасының іс жүргізу құқығының негіздері..docx

— 27.15 Кб (Скачать документ)

 

2.1. Қылмыстық iс жүргiзу сатылары.

Жалпы алғанда, қылмыстық iс жүргiзудiң сотқа  дейiн болатын және iстiң сотта  өтетiн кезеңдерi ажыратылады. Дәлiрек  айтқанда қылмыстық iс басқа да бiрнеше  кезеңдерге бөлiнедi. Олар қылмыстық iс  жүргiзудiң сатылары деп аталады. Ол сатылар былайша аталады:

1/ Қылмыстық  iс қозғау; 2/ Алдын ала тергеу (анықтама  және алдын ала тергеу) 3/  бiрiншi сатыдағы сотта iс жүргiзу; 4/ кассациялық  (апелляциялық) сатыда iс жүргiзу; 5/ үкiмдi орындау. Бұл аталғандар қылмыстық  iс жүргiзудiң негiзгi сатыларына  жатады, яғни, жалпы ереже бойынша,  әр қылмыстық iс осы сатылардан  өтедi. Аталған сатыларды қылмыстық iс жүргiзудiң жеке кезеңдерi деп түсiнуге болады және олардың әрқайсысының өзiне тән мiндеттерi мен ерекшелiктерi бар. Сондықтан ол сатылардың әрқайсысына бөлек тоқталу қажет.

2.2. Қылмыстық iс қозғау сатысы.  Әр қылмыс бойынша iс жүргiзу осы сатыдан басталады. Бұл сатының мәнiсi-өкiлеттi органдардың, олардың лауазымды адамдарының қылмыстық қылмыстың белгiлерi ашылған әр кезде iс жүргiзудi бастау туралы тез арада шешiм (қаулы) шығарулары қажет. Қылмыстық iс қозғау туралы шешiм болса ғана одан әрi қылмыстық iс жүргiзу қызметi толық көлемде атқарылады, яғни алдын ала тергеу немесе анықтама жүргiзу арқылы iстелiнген қылмыстың мән-жайларын ашу мүмкiн болады. Қылмыстық iс қозғау өкiлеттiгi прокурорға және алдын ала тергеу жүргiзу органдарына (тергеушi,анықтама органдары) берiлген. Бiрақ, заңға сәйкес, кейбiр ауыр емес қылмыстар жөнiнде iс қозғау жәбiрленушiнiң шешуiне берiлген, яғни жәбiрленушi арыз берген жағдайда ғана қылмыстық iс қозғалады. Мұндай iстер жеке айыптау iстерi деп аталады және ондай iстерге жататын қылмыстардың тiзбегi заңда көрсетiлген.

Қылмыстық iс қозғау үшiн себеп пен негiздiң  болулары қажет. Заңға сәйкес, қылмыстық iс қозғаудың себептерiне мыналар  жатады: 1/азаматтардың арызы; 2/мемлекеттiк  органдардың немесе басқа ұйымдардың лауазымды адамдарының хабарламасы; 3/ бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған хабар; 4/ кiнәсiн мойындап келу; 5/ қылмыстық iс қозғауға өкiлеттi органдардың, олардың лауазымды  адамдарының тiкелей өздерiнiң  анықтауы.Осындай заңда көрсетiлген көздерден алынған қылмыс туралы деректер -қылмыстық iс қозғаудың  негiзi болады.

 

2.3  Алдын ала тергеу сатысы.

Бұл әр қылмыстық iстi тез және толық ашып, айыпты адамды қылмыстық жауапқа тарту мақсатында қолданылатын және заңмен реттелген  тергеушi мен анықтама органдарының қызмет жүйесi болып табылады. Қылмыстық iстердi тергеу екi түрде жүзеге асырылады: 1/анықтама; 2/ алдын ала тергеу. Алдын  ала тергеу - қылмыстық iстердi тергеудiң  негiзгi түрi болып саналады. Ал заңда  арнайы көрсетiлген ауыр емес қылмыстар  бойынша алдын ала тергеу жүргiзу мiндеттi емес және оның орнына анықтама жүргiзiледi. Алдын ала тергеудi Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, iшкi iстер және салық полициясы органдарының тергеушiлерi жүргiзедi. Қылмыстық iстер бойынша анықтама жүргiзетiн органдар да заңда көрсетiлген (iшкi iстер органдары, ұлттық қауiпсiздiк  комитетi, салық полициясы органдары, кеден органдары, әскери полиция  органдары, әдiлет органдары, және т.б.)

Алдын ала  тергеу және анықтама қызметi тергеу әрекеттерiн (оқйға болған жердi қарау, жауап  алу, тiнту, зат алу және т.б.) қолдану  арқылы жүргiзiледi. Анықтама органдары  тергеу әрекеттерiмен қатар жедел-iздестiру шараларын да қолданып қылмыстарды  ашады.Алдын ала тергеу жүргiзу айыпталушы ретiнде жауапқа тартумен аяқталмайды. Бұдан әрi қарай iстелген қылмыстың  мән-жайын толық және жан-жақты  ашып зерттеу тергеу органдарының мiндетiне жатады. Ал жалпы ережеге сәйкес алдын ала тергеу жүргiзудi аяқтаудың екi нысаны болады: 1/ iстi қысқарту (бұл жөнiнде тергеушi немесе анықтама органы дәлелдi қаулы шығарады); 2/ айыптау қорытындысын жазу және қылмыстық iстi онымен қосып тиiстi прокурорға жiберу. Одан соң заңдылықтың сақталуын қадағалаушы тиiстi прокурор алдын ала тергеудiң барлық материалдарымен танысып, айыптау қорытындысының тұжырымдарымен келiсетiн болса, онда прокурор айыпталушыны сотқа беру туралы қаулы жазып, бiрiншi сатының тиесiлi сотына жiбередi.

2.4.  Бiрiншi сатыдағы сотта iс жүргiзу стадиясы.

Қылмыстық iс айыптауқорытындысымен прокурордың 1-сатының сотына келiп түскен соң  жаңа стадия басталады. Алдымен бұл  кезде соттың төрағасы немесе оның тапсыруы бойынша басқа судья iстi осы сотта қарауға қабылдау мәселесiн  шешедi. Ол үшiн судья қылмыстық iстiң  материалдарымен мұқият, толық көлемде  оқып танысу қажет. Егер де алдын ала  тергеу немесе анықтама жүргiзу кезiнде  қылмыстық iс бойынша жиналған дәлелдемелер iстi сот отырысында қарап шешуге жеткiлiктi болса, онда судья басты  сот талқылауын тағайындау туралы қаулы  шығарады. Бұдан кейiн осы қаулыға  сәйкес басты сот талқылауы жүргiзiледi. Сөйтiп, бiрiншi сатыдағы сотта iс жүргiзу екi кезеңнен тұрады: 1/басты сот талқылауын тағайындау; 2/басты сот талқылауын жүргiзу.

Басты сот  талқылауының маңызы-осы арқылы алдын  ала тергеу (анықтама) жүргiзу кезiнде  жиналған және айыптаушы мен қорғану  жақтары ұсынған дәлелдемелер жан-жақты  зерттелiп, соның негiзiнде қылмыстық iс бойынша сот төрелiгi жүзеге асырылады. Ал басты сот талқылауының өзi бес бөлiмнен тұрады: 1/ дайындық бөлiмi; 2/ сот тергеуi; 3/ соттағы жарыссөздер; 4/сотталушының соңғы сөзi; 5/үкiм шығару.

2.5.Кассациялық (апелляциялық) сатыда iс жүргiзу стадиясы. 
Бұл стадияның негiзгi мақсаты-заңды күшiне еңбеген бiрiншi сатының соттары шығарған үкiмдер мен қаулылары дұрыстығын (заңдылығын, дәлелдiгiн) екiншi саты сотының тез арада тексерiп, онда қателiктер жiберiлген болса, ол қателiктердi уақытында жою болып табылады.

Қазiргi қылмыстық iс жүргiзу кодексiне сәйкес соттың заңды күшiне еңбеген үкiмдер мен қаулыларын қайта қарап тексерудiң  екi нысаны көзделген: 1/аппеляциялық тәртiппен iстi қайта қарау; 2/кассациялық тәртiппен iстi қайта қарап тексеру. Бұлардың бiр-бiрiнен мынандай айырмашылықтар бар: бiрiншiден, тәртiппен iс жүргiзу кассациялық шағым немесе наразылық  бойынша iстi тексеруден бұрын болады; екiншiден, апелляциялық сот бiрiншi сатының  соты шығарған үкiмнiң дұрыстығын тексере  отырып, оны бұзу немесе өзгерту  туралы қаулы шығару өкiлеттiгiмен  қатар бұрынғы үкiмдi өзгертетiн  жаңа үкiм де шығара алады және осыған байланысты бұл сотта iстi қарау бiрiншi сатының сотына ұқсас түрде жүргiзiледi. Ал кассациялық сот жаңа үкiм шығармайды және мұнда бiрiншi сатының сотында  сияқты сот тергеуi жүргiзiлмейдi, бiрақ  та iстегi бар материалдарды мұқият, жан-жақты тексерудiң негiзiнде бұрын шығарылған үкiмдi бұзу немесе өзгерту жөнiнде қаулы шығара алады;

2.6  Үкiмдi орындау сатысы.

Үкiмдi орындау  қылмыстық iс жүргiзудiң соңғы  стадиясы болып саналады.

Үкiмдi орындау  бiрнеше органдардың қатысуымен атқарылады (сот, прокуратура, iшкi iстер органдары, әдiлет министрлiгiнiң  органдары).

Үкiм  заңды күшiне енген соң орындалуға тиiс. Ол кассациялық (апелляциялық) шағымдану  немесе наразылық бiлдiру мерзiмi өткен  соң, ал егер үкiмге шағым немесе наразылық берiлген болса, онда кассациялық (апелляциялық) саты сотының қаулысы  шыққан кезден бастап заңды күшiне енедi.

Үкiмдi орындату, iстi қараған бiрiншi сатының сотына жүктеледi. Мның мәнi мынада: судья үкiмдi орындау туралы нұсқауын (распоряжение) үкiмнiң көшiрмесiмен бiрге тиiстi органға, яғни үкiмдi орындау мiндетi жүктелген мекемеге жiбередi. Мысалы, егер де сотталушының бас бостандығынан  айыру жазасы тағайындалған болса, онда судья үкiмдi орындау жөнiнде  нұсқауын сотталғандарды қамауда ұстайтын жердiң бастығы атына жiберуге тиiс.

Үкiмдi орындау  мiндетiн кей кездерде үкiм шығарған соттың өзi атқарады. Яғни, ақтау үкiмi немесе жазадан босататын үкiм  шығарылса, онда сот өз үкiмiн дереу  орындап, қамауда ұсталған сотталушыны  осы жерде босатады.

2.7 Қадағалау сатысында iс жүргiзу стадиясы.

Қылмыстық процесте жоғарыда қаралған негiзгi стадиялармен қатар екi ерекше стадиялар да қолданылады.Олар: 1/  қадағалау сатысында iс жүргiзу; 2/жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша iс жүргiзудi қайта бастау.

Бұл стадияның  басты сипаттамасы - барлық сатылар  соттарының (бiрiншi саты, кассациялық  саты және төменгi қадағалау сатысы) заңды күшiне енген шешiмдерiн (үкiмдер мен қаулыларын) қайта ұарап, тексеру  мүмкiндiгiнен шығады.

Қадағалау сатысында iс жүргiзу процеске қатысушы адамдардың заңды күшiне енген соттың үкiмiне (қаулысына) берген шағымы немесе өкiлеттi прокурордың наразылық бiлдiруне байланысты болады (мұндай наразылық  бiлдiру өкiлеттiгi мына прокурорларға  берiлген: ҚР-ның Бас прокуроры, оның орынбасарлары, облыстық прокурорлар  мен оған теңестiрiлген прокурорлар). Бiрақ та iске қатысушы адамдардың шағым беруi мен прокурордың наразылық  бiлдiруiнiң салдары бiрдей емес. Егер де прокурор заңды күшiне енген үкiмге  наразылық бiлдiрсе, онда бұл наразылық  бойынша iс мiндеттi түрде қадағалау  стадиясының сотында қайта қаралуға жатады. Ал iске қатысушы адам шағым  берсе, онда бұлiстiң қадағалау стадиясында  қайта қаралуы мiндеттi емес. Ол шағымды  тиiстi қадағалау сотының мүшелерi (үш судья) алдын ала тексерiп, iстi осы сатыда қарауға негiз бар  деп шешiм шығарса ғана бұл iс  бойынша шығарылған үкiм (қаулы) қадағалау  тәртiбiмен қайта қаралады.

                             Қорытынды

Қылмыстық iс жүргiзу түсiнiгi жөнiнде айтқанда, бұл қызметтi сот, алдын-ала тергеу және прокуратура органдары атқарумен  қатар басқадай жеке тұлғалардың  да (азаматтардың) мұндай iс жүргiзуге қатысатындықтарын ескеру қажет. Атап айтқанда, сезiктiнiң, айыпталушының, қорғаушының, жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң, азаматтық жауапкердiң және олардың  өкiлдерiнiң қылмыстық iс жүргiзуге қатысулары заңда көзделген. Бұлар, заң тiлiмен айтқанда, қылмыстық  процеске қатысушылар деп аталады  және олардың әрқайсысы өз мүдделерiн  қорғау мақсатында тиiстi процессуалдық  әрекеттер жасай алады. Мысалы, жәберленушi ретiнде танылған адам мынадай құқықтарын қолданып қылмыстық iс жүргiзу кезiнде  қатыса алады: жауап беру, дәлелдемеле  тапсыру, тiлектер қою, қарсылық бiлдiру, алдын ала тергеу жүргiзу аяқталған  соң iстiң барлық материалдарымен  танысу, өкiл алу, соттағы жарыссөздерге  қатысу және т.б.

Қылмыстық iс жүргiзуге жоғарыда айтылған адамдардан басқа да жеке тұлғалардың (маман, сарапшы, аудармашы, куә, куәгер, сот отырысының хатшысы, сот приставы) қатысулары қажет  болады және бұл адамдардың да құқықтары  мен мiндеттерi заңда көрсетiлген.

Мұның бәрi қылмыстық iс жүргiзу қызметiн атқаратын  тергеу, прокуратура органдары мен  соттың және бұл органдардың лауазымды  адамдарының арасында құқықтық қатынастардың  болатындығын, сонымен қатар iс жүргiзуге қатысатын басқа да адамдардың арасында құқықтық қатынастардың болатындығын көрсетедi. Мұндай құқықтық қатынастар бiр бiрiмен тығыз байланысты қалыптасады  және ол қатынастардың болатындығын қылмыстық iс жүргiзу түсiнiгiн толық  түрде тұжырымдағанда ескеруге тиiспiз.

Сонымен, қылмыстық процесс, яғни қылмыстық iс жүргiзу дегенiмiз-бұл заңмен реттелген  соттың, алдын ала тергеу және пракуратура  органдарының қылмыстармен күресуге байланысты өз мiндеттерiн орындау мақсатында жеке тұлғаларды (азаматтарды) қатыстыра  отырып атқаратын қызмет жүйесi, сондай-ақ осы қызмет саласында туындап  қалыптасатын құқықтық қатынастар жүйесi болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Худяков А. И. Основы теории финансового права.Алматы, 1995.
  2. Худяков А. И. Финансовое право. Алматы, 2001.
  3. Карагусов Г. Налоги: сущность и практика использования. Алматы, 1994.

Информация о работе Қылмыстық іс жүргізу құқыңының субъектілері