Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2013 в 21:08, реферат
Заң ғылымдарынында құқық нормаларын материалды және іс жүргізу деп екіге бөлу деп қалыптасқан.Материалды құқық нормалары материалды құқықтық нормаларды құқық бқзушылықтан қорғаудың тәртібін қалыптастыратын құқықтық қатынастардың мазмұны мен іс жүргізу нормаларын реттейді. Іс жүргәзу нормалары қылмыс және басқа да құқық бұзушылық жасалған, өздерінің құқықтары мен міндеттері туралы түсіністікке келе алмай сотқа жүгінетін сияқты қатынастардың барысында туындайтын, арнайы құзыретті органдар іске асыратын құқық қолдану түрінде көрінетін құқық қорғау үрдісін реттейді. Барлық іс жүргәзу нормалары құрамына қатысты қылмыстық,азаматтық іс жүргізу және жүргізу конституциялық және әкімшілік іс жүргізу нормалары кіреді.
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Азаматтық іс жүргізу құқығының субъектілері
2. Қылмыстық іс жүргізу құқыңының субъектілері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Азаматтық іс жүргізу құқығының субъектілері
2. Қылмыстық іс жүргізу құқыңының субъектілері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Заң ғылымдарынында құқық нормаларын материалды және іс жүргізу деп екіге бөлу деп қалыптасқан.Материалды құқық нормалары материалды құқықтық нормаларды құқық бқзушылықтан қорғаудың тәртібін қалыптастыратын құқықтық қатынастардың мазмұны мен іс жүргізу нормаларын реттейді. Іс жүргәзу нормалары қылмыс және басқа да құқық бұзушылық жасалған, өздерінің құқықтары мен міндеттері туралы түсіністікке келе алмай сотқа жүгінетін сияқты қатынастардың барысында туындайтын, арнайы құзыретті органдар іске асыратын құқық қолдану түрінде көрінетін құқық қорғау үрдісін реттейді. Барлық іс жүргәзу нормалары құрамына қатысты қылмыстық,азаматтық іс жүргізу және жүргізу конституциялық және әкімшілік іс жүргізу нормалары кіреді.
1. Азаматтық іс жүргізу құқығының субъектілері
Сот билiгi сотта iс жүргiзудiң азаматтық, қылмыстық және заңмен белгiленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады (Конституцияның 75бабы). Қазақстан Республикасында сот әдiлдiгiн тек сот қана жүзеге асырады . Соттарда қаралатын iстердiң көпшiлiгi азаматтық iстер болып табылады. Бұлар азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, экологиялық, қаржы, салық және ведомстволық бағыныстағы соттардың қарастылығына жатқызылған басқа да құқық қатынастарынан туындайтын даулар.
Азаматтық
iстердi қарау мен шешу тәртiбi азаматтық
сот iсiн жүргiзу туралы заңдармен
белгiленедi. Республиканың барлық соттарында
азаматтық iстердi жүргiзу тәртiбi азаматтық
iс жүргiзу құқығының нормаларымен
белгiленедi. Азаматтық iс жүргiзу құқығы
- мемлекет белгiлеген құқықтық нормалардың
соттардың азаматтық iстердi қарау
және шешу тәртiбiн, басқаша айтқанда,
азаматтық iстер бойынша сот әдiлдiгiн,
сондай-ақ сот қаулыларын мәжбүрлеп
орындау тәртiбiн реттейтiн
Азаматтық iс жүргiзу құқық қатынастарының басты, мiндеттi субьектiсi мемлекеттiк билiк органы (бiрiншi сатыдағы, апелляциялық, кассациялық, бақылау сатысындағы) сот болып табылады, басқа субьектiлер соттан қорғау сұраған тұлға немесе iске қатысуға жауапкер ретiнде не куә, сарапшы және т.б. тұлғалар болуы мүмкiн.
Азаматтық iс жүргiзу құқық қатынастарының субьектiлерi арасында iске қатысушы тұлғалар ерекше бөлiп көрсетiлген. ҚР Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 44-бабына сәйкес оларға мыналар: тараптар, үшiншi тұлғалар, прокурор, мемлекеттiк басқару органдары, кәсiподақтар және заңда көзделген жағдайда басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерiн қорғайтын басқа да қоғамдық ұйымдар жатқызылған. Олар iске өз атынан қатысады, өздерiнiң субьективтi құқықтары мен мүдделерiн (тараптар, үшiншi тұлғалар), не басқа тұлғалардың құқықтары мен мүдделерiн (прокурор, мемлекеттiк басқару органы) қорғайды.бұлар-өздерiнiң iс жүргiзу әрекеттерiмен iстiң қозғалуына, iстiң бiр сатыдан екiншi сатыға өтуiне және iстi жүргiзудiң қысқартылуына (талап-арыздан бас тарту, тараптардың бiтiсу келiсiмiн жасасуы) ықпал ететiн тұлғалар.
Азаматтық iс жүргiзу құқығы жалпы және ерекше бөлiмдерден тұрады. Жалпы бөлiмге сот әдiлдiгi принциптерiн, азаматтық iстердiң сотқа қарастылығы (соттың қарауына жататындығы), сот құрамын, ққарсылық бiлдiрудi, олардың iс жүргiзу құқығы мен мiндеттерiн дәлелдеу, талап қою және басқаларын баянды ететiн нормалар енедi.
Азаматтық iс жүргiзу құқығының ерекше бөлiгi -құқықтың осы саласының жекелеген институттарын, процесс сатыларын реттейтiн құқық нормаларының жиынтығы (бiрiншi сатыдағы, апелляциялық, кассациялық, бақылау сатысындағысотта iс жүргiзу және басқалары)
Азаматтық сот iсiн жүргiзудiң мiндеттерi Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 5-бабында белгiленген. Сот азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мақсатында азаматтық iстердi дұрыс және мерзiмiнде шешуге тиiс.
Азаматтық процесс жеке-жеке сатылардан тұрады. Оларға мыналар жатады:
Азаматтық процестiң сатылары - бұртұтас азаматтың сот iсiн жүргiзудiң аса жақын мақсат бiрiктiрген құрамдас бөлiктерi. Әрбiр азаматтық iстiң жоғарыда аталған сатылардың бәрiнен өтуi мiндеттi емес екенiн айта кеткен жөн. Бұл тараптардың қалауына байланысты (бiтiсу келiсiмiн жасасу, талап-арыздан бас тарту, кассациялық шағым беру).
Азаматтық iс жүргiзу құқығының қайнар көздерi азаматтық iстер бойынша сот әдiлдiгiн жүзеге асыру тәртiбiн реттейтiн нормаларда баянды етiлген нормативтiк актiлер болып табылады.
Ең алдымен азаматтық iс жүргiзу құқығының қайнар көзiне сот әдiлдiгiн жүзеге асыруды сот органдарына ғана жүктеп, сот әдiлдiгiнiң салааралық принциптерiн, судьялардың тәуелсiздiгiн және олардың тек заңға бағынуын; барлық соттарда iстердiң ашық қаралуын, заңдылықты және т.б. нығайта отырып, сот жүйесiн анықтайтын ҚР Конституциясы болып табылады.
Азаматтық iс жүргiзу құқығының келесi бiр аса маңызды қайнар көзiне 1999 жылы 13 шiлдеде қабылданған ҚР Азаматтық iс жүргiзу кодексi болып табылады.
Азаматтық iс жүргiзу құқығының деректемелерi (қайнар көзi) арасында ҚР Жоғарғы Соты Пленумының түсiндiрмелерi ерекше орын алады.
Сотта азаматтық
iс: 1/ өзiнiң құқығын немесе заңмен
қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн
өтiнiш жасаған адамның арызы
бойынша; 2/прокурордың арызы бойынша;
3/заң бойынша басқа адамдардың
құқықтары мен мүдделерiн
Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 152-бабына сәйкес азаматтық iс бойынша арызды қабылдау туралы мәселенi судья жеке дара шешедi. Арыз сотқа түскен күннен бастап бес күннiң iшiнде судья iстi қозғау жөнiнде ұйғарым шығарады. Мүдделi адамның құқығын соттың қорғауы iске асырылатыны немесе бұдан бас тартылатыны соттың бұл мәселенi дұрыс шешуiне байланысты болады.
Азаматтық iстi қозғаудың алдында мүдделi адам талап-арыз, шағым (арыз) бередi.
Талап-арыздың берiлуiмен талап бойынша iс қозғалады. Талап бойынша iс жүргiзу азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй және басқа да құқық қатынастарынан туындайтын субьективтiк құқық немесе заңмен қорғалатын мүдде туралы дауларды қарау мен шешу жөнiндегi соттың азаматтық iс жүргiзу құқығының нормаларымен реттелген қызметi.
Мүдделi адамның бұзылған немесе дау туғызған субьективтi құқығын немесе заңмен қорғалатын мүддесiн құқық туралы дауды шешу жолымен қорғауды талап етiп сотқа жүгiнуi талап арыз деп аталады.
Талап қоюшының қандай талап қоюына қарай талаптар беру туралы (өндiру немесе орындау ), тану (анықтаушылық) және өзгертушiлiк туралы (мысалы, некенi бұзу туралы) талап қою болып бөлiнедi. Талаптардың көпшiлiгi өндiру туралы (алимент өндiрiп алу туралы, денсаулыққа немесе мүлiкке келтiрiлген залалдың орнын толтыру туралы және т.б.) болады. Тану туралы талап қою соттың өз шешiмiмен талап қоюшы мен жауапкер арасында құқық қатынастары бар-жоғын анықтап, айқын емес, күмәндi жәйттердi жоюына бағытталған (мысалы, әке болуын анықтау туралы, өсиеттi жарамсыз деп тану туралы).
Талап-арыз
оның нысанасы мен негiздемесiне бөлiнедi.
Олар талаптың элементтерi, оның құрамдас
бөлiктерi деп аталады. Практикада бiр
талап арыз екiншiсiнен солар бойынша
ерекшеленедi. Заңда сотқа қайталап
ұқсас талап қоюға жол
Сотта азаматтық iстердiң көпшiлiгi Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 150-бабында аталған талаптар сақтала отырып, жазбаша түрде талап қойылған, яғни азаматтық iс туралы қажет мәлiметтер (ақпараттар) бар арыз беру арқылы қозғалады. Егер арызды өкiл (адвокат, юрисконсульт) берсе, оған заңда белгiленген тәртiппен рәсiмделген сенiмхат немесе өкiлдiң өкiлеттiгiн куәландыратын өзге құжат қоса табыс етiлуi қажет.
Талап қойылған арызға талап қоюшы қол қойып, сотқа жауапкер мен үшiншi жақтың санына қарай көшiрмелерiмен қоса берiледi. Судья iстiң қиындығы мен сипатына қарай талапкердi талап қойылған арызға қосылған құжаттардың көшiрмелерiн табыс етуге мiндеттеуi мүмкiн (Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 151 бабы) . Талап қойылған арыз бен құжаттардың көшiрмелерi жауапкерге табыс етiледi,мұның өзi оның iстi сотта қарауға дайындалуына мүмкiндiк бередi.
Iстi сотта
дербес жүргiзуi үшiн мүдделi адамның
iс жүргiзу қабiлетi болуға
Осыдан кейiн судья iстi соттың қарауына әзiрлейдi , мұның мақсатыiстi дұрыс және мезгiлiнде қарау мен заңды және негiзделген сот шешiмiн шығару болып табылады (Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 166 -бабы).
Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 174 - бабына аталған iстердi қоспағанда , азаматтық iс екi ай iшiнде қаралуға тиiс . Iстi дайындау 7 күн iшiнде жүргiзiледi , күрделi iстер бойынша судья дәлелдi ұйғарым арқылы оны бiр айға дейiн ұзарта алады .
Судьяның iстi дайындау мен сотта қарау жөнiндегi iс жүргiзу кодексiнiң 170-бабында берiлген . Iс жеткiлiктi дәрежеде дайындалған деп таныған соң судья оның қаралуын белгiлеу туралы ұйғарым шығарады.
Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 4 бабына сәйкес азаматтық iс жүргiзу iстi қарау, жекелеген iс жүргiзу әрекеттерiн жасау немесе соттың шешiмiн орындау кезiнде қолданылып жүрген азаматтық iс жүргiзу заңдары бойынша жүргiзiледi. Басқаша айтқанда азаматтық iс жүргiзу нормаларының керi күшi болмайды.
2. Қылмыстық іс жүргізу құқығының субъектілері.
Қоғам мен азаматтардың мүдделерiн қылмыстық қиянаттардан қорғау және құқықтық тәртiптi нығайту үшiн мемлекет жүзеге асыратын шараларды орындауда басты роль атқаратын құқық қорғау органдары (прокуратура, алдын ала тергеу және анықтама жүргiзетiн органдар) мен сот болып табылады. Бұл мемлекеттiк құқық қорғау органдары мен соттың атқаратын қызметтерi бiрдей емес болғанымен, олардың қызметiн сипаттайтын негiзгi мәселелерге, жалпы алғанда, мыналар жатады: қылмыстарды ашу, қылмыс iстеген адамдарды толық әшкерлеу, кiнәлi адамдарға заңмен көзделген ықпал ету шараларын қолдану, айыбы жоқ адамдарды ақтау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу шараларын жүргiзу.Аталған органдардың қызметтерi бiр-бiрiмен байланысты болса да, олардың өкiлеттерi бiрдей емес. Мысалы, алдын ала тергеу органы iстелген қылмысты ашып, оны iстеген адамды әшкерелейтiн дәлелдемелер жинағанның өзiнде айыпталушының кiнәлiлiгi жөнiнде мәселенi шешуге және оған жаза тағайындауға құқылы емес. Яғни, заңмен орнатылған тәртiп бойынша, алдын ала тергеу жүргiзу аяқталған соң қылмыстық iс заңдылықтың сақталуын қадағалайтын прокурорға жiберiледi. Ал прокурор тергеу органының жасаған тұжырымдарымен келiскен жағдайда бұл қылмыстық iстi тиiстi сотқа жiберуге мiндеттi. Содан кейiн сот алдын ала тергеу жүргiзу барысында жиналған дәлелдемелердiң және айыптаушы мен қорғаушы жақтарының келтiрген дәлелдемелерiнiң негiзiнде сотталушының кiнәлi немесе кiнәсiздiгi және оған жаза қолдану немесе қолданбау жөнiнде шешiм шығарады. Сөйтiп, бұл қызмет тек қана заңда көрсетiлген тәртiп бойынша жүзеге асырылады және қылмыс жөнiнде заңды қолданумен байланысты болғандықтан қылмыстық процесс, яғни қылмыстық iс жүргiзу деп аталады.
Информация о работе Қылмыстық іс жүргізу құқыңының субъектілері