Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2014 в 20:30, контрольная работа
Сатып алу-сату консенсуалды шарт болып табылады. Ол, екі жақ барлық елеулі жағдайлар бойынша келісімге келген сәттен бастап аяқталған (сатып алу-сату шарты жасалған) болып табылады. Шарттың жасалуы мен орындалуының бір уақытпен сәйкес келуі (жасалған сәтінде орындалатын шарттың болуы) бұл ережені өзгертпейді.
Сатып алу-сату шарты – ақылы шарт. Тауарды беру оның сату бағасын алуды талап етеді. Бірқатар жағдайларда оның сатып алу бағасы тауардың экономикалық тепе-теңдігі болып келмейді, бірақ шартта кіріптарлықпен жасалған мәміле көрініс таппауы керек.
Кіріспе ................................................................................................................................... 3
1. Сату – сатып алу шартының ұғымы, пәні, бағасы, мерзімі, түрлері. .......................... 4
2. Тараптардың негізгі құқықтары мен міндеттері. .......................................................... 6
3. Меншік құқығының пайда болу сәті. Заттың кездейсоқ бүліну қауіпі. .................... 8
4. Тапсырма ......................................................................................................................... 10
Қорытынды .......................................................................................................................... 11
Пайдаланған әдебиет тізімі ................................................................................................ 12
Меншік құқығы дегеніміз
субъектінің заң құжаттары
Меншіктің экономикалық қатынастарына қарағанда меншіктің құқықтық қатынастары адамның еркі бойынша қалыптасады, оған қатысушылардың санасынан және ырқынан пайда болады. Адамдар бұл қатынастарға құқықтар мен міндеттердің иесі ретінде кіред,олт құқықпен реттеледі және қорғалады. Меншіктің құқықтық қатынастары меншіктің экономикалық қатынастарының мәнін сипаттағанмен, олар қондырманың кез келген құбылысы ретінде өзінше дербес болады. Меншік қатынастарын реттеуді әртүрлі құқықтық тәсілдермен жүзеге асыруға болады. Соған байланысты, сондай-ақ проблеманы зерттеу тұрғысынан алғанда меншік құқығы ұғымы көп мағыналы. Оны түсінудің екі қырына тоқталайық. Құқықтық институт ретінде меншік құқығы құқық нормаларының жиынтығы болып табылад, ол материалдық игіліктің белгілі бір адамға берілгендік (тиесілік) жағдайын бекітеді, реттейді және қорғайды. Бұл жерде әңгіме объективтік мәндегі меншік құқығы туралы болып отыр. Заңдық биліктің белгілі бір мөлшерін меншік иесіне бекітіп беру субъективтік мәндегі меншік құқығы туралы айтуға мүмкіндік береді. Мешік құқығы мүлктік, абсолюттік, заттық құқық болып заңға сәйкес белгіленеді, ол затқа тікелей ықпал ету мүмкіндігімен және иемдену, пайдалану және билік ету құқығының мүмкіндігімен және иемдену, пайдалану және билік ету құқығының болуымен сипатталады. Қолдану және артықшылық құқығы меншік құқығына ілесе жүреді.
Меншік иесіне өз мүлкін иемдену, пайдалану және оған билік ету құқығы берілген. Бұл құқықтар меншік құқығының мазмұнын анықтайды. Алғаш рет аталып отырған триада рим жеке құқығының орта ғасырлық коментаторларының еңбектерінде пайдаланылған, ал рим жеке құқығының өзі меншік иесі өкілеттіктерінің толық тізбесін білмеген. Иемдену құқығы дегеніміз мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда түсірудің заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Пайда табыс, өнім, төл өндіру түрінде және басқа формада болуы мүмкін.(АК-ның 188 – бабы 2- тармағының 3- бөлігі). Мысалға велосипедті алайық. Егер меншік иесі оған мініп жүрсе, онда ол оның пайдалы табиғи қасиеттерін пайдаланады. Бірінші постулат, әрине, ешкімге күдік тудырмайды. Ал енді құқық тұрғысынан алғанда күрделі әрекетті қарастырайық – меншік иесі велосипедпен шеге қағады. Бұл онаша қолайлы емес шығар, бірақ одан меншік иесі пайда алады. Жоғарыда берілген анықтамаға сәйкес бұл пайдалану құқығын жүзеге асыру деп бағаланады. Ал, егер меншік иесі велосипедті сырласа немесе бір бөлмеден бір бөлмеге апарып қойса ше? Біздің ойымызша бұл әрекеттер иемдену құқығын жүзеге асыруға жатады. Яғни, заттың пайдалы қасиеттерін пайдалану, оған билік жасау болып табылмайтын және тікелей пайда әкелмейтін әрекет иемдену құқығы аясына жатқызылады. Билік ету құқығы дегеніміз мүліктің заң жүзінде тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі.
Нақты бар меншік құқытары туралы айтуға болатындай бір де бір элемент соншалықты қажет болып табылмайды. Бір объектіге мұндай құқықтар бір уақытта бірнеше адамға берілуі мүмкін. Ол құқықтардың әрқайсысы бұл аталған элементтердің біреуін немесе бірнешеуін қамтуы міндетті емес.
Заттың кездейсоқ бүліну қауіпі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 411-бабына сәйкес реттеледі. Сатып алу-сату шыртында заттын кездесоқ бүліну қауіпі сатушы заң актілеріне немесе шартқа сәйкес сатып алушыға тауар беру жөніндегі өз міндетін атқарады деп есептелетін кезден бастап сатып алушыға ауысады. Жолда келе жатқан кезде сатылған заттың кездейсоқ бүліну қауіпі , егер шартта немесе іскерлік айналым ғұрпында өзгеше көзделмесе, сатып алу – сату шарты жасалған кезден бастап сатып алушыға ауысады.
Егер шарт жасасқан кезде сатушы заттың бүлінгенін білсе немесе бәлуге тиіс болса және бұл туралы сатып алушыға хабарламаса, заттың кездейсоө бүліну қауіпі сатып алушының талап етуі бойынша зат бірінші тасымалдаушыға өткізілген кезден бастап сатып алушыға ауысатындағы туралы шарт талабын сот жарамсыз деп тануы мүмкін.
Тапсырма:
Арынов өзінің меншік құқығындағы үйін 100 000 теңге сомасына сақтандырып қояды. Белгісіз қаскүнемнің үйді өртеп жіберуі нәтижесіндегі үйге 80 000 теңге мөлшерінде зақым келтіріледі. Сонымен бірге, жобалық – инвентаризациялық кеңсе директоры бойынша үйдің құрылысы аяқталу сәтіне қарай оның құны 200 000 теңге болды, ол сақтандыру полисінде көрсетіледі.
Сақтандырудың өтеу сомасын есептеңіз. Егер полисте «сақтандыру сомасы шегіндегі кез келген зақымның орны толтырылуы тиіс» делінсе, сіздің шешіміңіз өзгере ме?
Сақтандыру өтеу сомасы 100.000 теңгеден аспау керек.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 819 бабына сәйкес мүлікті (меншік үй) сақтандыру кезінде сақтандыру сомасы шарт жасалған кездегі оның нақты құнынан (сақтандыру құнынан) артық бола алмайды.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 820 бабына сәйкес сақтандыру төлемі сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесінде сақтанушыға (Арыновқа) келтірілген нақты зиянның мөлшерінен аспауы керек.
Қорытынды
Азаматттық құқытың да өзіндік реттеу пәні бар. Ол —мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар. Мүліктік қатынастар дегеніміз — мүлікті иелену, пайдалану және билік етуге (басқа біреуге беру) байланысты қатынастар. Басқаша айтқанда, мүліктік қатынастар —материалдық игіліктермен(мүлік,ақша,құнды қағаз,қызмет көрсету және т.б.) байланысты қоғамдық қатынастар. Мысалы, сату — сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру. Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді —мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар.
Бірінші топтағы мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастардың тікелей мүліктік сипаты мен ақшалай құны болмайды. Бұл топтың негізін интеллектуалдық меншікпен байланысы бар қатынастар құрайды.
Ғылыми еңбектің авторы немесе өнертапқыш өзінің авторлық құқығын қорғауға байланысты сотқа талап арыз беріп, арыз сот арқылы қанағаттандырылатын болса, онда ғылыми еңбектің авторының немесе өнертапқыштың қаламақы немесе басқалай сыйақы алуға құқығы болады. Бұл жағдайда мүліктік емес жеке қатынастар мүліктік қатынастармен байланыстылық сипат алады.
Жеке мүліктік емес қатынастардың екінші тобын — мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.
Адам денсаулығына көлік
арқылы зиян келтірілді. Денсаулыққа келтір
Жеке өмірге, тұрғын үйге, ар-намысқа, іскерлік беделге қолсұқпаушылық екінші топтағы жеке мүліктік емес қатынастарға жатады.
Реттеудің азаматтық-құқықтық әдісі заңды тараптардың теңдігін, құқық бұзушылық кезіндегі жауапкершіліктің мүліктік және өтемақылық сипатын, сотқа жүгіну арқылы жүзеге асатынқұқық қорғаудың айрықша әдісін білдіреді. Бұл әдіс диспозитивті деп аталады. Бұл тараптардың теңдігін, әрекеттің тәуелсіздігін, қарым-қатынастың еріктілігін білдіреді.
Дүкен иесі тауар жеткізіп берушілерді өзі анықтайды, тараптар баға мен басқа да шарттар туралы келіседі жене бұл әрекеттерді келісімшарт түрінде рәсімдейді. Аталған келісімшарт бұзылғанда тараптар келісімшарттың күшін жояды, ал бір-біріне қоятын талаптары болса, онда ол мәселелер сот арқылы шешіледі.
Азаматтық құқықтың қайнар
көздерінің құқықтық мемлекет құруда
және заңдылықты қалыптастыруда алатын
орыны зор. Қайнар көздердің тиімділігі
үшін заңгер ғалымдардың ғылыми жұмыстары
мен заңдардың практикада қолданылуы
маңызды оның сапасы да осы негіздерден
қалыптасады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.