Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2014 в 20:30, контрольная работа
Сатып алу-сату консенсуалды шарт болып табылады. Ол, екі жақ барлық елеулі жағдайлар бойынша келісімге келген сәттен бастап аяқталған (сатып алу-сату шарты жасалған) болып табылады. Шарттың жасалуы мен орындалуының бір уақытпен сәйкес келуі (жасалған сәтінде орындалатын шарттың болуы) бұл ережені өзгертпейді.
Сатып алу-сату шарты – ақылы шарт. Тауарды беру оның сату бағасын алуды талап етеді. Бірқатар жағдайларда оның сатып алу бағасы тауардың экономикалық тепе-теңдігі болып келмейді, бірақ шартта кіріптарлықпен жасалған мәміле көрініс таппауы керек.
Кіріспе ................................................................................................................................... 3
1. Сату – сатып алу шартының ұғымы, пәні, бағасы, мерзімі, түрлері. .......................... 4
2. Тараптардың негізгі құқықтары мен міндеттері. .......................................................... 6
3. Меншік құқығының пайда болу сәті. Заттың кездейсоқ бүліну қауіпі. .................... 8
4. Тапсырма ......................................................................................................................... 10
Қорытынды .......................................................................................................................... 11
Пайдаланған әдебиет тізімі ................................................................................................ 12
Сату-сатып алу шарты
Жоспар
Кіріспе ..............................
1. Сату – сатып алу шартының ұғымы, пәні, бағасы, мерзімі, түрлері. .......................... 4
2. Тараптардың
негізгі құқықтары мен
3. Меншік құқығының пайда болу сәті. Заттың кездейсоқ бүліну қауіпі. .................... 8
4. Тапсырма
..............................
Қорытынды
..............................
Пайдаланған
әдебиет тізімі ..............................
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 406-бабына сәйкес: «Сатып алу шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндетті». Мұндай анықтама қатысушылардың қатарын толық қамтуға мүмкіндік береді. Оған азаматтар және заңды тұлғалардан басқа мемлекет және субъект ретінде әкімшілік аумақтық бірлестіктер қатыса алады.
Сатып алу –сату шартының нысаны оның бағасына, субъектілеріне және заңдық, шарттық талаптарға сәйкес анықталады. Оған Қазақстан Республикасының Азаматық кодексінің 152-бабында бекітілген мәміле нысаны туралы жалпы ережелер қолданымды болып келеді.
Сатып алу-сату шартының тараптары – сатушы және сатып алушы. Сатушы сатып алушыға шартпен белгіленген тауарды беруге міндетті. Мұнда негізгі талаптар болып мыналар саналады: тауардың атауы, сапасы, саны (көлемі). Сапаға қатысты талаптар сатып алу- сату туралы нормалармен шарттың елеулі жағдайларына жатқызылмағанына қарамастан осы үш талапты да сатып алу –сату шарттары бойынша міндетті деп тануға болады. Әрбір жекелеген жағдайда тауар атауына, сапасына, санына (көлеміне) қатысты талаптар өзгеріп тұрады. Сапа бойынша талаптар шарттардың өздерімен емес, тікелей заңнама нормаларымен анықталуы мүмкін.
Меншіктің экономикалық санатын ұғынудың негізі тіптен ХІХ ғасырдағы ғылыми жұмыстарда кездеседі. Ондағы ой меншік қоғамда, тек мемлекет ұйымдастырған қоғамда ғана болады дегенге тіркеледі. Меншік, бұл –зат та емес, мүлік те емес. «Бұл- белгілі бір экономикалық (нақты) қатынас». Меншік дегеніміз тарихи қалыптасқан, белілі бір қоғамдық қатынас, адамдар арасында затқа байланысты туындайды. Меншік ұғымы әқашанда ұйымдасқан адамдар қоғамына тән. Адамзаттың алғашқы даму кезеңінің соңына қарай меншіктің туындауы мемлекеттің пайда болуына және қоғамның ары қарай екпінді дамуына әкеп соқты. Меншік қатынасы қоғамдық құрлыстың әлеуметтік – экономикалық мәнін білдіреді. Сондықтан да меншік мәселесі қоғам өміріндегі негізгі мәселе болып табылады. Қоғамның қалай ұйымдасатындығы және адамдар тұрмысы оның қалай тұрғызылғанына байланысты.
Сатып алу-сату консенсуалды шарт болып табылады. Ол, екі жақ барлық елеулі жағдайлар бойынша келісімге келген сәттен бастап аяқталған (сатып алу-сату шарты жасалған) болып табылады. Шарттың жасалуы мен орындалуының бір уақытпен сәйкес келуі (жасалған сәтінде орындалатын шарттың болуы) бұл ережені өзгертпейді.
Сатып алу-сату шарты – ақылы шарт. Тауарды беру оның сату бағасын алуды талап етеді. Бірқатар жағдайларда оның сатып алу бағасы тауардың экономикалық тепе-теңдігі болып келмейді, бірақ шартта кіріптарлықпен жасалған мәміле көрініс таппауы керек. Сатып алу – сату шарттарының элементтері болып субъект, объект мазмұн болып табылады. Шарттар элементінде: оның тараптары; нысаны бағасы өтеулі шарттар мерзімі; нысаны мен мазмұны яғни екі жақтың құқықтары мен міндеттері жатады.
1. Сату – сатып алу шартының ұғымы, пәні, бағасы, мерзімі, түрлері
Сатып-алу- сату шарты бұл - мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін шарттардың бір түрі. Әрекет етуші азаматтық –құқықтық нормалар оның бірнеше түрін реттейді, олардың әрқайсысының ерекшелігі, олар қолданылатын салалардың ерекшелігіне байланысты. Жеке кәсіпкерлер, жеке және мемлекеттік кәсіпкерлер арасындағы дәстүрлі тауар айырбастаумен қатар, олармен мемлекеттің мұқтажы үшін тауар сатып алу да қамтамасыз етіледі. Әрбір шарт арайы субъект құрамымен, оны жасасу тәртібімен және өзге қырларымен ерекшеленеді.
Сатып алу-сату шартына сатып алушы жағына мүлікті меншікке беру шартқа сияқты көзқарас дәстүрлі болып табылады. Қазақстан Республикасының Азаматіқ кодексінің 270-бабының 3-ші тармағына сәйкес зат үшінші тұлға меншігіне берілу сүскіншілігі жоққа шығарылмайды.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 406-бабына сәйкес: «Сатып алу шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндетті». Мұндай анықтама қатысушылардың қатарын толық қамтуға мүмкіндік береді. Оған азаматтар және заңды тұлғалардан басқа мемлекет және субъект ретінде әкімшілік аумақтық бірлестіктер қатыса алады.
Сатып алу-сату консенсуалды шарт болып табылады. Ол, екі жақ барлық елеулі жағдайлар бойынша келісімге келген сәттен бастап аяқталған (сатып алу-сату шарты жасалған) болып табылады. Шарттың жасалуы мен орындалуының бір уақытпен сәйкес келуі (жасалған сәтінде орындалатын шарттың болуы) бұл ережені өзгертпейді.
Сатып алу-сату шарты – ақылы шарт. Тауарды беру оның сату бағасын алуды талап етеді. Бірқатар жағдайларда оның сатып алу бағасы тауардың экономикалық тепе-теңдігі болып келмейді, бірақ шартта кіріптарлықпен жасалған мәміле көрініс таппауы керек. Сатып алу – сату шарттарының элементтері болып субъект, объект мазмұн болып табылады. Шарттар элементінде: оның тараптары; нысаны бағасы өтеулі шарттар мерзімі; нысаны мен мазмұны яғни екі жақтың құқықтары мен міндеттері жатады.
Сатып алу –сату қатынасын 3 мәнде белгілеуге болады: сатып алу – сатудың экономикалық қатынасы; адамдардың ой елегінен өткен және құқық нормаларымен бекітілген субъективтік идеологиялық қатынас.
Сатып алу-сату шарты бұл азаматтық құқықтық нормалардың жиынтығы.
Сатып алу –сату шартының нысаны оның бағасына, субъектілеріне және заңдық, шарттық талаптарға сәйкес анықталады. Оған Қазақстан Республикасының Азаматық кодексінің 152-бабында бекітілген мәміле нысаны туралы жалпы ережелер қолданымды болып келеді.
Жүз айлық есептік көрсеткіштен жоғары сомаға, сонымен бірге кәсіпкерлік қызметті қалыптастыру барысында жасалатын мәмілелер, жасалған кезде орындалатындарын қоспағанда жазбаша нысан да жасалуы қажет.
Сатып алу-сату шарты бойынша сатушы мүлікті сатып алушының меншігіне беруге, ал сатып алушы ол мүлікті қабылдауға және ол үшін белгілі ақша сомасын төлеуге міндеттенеді. Бұл біздің өмірімізде өте кең тараған міндеттеменің бір түрі.
Сатып алу-сату шартының жекелеген түрлеріне бөлшектеп сатып алу, сату, тауар жеткізілімі, энергиямен жабдықтау, ауыл шаруашылығы өнімдерін сату, көсіп-орынды сату жатады. Бұлардың ішінде бөлшектік саудамен сатып алу-сату кең тараған түрлердің бірі болып саналады, Шарт бойынша сатушы кәсіпкер болады, ал сатып алуші тауарларды өзінің күнделікті үй тіршілігінде, отбасы үшін немесе жеке басы үшін пайдаланады.
Тауар жеткізілімі кәсіпкерлік қызмет аясында қолданылатын сатып алу-сату шартының бір түрі болып табылады. Шартқа сәйкес кәсіпкер өзі өндіретін сатып алатын тауарларды келісілген мерзімде беріп тұрады. Энергиямен жабдықтау шарты бойынша тұтынушыларға электр қуаты, газ, су жеткізілімі жүзеге асырылады.
Кейбір сауда-саттық орындарында «алынған тayар кайтарылмайды және айырбасталуға жатпайды» деген сөздерді көп кездестіреміз. Бірақ бұл шын мәнінде заңға қайшы келетін факт. Егер сапасы төмен тауар сатылған болса, оны сатып алушы сатушыдан оның бағасын тиісті деңгейге төмендетуді, басқа сапалы тауар түріне ауыстырып беруді, оның кемшілігін ақысыз қосымша орнына келтіруді немесе ол тауардың кемшілігін өзі жөндеп алған сатып алушыға келтірген шығынды төлеуді немесе тауарды да, ақшасын толық кері қайтарып беруді талап етуге құқығы бар. Егер сатушы сапасы төмен тауардың өндірушісі болмаса оны ауыстыруды немесе кемшіліктерін түзеуді сатып алушының еркі бойынша сатушыдан, болмаса оның өндірушісінен талап етеді. Сатушы аталған талаптарға өзгертпеген жағдайда сатып алушының сотқа жүгінуіне болады.
Сатып алушы 14 күннің ішінде азық-түлік тауарларына жатпайтын тауарларды басқа тауарға айырбастауына немесе ақшасын қайтарып алуына болады. Ол үшін сатып алынған тауар пайдаланылмаған жаңа күйінде қайта ұсынылуы тиіс.
Сатып алу-сату шартына айырбас шарты ұқсас болып келеді. Бірақ та айырбас шартында мүліктің орнына ешқандай ақша берілмейді. Бір тауар екінші тауарға айырбасталады. Ал сыйға тарту шартында сыйға тартушы екінші жақтан оған белгілі ақша сомасын немесе тауар талап етуге құқы жоқ. Яғни белгілі затты, мүлікті ақысыз екінші жаққа береді.
2. Тараптардың негізгі құқықтары мен міндеттері
Сатып алу-сату шартының тараптары – сатушы және сатып алушы. Сатушы сатып алушыға шартпен белгіленген тауарды беруге міндетті. Мұнда негізгі талаптар болып мыналар саналады: тауардың атауы, сапасы, саны (көлемі). Сапаға қатысты талаптар сатып алу- сату туралы нормалармен шарттың елеулі жағдайларына жатқызылмағанына қарамастан осы үш талапты да сатып алу –сату шарттары бойынша міндетті деп тануға болады. Әрбір жекелеген жағдайда тауар атауына, сапасына, санына (көлеміне) қатысты талаптар өзгеріп тұрады. Сапа бойынша талаптар шарттардың өздерімен емес, тікелей заңнама нормаларымен анықталуы мүмкін.
Сатып алушыға берілуі тиіс тауар саны шартта тиісті өлшем бірліктеріне сәйкес немесе ақшалай түрде анықталады, яғни, шартта санды анықтау үшін қажет алғашқы өлшемнің бағасы бекітілуі тиіс. Тауарлардың саны туралы талап оны айқындау тәртібін шартта белгілеу жолымен келісілуі мүмкін. Мысалы, тауардың (суйық заттар) саны шартты орындау кезінде сатып алушы ыдысының (қоймасының) шекті сиымдылығымен бекітілсе.
Сатушы сатып алушыға жинақтылық немесе жиынтығы туралы талаптарына сәйкес таур беруге міндетті. Жиынтылық дегеніміз – шартта көзделген немесе заттың функционалдық тағайындалуымен анықталатын барлық құрама бөліктердің затта болуы.
Сатып алушы үшінші тұлғалардың құқықтары жүктелген тауарды қабылдауға келіскен жағдайды қоспағанда, сатушы үшінші тұлғалалардың кез-келген құқықтарынан тыс тауарды сатып алушыға беруге міндетті.
Сатушының құқықтарына зат қабылдануын және сатып алу бағасын төлеуді талап ету құқықтары жатады. Әр міндеттемеге сәйкес келетін қарсы құқық бар. Сатып алушының шартпен бекітілген міндеттемелері сатушыныңбасқа да құқығы барын ескереді.
Сатып алушының негізгі міндеті тауарды қабылдап алу және ақысын төлеуі болып табылады.
Кез келген азамат, тіптен кәмілетке толмаған, тіптен әрекет қабілеттілігі жоқ адам меншік құқығы субъектісі бола алады. Ұлттық құқықтық режим, заңнамада көзделген шектеулермен, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға тарайды. Бұл ортақ принцип. Бірақ, меншіктің пайда болу көзі өзінің кәсіпкерлік қызметі болған жағдайларда бірқатар қосымша талаптар туындайды. Бірінші кезекте олар азаматты кәсіпкер ретінде тіркеу қажеттігімен байланысты. Бұл екі жағдайды да қарастырайық. Кез келген адам кәсіпкерлік қызметпен айналыспайтын меншік иесі бола алады. Бұл арт орынды, егер оның меншігі сыйға тарту нәтижесінде пайда болса. Басқа мәмлеге қатысу үшін азаматтық әрекет қабілетттілік болуы керек. Меншікті өзінің жалданбалы еңбегін сату нәтижесінде иемденген жағдайда қызметкерге қойылатын талап еңбек заңнамасында анықталады. Кейбір мәмілелер, мысалы жылжымайтын мүлікпен мәміле, тіркелуге тиіс. Бұл оның заңды болуының міндетті шарты. Басқа жағдайларда мүлік арнаулы тіркеуге алынады. Бұл тіркеудің азаматты кәсіпкер ретінде тіркеумен ешқандай қатысы жоқ. Азаматты жеке дара кәсіпкер ретінде тіркеу жеке дара кәсіпкер туралы Заңда белгіленген. Оған сәйкес жеке дара кәсіпкерлер міндетті түрде мемлекеттік тіркеуге жатады, олра мына талаптардың біреуіне жауап беруі тиіс:-жалданбалы қызметшілердің еңбегін тұрақты негізінде пайдаланады; -кәсіпкерлік қызметтен Қазақстан Республикасының заң құжаттарында жеке тұлғалар үшін белгіленген, салық салынбайтын жиынтық жылдық кіріс мөлшерінен асатын мөлшерде, салық заңнамасына сәйкес есептелген жиынтық жылдық кірісі болады. Тіркелуге өзі бару керек және жеке дара кәсіпкер ретінде есепке лу азаматтың тұрғылықты жеріндегі аумақтық салық органында жүзеге асырылады. Жоғарыда аталмаған жеке дара кәсіпкерлер жеке дара кәсіпкер ретінде өз қалауы бойынша тіркелуге құқылы. Сол себепті, оларда мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің болмауы кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі бола алмайды.
Азаматтардың меншік құқығы объектілерінің ауқымына мемлекет саясаты ықпал етеді. Меншіктің тек ғана тұтынушылық мақсатынан бастартып, Қазқстан, азаматтардың мүлікті кәсіпкерлік мақсат үшін пайдалануын жан-жақты қолдап отыр. Меншік объектілерін құқықтық реттеудегі мемлекеттік саясат осымен анықталады. Оны екі принципте бейнелеуге болады. Біріншіден, азаматтардың меншігінде заң құжаттарына сәйкес азаматтарға немесе заңды тұлғаларға тиесілі бола алмайтын жекелеген мүлік түрлерінен басқа кез келген мүлік болуы мүмкін. Бұл шектеулер заң құжаттарында белгіленеді.Азаматтардың меншік құқығының нысандарына қолданылатын екінші принцип АК-ның 191- бабы 2-тармағының 2- бөлігінде келтірілген –«жеке меншікте болатын мүліктің саны мен құны шектелмейді.»Тек, мүліктің кейбір түрлерін иемденгенде қазақстандық салық заңнамасына сәйкес кіріс көзін декларациялау керек.
3. Меншік құқығының пайда болу сәті. Заттың кездейсоқ бүліну қауіпі
Меншіктің экономикалық санатын ұғынудың негізі тіптен ХІХ ғасырдағы ғылыми жұмыстарда кездеседі. Ондағы ой меншік қоғамда, тек мемлекет ұйымдастырған қоғамда ғана болады дегенге тіркеледі. Меншік, бұл –зат та емес, мүлік те емес. «Бұл- белгілі бір экономикалық (нақты) қатынас». Меншік дегеніміз тарихи қалыптасқан, белілі бір қоғамдық қатынас, адамдар арасында затқа байланысты туындайды. Меншік ұғымы әқашанда ұйымдасқан адамдар қоғамына тән. Адамзаттың алғашқы даму кезеңінің соңына қарай меншіктің туындауы мемлекеттің пайда болуына және қоғамның ары қарай екпінді дамуына әкеп соқты. Меншік қатынасы қоғамдық құрлыстың әлеуметтік – экономикалық мәнін білдіреді. Сондықтан да меншік мәселесі қоғам өміріндегі негізгі мәселе болып табылады. Қоғамның қалай ұйымдасатындығы және адамдар тұрмысы оның қалай тұрғызылғанына байланысты. Меншік пен өндірістік қатынастардың негізгі формалары қоғамның құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік сияқты типтерін тарихи анықтап берді. Сонымен қатар, меншікке дейінгі кезеңді – алғашқы қоғамдық және ғылыми жобаланған, бірақ толық іске аспай қалған социалистік кезеңді бөліп алуға мүмкіндік берді. «Меншік» термині әртүрлі мағынада пайдаланылады. Күнделікті өмірде меншік, көбіне, мүлікпен немесе құқықпен теңдестіріледі.Бірінші жағдайда «мынау менің (оның) меншігім (меншігі)» деуге болады. Екінші жағдайда –«меншік иемдендім (бердім)» дейді. Құқық тұрғысынан алғанда мұның екуі де дәл емес. Меншікті меншік құқығынан айыру қажет. Меншік –экономикалық, ал меншік құқығы –заңдық санат.