Өндірістік кооперативтің жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2015 в 13:03, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі: Кәсіпорындардың кооперативтік түрі Қазақстан республикасын біршама таныс, өйткені, біздің тарихымыздың кеңестік кезеңінде тұтынушылар кооперативі өмір сүрді. Кәсіпкерлікті үйымдастырудың формасы ретінде кооперативтердің мәні мынада: олар өзінің мүшелері аударатын заттай болсын, қаржылай болсын пайлық жарнаның есебінен құрылады. одан кейін мүлік кооперативтер шығаратын өнімнің және оны сатудан түсетін пайданың, қызмет көрсету немесе қызметтің басқа да түрлерінен түсетін пайданың есебінен толығып отырады. Жоғары ұйым болып жалпы жиналыс саналады. Өкілеттілік және атқарушылық міндеттерді жалпы жиналыс сайлатын басқарма мен оның төрағасы іске асырады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курстық жұмыс.doc

— 234.50 Кб (Скачать документ)

Осыған қарамастан, арнайы зандарда кездесетін өндірістік коопе-ративтердің қызметін шектеу құқықтық тұрғыдан да, іс жүзінде де негізсіз және ескірген көзқарастардың көрінісі болып табылады.

Егер құрылған кооперативтің қызметі лицензияланатын қызмет түріне жататын болса, кооператив оны лицензиясы болғаңда ғана жүзеге асыруға құқылы.

Өндірістік кооператив жеке тұлғалардың — құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша құрылады. Бұрын қолданылын келгсн заңдардың өндірістік кооперативке жеке тұлғалардың ғана емес, сондай-ақ мүліктік салым салғанымен, әлбетте, оның қызметіне еңбекпен қатысуға тартылмайтын тұлғалардың да қатысу мүмкіндігіне жол бергенін есте ұстау керек. "Қаржылай қатысушы" деп аталатын мұңдай түлға кооперативтің материалдық жағдайын нығайтуға өзінің жарналарымен жәрдемдесуге тиіс болды. Алайда тәжірибе мынаны көрсетті: "қаржылай қатысушы" көп ретте кәсіпорындардың материалдық құндылықтары мен ақшалай қаражатын жалған құрылған кооперативтерге аудару үшін пайдаланылды, оларда мұндай құндылықтар мен қаражаттар ешқандай қиындықсыз жалған тұлғалар немесе "қаржылай қатысушы" басшыларының туыстары болған кооператив мүшелерінің өзіндік меншігіне өтті. Сонымен қатар, кооператив мүшелері ретіңде занды тұлғалардың болуы осы ұйымдық-құқықтық нысан мен шаруашылық серіктестік арасындағы айырмашылықты жойды. Сондықтан ҚР Азаматтық кодексі және тұлғаларға ғана өндірістік кооперативтің құрылтайшылары (қатысушылары) болу мүмкіндігіп берді. [3]

Кооператив — бұл қашан да бірнеше адамның еңбегін бірік-тіретіндіктен, оны бір адам құра алмайды (оның бір адам құратын немесе бір адамнан тұратын, яғни "бір адамның компаниясы" ретінде өмір сүретін акционерлік қоғамнан айырмашылығы осында). АК-ның 96-бабының 2-тармағы кооператив мүшелерінің саны екеуден кем болмауға тиіс деп белгілейді, бұл оның санының ең төменгі мөлшері болып табылады (Ресейде мысалы, кооператив мүшелері кемінде бесеу болуға тиіс). Мұндай шаманы белгілеудің себебі — заң шығарушылардың кооператив құру мүмкіңдігін барынша жеңілдету — ол үшін екі адамның қалауы жеткілікті болады.

16 жасқа жеткен, кооператив мүшесі болуға тілек білдірген және оның қызметіне жеке өз еңбегімен қатысуға қабілетті кез келгеи жеке тұлға өндірістік кооперативтің мүшесі бола алады.

Заң кооператив мүшелерінің оның қызметіне жеке өз еңбегімен қатысуының түрлері мен әдістерін ашып көрсетпейді. Демек, бұл мәселелерді тікелей кооперативтің өзі шешеді. Мұнда еңбек шарты (келісім-шарт) бойынша жұмысшы немесе қызметші ретінде кооперативте толық жұмыс күні жағдайларында жұмыс істеу мүлде міндетті емес — кооператив қызметіне жеке өз еңбегімен қатысу қоса қызмет атқарудан тұруы мүмкін және ол негізгі жұмысынан (оқуынан) бос кезінде жүргізілуі (айтпақшы, кооперативке кіру үшін негізгі жұмыс орны немесе оқу әкімшілігінің келісімі талап етілмейді), үйге алын істейтін жұмыс сипатында, азаматтық-құқықтық шарттар бойынша бір жолы және ауық-ауық орындалатын, кооперативке белгілі бір қызметтер көрсету түрінде болуы мүмкін. Бір сөзбеи айтқанда, егер ол кооперативтің мүдделеріне сай келетін болса, жеке өз еңбегімен қатысудың алуаи түрі болуы мүмкін. Алайда қандай жағдайларда болса да, мұңдай қатысу, біріншіден, кооперативке мүшеліктің міндетті шарты болады, екіншіден, ол нақты сипатта болуға тиіс. Зейнетақы жасына жеткенде адамдардың кооперативке мүүшелігін сақтау мүмкіндігі бұл ерекшелік  болып саналады.

Кәмелетке толмағандардың кооператив кіруі үшін олардың ата-аналарының немесе асырап алушыларының, қамқоршыларының келісімін алу талап етіледі. Бұл мынаған байланысты: кооператив қызметіне жеке өз еңбегімен қатысу оның мүшесінің еңбек қабілеттілігіне жетуі ғана емес, сондай-ақ кооперативке кіру үшін мүліктік жарна төлеуді де қажет етеді, ал бұл азаматтық-құқықтық әрекет қабілетілігіне талап етеді.

Өндірістік кооператив өзінің қызметін жарғының не құрылтай шарты мен жарғының негізінде жүзеге асырады. Өндірістік кооперативтің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын шағын кәсіпкерлік субъектілері де өз қызметін мазмұнын ҚР Үкіметі айқындайтын үлгі жарғының негізінде жүзеге асыруы мүмкін. Бұл шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кооператив құру және оның қызметін ұйымдастыру процесін жеңілдету үшін істелген, өйткені жарғыны жеке-дара жасау кооперативтің болашақ мүшелерінің қолынан келмейтін арнайы танымды талап ететін айтарлықтай қиын міндет болып табылады.

Егер өндірістік кооперативтің құрылтайшылары оны құруды жарғыдан басқа, құрылтай шартымен рәсімдейтін болса, бұл шартта мыналар болуға тиіс:

  • өндірістік кооперативті құру туралы шешім, оның фирмалық атауы және тұрғылықты жері;
  • олардың аты-жөні, туылған кезі мен орны, тұрғылықты жері 
    көрсетілген кооператив мүшелерінің дербес құрамы;
  • кооператив құру қызметінің тәртібі;
  • құрылтайшылардың кооператив меншігіне беретін мүліктік 
    жарналарының құрамы мен мөлшері туралы мәліметтер;
  • кооперативті құру және тіркеу үшін қызметі қажет болатын 
    корпоративтің лауазымды тұлғаларын тағайындау (сайлау туралы 
    шешім);
  • кооперативті құру және оның жұмысын ұйымдастыру мәселелерін шешуге байланысты аталған адамдардың өкілеттіктерін айқындау;
  • кооперативтің жарғысын бекіту;
  • пайда мен залалды бөлу тәртібі;
  • құрылтайшылардың кооперативтен шығу тәртібі. 
    Өндірістік кооперативтің құрылтай шартына заң актілеріне қайшы

келмейтін басқа да шарттар енгізілуі мүмкін.

Құрылтай шартына оның барлық құрылтайшылары қол қояды. Бұл арқылы осы кооперативті құратын барлық тұлғалардың оның болашақ қызмет жағдайларымен келісетіні жөне оған мүшеліктен  туындайтын міндеттемелерді (оның ішінде, мүліктік жарнаны енгізуге және кооператив қызметіне жеке өз еңбегімен қатысуға байланысты) өздеріне қабылдайтыны баса көрсетіледі. [4]

Өндірістік кооператив туралы Заң құрылтай шарты коммерциялық құпияны құрайтын құжаттардың құрамына кіреді және кооператив басқармасының шешімімен ғана, не заң актілерінде белгіленген жағдайларда мемлекеттік және өзге де ресми органдарға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға көрсетуге жатады деп көздейді. Демек, құрылтай құжаты кооперативтің ішкі қажеттеріне қызмет ететін және кооперативтің мүшелеріне ғана арналған өзінің қызметтік құжаты ретінде қарастырылады. Сондықтан әлде кімнің және белгілі бір мақсаттар үшін (мысалы, кооперативті мемлекеттік тіркеу процесінде) кооперативтен оның құрылтай шартын талап етуі, әрине, занда көзделген реттердеи басқа жағдайларда (мысалы, тиісті істерді қарау немесе тергеу барысында соттың немесе тергеу органдарының талап етуі бойынша) заңсыз болып табылады. Кооператив басқармасының келісімінсіз немесе рұқсатынсыз құрылтай шартының талаптарын жария еткен кооператив мүшесі  оның лауазымды адамы кооперативтің коммерциялық құпияны бұзғаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін.

Өндірістік кооператавтің жарғысында мыналар туралы мәліметтер болуға тиіс:

  1. кооперативтің фирмалық атауы;
  2. кооперативтің тұрғылықты орны;

3) өндірістік кооперативке мүшелер қабылдау, оларды шығару 
тәртібі, олардың құқықтары мен міндеттері;

  1. кооперативтің басқару және бақылау органдарының құрамы және 
    құзіреті туралы, оның ішінде шешімдер бірауыздан немесе білікті 
    көпшілік дауыспен қабылданатын мәселелер бойынша ережелерді жасау 
    тәртібі;
  2. өндірістік  кооперативтің  әрбір  мүшесінің  жарнасының   мөлшері, 
    өндірістік кооператив мүшелерінің құрамы және мүліктік жарнаны 
    енгізу тәртібі және олардың жарна салу жөніндегі міндеттемелерін 
    бұзғаны үшін жауаптылығы;
  3. кооператив мүшелерінің оның қызметіне жеке өз еңбегімен 
    қатысуының сипаты және тәртібі және жеке өз еңбегімен сипаты және тәртібі және өз еңбегімен қатысу жөніндегі міңдеттемелерді бұзғаны үшін жауаптылығы;
  4. кооператив пен оның мүшелері, кооперативтің атқарушы органы, мен қызметкерлердің еңбек ұжымы  арасындағы  өзара қарым-қатынастар.
  5. кооперативтің таза табысы мен шығындарын болу тәртібі,

9)кооперативті қайта ұйымдастыру жөне тарату тәртібі, 
Өндірістік кооперативтің жарғысында ол турлы заңға қайшы келмейтін басқа да ережелер болуы мүмкін.

Кооперативтің фирмалық атауында оның аты, сондай-ақ, "өндірістік кооператив" деген сөздер болуга тиіс.

Жарғыны құрылтайшылардың жалпы жиналысы бекітеді. Өндірістік кооператив туралы заңда көзделген тәртіппен, кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының шешімімен жарғыға өзгерістер енгізіледі (өндірістік кооператив туралы заңның 15-бабын қараңыз).

Жарғыға кооператив басқармасының төрағасы қол қояды. Өндірістік кооперативтің жарғысы мемлекеттік және өзге де ресми органдарға, сондай-ақ кооперативпен шарттық қатынастары бар немесе осындай қатынастар орнатуды қалайтын үшінші тұлғалар талап  етуі бойынша көрсітіледі. Осылайша, құрылтай шартынан өзгеше, кооператив жарғысы ашық құжат болып табылады.

Мына жағдайда назар аударған жөн: кооперативтің құрылтай шарты мен жарғының мазмұны туралы сөз еткенде, Өндірістік кооператив туралы заң екі құжаттан да оларда кооперативтің нысанасы мен қызмет мақсаттарының көрсетілуін талап етпейді. Бұл кездейсоқ нәрсе емес: заң шығарушылар кооперативке өзі айналысатын кәсілкерлік қызмет түрін таңдаудың толық еркіндігін бере отырып, сондай-ақ қалыптасқан нарық, жағдайларына қарай (өндіріс конверсиясы) кез келген сәтте бұл қызмметті ауыстыру мүмкіндігін беру арқылы кооперативтің арнайы құқықтық қабілеттілігін жарғы арқылы бекітуді талап етпейді. Сонымен бірге, егер кооператив әлде бір себептерге байланысты өзі қызметінің мамандауын немесе бағытын (нысанасын, мақсатын) жарғыда көрсеткісі келсе, оның мұны істеуге құқығы бар. [5]

Кооператив жарғысы бірауыздан бекітілуі тиіс (Өндірістік кооператив туралы заңның 6-бабының З-тармағы). Мұндай ереженің қабылдануы мынаған байланысты: өндірістік кооператив азаматтардың ерікті бірлестігі болып табылатын және өзінің барлық мүшелерінің бірлескен еңбек әрекетіне негізделеді. Сондықтан кооперативтің ұйымдастырылу және қызмет ету жағдайлары оның әрбір мүшесі үшін тиімді болуы тиіс, мұны оның жарғысына бірауыздан қол қою дәлелдейді. Жарғыны бекіте отырып, кооперативтің әрбір мүшесі өзіне белгілі бір міндеттер алады (ең алдымен, кооперативке қосатын мүліктік жарнасы және да онда жұмыс істеуі арқылы). Егер құрылтайшылар кооперативтің қандай болуы, мүліктік жарналардың мөлшері, оның қызметіне жеке өз еңбегімен қатысуы немесе басқа да шарттар жөнінде ортақ пікірге келе алмаса, бұл кооперативті дәрменсіз деп санау керек. Осы секілді құрылтайшылардың көпшілігінің пікірімен келіспейтін тұлға мұндай кооперративтің мүшесі бола алмайды.

Өндірістік кооператив мүлкін қалыптастырудың мынадай көздері бар:

  • кооператив мүшелерінің мүліктік жарналары. Бұл кіру жарналары 
    арқылы кооператив мүлкі қалыптасатын оны ұйымдастыру сотіне тон, 
    сондай-ақ кейін, белгілі бір төтенше жағдайлардың салдарынан кооператив өз қатысушыларның қосымша жарналары түріндегі қаражат тартуға мәжбүр болатын кезеңге тән; кооперативтің қызметінен алынған табыстар. Қалыпты жұмыс істеп тұрған кооператив үшін бұл оның мүлкін еселей түсудің негізгі әдісі;
  • заң актілерімен тыйым салынбаған өзге де көздер.

Заң кооперативі құру шарты ретінде оның қалыптасқан жарғылық қорының болуын талап етпейді, бұл кооперативтердің, мысалы, акционерлік қоғамдардан және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерден айырмашылығы болып табылады, оларда бұл қор едәуір шамаиы құрайтындықтан, оларды құрылтайшыларының айтарлықтай залал шегуіне әкеп соқтырады. Жарғылық қордың болуын талап етпеу, сөз жоқ, өндірістік кооперативтер құру рәсімін оңайлатады, өйткені оларды бірден-бір байлығы өздерінің еңбекқор қолдары немесе ақыл-ойлары болып табылатын табысы аз азаматтар ұйымдастыруы мүмкін. Сондықтан шетелдерде өндірістік кооперативті кейде ептеген мысқылмсн (әлде кекесінмен) "кедейлер компаниясы" деп атайтыны кездейсоқ болмаса керек, алайда бұл, олардың ойдағыдай дамуына тосқауыл бола алмайды. Оның үстіне, кооперативтер ұдайы мемлекеттің қолдауына ие болып келеді, өйткені олардың құрылуы (оған едәуір дәрежеде құрудың қарапайымдығы себепші болуда) азаматтарды кәсіпкерлік қызметке тартудың, жұмыссыздық деңгейін төмендетудің, оларға еңбек ету және өз табыстары арқылы өмір сүру мүмкіндігін берудің құралы болып отыр. Басқаша айтқаңда, кооперативтер экономикалық фактор рөлін ғана  атқарып қоймастан, сонымен бірге, белгілі бір әлеуметтік міндеттерді де шешеді.

Бұл заңның талабы болмаса да, кооперативтің құрылтай құжаттарында оның жарғылық қорын құру да көзделуі мүмкін, ол несие берушілердің мүдделеріне кепілдік жасайтын кооператив мүлкінің ең төменгі мөлшерін айқындайды. Бұл жағдайда жарғылық қордық мөлшерін және оны қалыптастыру тәртібін кооператив жарғысы белгілейді.

        Сонымен қатар, егер кооператив осындай қызметті жүзеге асыратын ұйымда заң актілерімен белгілі бір мөлшердегі жарғылық қордың болуы көзделген ұйымдарға қатысты қызметті жүзеге асыратын болса, кооператив оны құрып, көрсетілген заң актілерінде көзделген тәртіппен пайдалануға міндетті. Заңда ол үшін мұндай міндет көрсетілмегенімен, кооператив резервтік қор да құра алады. Резервтік қор кооперативтің таза табысынан жыл сайын бөлінетін аударым қаражаты есебінен құрылады және оның несие берушілер алдындағы міндеттемелерін орындауды және көлденең шығындарды жабуды қамтамасыз етуге арналған. Резерв қордың мөлшері мен оны қалыптастыру тәртібін кооператив жарғысы айқындайды.

Өндірістік кооперативтің таза табысы жылдың қорытындысы бойынша анықталады. Салықтарды және басқа міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған таза табыс кооперативтің толық билігіне өтіп, жалпы жиналыстың  шешімімен кооперативтің құрылтай құжаттарында көзделген мақсаттарға бөлінеді.

Жалпы жиналыс анықтаған көлемдегі таза табыс олардың қосқан еңбек үлестеріне қарай кооператив мүшелері арасында бөлінеді, ал бұл кооперативтің негізгі принципіне («еңбегіне қарай – табысы») сай келеді. Алайда кооператив жарғысы таза табысты бөлудің өзгеше тәртібін көздеуі де мүмкін (мысалы, кооператив мүшелері жарналарының мөлшеріне қарай, ал мұнда, көбіне акциоиерлік қоғамдарға тән басқа принцип қолданылады -"қосқаи капиталына қарай — табысы").

Информация о работе Өндірістік кооперативтің жалпы сипаттамасы