Міндеттеменің ұғымы мен түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 17:55, реферат

Краткое описание

Азаматтық құқықтың негізгі бастауы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі болып табылады, ол 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Жалпы бөлімнен және 1999 жылғы 1 шілдедегі Ерекше бөлімнен тұрады. Азаматтық құқық нормалары сондай-ақ арнаулы заңдарда және заңға қарасты актілерде мазмұндалған, олар Азаматтық кодексте белгіленген ережелерді толықтырады, реттейді, нақтылайды. Мұндай нормативтік актілерге төмендегідей заңдар жатады: 1997 жылғы 14 шілдедегі "Шаруашылық серіктестіктері туралы", 1998 жылғы 10 шілдедегі "Акционерлік қоғамдар туралы", 1997 жылғы 21 қаңтардағы "Банкроттық туралы", 1997 жылғы 19 маусымдағы "Жеке кәсіпкерлік туралы", т.б.

Содержание

КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Міндеттеменің ұғымы мен түрлері
2 Міндеттеменің пайда болу негіздері
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

МІНДЕТТЕМЕ СЕКО РЕФЕРАТ.doc

— 88.00 Кб (Скачать документ)

Міндеттеменің мазмұнын оған қатысушы — несие беруші мен  борышқордың субъективтік құқықтары  мен міндеттері құрайды.

Сонымен міндеттеменің  мазмұны қатысушылардың құқығы арқылы, сондай-ақ, міндеті арқылы айқындала алады. Борышқордың міндеті әдетте белгілі бір әрекетті жасауға келіп тіреледі (мүлікті беру, ақша төлеу, жұмысты орындау және т.б.). Азаматтық кодекстің 268-бабында көрсетілген тізімнен соны көруге болады. Борышқордың міндеті басқа әрекетті жүзеге асырудан да білінеді, мысалы, несие берушінің тапсырмасымен шарт жасайды. Кейбір міндеттемеге сәйкес несие беруші борышқордан белгілі бір әрекеттерге бармауын талап ете алады. Айталық, мүлікті қорғайтын адамнан сол мүлікті пайдаланбауын талап етуге құқылы. Мүлікті жалға алушы (борышқор) оны басқа бір адамға жалға бермеуге міндеттенеді.

Кейде міндеттемелік  құқыққа мүліктік емес сипаттағы  әрекеттер де жатады. Мысалы, театр  драмалық шығарманың авторымен жасаған шартқа сәйкес жарнамада автордың аты-жөнін көрсетеді. Мұндай мүліктік емес құқық пен міндет мүліктік әрекетке байланысты болатын міндеттеме мазмұнында қосалқы рөл атқарады.

Міндеттемелер айқындалған, факультативтік және баламалық мазмұнымен ерскшеленеді. Айқындалған мазмұндағы міндеттемеде борышқордың жасайтын әрекеттерінің сипаты біржақты бекітіледі. Мұндай әрекеттерді басқасымен ауыстыру әр жақтың келісімімен ғана мүмкін болады, әйтпесе міндеттемені борышқордың бұзғаны деп бағаланады. Несие беруші атқарылуға тиісті нәрсенің бұрмалануымен келісе алмайды, нәтижесінде міндетін бұрмалағаны үшін санкция қолданылады.

Факультативтік мазмұндағы міндеттемеде борыщқордың белгілі  бір әрекеттерді жасау міндеті  бекітіледі, ал мұның өзі мүмкін болмаған жағдайда  басқа  әрекет  қолға  алынады.  Мысалы, мердігерге жиһаз жасауға материал  бөлінсе, оны дайыңдауды міндеттейді, егер әлгі материалдар жоқ болса, онда ғимараттың қабырғасына құрастырмалы нәрсені жасауды тапсырады. Факультативтік міндеттеменің бір ерекшелігі бастапқы ойға алған нәрсе жүзеге аспаса, әрекет тоқтатылмайды, қайта жаңа мазмұндағы іс жалғасын табады. Демек міндеттеменің тек мазмұнына ғана өзгеріс енгізіледі.

Балама мазмұндағы міндеттемеде борышқордың екі немесе одан да көп  әрекеттерді тең дәрежеде жүзеге асыру мүмкіндігі белгіленеді. Балама міндеттеме уәкілетті тұлғаның қай әрекетті таңдауына тәуелді келеді, яғни таңдап алынған нұсқа міндеттеменің нақты мазмұнына айналады.

Екі немесе бірнеше әрекеттің  бірін жасауға міндетті борышқорға, егер заңдардан немесе міндеттеменің шарттарынан өзгеше туындамаса, таңдау құқығы беріледі (АК-тің  285-бабын қараңыз). Мысалы, сатып алушы дүкенге келіп қасында жоқ баласына екі заттың бірін сатып алады, бұл жағдайда оның қалағанын алуға ерік беріледі. Ал қалған жағдайда тандау құқығы балама міндеттемеде борышқордың еншісіне тиеді.

Құқықтық қатынастарға сәйкес міндеттеме заңмен қорғалады. Борышқор өз міндетін орындамаған жағдайда оған мемлекет тарапынан мәжбүр ету шарасы қолданыла алады. Сол арқылы міндеттемені талапқа сай орындауы қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде — несие берушінің бұзылған мүддесі қалпына келтіріледі. Міндеттемені бұзған кезде қолданылатын мәжбүрлеу шарасына санкция жатады, сол арқылы міндеттемеге қажетті толықтыру енгізіледі. Бұл мәжбүрлеу шарасының түп қазығы болып табылады. Ол тек міндеттеме бұзылған жағдайда ғана жүзеге асады. Санкция қолдану нәтижесінде борышқордың міндеттемені бұзуына жол берілмейді немесе орын алған кемшіліктің жойылуына жағдай жасалады, ал несие беруші кеткен ағаттықтан болған залалдың орнын жабады. Бірақ та, санкцияның әр түрі бұл міндеттерді әрқалай шешеді.

Санкцияның екінші тобына борышқордан қосымша мүліктік залалды  өндіртіп алу және несие берушінің  міндеттемесін орыңдамауға байланысты болған залалға өтемақы төлеу  жатады. Бұлар мынадай мүліктік санкциялар: міндеттеменің бұзылуынан пайда болған залалды қалпына келтіру, айып төлеу.

Кейбір санкцияларда мүліктік төлем төлету элементтері  мен оперативтік сипаттағы шаралар  кездеседі. Оларды оперативтік-мүліктік деп атайды. Оған, мәселен, борышқордың өз кінәсін мойындап, ақауы бар затты сапалы затпен алмастыруын айтуға болады.

Санкцияның ерекше түрі деп міндеттемені тоқтатуды айтар  едік (АК-тің  367-377 баптары).

Бірқатар жағдайда міндеттеменің  бұзылуы санкциялардың бірнеше  түрін біріктіруді қолдануды қажетсінеді. Азаматтық кодекстің 9-бабында құқық қорғаудың қажетті санкциялары келтірілген.

 

 

 

2. Міндеттеменің пайда болу негіздері  мен түрлері

 

Өзге де құқықтық қатынастар тәрізді міндеттеменің пайда  болу негіздері белгілі бір заңдық фактілерге байланысты және сол негізден көрінеді, мұның өзі Азаматтық кодекстің 7-бабында көрініс тапқан. Азаматтық кодекстің 271-бабы осы Кодекстің 7-бабында көрсетілген тұжырымға сүйене отырып, міндеттемелердің қалай пайда болатынын айқындай түседі. Яғни міндеттеменің пайда болу негіздері шарттан, зиян келтіруден немесе өзге де негіздерден пайда болады.

Азаматтық кодекстің 7-бабы әртүрлі құқықтық қатынастардың  мүмкін болу негіздерін тізбелеп келтірген. Жоғарыда көрсетілген негіздерден  басқа да міндеттемемен байланысты бірқатар негіздер бар.

Бұл ең алдымен, әкімшілік  құжаттары, әрине, біз бұл арада  азаматтық құқықтық қатынасқа қатыстысын айтып отырмыз. Әкімшілік құжатының  заңды күші бағынышты органға  міндетті түрде өкімін жүргізетіндігінен  көрінеді. Сондықтан да барлық жағдайда да әкімшілік құжат органдар, яғни құжатты шығарушы, атқарушы, оның орындалуын бақылаушы органдар және т.б. арасында әкімшілік құқықтық қатынастарды туғызады. Сонымен бірге ол адресаттар арасында азаматтық міндеттемені де дүниеге әкеледі.

Алайда, мұндай жағдайлар салыстырмалы түрде сирек кездеседі, кәдімгі жоспарлы тапсырманы (немесе басқалай әкімшілік құжат) күрделі заңдық құрамның бір бөлшегі десе болады. Міндеттеменің пайда болу негізінде шарт әкімшілік құжатқа келіп қосылады.

Міндеттеменің пайда болу негізіне құқыққа қайшы нақты әрекеттер де жатады. Бұған біреудің мүлкін қасақана не кездейсоқ иелену, залал келтіру арқылы өзгенің заңмен қорғалатын мүддесін бұзуды мысал етіп алуға болады.

Міндеттеме азаматтық  кодекстің 271-бабында қарастырылған негіздерде де пайда болуы мүмкін.

Міндеттеме өзінің мазмұнына, объектілерінің салалық ерекшеліктеріне  және субъектілерінің сипатына қарай  мынадай түрлерге бөлінеді:

1) жағымды мазмұндағы  міндеттеме, жағымсыз мазмұндағы  міндеттеме;

2) біржақты және өзара ортақ міндеттеме;

3) борышқор әрекетін  нақты айқындайтын міндеттеме  және балама міндеттеме;

4) қатаң түрдегі жеке  сипаттағы міндеттеме (бұл міндеттеме  субъект ретіндегі жеке сипаттылық  міндеттеменің пайда болуына,  өзгеруіне немесе тоқталуына  әсер етпейді);

5) басты және тәуелді  міндеттемелер;

6) шартқа негізделген  міндеттемелер, шарттан тыс міндеттеме  және біржақты еркін құжат  түрлеріндегі міндеттеме.

Міндеттемені жағымды  мазмұндағы және жағымсыз мазмұндағы деп бөлгендегі мақсат борышқор мен  несие берушінің әрекет қатынасын айқындай түсу. Бұл орайда борышқорға белгілі бір әрекетті жасау жүктеледі, ал несие берушіге сол әрекетті орындауды талап ету құқығы беріледі. Мұның өзі жағымды мазмұндағы міндеттеме деп аталады. Мұндай міндеттеме жиі кездеседі, мәселен, саяжай тұрғызуды айтуға болады.

Жағымсыз мазмұндағы міндеттеме деп борышқордың белгілі  бір әрекет жасаудан бас тарта  тұруын, несие берушінің бас тартуды  мәжбүр ету құқығын айтамыз. Мысалы, автор өз шығармасын жасалған шарт мерзімі бітпейінше басқа баспаға ұсынбауы тиіс.

Міндеттеме біржақты және өзара ортақ та болады. Біржақты міндеттеме дегеніміз міндеттемеге қатысушының біріне тек қана құқық  беріледі де, екіншісіне тек қана міндет бөлінеді. Ал екі жақты міндеттеме деп әр жақтың әрқайсысының міндеті  де, құқығы да болуын айтамыз. Оған сатып алу-сату міндеттемесін мысалға келтірген дұрыс.

Міндеттемеде әдетте несие беруші борышқордан белгілі  бір әрекетті атқаруды талап етеді. Мысалы, мынадай затты қайтару, мынадай  ақшаны беру және т.б. Бірақта мазмұны  талап ету құқығы болып табылатын міндеттеме де кездеседі, оған тиісті міндеттемеге сәйкес бір немесе бірнеше әрекет таңдалынады. Бұл әрекеттердің бірін аяқтау міндеттемені атқаруды білдіреді. Мұндай міндеттеме балама деп аталады (АК-тің  285-бабы).

Міндеттемелердің бір тобын жеке сипаттағы міндеттемелер құрайды. Оған борышқор мен несие берушінің жеке басына қатысты міндеттемелер жатады (мысалы, мүсіншінің міндеттемесі тапсырыс шартынан келіп шығады). Мұндай міндеттемеде борышқордың немесе несие берушінің қайтыс болуымен байланысты тоқтатылады (АК-тің  376-бабы).

Міндеттемелерді туындауына орай оларды шартты, шарттан тыс  деп те, сондай-ақ, біржақты еркін  құжат міндеттемесі деп те бөледі. Міндеттемелердің шартты тобы өте көп  кездеседі (сату-сатып алу, тасымалдау, сақтандыру және т.б.). Шарттан тыс міндеттеме әр жақтың келісімі бойынша пайда болмайды, керісінше азаматтың жеке басына немесе азаматтық құқықтың кез келген субъектісінің мүлкіне жасалған зиян нәтижесінде кездеседі.

Кейбір міндеттемелер  бір-бірімен тығыз байланыста болады, мән-мағыналарына орай негізгі және қосымша болып бөлінеді. Мысалға, жолаушы және теңдеме жүк тасымалдау шарты осының бір көрінісі дер едік. Біржақты мәмілелер мәміле жасаған адамға міндеттер жүктейді. Ол басқа адамдарға заң құжаттарында белгіленген не сол адамдармен келісім болған реттерде ғана міндеттер жүктей алады (АК-тің  149-бабы).

Міндеттемелік қатынасты  реттейтін, азаматтық құқықтың қосалқы  саласы болып табылатын, азаматтық-құқықтық нормалардың жиынтығы  міндеттілік  құқығы деп аталады.

Азаматтық кодексте міндеттемелік  құқық екі -бөлімге бөлінген:

а) "Міндеттемелік құқық" (екі -бөлімшеден: "Міндеттеме туралы жалпы ережелер" және "Шарт туралы жалпы ережелерден тұрады");

ә) "Міндеттемелердің жекелеген түрлері".

Сонымен міндеттемелік  құқықтың қосалқы саласы азаматтық-құқықтық нормалардың белгілі бір бөлігін құрайды. Міндеттемелік құқықтың "Жалпы-бөлімі" бар, ол барлық немесе көптеген міндеттемелерге қолданылатын ережелерді бекітеді. Ерекше-бөлімінің әр тарауы міндеттеменің жекелеген түрлерін реттейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Азаматтық кодекстің  ерекше бөлімі міндеттемелердің мына сияқты жекелеген түрлерін: сатып-алу-сату, айырбастау, сыйға тарту, рента және өмірлік асырауда ұстау, мүліктік жалданым (жал), тұрғын үйді жалдау, мүлікті қайтарымсыз, пайдалану, мердігерлік, тасымалдау қызметін қайтарымсыз пайдалану, мердігерлік, тасымалдау қызметін қайтарымсыз көрсету, көлік экспедициясы, заем, ақшалай  талапқа орай қаржыландыру (факторинг), банк қызметі, сақтау, конкурстық міндеттемелер, залал келтіруге байланысты міндеттер және негізсіз баюға қатысты міндеттерді реттейді.

Ерекше бөлім сондай-ақ интеллектуалдық меншік құқығы, мұрагерлік құқығы және халықаралық жеке құқық  мәселелеріне арналған.

Негізінен сөз соңында айта кетер  жай, біздің еліміздің Азаматтық құқығының жоғарыда айтып өткен міндеттемелерді реттейтін Ерекше бөлімі 1999 жылы қабылданғандықтан әзірге осы салада жазылған жалғыз оқулық бар. Ол Ғ.А. Жайлиннің 2003 жылы басылып шыққан 2 томдық кітабы. Осы оқулықтың курстық жұмысымды жазуда үлкен пайдасы тиді. Еліміз өз тәуелсіздігін алып, ел құқығын жаңа тұрғыдан қарастыру барысында, осы салаға қалам тартатын ғалым заңгерлер әлі талай оқулықтар жазып,  бұндай кемшіліктердің орны толтырылады деп үміттенеміз. 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

Нормативтік құқықтық актілер

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995ж. (өзгертулер мен толықтырулар 07.10.98ж.) Алматы: Жеті-Жарғы.
  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Жалпы, Ерекше бөлімдері. Алматы, Юрист, 2003 ж. 
  3. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексы, Алматы, 1999ж.

 

Арнайы әдебиеттер

1. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан  Республикасының Азаматтық құқығы, оқулық, Алматы, 1999 ж.

2. Жайлин Ғ.А. Қазақстан  Республикасының Азаматтық құқығы, Ерекше бөлім. 1-2 томдар, Алматы, 2003 г.

 

 

1 Азаматтық кодекс, Алматы, Юрист, 2003 ж. 83 бет. 

2 Азаматтық кодекс, Алматы, Юрист, 2003 ж. 83-84 беттер. 




Информация о работе Міндеттеменің ұғымы мен түрлері