Міндеттеменің ұғымы мен түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 17:55, реферат

Краткое описание

Азаматтық құқықтың негізгі бастауы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі болып табылады, ол 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Жалпы бөлімнен және 1999 жылғы 1 шілдедегі Ерекше бөлімнен тұрады. Азаматтық құқық нормалары сондай-ақ арнаулы заңдарда және заңға қарасты актілерде мазмұндалған, олар Азаматтық кодексте белгіленген ережелерді толықтырады, реттейді, нақтылайды. Мұндай нормативтік актілерге төмендегідей заңдар жатады: 1997 жылғы 14 шілдедегі "Шаруашылық серіктестіктері туралы", 1998 жылғы 10 шілдедегі "Акционерлік қоғамдар туралы", 1997 жылғы 21 қаңтардағы "Банкроттық туралы", 1997 жылғы 19 маусымдағы "Жеке кәсіпкерлік туралы", т.б.

Содержание

КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Міндеттеменің ұғымы мен түрлері
2 Міндеттеменің пайда болу негіздері
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

МІНДЕТТЕМЕ СЕКО РЕФЕРАТ.doc

— 88.00 Кб (Скачать документ)

  ЖОСПАР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Азаматтық құқық —  құқықтың тауарлық-ақшалай қатынастарды және қатысушылардың мүліктік қатынастарының теңдігіне негізделген, сондай-ақ мүліктікпен байланысты, жеке мүліктік емес басқа да қатынастарды реттейтін саласы, нормалардың жиынтығы. Азаматтық заңдылықтармен реттелуші қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөліністер болып табылады.

Азаматтық құқықтың негізгі бастауы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі болып табылады, ол 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Жалпы бөлімнен және 1999 жылғы 1 шілдедегі Ерекше бөлімнен тұрады. Азаматтық құқық нормалары сондай-ақ арнаулы заңдарда және заңға қарасты актілерде мазмұндалған, олар Азаматтық кодексте белгіленген ережелерді толықтырады, реттейді, нақтылайды. Мұндай нормативтік актілерге төмендегідей заңдар жатады: 1997 жылғы 14 шілдедегі "Шаруашылық серіктестіктері туралы", 1998 жылғы 10 шілдедегі "Акционерлік қоғамдар туралы", 1997 жылғы 21 қаңтардағы "Банкроттық туралы", 1997 жылғы 19 маусымдағы "Жеке кәсіпкерлік туралы", т.б.

Азаматтық кодекс 62 тарауға  топтастырылған 1124 баптан тұрады. Жалпы  бөлім мынадай бөлімдерден тұрады: жалпы ережелер, меншік құқығы және басқа да заттық құқықтар, міндеттемелік құқық. Ерекше бөлім мынадай бөлімдерден құралған: міндеттемелердің жекелеген түрлері, интеллектуалдық меншік құқығы, мүрагерлік құқығы, халықаралық жеке құқық.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 Міндеттеменің ұғымы мен түрлері

 

Азаматтық кодекстің 268-бабында: "Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышқор) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т,б. сияқты белгілі  бір әрекеттер жасауға, не белгілі  әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Несие беруші борышқордан атқарылғанды қабылдауға міндетті"1, - деп атап көрсетеді. Демек, міндеттеме  азаматтық құқықтық қатынастың бір түрі. Ал, талап ету мен міндеттеме несие беруші мен борышқорға өзара жауапкершілік жүктейтін екіжақты құқықтық қатынасқа жатады. Екіжақты құқықтық қатынас: несие беруші тұрғысынан қарағанда талап ету (белсенді жағы), борышқор жағынан алып қарағанда — міндеттемелік (бәсең жағы) болып есептеледі.

Басқа да азаматтық құқықтық қатынастар сияқты, міндеттеменің де өзіндік құрамдас бөліктері болады: олар — субъект, мазмұн және объект.

міндеттеменің субъектілері туралы Азаматтық кодекстің тағы да сол 268-бабында тайға таңба басқандай: "Міндеттеменің субъектілері: борышқор мен несие беруші"2, - деп жазылған. Осы екі субъектіге нақтылы анықтама беретін болсақ, борышқор белгілі бір әрекетті жүзеге асыруға міндетті, немесе, одан түрлі себептерге байланысты бас тарта тұратын жақ; несие беруші борышқордан мойнындағы міндеттемесін орындауды талап ететін жақ. Егер заң құжаттарында басқаша көрсетілмесе, бұлар — азаматтар, заңды тұлғалар және мемлекеттің міндеттеме тараптары деген сияқты өзіндік атауларымен нұсқаланады.

Азаматтық кодекстің 269-бабына сәйкес, несие беруші немесе борышқор ретінде міндеттемеге бір мезгілде бірнеше адам қатыса алады. Мұның аты көп тұлғалармен жасалған міндеттеме. Мұндай жағдайда, Азаматтық кодекстің 286-288-баптарында көрсетілгендей, үлесті, ортақтасқан немесе субсидиялық (жәрдем берушілік) міндеттеме пайда болады.

Бұл секілді міндеттемелермен, негізінен алғанда, бірнеше жеке тұлға өздерінің ортақ меншік құқығындағы мүлікті сатқанда, бірнеше  жеке тұлға бірлесіп қарыз бергенде, бірнеше азамат кепілдеме жасағанда, бірнеше кісі басқа біреуге зиян келтіргенде және т.б. осыған ұксас жағдайларда жолығамыз. Қайсысы болмасын, аталған жағдайлардың бәрінде де сол мәмілеге кіріскен адамдар немесе басқа біреуге бірлесіп зиян келтіргендер заңды түрде пайда болған міндеттемелік құқық қатынастарына түгелімен не борышқор, не болмаса, несие беруші ретінде қатысады.

Егер міндеттемеде бірнеше  тұлға борышқор ретінде көрсетілген  болса, міндеттемені орындау жауапкершілігі құжатқа сәйкес, үлесіне қарай  немесе ортақ (бірлескен) болуы мүмкін.

Үлестік міндеттеме борышқордың әрқайсысы тек өзі үшін жауап береді, ал несие берушілердің әрқайсысы борышқордан тек өзіне тиесілі ғана үлесті талап етуге құқылы. Міндеттеме өзінің үлесіне сәйкес қарызын толық өтеген борышқор үшін тоқтатылады да, өтемеген басқа борышқорлар үшін күшінде қала береді.

Несие берушілердің әрқайсысы, Азаматтық кодекстің 287-бабына сәйкес, борышқорлардан міндеттемені толық  атқаруды талап етуге құқылы, ал борышқорлардың әрқайсысы оны толық  атқаруға міндетті. Осындай көп жақ  қатысатын міндеттемені — ортақтасқан міндеттеме деп атайды.

Ортақтасқан міндеттеменің  үш түрі болады:

1) бір несие беруші  мен бірнеше борышқорлар қатысқаны  ортақтасқан міндеттеме;

2) бір борышқор мен  бірнеше несие берушілер қатысқаны  ортақтасқан талап етуші;

3) бірнеше несие берушілер  мен бірнеше борышқорлар қатысқаны — аралас ортақтасу  делінеді.

Егер шарттарда бұлар  көзделмесе немесе заң құжаттарында нақтылы көрсетілмесе, сонымен бірге, міндеттеменің мәні бөле-жарып анық нұсқаланбаса - ортақтасқан міндеттеме немесе ортақтасқан талап пайда болады.

Кәсіпкерлік қызметпен  байланысты міндеттеме бойынша бірнеше  борышқордың міндеттері, сол сияқты бірнеше несие берушінің талаптары, егер заң құжаттарында немесе міндеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе, ортақтасқан  міндет болып табылады.

Несие беруші ортақтасқан міндетті барлық борышқорлардан да, жеке-жеке алғанда олардың кез келгенінен де, сондай-ақ, түгелдей де, бөлшектеп те борышты талап етуге құқылы. Ортақтас борышқорлардың біріне толық қанағаттанбаған несие беруші алымдарын олардың қалғандарынан талап етуге де құқығы бар.

Ортақтас борышқорлар  міндеттеме толық орындалғанға дейін  міндетті болып қала береді.

Борышқорлардың бірінің  ортақтас міндетті толық орындауы қалғандарын  несие беруші алдындағы міндеттерінен  босатады.

Талаптар ортақ болған жағдайда ортақтас несие берушілердің кез келгені борышқорларға толық көлемінде талап қоюға құқылы.

Ортақтас несие берушілердің біреуіне міндеттемені толық орыңдау  борышқорды өзге несие берушілерге  оны орындаудан босатады.

Ортақтасқан міндет болған ретте борышқордың несие берушінің талаптарына қарсы басқа борышқорлардың осы борышқор қатыспайтын несие берушіге осындай қатынастарына негізделген қарсылық білдіруге құқығы жоқ.

Талаптар ортақ болған жағдайда борышқордың ортақтас несие  берушілердің біреуінің талабына қарсы осы несие беруші қатыспайтын борышқордың басқа ортақтас несие берушімен осындай қатынастарына негізделген қарсылық білдіруіне құқығы жоқ.

Міндеттеме жүзеге асуы кезінде оның субъектілерінің құрамында  өзгерістер болуы мүмкін. Яғни құқықтық қатынасқа бұрынғы несие берушінің орнына жаңа қатысушы келе алады, сондай-ақ бұрынғы борышқордың орнын кейінгісі басады. Бұл жағдай жалпы құқық қабылдаушылық (әмбебап) негізінде жүзеге асады. Мысалы, заңды тұлғаны қайта құрғанда, мүлік мұрагерлікпен ауысқанда мұндай мәселе көрініс береді. Құқық қабылдау кезінде бұрынғы тұлғаның барлық құқықтары мен міндеттері кейінгісіне ауысады, сондықтан да сондай құқықтарының біріне нақты міндеттемесі де кіреді.

Заң міндеттемедегі тұлғаны  ауыстыруға жеке құқық қабылдаушылық  жағдайында рұқсат береді, яғни белгілі бір адамнан екіншісіне қандай да бір міндет өткен кезде беретін тұлғаның басқа қалған мүлкі сақталады. Міндеттемедегі тұлғаның ауысуы мұндай жағдайда арнайы мәміле негізінде жүзеге асады, бұл талап етуді беру шарттары мен борыштың ауысуы деп аталады (АК-тің  339-347 және 348-баптары).

Несие берушіге талап  етуді басқа адамға беруіне жол  беріледі. Несие берушілер арасында борышқорға талап ету құқығы келісім  шарт арқылы жүзеге асады. Мысалы, қарыз  беруші өзі бір жаққа ұзақ уақытқа кеткенде інісіне қарыз алушыдан алған қарызды қайтаруды талап ету құқығын қалдырады. Талап етуді біреуге беру (мұны цессия деп атайды) басқа шарттар сияқты жасалады, оның күші, тәртібі және т.б. белгіленеді. Сонымен бірге талап етуді беруді жүзеге асыру тәртібіне қатысты арнайы ереже болады. Несие берушінің жеке басына қатысты талап қоюы цессияның аясына кірмейді. Несие берушінің жеке басымен тығыз байланысты құқықтардың, атап айтқанда, алимент жөніндегі және азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру жөніндегі талаптардың басқа адамға ауысуына жол берілмейді (АК-тің  340-бабы).

Несие беруші құқықтарының басқа адамға ауысуы үшін, егер заң  құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, борышқордың келісімі талап етілмейді.

Дей тұрғанмен талап етуді беру шарты жасалғанда бұл еске салынуы тиіс. Егер несие беруші құқықтарының басқа адамға ауысқаны жөнінде борышқорға жазбаша түрде хабарланбаса, жаңа несие беруші осыдан туындайтын өзіне қолайсыз салдарға тәуекел етеді. Бұл жағдайда бастапқы несие берушіге міндеттемені орындағаны тиісті несие берушіге орындағаны болып танылады.

Егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, бастапқы несие берушінің құқығы жаңа несие  берушіге құқықтың ауысуы кезінде болған көлемде және сондай жағдайларда ауысады. Атап айтқанда, жаңа несие берушіге міндеттемені орындауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ басқа да құқықты, соның ішінде алынбаған сыйақыға (мүддеге) құқықты талап етуге байланысты құқықтар ауысады. Борышқор талаптардың осы адамға ауысқанына дәлелдемелерді өзіне табыс еткенше жаңа несие берушіге міндеттемелерді орындамауға құқылы.

Талап етуді басқа  адамға берген несие беруші оған талап  ету құқықтарын куәландыратын құжаттарды беруге және талапты жүзеге асыру  үшін маңызы бар мәліметтерді хабарлауға міндетті.

Борышқор міндеттеме жөніндегі құқықтардың жаңа несие  берушіге ауысқаны туралы хабарды алар кезінде бастапқы несие берушіге қоймақшы болған қарсылықтарын жаңа несие берушінің талаптарына  қарсы қоюға құқылы.

Азаматтық кодекстің 344-бабына сәйкес, міндеттеме жөніндегі несие берушінің құқықтары заң құжаттары және соларда көрсетілген мынадай жағдайлардың болуы негізінде:

1) несие берушінің  құқықтарындағы әмбебап құқықты  мирасқорлық нәтижесінде;

2) заң құжаттарында мұндай ауысу  мүмкіндігі көзделсе, несие беруші құқықтарының басқаға ауысуы туралы сот шешімі бойынша;

3) міндеттемені оның кепіл болушысы, тапсырушы немесе осы міндеттеме  бойынша борышқор болып табылмайтын  кепілге зат берушінің орындауы  нәтижесінде;

4) сақтандырушы сақтандыратын жағдайдың  басталуына жауапты борышқорға несие берушінің құқықтарын алып берген кезде;

5) заң құжаттарында көзделген  өзге жағдайдарда басқа адамға  ауысады.

Борыштың ауысуы дегенді былай  түсінген жөн несие беруші, борышқор және үшінші тұлға арасындағы соңғысының борышты өз мойнына алу жөніндегі келісімшарты. Борышқордың өз борышын басқа адамға ауыстыруына тек несие берушінің келісімімен ғана жол беріледі (АК-тің 348-бабы). Бұл түсінікті де, өйткені, несие берушіге борышқорының кім екендігін білу маңызды ғой. Сондай-ақ борышқорының тындырымды әрі төлем төлей алатын қабілеті болғанын қалайды.

Оның үстіне бұрынғы борышқордың  міндеті жаңасына айна қатесіз ауысуы шарт, жаңа борышқор несие берушімен  бастапқы борышқордың арасындағы қатынастарға негізделген қарсылықтарын несие  берушінің талабына қарсы қоюға құқылы (АК-тің  348-бабының 2-тармағы). Борыштың ауысуымен бірге үшінші жақтың тағайындаған кепілімен кепіл болушылық өзінің күшін тоқтатады. Ол тек кепілдік беруші немесе кепіл беруші жаңа борышқор үшін жауап беруге келісілген жағдайда ғана күшін жоймайды.

Ақшаны аудару жөніндегі мәміленің  нысаны жөніндегі мәселе талап етуді  беру нысанына сәйкес келуге тиіс (АК-тің  348-бабының 1 және 2 тармақтары).

Міндеттемелік құқық қатынастарында регрестік (шегерме) міндеттеме ерекше орын алады. Басқа адамның міндеттемесін орындаған борышқор орындалған міндеттеме мөлшерінде сол адамға кері талап қоюға құқылы, осыны регрестік міндеттеме деп атайды.

Азаматтық кодекстің 289-бабына сәйкес, үшінші адамның әрекеттері салдарынан міндеттемені орындамаған борышқор осы адамнан залалдарын өтеуді талап етуге құқылы. Ортақтасқан міндеттемені орындаған борышқор қалған борышқорлардың әрқайсысына оның өзіне тиесілі үлесін шегеріп, тең үлеспен кері талап қоюға құқылы. Борышқорлардың бірі ортақтасқан міндетті орындаған борышқорға төлемегені осы борышқорларға және қалған борышқорларға тең үлесте түседі.

Борышқордың орындағанын  қабылдаған ортақтас несие беруші басқа  несие берушілерге, егер олардың  арасындағы қатынастардан өзгеше дау  туындамаса, оларға тиесілі үлестерін  өтеуге міндетті.

Азаматтық кодекстің 268-бабына сәйкес міндеттеменің объектілері  мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға байланысты келеді (немесе белгілі бір әрекет жасаудан тартынуды да айтуға болады). Міндеттеменің пәні ретінде әрекет заңдық мүддені білдіреді немесе міндеттеме құқық аясында өзіндік маңызға ие болады. Сөйтіп, міндеттеменің негізінде заттық, айрықша немесе өзіндік құқық жатуы тиіс.

Информация о работе Міндеттеменің ұғымы мен түрлері