Міндеттеме ұғымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 08:57, курсовая работа

Краткое описание

Мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері: «6М030200-Халықаралық құқық» мамандығы бойынша емтихан тапсырушылардың магистратурада оқу және «Халықаралық құқық саласындағы магистр» академиялық дәрежесін алуға қажетті білімдері, машықтары, ойды анық және дәйекті жеткізе білу қабілеттерін, сонымен қатар, аналитикалық қабілеттерін айқындау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Международное право каз.doc

— 141.00 Кб (Скачать документ)

10. ХЖҚ-тағы акт (мәміле) нысаны. Шарттың нысандық статуты мен міндеттеме мәнінің статутының түсінігі мен арақатынасы. Акт (мәміле) нысанының коллизиялық мәселелері. Locus regit formam actum акт (мәміле) нысанын реттейтін негізгі коллизиялық байлам ретінде; оның дербес актілерге (мәмілелерге) байланысты көріністері. Акт (мәміле) нысанын анықтайтын басқа коллизиялық байламдар.

11. ХЖҚ-тағы  шарттық міндеттемелер. Шарттық міндеттемелердің коллизиялық мәселелері. Шартқа қолданбалы құқық. Тараптар еркінің автономиясы құқық қайнаркөзі (қағидасы) және коллизиялық норма ретінде. Қолданбалы құқықты тараптардың келісімімен таңдау. Құқықты ойда таңдау. Шарт локализациясы қағидасы. Тараптар еркінің автономиясын басқа шектеулер. Тараптар келісімі болмағанда шартқа қолданбалы құқық. Lex voluntatis, lex loci actus (contractus), lex loci solutionis, lex venditoris коллизиялық байламдарының қолданылу аялары. Міндеттемелік статутты анықтайтын басқа коллизиялық байламдар.

12. Сыртқы экономикалық мәмілелердегі  есеп айырысу нысандары.

Сыртқы экономикалық мәмілелердің түсінігі және ерекшеліктері. Сыртқы экономикалық мәміле мен шетелдік элементпен шиеленіскен мәміле арақатынасы. Сыртқы экономикалық мәмілелердегі  есеп айырысу нысандары ретіндегі  чек, вексель, инкассо, аккредитив, электронды төлемдердің ерекшеліктері.

13. ХЖҚ-тағы  шарттан тыс міндеттемелер. Шарттан тыс міндеттемелердің түсінігі мен түрлері. Бір тарапты мәмілелік міндеттемелер және мәмілелік емес міндеттемелер. Деликтттік міндеттемелердің коллизиялық мәселелері. Деликттік статуттың қолданылу аясы. Lex loci delicti commissi және басқа коллизиялық нормалар деликттік статут ретінде. Трансшекаралық зиян келтірудегі locus delictiді анықтау проблемасы. Тұтынушыға келтірілген зиянды коллизиялық реттеу. Негізсіз баю, марапаттауға жария уәде беру, басқа біреудің мүддесіне тапсырмасыз қызмет етуді коллизиялық реттеу. Бір тарапты мәміленің жасалу орнын анықтау проблемасы. Бір тарапты мәміледен туындайтын міндеттемелерге қолданбалы құқықты анықтаудағы квазишарттық теория.

14. ХЖҚ-тағы неке-отбасылық қатынастар. Неке-отбасылық құқықтың коллизиялық мәселелері. Неке нысаны. Lex loci celebrationis неке нысанын анықтайтын негізгі коллизиялық норма ретінде. Неке құру, бұзу және жарамсыз деп танудың коллизиялық мәселелері. Lex personalis неке құқық қабілеттігін анықтайтын негізгі коллизиялық норма ретінде. Экстерриториялық сипатты императивті нормалар. Некені экстерриториялық юрисдикцияда құру және бұзу. Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды құқықтық реттеу. Ерлі-зайыптылардың ортақ меншігінің сипатын анықтаудағы некелік (матримониялық) және заттық статуттың арақатынасы проблемасы. Неке контракті. Әкелікті (аналықты) анықтау және даулау. Заңды туылу. Nasciturus. Отбасы мүшелерінің мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастары. Бала асырап алу. Қамқоршылық пен қорғаншылық.

15. ХЖҚ-тағы  мұрагерлік мәселелері. Мұрагерлік құқықтың коллизиялық мәселелері. Өсиет және заң бойынша мұрагерлік. Өсиет және оны жою актінің нысаны. Тұлғаның өсиет жасау қабілеттігі. Мұрагерлік қатынастар. Әмбебап құқық мирасқорлығы және бөлек статуттар теориялары. Locus regit formam actum, lex personalis (соның ішінде patriae және domicilii) және lex rei sitae коллизиялық қағидаларының мұрагерлік қатынастарғақолданылу аясы. Мұрагерлер, легатарийлер мен басқа бенефициарлардың құқықтары мен міндеттері. Иесіз қалған мүлік.

16. ХЖҚ-тағы зияткерлік меншік. Зияткерлік меншік құқығының коллизиялық мәселелері. Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтардың аумақтық сипаты. Авторлық және сабақтас құқықтар, өнеркәсіптік меншік пен тауар белгілерін құқықтық қорғау нысаны мен тәртібі. Халықаралық жеке құқықтағы зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғаудың коллизиялық және материялық құқықтық (унификациялық) әдістерінің арақатынасы. Авторлық және сабақтас құқықтар, өнеркәсіптік меншік пен тауар белгілерін құқықтық қорғау саласындағы халықаралық келісімдер.

17. ИНКОТЕРМС  халықаралық коммерциялық терминдерге  түсінік беру ережелері. ИНКОТЕРМС ережелерінің құқықтық табиғаты. ИНКОТЕРМС ережелерінің қолданылу аясы. Е, F, C, D ережелер топтарының жалпы мазмұны. Ережелердің 2010 ж. редакциясындағы негізгі өзгерістер. ҚР заңнамасы бойынша ИНКОТЕРМС ережелерін қолдану негіздері.

18. Халықаралық азаматтық іс  жүргізудің құқықтық табиғаты. ХАІЖ түсінігі. ХАІЖ-ң пәні және реттеу әдісі. ХАІЖ-ң басқа құқық салаларымен арақатынасы (азаматтық іс жүргізу құқығы, азаматтық құқық, арбитраждық құқық, халықаралық жария құқық құқықпен). ХАІЖ қайнаркөздері. ХАІЖ нормаларының унификациясы. ХЖҚ нормаларының унификациясына байланысты ХЖҚ бойынша Гаага Конференциясының, Халықаралық сауда құқығы бойынша БҰҰ Комиссиясының, басқа органдар мен институттарының қызметі. ХЖҚ нормаларының қазақстандық заңнамадағы кодификациясының ерекшелігі.

19. Шетелдік  элементті істер бойынша құзіретті  белгілеу әдістері. «Юрисдикция», «құзірет» және «соттылық» терминдерінің халықаралық азаматтық процесс контекстіндегі арақатынасы. Халықаралық және ішкі құзірет. Шетелдіктер қатысушы істер бойынша құзіретті анықтау. Құзірет белгілеудің латын, герман және ағылшын жүйелері. Actions in personam және actions in rem-нің классикалық және ағылшын құқығындағы квалификациясының ерекшеліктері. Forum non conveniens қағидасы. Америка заңнамасы мен сот тәжірибесіндегі «ұзын қол» заңдары мен «минималды контактілер» ережесі. Түрлі мемлекеттер заңнамалары мен сот тәжірибелеріндегі сот құзіретін кеңейту тенденциялары. Сот құзіретін белгілеуге байланысты ҚР АІЖК-ң ұстанымы.

20. Юрисдикция қақтығыстарын шешу  әдістері. Юрисдикция қақтығыстарының түсінігі мен пайда болу себептері. Юрисдикцияның позитивті және негативті қақтығыстары. Юрисдикциялар қақтығысының алдын алу және шешу жолдары. Сот және арбитраж құзіреттерінің арақатынасы. Айрықша құзірет. Келісімдік құзірет. Пророгациялық және дерогациялық келісімдер. Құзірет өзгермеушілігі. Шетелдік соттағы өндіріс маңызы. Құзірет белгілеу ережелерін сақтамаудың құқықтық салдары. Сот құзіретін белгілеуге байланысты ҚР заңнамасының жетіспеушіліктері.

21. Құқықтық көмек көрсету және  шетелдік сот тапсырмаларын орындау. Азаматтық істер бойынша құқықтық көмек түсінігі мен түрлері. Құқықтық көмек көрсету және шетелдік сот тапсырмаларын орындаудың құқықтық негіздері. Сот тапсырмаларымен шетелдік мемлекет органдарына жүгіну. Шетелдік сот тапсырмаларын орындау. Шетелдік сот тапсырмаларын орындаудан бас тарту негіздері. ҚР АІЖК,. Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша 1993 ж. Минск және 2002 ж. Кишинев Конвенциялары, Азаматтық процесс мәселелері бойынша Гаага Конвенциялары негізінде құқықтық көмек көрсету және шетелдік сот тапсырмаларын орындау.

22. Шетелдік сот және арбитраж  шешімдерін тану және орындату. Шетелдік шешімдерді тану және орындатудың арақатынасы. Шетелдік сот және арбитраж шешімдерін тану және орындатудың заңнамалық және шарттық негіздері. ҚР АІЖК нормаларының негізінде шетелдік сот және арбитраж шешімдерін тану және орындату. Арбитраждық шешімнің res judicata сипаты. Шетелдік сот және арбитраж шешімдерін тану және орындатудан бас тарту негіздері. Шетелдік арбитраж шешімдерін 1958 ж. Нью-Йорк Конвенциясы негізінде тану және орындату.

23. ХАІЖ-дегі нотариус әрекеттері. Заңдастыру. Апостиль. ХАІЖ-дегі нотариус әрекеттерінің түрлері мен маңызы. Нотариаттың теориялық негіздері. Нотариаттың латын және ағылшын-американ жүйесі. ХАІЖ-дегі шетелдік құжаттарды заңдастырудың түсінігі мен жүзеге асырылу әдістері. Консулдық заңдастыру. Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талабын жою туралы 1961 ж. Гаага Конвенциясының жалпы мазмұны. Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талабын жою туралы 1961 ж. Гаага Конвенциясының ережелерін Қазақстан Республикасында жүзеге асыру.

24. Халықаралық коммерциялық арбитраждың  құқықтық табиғаты.  Арбитраж дау шешу нысаны, құқық саласы және құқықтық ғылым ретінде. «Арбитраж» және «аралық сот» түсініктерінің арақатынасы. Халықаралық коммерциялық арбитраждың құқықтық табиғаты. Арбитраждық және соттық процестің арақатынасы және салыстырмалы талдауы. Арбитраж түрлері. Арбитраждар (аралық соттар) қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасындағы құқықтық реттеудің ерекшеліктері. Арбитраждық келісімнің түсінігі, түрлері мен құқықтық табиғаты. Арбитраждық келісімнің шарттық, процестік және аралас теориялары. Арбитраждық ескертудің азаматтық құқықтық шартпен арақатынасы.

25. Арбитраждық дау қарастыру  сатылары. Арбитраждық дау қарастырудың бастапқы мәселелері. Арбитраж орны мен тілін белгілеу. Арбитраж өткізу орнының құқықтық маңызы. Арбитраж құрамын қалыптастыру тәртібі. Институттық арбитраждар мен ad hoc  арбитраждардың құрамын қалыптастыру ерекшеліктері. Арбитр кандидатурасына қойылатын талаптар. Арбитрды шеттету. Арбитраж құзіретін анықтау. Арбитраждық дау қарастырудың регламентін белгілеу. Талап арызды және талап арыз бойынша қарсылықтарды беру. Сырттай өндіріс. Дауды маңызы бойынша қарастыру. Дау шешуге қолданбалы құқықты анықтау. Дәлел беру. Куәгерлік айғақ беру. Эксперттердің қатысуы. Арбитраждық шешімді шығару, толықтыру және түзету. Арбитраждық шығындарды өтеу тәртібі.

 

  5. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

 

Негізгі әдебиет:

    1. Тункин Г. И. Международное право. Учебник для ВУЗов . М., 1992.
    2. Международное право: Учебник. Отв. Ред. Ю.М. Колосов,  М.,1995.
    3. Лукашук И.И. Международное публичное право. Общая часть. М.,1996.
    4. Лукашук И.И. Международное публичное право. Особенная часть. М.,1997.
    5. Сарсембаев М.А. Международное право. Учебное пособие.А., 1996.
    6. Игнатенко Г.В. Международное право. Учебник. М.,1997.
    7. Международное право. Учебник для вузов/под общей редакцией Колосова Ю.М., М., 2000.
    8. Курс международного права. В 7-ми томах. М., Наука, 1992-1995.
    9. Ануфриева Л. П. Международное частное право: Учеб.: В 3 т.  Т. 1: Общая часть. М.: БЕК, 2000; Т. 2: Особенная часть. М.: БЕК, 2002; Т. 3: Трансграничные банкротства. Международный коммерческий арбитраж. Международный гражданский процесс. М.: Бек, 2002.
    10. Богуславский М. М. Международное частное право: Учеб. М.: Юристъ, 2003.
    11. Дмитриева Г. К. Международное частное право. М.: Юристъ, 2003.
    12. Лунц Л. А. Курс международного частного права: В 3 т. М.: Спарк, 2002.
    13. Международное частное право: Учеб. / Под ред. Г. К. Дмитриевой. М.: Проспект, 2004.
    14. Международное частное право: Учеб. для вузов / Под ред. Н. И. Марышевой. М.: КОНТРАКТ ИНФРА-М, 2000.

                                          

Қосымша әдебиет:

  1. Европейское право. Учебник для вузов. Рук-ль авторского коллектива Энтин Л.М., М., Норма, 2001.
  2. Дипломатический словарь. В 3-х томах. М., Наука, 1985-1996.
  3. Сарсембаев М.А. Международное право в истории Казахстана и Средней Азии. Алма-Ата.: Ана тiлi , 1991.
  4. Лукашук И.И. Международно-правовое регулирование международных отношений.
  5. Василенко В.А. Основы теории международного права.Киев, 1988.
  6. Ушаков Н.А. Проблемы теории международного права. М., 1988.
  7. Даниленко Г.М. Обычай в современном международном праве. М.: Наука, 1988.
  8. Фельдман Д.И. Система международного права. Казань, 1983.
  9. Павлов О. Признание и установление дипломатических отношений.  М. 1998.
  10. Талалаев А.Н. Право международных договоров: договоры с участием международных организаций. М., 1989.
  11. Перес де Куэльяр Х. ООН: сегодня и завтра. М., 1988.
  12. Бельсон Я.М. Интерпол в борьбе с уголовной преступностью. М., 1999.
  13. Клименко В.М. Государственная территория: вопросы теории и практики международного права. М., 2007.
  14. Малеев Ю.Н. Международное воздушное право: вопросы теории и практики. М.: Наука, 2006.
    1. Василевская Э. Г. Правовые проблемы освоения Луны и планет. М., 2005.
    2. Колбасов О.С. Международно-правовая охрана окружающей среды. М., международные отношения , 2008.
    3. Вольф М. Международное частное право / Пер. с англ. М.: Госюриздат, 1948.
    4. Иссад М. Международное частное право / Пер. с фр. М.: Прогресс, 1989.
    5. Международное частное право. Современные проблемы / Под общ. ред. М. М. Богуславского. М.: Теис, 1994.
    6. Раапе Л. «Международное частное право». М.,1962.
    7. Чешир Дж., Норт П.. «Международное частное право». М., 1982.
    8. «Международное частное право (Сборник материалов)». Выпуски 1-6. Сост. М.К. Сулейменов. А.: «Адилет-Пресс», 1996-1999.
    9. Лебедев С. Н. О природе международного частного права // СЕМП, 1979. М.: Наука, 1980.
    10. Минаков А. И. Международный договор как источник международного частного права (вопросы теории) // СЕМП, 1986. М.: Наука, 1987.
    11. Разумов К. Л. Международное частное право: Некоторые вопросы теории и практики // Материалы секции права ТПП СССР. М., 1983.
    12. Сильченко Н. В., Толочко О. Н. Теоретические учения о нормах международного частного права // Государство и право. 2000. № 1
    13. Шак Х. Международное гражданское процессуальное право: Учеб. М.: Бек, 2001.
    14. Кенсовский П. А. Легализация и признание документов иностранных государств. СПб.: Юридический центр Пресс, 2003.
    15. Дмитриева Г. К. Международный коммерческий арбитраж: Учеб.-практ. пособие. М., 1997.
    16. Гоулд, Н., Хьюлитт-Джеймс, М. «Международный коммерческий арбитраж». А.: «Аян Әдет», 1999.
    17. Белов В. А. Публичный порядок // Право и экономика. 1996. № 19–20.
    18. Лунц Л. А. К вопросу о квалификации в международном частном праве // СЕМП, 1979. М.: Наука, 1980.
    19. Морозова Ю. Г. Оговорка о публичном порядке: причины возникновения // Законодательство. 2000. № 6.
    20. Муранов А. И. К вопросу об «обходе закона» // МЖМП. 1997. № 3.
    21. Садиков О. Н. Императивные нормы в международном частном праве // МЖМП. 1992. № 2.
    22. Ладыженский А. М. Теория национальности юридического лица в международном частном праве // СЕМП, 1964–1965. М.: Наука, 1966.
    23. Ушаков Н.  А. Юрисдикционные иммунитеты государств и их собственности. М., 1993.
    24. Звеков В. П. Обязательства из причинения вреда в международном частном праве (некоторые коллизионные вопросы) // Очерки международного частного права. М.: ИМО, 1963.
    25. Шебанова И. А. Семейные отношения в международном частном праве. М., 1995.
    26. Кузнецов М. Н. Охрана авторских прав в МЧП: Учеб. пособие. М.,1986.

 

 

 

 


Информация о работе Міндеттеме ұғымы